VIII. Топ бойынша бағаланып, көп ұпай жинаған топ «Жамбылдың шәкірттері» атанады.
Күні: 8.02.16ж Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10
Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев
«Сұраншы батыр» дастаны
Сабақтың мақсаты: а) «Сұраншы батыр туралы түсініктерін кеңейту, оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып, пікірін тыңдау, қорытынды жасау;
ә) білімділік танымын, шығармашылық қабілетін, тілдік қорын, ізденістерін арттыру;
б) еңбексүйгіштікке, мамандық таңдай білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,і здендіру
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар т.б.
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген Ж.Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1. Ж.Жабаев өлеңдерінің тақырыптары не жайында?
2. Ж.Жабаевтың дастандарын ата.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
Ж.Жабаевтың «Сұраншы батыр» атты дастанының негізіне Құдияр хан бастаған Қоқан басқыншыларына Ұлы жүз қазақтарының тойтарыс бергендігі туралы тарихи оқиға арқау болған. Шығармада елін, жерін сүйген Сұраншыдай батырдың Отан алдындағы парызын орындауы суреттеледі. Қ.Р Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Мемлекеттік сыйлықтың және Жамбыл атындағы сыйлықтың лауреаты Сейіт Қасқабасов «Ту ұстап жауға шапқандар» атты зерттеу еңбегінде «Сұраншы батыр» дастанының маңызына тоқталып, терең әдеби талдау жасайды: «Сүйінбай шығарған Сұраншы туралы өлең-толғауды Жамбыл дамытып, үлкен эпосқа айналдырған. Жамбыл жырлаған «Сұраншы батыр» - тарихи жыр, мұнда тарихи оқиғалар ежелгі эпостық үлгіде баяндалып суреттеледі. Жыр үлкен екі бөлімнен тұрады, екі бөлім екі оқиғаны әңгімелейді. Кіріспеде заманның тарылғанын, қазақ елінің қиналған жайын, хал-күйін сипаттайды да, тыңдаушыны басты оқиғаға дайындайды: бұл шақта Ресейдің әскері қазақ жеріне кіріп, Оралдан өтіп, Ертісті бойлап, Алтайға жеткенін, Жетісуға қол сұққанын, бұған қоса қоқандықтардың орыстармен соғыспақ болып, Қапалға барғанын да баяндайды.
Орыс әскерлерінің зеңбірегінен жеңіліс тапқан Құдияр ханның қашқанын, қашып бара жатып, жолдағы қазақ ауылдарына зорлық көрсеткенін, Қоқан құсбегіне қосылып, қырғыз Орманның Қордайдан асып, Сарыкемердегі Тілеуқабыл мен қасқарау руларын шапқанын баян етеді. Құсбегіден қорыққан Дулат елі үшке бөлініп, үш жаққа қашып, Іледегі түбектің тоғайына тығылғанын, елдің көрген қорлығын айтады.Қасқараудың екі шалы Сұраншыны іздеп шығады да, әрең табады. Өйткені Сұраншы тауда жалғыз өзі қалған.
Жырдағы негізгі оқиғалар - екеу.Бұлар екі сюжетті құрап, екі бөлімде әңгімеленеді. Алғашқысы – қоқандықтар мен қырғыздардың Сарыкемердегі Дулат руларына шабуылы мен Сұраншының өз сарбаздарымен барып, шапқыншыларды талқандап, қуып шығуы туралы оқиғалар. Екіншісі – қырғыздардың басшысы Орманның Сұраншыны хат арқылы ұрысқа шақыруы, Сұраншының жеке барып, қырғыз қолымен айқасуы, Жагор бастаған қырық жігіттің Сұраншыға қосылып, қырғыздарды жеңуі туралы әңгіме.Сұраншы да, Орман да соғыстан кейін елдеріне барып, қайтыс болады.
Сұраншы қырғыздың көп қолын елге келтірмеу мақсатымен Орман ханға өзі жалғыз барады да, Орман ханды жекпе-жекке шақырады. Екі рет шақырса да, қырғыз ханы шықпайды. Оның орнына Бұқай, Байтыл, Битуған деген батырлар шығады. Алдымен Бұқай шығады, бірақ Сұраншы: «Маған хан керек «, - деп оны қайтарады. Одан кейін майданға Битуған келеді. Ол өзін мақтап, талай жауды жеңгенін, Кенесарыны өлтіргенін айтып, Сұраншыға сес көрсетеді, бірақ өзі емес, үшеулеп Сұраншыға жабылады. Үшеуін де жер жастандырады. Орманның қасындағы барлық қырғыз Сұраншыны қоршап алады.
Әлі кеткенімен Сұраншы өлмейді. Дәл осы кезде батырдың жан досы Жагор қырық жігітімен келіп үлгереді.Қырғыздар көп манабынан айырылып, жаралы ханын өңгеріп, ордасына қайтады. Орман хан «Найза тиген жерінен қағынып кетіп, ем қонбай, ордасына кеп өлді», - дейді Жамбыл. Сұраншы батыр да еліне қайтып, бабына келген шақта қайтыс болады.
Сұраншының образы – халық армандаған батыр бейнесі. Сұраншы – тарихи тұлға, ол – елін, жерін отаршылардан қорғаған қаһарман.
Достарыңызбен бөлісу: |