Авторы Шығарма атауы
Кейіпкерлер
Іс әрекеті
Күні: 24.10.15ж Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11
Сабақтың тақырыбы: Бейімбет Майлин
(1894-1938)
Сабақтың мақсаты:
а) Жазушының өмірінен мәлімет бере отырып,оқушылардың ойлау қабілетін,сабаққа деген қызығушылығын арттыру;
ә) Сымбатты,шымыр туған жердің табиғатын сүйе білетін,оған құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу ;
б) Оқушыларды мәнерлеп оқуға дағдыландыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру т.б.
Сабақтың көрнекілігі: бүктемелер,кітаптар т.б.
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Бейімбет (Бимағамбет) Майлин 1894 жылы қазіргі Қостанай облысы,Таран ауданындағы Майлин кеңшарында туған.Бала кезінде әкесінен айырылған Бейімбет әжесінің қолында өседі.Әжесі ақынжанды,ескі жыр,дастан,өлеңдерді көп білетін,көкірегі ояу жан екен.Байдың қозысын бағып,жоқшылық дәмін ерте тартқан Бейімбет жасынан өнерге бейім болып өседі.Ауыл молдасынан сауат ашып,хат таныған Бейімбет ауылдағы Әбдірахман Сатыбалдин деген татар молдасынан оқиды.Көрші ауылға барып,медреседен білім алады.
1913-1914 жылдары Троицкіде «Уазифа» мектебінде,Уфадағы Ғалия медресесінде оқиды.Медреседе әдебиетке бейім жастардың «Садақ» журналы шығып тұрады.Б.Майлин осы журналдың редакторы әрі тұрақты қаламгері болады.Алғашқы «Шұғаның белгісі» повесі 1914 жылы осында жарияланады.
1915 жылы Троицкіге,дәрігерге қаралу үшін оқуын аяқтай алмай,қайта келеді.Осында «Айқап» журналында Сұлтанмахмұт Торайғыровпен, Мұхамеджан Сералинмен танысады. «Айқап» беттерінде бірнеше өлеңдері жарыққа шығады.1916-1919 жылдары мұғалім болады.1919-1921 жылдары кеңес жұмысына орналасады.1922 жылы С.Сейфуллиннің шақыруымен Орынборға келіп,баспасөз қызметіне араласады.1923 жылы Қостанай қаласында «Ауыл» газетін шығаруға қатысады.1925 жылдан 1934 жылға дейін республикалық баспасөздерде,баспа орындарында түрлі қызметтер атқарады.
Ақын,жазушы,драматург Б.Майлин де 1938 жылы жазалау құрбанына айналады.
өлеңдері: «Кедейге», «Байлыққа», «Ұлы күні», «Жазғы қалып», «Мал», «Ауылда» «Мырқымбай», «Қуаныш», «Кедейдің кейістігі», «Көш», «Бүгін», «Қора сор», «Бөліс», «Қанжар», т.б.
поэмалары: «Кемпірдің ертегісі» (1927), «Қанай» (1926), «Бөліс», «Өтірікке бәйге», «Хан күйеуі», «Байдың қызында» (1917), «Қашқан келіншек» (1921), «Рәзия қыз» (1919), «Маржан» (1923), «Досалыдан бір дастан» (1931).
Достарыңызбен бөлісу: |