Сабақтағы оқу мақсаты: 8.5.3.1 – шаруашылық салаларын жіктейді: өндіру және қайта өңдеу салалары, қызмет көрсету саласы
Сабақта оқушыларға осы мақсатқа сай топтық, жұптық, жеке тапсырмалар берілді.
Топтық жұмыс барысында: 1 топ өндіруші өнеркәсіп салаларын, 2 топ өңдеуші өнеркәсіптің металлургия, энергетика салаларын, 3 топ өңдеуші өнеркәсіптің машина жасау, химия өнеркәсібі салаларын, 4 топ қызмет көрсету салаларын жіктеп, сипаттады.
Жұптық жұмыс барысында: «Бургер» әдісі арқылы әр жұпқа әлемдік шаруашылық салалары бойынша әртүрлі тапсырмалар берілді. Өндіруші, өңдеуші және қызмет көрсету салаларына қандай салалар жататынын кесте түрінде толтырды. Суреттерге қарап, шаруашылық салаларын анықтады. Аяқталмаған сөйлемдерді аяқтады, анықтамалардың дұрысын сәйкестендіру арқылы орындады. Сөйлемдердің ақиқат немесе жалған екенін анықтады.
Жеке жұмыс барысында: «Google» әдісі арқылы тақырыпқа сәйкес I,II нұсқа тест сұрақтарына жауап беру арқылы тақырып бойынша білімдерін одан әрі толықтыра түсті.
Бекіту барысында тақырыпқа сай сұрақтар бердім, оқушылар барлығына дұрыс жауап бере алды.
Сәтсіз жақтары: жеке жұмыс бойынша жауаптарын тыңдағанда кейбір оқушылардан сұрамадым.
Сәтті жақтары: жұптық жұмыс бойынша әртүрлі тапсырма орындау оқушылар үшін тақырыпты толығырақ түсінуге тиімді болды. Оқушылардың барлығы сабаққа белсенді қатысты. Сабақтың мақсатына жетті.
Топтық жұмысты орындау барысында оқушылар берілген тақырыптарын толық аша білді, жақсы түсіндірді. Барлығы белсенді қатысты.
Кері байланыста барлық оқушылардан нақты жауап ала алдым.
Достарыңызбен бөлісу: |