Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: С.Сейфуллиннің шығармашылығын оқу.
Күні:22.10.15ж Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11
Сабақтың тақырыбы: С.Сейфуллинің «Көкшетау» поэмасы
(Қалмақ қызы мен Адақ образы. Ақынның портрет жасау шеберлігі)
Сабақтың мақсаты: Білімділік: поэманы түсініп,мәнерлеп,көркем оқи білуге баулу;поэманың көркемдігін,әдебиет тарихында алатын орнын,ақынның образ жасау шеберлігін ұғындыру; сабақтың жаңа әдістерімен жұмыс жасауға үйрету. Дамытушылық: поэманы талдай білуге төселдіру;түсініп оқу,сөз астарына үңіліп,мағынаны түсіндіру,сын тұрғыдан ойландыру,түйінді ой айта білуге,өзіндік пікір қалыптастыруға жетелеу. Тәрбиелік: туған жерге деген сезімдерін тәрбиелей отырып,сүйіспеншіліктерін арттыру,шығармашылық ізденіске жұмылдыру,елінің адал азаматы болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: мұғалім сөзі,сұрақ-жауап,прблемалық сұрақ,көрнекіліктер,шығармашылық жұмыстар.
Сабақтың көрнекілігі: хронологиялық кесте,Венн диаграммасы,суретер,ауызша журнал.
Сабақтың жүргізілу барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Оқушызейінін сабаққа аудару.
2.Сабақтың мақсатымен,тақырыбымен таныстыру.
ІІ.Үй жұмысы.
С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығын сұрап, білімдерін бағалау.
ІІІ. Жаңа сабақ. Поэманы қысқаша түсідіремін, содан кейін оқушылар кітаппен жұмыс жүргізеді.
«Көкшетау» - туған жер туралы,оның ғажап сұлулығы мен тарихы жайлы поэма.
Поэманың «Оқжетпес» тарауында таудың зәулім екенін танытатын сөздер мен сөз тікестерін мына төмендегі жолдардан көруге болады.
Сүп-сүйір бейне найза шың,құз биік,
Төбесі кейде тұрар бұлтқа тиіп.
Қарасаң етегінен шың басына,
Тақияң жерге түсер тұрған киіп.
Тіп-тік шың көкке қарай кеткен бойлап,
Тұрғандай таусылмайтын бір ой ойлап.
Біз бүгінгі сабағымыда поэмадағы қалмақ қызы мен Адақ образына және ақынның портрет жасау шеберлігіне тоқталамыз.
-Портрет дегеніміз не?
-Көркем әдебиетте адамның сырт бітімін,кескін-кейпін,жүріс-тұрысын суреттеуді портрет дейміз.
-Біз бұл суреттеулерді қай шығармалардан кездестірдік?
Кім айтады?
Ғ.Мүсірепов «Жаңа достар», Б.Майлин «Шұғаның белгісі», М.Әуезов «Әжемнің әңгімесі», Ж.Аймауытов «Ақбілек»,т.б.
Ақын суреттеуіндегі қалмақ қызы қандай?
Сұлу,ақылды,мінезді,адамгершілігі мол,сүйіспеншілігі тұрақты,байсалды,тапқыр.
Қыздың ақылдылығы қай жерде байқалады?
Қыздың ақылдылығы кімге баруды таңдау өзіне берілген кезде көрінеді.Ол көл жағасындағы биік шыңның басына орамал байлатып,кімде-кім соны атып түсірсе,соған бармақ ойын білдіреді.
Ақын оның көркін қалай суреттейді,оқулықтан тауып оқимыз.
Сол қыздың он жетіге келген жасы
Оралған аш беліне қолаң шашы.
Қап-қара қарлығаштың қанатындай
Иілген ақ маңдайда екі қасы.
Аш белі көк шыбықтай солқылдайды,
Қолаң шаш бейне жібек толқындайды...
Батырлар сол сұлуға салыстырған
Жалғыз ақ аспандағы күн мен айды.
Осы суреттеуде ақын қандай бейнені ұсынады?
Ақын портрет жасау бейнесін ұсынады.
Ақын тұтқын қыздың бейнесін неге теңейді?
Оның тұтқындағы солғын өңін үзілген қызғалдаққа теңейді.
Тағы неге балайды?
