Сабақтың тақырыбы: «Эмоцияны тап жаттығуы»



бет14/22
Дата07.12.2022
өлшемі0.92 Mb.
#466691
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22
Танымдық әрекетін түзету сабағының сабақ жоспары

Нәтижені бағалау


10 ұпай – егер де 3 минут уақыттың ішінде 7 дұрыс емес жағдайларды бағалау кезінде, оларды түсіндіріп, шын мәнісінде не болатынын айтқан кезде осындай баға қойылады.
8-9 ұпай – бала барлық дұрыс емес қисынсыздарды тауып, белгілейді, бірақ олардың біреуінен үшеуіне дейін түсіндіре алмады немесе не болу керектігін айта алмайды.
6-7 ұпай – бала барлық қисынсыздарды тауып, соның 3-4 түсіндіріп бере алмағанда қойылады.
4-5 ұпай – бала барлық қисынсыздарды байқап, бірақ берілген уақыт аралығында 5-7 қалай болу керектігін толық түсіндіре алмайды.
2-3 ұпай – берілген уақытта бала 1-4 қисынсыздықтарды табады, бірақ түсіндіре алмайды.
0-1 ұпай – берілген уақыт аралығында бала 7 қисынсыздардың ішінен 4-тен аз табады.
10 ұпай - өте жоғары
8-9 ұпай – жоғары
7 ұпай – орташа
2-3 ұпай – төмен
0-1 ұпай -өте төмен


4. Балалардың ойлау ерекшеліктерін бағалау технологиясы

  1. Балалардың ойлау ерекшеліктерін анықтауға арналған технология.

  2. Балалардың ойлау процесін анықтау, бағалау.

  3. Сөздік қорын анықтау, бағалау.

4.1 Әдістеме « Жыл мезгілдері »
Мақсаты: Бұл әдістеме балалардың ойлау ерекшеліктерін анықтауға арналған.
Жүргізілуі: Балаларға суретті көрсетіп, мұқият қарауды және әрбір бөлшекте қай жыл мезгілі суреттелгенін айтуын сұрайды. Бұл тапсырманы орындауға берілген 2 минут ішінде бала жыл мезгілін айтып қана қоймай, ол туралы өз ойын дәлелдеп және неге олай ойлайтынын айтуы керек.
Қорытынды баға.
10 ұпай – берілген уақыт ішінде дұрыс жауап берді және әрбір суретті жыл мезгілдерімен байланыстырды.
8-9 ұпай – бала дұрыс жауап береді және барлық суреттерді керекті жыл мезгілдерімен байланыстырады, өз ойын дәлелдейтін 5-7 белгілерді көрсетті.
6-7 ұпай - бала барлық суреттегі жыл мезгілдерін анықтайды, бірақ өз ойын дәлелдейтін белгілердің 3-4 ғана көрсетті.
4-5 ұпай- бала суреттегі жыл мезгілдерінен тек 1-2 ғана тапты, өз ойын дәлелдейтін тек 1-2 белгілерді ғана көрсетті.
0-3 ұпай - бала берілген жыл мезгілдерінен біреуін де дұрыс белгілей алмады, нақты бір белгіні де көрсете алмады (0-ден 3-ке дейінгі әр түрлі дәрежедегі ұпайлар баланың дұрыс жауап беруге ынталанғаны немесе ынталанбағанына қарай қойылады).
Даму сатысына қорытынды.
10 ұпай - өте жоғары
8-9 ұпай – жоғары
6-7 ұпай – орташа
4-5 ұпай – төмен
0-3 ұпай - өте төмен


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет