Сабақтың тақырыбы: ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиет


Білдім Білгім келеді



бет25/105
Дата24.01.2023
өлшемі0.6 Mb.
#468713
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   105
Сабақтың тақырыбы ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиет Сабақтың мақс

Білдім


Білгім келеді

Оқушылар Бейімбет Майлин


туралы өз білетіндерін жазады.


Шығарманы талдап болғаннан кейін оқиғаның сюжетін,кейіпкерлерден білгенін жазады.


Б.Майлин туралы қосымша мәліметтер оқып,екінші сабаққа шығармалары туралы ізденіп келу тапсырылады.



Оқушылардан үй тапсырмасы Б.Майлиннің өмірі мен шығармашылық жолдары,әлеуметтік көзқарасы туралы сұрап, білімдерін бағалаймын.
«Шұғаның белгісі» шығармасы проза жанрындағы тұңғыш көлемді туындысы екені түсіндіріледі.
Хрестоматиядан алғашқы абзац оқытылады.
Сұрақ.
1.Проза дегеніміз не? 2.Хикаят дегеніміз не? 3.Шығарма кімнің атынан баяндалған? 4.Оқиға немен басталды?

Оқушыларға шығарманы талдау барысында үш түрлі сауал тасталады.


1.Оқиғадағы кейіпкерлер кімдер? 2.Оқиғаның сюжеті қалай өрбиді? 3.Оқиға шешімін қалай тапты?


I.Тақырыпты аша білу
«Шұғаның белгісі» хикаятының әр бөліміне ат қою,негізгі оқиғаларға түсінік беру
1.Қос жолаушы
2.Сұлу қыз – Шұға
3.Кездесу
4.Учитель Әбдірахман
5.Ғашық жүректер
6.Хат.

7.Жабылған жала


8.Қоштасу
9.Айықпас дерт
10.Соңғы хат
11.Белгі.
Шығарма мазмұнын білгеннен кейін сюжетті-композициялық жоспар құрылды.
1.Оқиғаның басталуы (экспозиция).
Әдемі табиғат,әсем пейзаж.Алыстан көрінген обашық.
2.Оқиғаның дамуы. «тарғыл өгіз сойған» оқиғасы. «шұғаның белгісі» қалай аталады?
3.Оқиғаның шиеленісуі. Сықырлауықтан сығалаған сұлу сезім.
4.Оқиғаның шарықтау шегі.(кульминация).Шұғаның Әбдірахманыд тұңғыш көруі.
5.Оқиғаның шешімі.Үзілген үміт.Соңғы хат.


Оқулықпен жұмыс
1.Ғашық жүректердің арасындағы жазылған сырлы да мұңды хаттарға назар аударту (Оқушыларға мәнерлетіп оқыту).
2.Хаттың жазылу стиліне көңіл бөлу.
3

Обашық – тастан,топырақтан үйіп жасалынған белгі Ақсүйек – қазақтың ұлттық ойыны.Құндақ –зат сынбау,бүлінбеу үшін жасалған қажетті қорап,сауыт.Басқұр – керегелердің бастарын тартып,үйді айналдыра байлайтын өрнектелген жалпақ бау.Бешпет жеңі бар,қысқалау келген сырттан киетін жеңіл киім.Жосыған – қан,су сияқты сұйық заттардың көп мөлшерде тез ағуы,сорғалай жөнелуі.
.Сөздік жұмыс (дәптерлеріне слайдта жазылған сөздерді оқи отырып жазу,мағынасына
назар аудару)

Кім жылдам?
Жүрегім тас төбеме шықты қорқу
Төбесі көкке тигендей қуану
Суық суды төбемнен құйып жібергендей тітіркену
Көпке топырақ шашу жала жабу
Тілім байланды сөйлей алмай қалу
Олжамнан қақты пайдаланып кету
Шаңымды аспанға шығарды ұрысты


Көнерген сөздер
Дуан,болыс,көшір,песір,тілмаш,нәшәндік,стражник т.б.

Шығармада кездескен тұрақты тіркестердің мағынасын түсіндіру.



IV.Ізденіс
Проблемалық сұрақтар
1.Шұғаның өліміне кім кінәлі?
2.Жазушының шешімімен келісесің бе?
3.Бұл күнде Шұға сияқты қыздар бар ма?
4.Жазушы шығармасын « ... Шұға десе,Шұға еді-ау!» деген өкінішпен аяқтайды,сен болсаң қалай жазар едің?
5.Міржақып Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» романындағы Жамал тағдырымен ұқсастығын салыстыру



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет