Сабақтың тақырыбы: Химиялық элементтердің өлі және тірі табиғатта таралуы. Адам ағзасындағы хим элементтердің биологиялық рөлі№2 2) көрсетілім «Адам организмдегі химиялық элементтердің топографиясы»



бет11/14
Дата13.06.2016
өлшемі3.41 Mb.
#133633
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

ІІ.Үй жұмысын пысықтау

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Ескерту. Қышқылмен, сілтімен жұмыс істегенде қауіпсіздік техникасы ережесін қатаң сақтау қажет.

1 – есеп Кальций оксидінен кальций гидроксидін; мыс (ІІ) оксидінен мыс (ІІ) гидроксидін алыңдар.

2 – есеп. Үстелде берілген заттарды пайдаланып, кальций карбонатын алып, оны қоспа дан тазартуды іске асырыңдар;өзгерістерді тәжірибе жүзінде іске асырып, реакция теңдеулерін жазыңдар: FeCI3 → Fe(OH)3 → Fe2 (SO4)3
3 – есеп.
Тәжірибе арқылы: а) мыстан; ә) мыс (ІІ) гидроксидінен, мыс (ІІ) оксидін алып, оның негіздік оксид екенін дәлелдеңдер.


4 – есеп. Үстелде берілген:PbO, Pb(OH)2, H2SO4 реактивтерді пайдаланып, қорғасын сульфатын алыңдар және оны қоспадан тазартыңдар.

5 – есеп. Мыс (ІІ) гидроксиді, тұз қышқылы берілген. Мыс (ІІ) оксидін және мыс (ІІ) хлоридін алыңдар.

6 – есеп. Үстелде бар Mg, MgO, H2SO4 реактивтерді пайдаланып, екі әдіспен магний сульфатын алыңдар.

7 – есеп. Үстелде бар темір, темір (ІІІ) оксиді, тұз қышқылы, күкірт қышқылдарын пайдаланып, темір (ІІ) және темір (ІІІ) тұздарын алыңдар.

8 – есеп. Берілген үш сынауықта: а) күйдіргіш натр, күкірт қышқылы, су. Қай сынауық- та қандай зат бар екенін анықтаңдар; ә) үстелден мыс (ІІ) оксидін тауып, оның негіздік оксидке жататынын дәлелдеңдер.

9 – есеп. Берілген үш сынауықтағы заттар: әк суы, күйдіргіш калий және тұз қышқылы. Әрқайсысын өзіне тән реакция көмегімен анықтаңдар.

10 – есеп. Екі оксид: P2O5 және CaO берілген. Бірншісі – негіздік, екіншісі – қышқылдық оксид екенін дәлелдеңдер.

11 – есеп. Ерімейтін оксид СuО негіздік оксид екенін, СО2 қышқылдық оксид екенін қалай дәлелдуге болады?

Осы аталған эксперименттік есепті іске асыру үшін оқушылар деңгейлік тапсырманың үш нұсқаға бөлінген үлгісін төмендегідей етіп орындағаны дұрыс.

І нұсқа: 1,3,6 – есеп ІІ нұсқа: 2,4,8 – есеп ІІІ нұсқа: 3,7,9 – есеп

Немесе екі есептен орындауға болады:

І нұсқа: 1,6 ІІ нұсқа: 2,8 ІІІ нұсқа: 3,4

Бұл сабақ оқушылардың бұрын алған білімдерін пайдалануға негізділгендіктен төмен- дегі жоспар есте болсын.

1. Эксперименттік есепті ретімен біртіндеп орындау қажет.

2. Әр тапсырманы түсініп, қай заттар (реактив) пайдаланылады және оның нәтижесі қандай болатынын болжай білген дұрыс.

3. Тәжірибе орындау кезінде байқалатын өзгерістер мен түрлі құбылыстарды бақылаған жөн.

4. Жұмысты аяқтаған соң оқушы тәжірибе нәтижесін кестеге сүйеніп, дәптерге толтырады.


Тәжірибенің аты

Әрекеттесуші реагенттер

Байқалған құбылыс

Реакция теңдеуі

Қорытынды

Үйге тапсырма: Қайталау.

Химия 8 сынып

Күні: Сыныбы:

7-сарамандық жұмыс. Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластарын қорытындылауға арналған эксперименттік есептер



Қауіпсіздік техникасының ережелерімен таныс.

1. Мұғалімнің айтуы бойынша тиісті нұсқаңды ал.

2. Берілген әрбір есепті түсініп оқып ал және есептерді шешудің жоспарын құр.

3. Жұмыс орныңда берілген құралдар мен реактивтер ішінен өзіңе қажетін таңда ал.

Назарыңда болсын!!! Әрбір оқушы нұсқаның біреуін орындайды.

1-нұсқа

1. Нөмірленген үш сынауықта: су, күкірт қышқылы, әкті су ерітінділері бар. Әрбір сынауықтағы заттарды эксперименттік жолмен қалай анықтауға болады?

2. Тәжірибе жасау арқылы, мыс(ll)оксиді–негіздік оксид екенін қалай дәлелдеуге болады?

Құралдар мен реактивтер: Н2О, Н2SO4, Са(ОН)2, индикаторлар, СuO, сынауық, сынауық қысқыш, спиртшам, сіріңке.

2-нұсқа

1. Мыс және темір қоспасынан, мыс үгінділерін химиялық тәсілмен қалай бөлуге болады?

2. Мыс (ll) оксидінен – мыс (ll) гидроксидін тәжірибе жасау арқылы қалай алуға болады?

Құралдар мен реактивтер: Сu, Fe үгінділері, NaOH, Н2SO4,,екі стақан, сүзгі, сүзгі қағаз, шыны таяқша, қасық, сынауық қысқыш, сынауық, спиртшам, сіріңке.

3-нұсқа

1. Магний, магний оксиді, тұз қышқылы берілген.Магний хлоридін екі тәсілмен қалай алуға болады?

2. Берілген мыс (ll) оксидінен , мыс (l) хлоридін қалай алуға болады?

Құралдар мен реактивтер: Mg, MgO, HCI, 3-сынауық, шыны пластина, тигель ұстайтын қысқыш, спиртшам, қасық, сіріңке.

4-нұсқа

1. Әкті судың негіздік қасиет көрсететінін екі тәсіл арқылы дәлелде.

2. Кальций гидроксидінің ерітіндісі (әкті су) берілген. Кальций карбонатын, одан кальций хлориді ерітіндісін ал.

Құралдар мен реактивтер: Ca(OH)2,фенолфталеин, НСІ, СО2 газы, шыны түтік, сынауық,

Дәптерге: нұсқа нөмірін жазып, төменгі үлгіде таблицаны толтыр.

Есеп шарты

(қысқаша)


Бақылағаныңды және реакция тең- деулерін жаз


Қорытындысы.


Есіңде болсын!!! Жұмыс орныңды қалпына келтір, қолданған ыдыс аяқтарды жуып тиісті орнына тапсыр. Стол үстін сүртіп, жинастыр.


Химия 8 сынып


Күні: Сыныбы:

Сабақ тақырыбы: Бейорганикалық қосылыстар класы бойынша қайталау.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды бейорганикалық қосылыстардың әр түрлі кластарына жататын заттардың құрамын,қасиеттерін салыстыра білуге,заттарды жіктеп,олардың арасындағы генетикалық байланыс туралы білімін қорытындылауға үйрету және дамыту.

Реактивтер мен құралдар: Барий хлориді,күкірт қышқылы,әкті су ерітінділері, шыны түтік, сынауықтар.

Лабораториялық тәжірибе: Қышқылдық оксидтің және қышқыл химиялық қасиеті.

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

Білім мен біліктерін тексеру.Оқушылардың генетикалық қатар,генетикалық байланыс, екідайлы қосылыстар, бейорганикалық қосылыстардың әр түрлі кластарына жататы- нын заттардың құрамына,қасиетіне байланысты салыстыру,заттарды жіктеу,олар- дың арасындағы байланыс туралы білімдерін тексеру.Қысқа мерзімдік жаттығу жұмыстарын жүргізу. Мұны орындау барысында оқушылардың келесі сабақта өткізілетін практикалық не бақылау жұмыстарына дайындау жүзеге асырылады.

Бейорганикалық қосылыстар класы бойынша қайталаудың негізгі мақсаттары:

1-жұмыс. Генетикалық байланыс,генетикалық қатар ұғымдарын пайдалана білу.

2-жұмыс. Реакция теңдеулерін құрастыру,теңдеу бойынша есептеу есептері шығару.