Мергеннің оғы тиіп,әлсіреп қолға түскен бала киікке балайды.
Сұңқардың баласындай қолға түскен,
Құланның құлынындай қолға түскен.
Тұтқын қыз жауларына жалтаңдайды
Киіктің лағындай қолға түскен
Оқушылар ақын қызды тек асқан сұлу еді деп сырттай тамсанып,құрғақ баяндай бермейді.Бірер деталь,аз суретпен оның келбет, реңін көріктендіре ашады.
Міне,оқушылар образдың күші.Ақын тек құбылыстың картинасын көруші емес,соны лирикалық қаһарман сезіміне,талғамына сай өрнектеуші.Сол себептен де көркем әдебиеттегі әр сәтті деталь,образ әсерлі болады,сондықтан біз шығарманы қызыға оқимыз.
Мен оқушыларды одан әрі талдауға төселдіремін.
-Ал қыздың қасын қалай бейнелеген?
-Қап-қара қарлығаштың қанатына теңейді.
-Ақын тек теңеумен шектелмейді,қарлығаштың қанатындай болып келуін көрсетеді.
Өзім түсіндіріп өтемін..
«Аш белі көк шыбықтай солқылдайды» деген жолдан не көруге болады?
«Қыз белінің жіңішкелігін және жарасты қимыл-қозғалыс үстіндегі қалпын тамашалауға болады.
«Қолаң шаш бейне жібек толқындайды» жолына үңілсек ше?
Қыз шашы жұмсақ әрі қалың.
«Жаутаңдайды»сөзінен не түюге болады?
Қыздың әрі қорқып,әрі үміттене қарауын аңғарамыз.Сонымен қатар онда сондай бір мөлдірлік,сүйкімділік бар.
Міне,өнер құдіреті,оның адам сезіміне әсер ету күші образ мәні осындай.
Адақ поэмада қалай суреттеледі?
Ол поэмада кең пейілді,адал,ер жүрек,қайырымы мол адам болып суреттеледі.
Ақын тағы оның қандай қасиеттерін толықтыра түседі?
Іске тиянақты,әділ,кішіпейіл,елге жаққан ер мінезді,оның үстіне ол - әнші.
Ақын оның ұнамды портретін қалай бейнелеп береді?
Кім тауып оқиды?
- Қара сұр ұзын бойлы,емес талпақ.
Денесі көк құрыштай,өрдей шалқақ.
Қыр мұрын,қарагер көз,қара мұртты,
Қақпақтай қобы жауырын, - топшы жалпақ,
Солқылдақ көк құрыштай,біткен жіптік,
Жараған аш бөрідей белі жіптік..
Ыңғайлы,сұлу сида,сұңғақ дене,
Жараған бәйгі кердей ықшам сыптық
Білінген шиыр дене,бейне шойын,
Жұп-жұмыр сом боп біткен жігер мойын
Денесі бұлшық етті,терткен күшті,
Бәйгі атша ширатады тұла бойын.
Адақтың күшті екенін сыртқы келбетінен-ақ аңғаруға бола ма? Кім айтады? Біз ол келбетті қай сөздерден аңғарамыз?
«Көк құрыштай». Бұл тіркес оның денесінің пісіп,қатқаны сондай,тығыз,қатты екені білінеді.оның бейнесін одан әрі «бейне шойын» тіркесі дамыта түседі.Тіпті саусақпен түртсең,қол батпайтындай әсер қалдырады.
Оқушылар,бәріңе ортақ сұра:Биіктегі орамалды атып түсіру кезінде Адақ қай сипаттармен танылады?
Мергендігі мен күштілігі.Мерген болмаса,дәл тигізе алмас еді.Қарулы болмаса,садақ оғын сонша алысқа жеткізе алмас еді ғой.
Ал,жұмбақ шешуінен нені аңғарамыз?
Ақылдылығы,данышпандығы танылады.
Өзінің үйлену мүмкіндігі бола тұра,қызды азат етуді өтінуі кезінде Адақ қандай сипатымен ерекшеленеді?
Мейірімділігімен.
Сонымен оқушылар,поэмада көп түрлі әсемдіктер осылай толыса,өріле келе,жалпы сұлулық,пәктік атаулыны аялай білу идеясына жетелейді.
Достарыңызбен бөлісу: |