Ү
П
А Й
Ы
М
Д
А
У
Ы
йге тапсырма: Сәкен Сейфуллиннің «Аққудың айрылуы» поэмасы бойынша аққулы айдын көлді бейнелеу.
М
Ұ
Ғ
А
Л
І
М
А
Қ
П
А
Р
А
Т
Мұғалім арқылы
Ізденістер
О
Қ
У
Ш
Ы
Ізгілік
Адалдық
Махаббат
Сұлулық
Қиянат
Жасаушы
Итермелеуші
Әйел
Ана махаббаты
Сұр мерген
Қараниеттілік
Ой қорытындысы
Күні:24.12.15ж Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11
Сабақтың тақырыбы: 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске байланысты туған әдебиет
Сабақтың мақсаты: а) логикалық ойлау қабілеттерін өмірге деген көз қарасын дамыту. Шығармашылық белсенділіктерін шыңдау;
ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;
б) оқушылардың ойлау қабілеттерін,ауызша және жазбаша пікір айту дағдыларын қалыптастыру;
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру т.б.
Сабақтың көрнекілігі: бүктемелер,кітаптар т.б.
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі аса бай қазақ әдебиетін туғызды. Оларды бұқарашыл бағыттағы халық ақындары, ел ішіндегі өнер иелері шығарды.Сол арқылы олар ақындық өнерін халық мүддесіне жұмсап, көтеріліске үндеген жалынды поэзия жасауға қатысты.
Жанры жағынан олар өлеңдер мен жырлар, поэмалар мен дастандар, толғаулар түрінде туды.
Патшаның 25 июньдегі майданның қара жұмысына жігіттер алу туралы жарлығына қарсы наразылық пен ашу-ыза халық жырларында жырланады.Оларда алдыңғы кезекте ел басшыларының опасыздығы, сатқындығы сөз болады.Мысалы Күдері ақын «Амангелдінің Торғайды алуы» деген дастанында , Сәт Есенбаевтың «Июнь жарлығы», Ж.Жабаевтың «Зілді бұйрық» өлеңдерінде осы жағдайлар ащы айтылады.
1916 жылғы халық көтерілісі - қазақ халқының тарихындағы ерлік күрестің аса бір жарқын беттері. Сондықтан да 1916 жылғы көтеріліс жырлары халықтың батыр ұлдарының көрсеткен жеке ерліктеріне де ерекше көңіл бөлді. Бұл тұрғыдан көтеріліс басшылары Амангелді Иманов пен Бекболат Әшекеев туралы жырлардың ерекше маңызы бар.
Амангелдінің батырлық жолы мен көтеріліс кезіндегі ерлік күресі Омар Шипиннің, Сәт Есенбаевтың, Күдері Жолдыбаевтың өлең-поэмаларында кеңірек суреттеледі.
Иса Дәукебаевтың «Бекболат» атты поэмасы – 1916 жылғы көтеріліс туғызған әдебиеттің ішіндегі ең көрнектілерінің бірі. Поэманың оқиғасы бай, құрылысы қызықты: оқиғаның даму сатылары барған сайын шиеленісіп, қайғылы, қатерлі жағдайлар мен ерлік қатарласа суреттелініп отырады.
Бекболат жақсылықты келешектен күтетін, сол жақсылықтың алыс емес екеніне қатты сенген адам бейнесінде алынған. Ол қолға түсіп ұсталғанда былай дейді:
Ел-жұртым аман болғын – айтқан сөзім,
Құрбандық бәрің үшін жалғыз өзім.
Бір жыл ма, жарым жыл ма менен кейін,
Мұның да айналдырар біреу өзін...
Қара басының тағдыры қыл үстінде тұрса, өз өмірін халық мүддесі үшін қиып, мұндай сөздер айту – қас батырдың ғана қолынан келетін іс.
Поэмада батырдан үш рет жауап алынғаны айтылады. Ақыр аяғында дар ағашының астында, асылғалы тұрғанда сұралады. Бірақ ол алғашқы сөзінен қайтпайды.Осыдан кейін патша үкіметінің жендеттероі оны дарға асып өлтіреді.
1916 жылғы көтеріліске байланысты туған жырлардың бір алуаны майданға алынған жігіттердің өмірін суреттеумен байланысты болып келеді. Бұлардың бірқатарында майданға алынған жігіттердің мұңды халі мен ел-жұртынан айырылардағы зарлы кейпі көрінеді.
Біржан Берденовтің «1916 жыл» атты дастаны майданға алынған жігіттердің өмірін суреттеуде сол дәуірдің елеулі туындысы болып табылады. Ол солдаттардың және майданның қара жұмысына алынған жігіттердің ауыр тұрмысын, халықтың империалистік соғысқа наразылығын әңгімелейді. Дастан патшаның тақтан құлауын қуанышпен айтып аяқталады.
1916жылғы ұлт-азаттық көтеріліске байланысты туған халық поэзиясы ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиеттің демократтық-ағартушылық идеясын толықтырып, оны жаңа мазмұнда байыта түсті.
Достарыңызбен бөлісу: |