3-жұмыс.Есептің берілгені бойынша мазмұнын құрастыра білу.

4-жұмыс. Бейорганикалық қосылыстардың химиялық қасиеттерін сипаттай білу.

5-жұмыс. Эксперименттік есептерді шығару білігін бекіту.
1 – нұсқа.

1.Магний элементінен түзілетін бейорганикалық қосылыстардың генетикалық қатарын құрастыр.

2.Зат мөлшері 3моль магний оксиді тұз қышқылымен әрекеттескенде түзілетін тұздың массасын анықта.

3.Есептің шарты қысқаша түрде берілген. Мазмұнын құрастырып шығар:

Хг 16,42г

CaO + 2HNO3 = Ca(NO3)2 + H2O;

4.Мына берілген заттармен:KNO3,HNO3,CuO,Zn,SO3,H2SO4,Cu(OH)2 төмендегі заттар- дың қайсысы әрекеттеседі? а) натрий гидроксиді; ә) күкірт қышқылы;

Сәйкес келетін реакция теңдеуін құрастырып, реакция типін көрсет.

5.Әкті су ерітіндісі берілген. Шыны түтік арқылы оған көбірек үрле, нәтижесінде ерітінді лайланады.Бұл құбылысты реакция теңдеуін жазу арқылы дәлелде.
2 – нұсқа.

1.Көміртек элементінен түзілетін бейорганикалық қосылыстардың генетикалық қатарын құрастыр.

2.Массасы 10г магний оксиді күкірт қышқылымен әрекеттескенде түзілетін тұздың массасын есептеу..

3.Есептің шарты қысқаша түрде берілген. Мазмұнын құрастырып шығар:

3,72г Хлитр

Ca(OН)2 + СО2 = CaСО3 + H2O;

4.Мына берілген заттармен:KNO3,HNO3,CuO,Zn,SO3,H2SO4,Cu(OH)2 төмендегі заттар- дың қайсысы әрекеттеседі? а) барий гидроксиді; ә) тұз қышқылы;

Сәйкес келетін реакция теңдеуін құрастырып, реакция типін көрсет.

5.Барий хлориді ерітіндісі берілген,оған қүкірт қышқылын құйғанда тұнба түзіледі. Тұнбаға түскен қандай зат? Реакция теңдеуін жаз.

Үйге тапсырма: §44-49 қайталау.

Химия 8 сынып


Күні: Сыныбы:

Сабақ тақырыбы: Бақылау жұмысы.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың генетикалық қатар,генетикалық байланыс, екідайлы қосылыстар, бейорганикалық қосылыстардың әр түрлі кластарына жататынын заттардың құрамына,қасиетіне байланысты салыстыру,заттарды жіктеу,олардың арасындағы байланыс туралы білімдерін тексеру.

Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

Жаңа сабақ:

Бақылау жұмысын екі нұсқада алу.

1. Төмендегі сызба нұсқалардағы белгісіз заттарды тауып,айналуларды жүзеге асыруға мүмкін-дік беретін химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар:

1-нұсқа: С → СО2 → Х → Na2CO3 → CO2 → CaCO3

Cu → CuO → CuCI2 X → CuO → Cu

2-нұсқа: AI → AICI3→ AI(OH)3 → AI2(SO4)3 X → AI2O3

CaCO3 → CaO → Ca(OH)2 → Ca(HCO3)2 → X(газ)

2. Мына қосылыстардың қай тобы өзара әрекеттеседі:

1-нұсқа: HCI мен NaOH; Cu мен HCI; 2-нұсқа: CO2 мен NaOH; Fe мен H2O;

3. Төмендегі заттар ішінде генетикалық қатары бар заттарды тауып, айналуларды іске асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар.

1-нұсқа: BaO,Mg,K,CaO,CuSO4,Ba,MgCI2,Mg(OH)2,Ba(OH)2,CaSO4,Ba3(PO4)2.

2-нұсқа: NaNO3,P2O5,PbCI2,H2SO4,K3PO4,P,CuO,H3PO4,Fe,CuO,CaSO4.

