Сабақтың тақырыбы: ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиет


Ақан – трагедиялық кейіпкер



бет33/105
Дата24.01.2023
өлшемі0.6 Mb.
#468713
түріСабақ
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   105
Сабақтың тақырыбы ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиет Сабақтың мақс

6. Ақан – трагедиялық кейіпкер.
Сағынайдың асында атынан қапыда айрылып жүрегі қан жылаған ақын естен танды.құлагер ер қанаты ғана емес,Ақанның рухани медеу тұтқан серігі еді.Құлагердің мерт болуыымен бірге Ақанның өзі де рухани қазаға ұшырады.Құлагер өлгенде Ақан «Ел бетін қалай көремін» депті.Ақанның жан күйзелісін осы бірауыз сөз ұқтырып тұрғандай.Көл еркесі аққу,көк еркесі сұңқар – Ақанның қанаты қайрылды,пырақты шабысынан айрылды.Елінен,жерінен безді.Жалғыз өзі елден жырақ күй кешті.Құлагер өлімі жаралы жанын күйреткен,аяусыз соққы болды.Қиянат пен әділетсіздіктен жапа шеккен Ақанның халін Ілияс «құлазып күздікүні Көкшетаудай,Қызықтың көшіп кеткен саржайлауы» деп бейнелейді.Ақан жан жолдасын қолымен өлтіргендей күйінеді. «Мал да болса адамнан есті жануар-ай,шабуға жіберерде салбырап,басын төмен салып,кәдімгідей көзінен жас бұршақтап тұрды-ау.Осы сұмдықтың болатынын білген екен ғой» деп өкінеді,қайғыдан жүрегі қарс айрылады.


« Мини-дебат» бағдарламасы бойынша Батырашқа бүгінгі күн тұрғысынан баға беру.
Поэмада «Кір көңіл сарайының батпағы бар» деп ақын Батыраштың іші тар,ақылсыз,арам пиғылды жан екенін өте бейнелі жеткізе білген.Жұлдыздай ағып келе жатқан жүйрікті жолда тосып тұып айблтамен шауып өлтірткен батыраш – нағыз қанпезер жауыз адам.Өр көңіл,жуан кеуде Батыраш арам ойын жүзеге асыруда шімірікпейді.Батыраш – Ақандай сұңғыла өнер иесінің серілігіне,сезіміне,жүйріктігне,заманнан озып туған тума талантына қол көтерген,қараңғылықта шырмалған пасық,ақылсыз,ашуын ақылға жеңдіре білмейтін үстем тап өкілінің бейнесі.Батыраш – мәңгілік халық қарғысын арқалаған азғын адам.Батыраштың азғындық әрекетін келер ұрпақ кешіре алмайды,оған лағынет айтады.Батыраш сияқтылар өмірге келеді,кетеді,оларда қарғыстан басқа із қалмайды.Ақан өмірі – мәңгілік.Ақан өнері еш уақытта ұмытылмайды,мәңгі жасайды,ұрпақтар жалғастығын табады!Адал пәк адамдар өміріне қара түнек төндіріп зар жылатқан Батыраш сияқты қара ниетті сүйреп өлтіру керек еді.Батыраштар өмірден мәңгі аластатылсын,өмірге келмей-ақ қойсын!
Батыраш тұлпар баптаған,сыншы,атбегі адам.Алтайдың даңқын асырған,алдынан ұшқан құс өтпеген жүйрігі Көктұйғын атты баптап асқа әкеледі.Су орнына сүт беріп сәбидей мәпелеп әкелген жүйрігінің топ жарып,бас бәйге алуын тілейді.Шаршы топтың алдында Ақанның:
Би болсаң,би шығарсың Алтайыңа,
Тілімді терезем тең тартайын ба?!
Көгіңді бөктермесем,атым сенікі,
Шапса да әкең мініп байталына, - деген ащы тілі Батыраштың ызасын келтіріп,намысына тиеді.Құлагердің даңқын естіп,кісі салып Құлагерді қанша сұраса да бермеген Ақанға ренжіп жүр еді,енді ащы тілі сүйегін тіліп өткендей болды,ашу-ызасын қамшылай түсті.Әрі алдынан жүйрік озбаған Көктұйғынын ойлағанда,көзіне қан толды.Батыраштың жүрегіне сүңгідей қадалған улы тілдің ызасы мыңнан озған тұлпарға қол көтертті,мерт қылды.Батыраш Құлагердің өліміне егілді,езілді.Құлагер Батыраштың қолы жетпей жүрген арманы емеспе еді?!Не істегенін өзі де білген жоқ.Өз қатесін түсінді,бірақ кеш еді. «Осы аста сағы сынып бағы тайса,Ол өзін дап-дайын тұр өлдім деуге» деп ақынның өзі айтқандай,өзін-өзі өлімге қиюға дайын Батыраштың бойында намыс,ер қанатына деген сүйіспеншілік оты маздайды.Ол - өлсең де намысты қолдан берме деген мақсатты берік ұстанған жан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет