5.2 Фонематикалық есту тесті
Тексеруші балаға келесі түрдегі ұсыныс жасайды: «Екеуіміз бір сөз ойланайық, мысалы, «терезе». Мен ол сөзді бірнеше рет қайталаймын, содан кейін оны басқа сөзбен алмастырамын, мысалы, «орындық». Басқа сөзді ести салысымен, мынадай белгі жаса (көрсетеді). Осылайша маған менің қателігімді көрсетесің. Содан кейін, менің қате айтқан сөзімді атайсың. Егер тек екеуіміз таңдаған сөзді ғана қайталасам, соңында сен «Барлығы дұрыс» дейісің. Түсінікті ме?
Қанағаттанарлықтай жауаптан кейін тікелей сынауға көшуге болады. Сынақ төрт тапсырмадан тұрады. Бірінші тапсырма танысу-жаттығу түрінде беріледі (оның нәтижелері тесто рындалуын бағалау барысында ескерілмейді). Қалған үш тапсырма нәтижелері есепке алынады.
Бірінші тапсырма – бағаланатын фонема Р
Рама, рама, рама, рама, рама, рампа, лама, рама, рама
Рампа, рампа, рампа, рампа, алма, рампа рампа, рампа, рампа,
Қорап, қорап, қорап, қорап, қорап, қолғап, қора, қорап, қорап,
Ара, ара, ара, ара, ара, арала, ара, ара, ара,
Екінші тапсырма- бағаланатын фонема С
Сұр, сұр, сұр, сұр, сұр, сұр, сұр, сұр, сұр, сұр, сұр, сұр, сұр,
Асан, Асан, Асан, Асан, Асан, Асан,қазан, Асан, Асан, Асан,
Қасық, қасық, қасық, қасық, қасық,мысық, қасық, қасық, қасық,
Сары, сары, сары, сары, сары,тары, сары, сары, сары, сары,
Үшінші тапсырма- бағаланатын фонема Қ
Қайық,, қайық,, қасық,, қасық,, қасық,, қасық,, қасық,, қасық,
Қауын, қауын, қауын, қауын,қауым қауын, қауын, қауын, қауын,
Қағаз, қағаз, қағаз, қағаз, қағаз, сағыз, қағаз, қағаз, қағаз, қағаз,
Қалам, қалам, қалам, қалам, алаң, қалам, қалам, қалам, қалам,
Төртінші тапсырма- бағаланатын фонема П
Парта, парта, парта, парта, парта, қарта,парта, парта, парта, парта
Парақ, парақ, парақ, парақ,, тарақ парақ, парақ, парақ, парақ, парақ,
Папка, папка, папка, папка, папка, арба,папка, папка, папка, папка
Пеш, пеш, пеш, пеш, пеш, пеш, кеш, пеш, пеш, пеш, пеш, пеш, пеш
Қандайда бір қатарды қалыпты темпте қайталау барысында (1сөді 10 секундта) бала «артық» сөзді анықтай алмаса немесе қате жіберсе, онда келесі 1-2 тапсырмадан кейін сол тапсырмаға жай темпте қайта оралу қажет (1,5 секундта- 1 сөз)
Бағалау шкаласы
Бұл тесттің бағалау жүйесі ерекше мәнге ие: бір жағынан жоғарғы ұпай (3) барлық үш тапсырма мүдірместен орындалған жағдайда ғана қойылады, екінші жағынан – бір қатенің үш тапсырмада қайталану саны ескерілмейді. Қате байқалған жағдайда, бағалау ең нашар орындалған тапсырма көрсеткіші бойынша бағаланады (яғни бірнеше тапсырмаларда жіберілген бірдей қателер саны қосылмайды). Бағалаудың төрт балдық жүйесі қолданылады:
0 ұпай- қатарды жай темпте қайталануына қарамастан, бала тапсырмалардың ешқайыссында «артық «сөзді дұрыс таба алмайды.
1 ұпай- қатарды жай темпте қайталау негізінде ғана «артық» сөзді тапты.
2 ұпай- «артық» сөзді қалыпты темпте ұсыну барысында тапты, бірақ уақытында шапалақ ұрмады- «артық» сөзді бүкіл қатарды тыңдап болғаннан кейін атады.
3-ұпай- барлық тапсырмаларда бірінші ұсыныстан кейін уақытында қол шапалақтайды және «артық » сөзді дұрыс атайды.
Бұл шкала алтыжасар және жетіжасарлар үшін де қолданылады. Берілген қабілетке жасерекешелігінің айтарлықтай ықпалы болмайды.
Алынған ұпайлар саны
|
Фонематикалық естудің даму деңгейі
|
0
|
Төмен
|
1
|
Орташа
|
2-3
|
Жоғары
|
Достарыңызбен бөлісу: |