Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін
Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске байланысты туған әдебиет тақырыбын оқып келуге беремін.
Күні: 14.01.15ж Пәні: әдебиет және өнер Сыныбы: 11
Сабақтың тақырыбы: 1930 –1960 жылдардағы қазақ әдебиеті
Сабақтың мақсаты:
а)әдебиет пен саясат арасындағы байланыс туралы түсінік беру;
ә) мәнерлеп оқу,көркем мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын
қалыптастыру;
б) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды
елін,жерін Отанын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: лекция сабақ
Сабақтың әдісі: мазмұндап оқу,сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: әдебиеттер т.б.
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау.
Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі қазақ әдебиетіне қандай жанрлар алып келді?
2. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліснде жанқиярлықпен елін қорғаған батырлар кімдер?
3. Осы батырлар жайында жазған қай ақындардың өлең, дастандарын айтар едіңдер?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
20-30 жылдар жаңаша ізденістерге бет бұрған дәуір болды. «Әдебиет ескі қоғамды қиратып, жаңа тұрмыс орнатамыз» деген ұранды өмірдің шындығына сүйенді. Әдебиеттің жанрлық түрлері кеңейіп, ұлғая түсті. Бұл бағыттағы жаңа әдебиеттің алғашқы қарлығаштары ретінде С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Әуезов, С.Мұқановтар көрінді. Сондай-ақ олардың қатарын А.Тоқмағанбетов, Ө.Тұрманжанов, Ж.Сыздықов, Ғ.Мұстафин, Ә.Тәжібаев, Т.Жароков, И.Байзақов және т.б. толықтырды. Осылардың еңбегімен дәстүрлі қазақ өлеңі көркемдік ізденістерін байытып, лирикалық сипат алды. М.Жұмабаевтың махаббат, табиғат тақырыбына жазған жырлары туды. С.Сейфуллиннің «Көкшетау», С.Мұқановтың «Сұлушаш», И.Байзақовтың «Құралай сұлу», сюжетті поэмалары жазылды. Қазақтың көркем прозасы Ж.Аймауытовтың «Қартқожа», «Ақбілек», С.Мұқановтың «Адасқандар», М.Әуезовтың «Қараш-қараш оқиғасы», «Қилы заман», С.Сейфуллиннің «Айша», Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі», «Раушан – коммунист» роман, повесть, әңгімелері қалыптасып, өзінің өміршең беталысын танытты.
Драматургия саласында М.Әуезовтің («Еңлік – Кебек», «Қарагөз»), Ж.Аймауытовтың («Шернияз»), С.Сейфуллиннің («Қызыл сұңқарлар»), Б.Майлиннің («Көзілдірік») еңбектері де өнімді болды.
1934 жылы әуелі Қазақстан жазушыларының, кейін КСРО Жазушыларының съездері өтті.Ақын-жазушылардың алдыңғы қатарлы тобы әлем және орыс әдебиетінің үлгілерінен үйрену арқылы ұлттық сөз өнерін байыту саласында ізденістер жасады.
Ұлы Отан соғысы мен соғыстан кейінгі жылдарда қазақ әдебиеті жауынгерлік тақырыпты кең жырлады. Бұл кезде поэзия , ұшқырлық танытып, халықты жауға қарсы үндеуге, жау озбырлығын әшкерелеуге, әділетсіз соғыс атаулыны айыптауға айыптауға үлесқосты. Бірқатар тәуір өлеңдер майдандағы ұрысқа қатысқан қазақ ақындарының (Ә.Сәрсенбаев, Д.Әбілев, Қ.Аманжолов, Ж.Саин, Қ.Бекхожин және т.б.) қаламынан туды.Баубек Бұлқышевтің публицистикалық мақалалары жауынгердің жан дүниесін кең ашыпкөрсетті. Соғыстың соңын ала үлкен прозада М.Әуезовтың «Абай», Ғ.Мұстафиннің «Шығанақ», Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романдары басылды.
40-жылдардың екінші жартысынан бастап қазақ әдебиеті туындылары одақтық аренаға шығып, сол арқылы шетел халықтарының тілдеріне аударыла бастады. Қазақ әдебиетін әлемге танытқан үлкен прозаның үлгілері қатарынды М.Әуезовтің «Абай», С.Мұқановтың «Ботагөз», «Сырдария», Ғ.Мүсіреповтің «Оянған өлке», Ғ.Мұстафиннің «Миллионер», «Қарағанды», Т.Ахтановтың «Қаһарлы күндер» романдары бар еді.
30-жылдары әдебиет сыншысы есебінде танылған Б.Кенжебаев, Е.Ысмайлов, Қ.Жұмалиевтар әдебиеттану ғылымына ауысып, жаңа еңбектер жазды.
Қ.Жұмалиевтың «Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі» (1948), ХVІІІ – ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті» (1958), Б.Кенжебаевтың «Қазақтың ХХ ғасыр басындағы демократ ақын-жазушылары» (1957), Е.Ысмайловтың «Ақындар» (1958) атты іргелі зерттеулері басылды.
Коммунистік режим мезгіл-мезгіл шығармашылық интелегенцияға шабуыл жасап, оларды ұлтшылдықпен қорқытып, ашық сынға ұшыратып отырды. 1929 жылы А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Әуезов бастаған бір топ қаламгерлерге саяси айып тағылып, қамауға алынды. Олардың М.Әуезовтан басқалары атылып, жер ауып кетті.
Достарыңызбен бөлісу: |