Құнанбай образы шебер жасалған образ.Әдеттегі түсінікпен атасақ, Құнанбай – жағымсыз кейіпкер.Дұрысында да солай: кері кеткен кері заманның жанкешті жақтаушысы, рулық-феодалдық жүйенің бір тінін үзгісі, бір өмірін ыдыратқысы келмейтін шынжырлы шонжар, күні өткен, тозығы жеткен көненің жамап-жасқаушысы...Автордың айтуында да: «Құнанбай образы, идеялық жағынан алып қарағанда, сол дәуірде қазақ даласына орыс мәдениеті арқылы еніп келе жатқан, келешегі зор жаңаның жолындағы кедергіні – ескіні көрсету нәтижесінде туған».
Құнанбай – азулы ғана емес, ақылды, шоқпар мен сойылдың ғана емес, әріден толғайтын ойдың адамы. Көзі дара болғанымен, көкірегі сара, көреген, ашуы мен қайратын қатар ұстайтын қаталдығының ар жағында қайсарлығы жатқан қасарма, сұғын қадағанды сілейтпей тынбайтын қазымыр, қырыс кісі. Арыстанның айбаты да, жолбарыстың жүрегі де бір өзінде. Жыртқыштығы да сондай, бүргені құтылмайды, құтылса, мынаның тырнағы сонымен кетеді. Мұнысы да қайталанбас қайсарлыққа саяды. Осыған енді амалы мен айласы қосылғанда, Құнанбайдың қулығы мен сұмдығына, сұңғыла зымияндығына найза бойламай шығады. Мұнысы – ақылдан туған тәсіл.
Құнанбай алыс-жұлысқа, арпалысқа ғана емес, сөзге де жүйрік, шешен, тілі өткір, тиген жерін тіліп түседі.
Осылардың бәрі Құнанбайдың өз ортасынан биік оқшау тұрған, жоталы тұлға екенін көрсетеді және оның осындай өзгеше бөлек бітімін өз ортасы да мойындап болған. Құнанбайдың көпқырлы қасиетін досы түгіл, тіпті, дұшпаны да жоққа шығара алмайды.
Кітаппен жұмыс: романдағы кейіпкерлерге мінездеме береді
Хронологиялық таблицамен жұмыс: таблицадағы елеулі жылдарды белгілейді
Білімді бекіту: «Абай жолының» бірінші баспасы қай жылы жарық көрді?
2.Романдағы Қамқа мен Қодардың іс-әрекеті тарихи шындық па?
Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: «Абай жолын» оқып келуге беремін
Күні: 21.11.15ж Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11
Достарыңызбен бөлісу: |