4. Төмендегі сызбанұсқаларға сәйкес химиялық реакциялардың теңдеулерін жазып теңес- тіріп,белгісіз заттарды тауып,оларды атаңдар:

1-нұсқа: 1) S + O2 = x; 2-нұсқа: 1) x + H2O = H3PO4;

2) H2CO3 = H2O + x; 2) Na + x = Na2O;

3) MgCO3 = x + у; 3) Ca(OH)2 + x = CaCO3 + у;
2 бақылау жұмысы. А,В,С деңгейлік тапсырмалары.

1-нұсқа.

1. Негіздерді жіктеуге екі мысалдан келтіріп, химиялық қасиеттерін сипаттаңдар.

2.Қышқылдарды жіктеп,әрқайсысына үш мысалдан келтіріп сипаттаңдар.

3.(Негіздік,қышқылдық,екідайлы оксидтердің әрқайсысына үш мысалдан келтіріңдер.

4.Тұздарды:NaCI,CaCO3,Ca(HCO3)2,MgOHCI,NaHCO3,K2CO3,Ca3(PO4)2 жіктеп жаз.

5.Төмендегі айналуларды іске асыруға болатын реакция теңдеулерін жаз:

Сa(OH)2 → CaCO3 → CO2 → Na2CO3;



CaCI2



В6(2-балл). Төмендегі сызбанұсқаларға сәйкес химиялық реакциялардың теңдеулерін жазып теңестіріп,белгісіз заттарды тауып,оларды атаңдар: FeCI3 → x → Fe2O3 → у;

C7(4балл). Массасы 10г кальций карбонатын тұз қышқылымен әрекеттестіргенде бөлініп шығатын газды натрий сілтісі арқылы өткізгенде қанша грамм натрий гидрокарбонаты түзілетінін есептеңдер.

2-нұсқа.

А1(1-балл). Негіздерді жіктеуге екі мысалдан келтіріп,химиялық қасиеттерін сипаттаңдар.

А2(1-балл). Қышқылдарды жіктеп,әрқайсысына үш мысалдан келтіріп сипаттаңдар.

А3(1-балл). Негіздік,қышқылдық,екідайлы оксидтердің әрқайсысына үш мысалдан келтір.

А4(1-балл). Тұздарды:NaCI,CaCO3,Ca(HCO3)2,MgOHCI,NaHCO3,K2CO3,Ca3(PO4)2 жіктеп жазыңдар.

В5(2-балл). Төмендегі айналуларды іске асыруға болатын реакция теңдеулерін жаз:

CuCO3 → CuCI2 → Сu(OH)2 → CuO → Cu;

В6(2-балл). Төмендегі сызбанұсқаларға сәйкес химиялық реакциялардың теңдеулерін ,жазып теңестіріп,белгісіз заттарды тауып,оларды атаңдар: CuCO3 → x → СuCI2 у;

C7(4балл). Көлемі 4,48 л қалыпты жағдайда оттек түзілу үшін мына тұздардың: KNO3, ,,,,,,,,,,,,,,,,,KCIO3,KMnO4 әрқайсысының қандай массалары қажет болатынын есептеңдер.

(Ескерту: Балдардың қосындысы жоғары болатындай қалаған төрт есепті шығарыңыз.)

Үйге тапсырма: §44-49 қайталау.
Химия 8 сынып

Сабақтың тақырыбы: Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық заңы және

периодтық жүйесі.

1-інші сабақ тақырыбы: Химиялық элементтерді жіктеудегі алғашқы қадамдар.



Оқыту мақсаты: Оқушыларға химиялық элементтерді жіктеудің қажеттілігін көрсету,элементтерді металдар және бейметалл деп үлкен екі топқа бөлген жіктеудегі алғашқы қадамдармен таныстырып,оның жасанды екенін,екідайлы және ауыспалы қасиет көрсететін элементтер туралы түсінік беру. Оларды элементтердегі табиғитекке біріктіру мақсатымен таныстыру.

Реактивтер мен құралдар: Жаңа дайындалған мырыш,натрий гидроксидінің және тұз қышқылының ерітінділері,сынауықтар,сынауық тұрғы.

Көрнекі тәжірибелер: Екідайлықты дәлелдеу.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Жаңа сабақ: Сабақ тақырыптың маңызын айтудан басталады,одан соң әрбір ғылымның дамуына байланысты көптеген мәліметтер жинақталып, оны жіктеу,белгілі заңдылықтардың байланысын ашу қажеттілігі айтылады.

Химияда элементтер және олардың қосылыстары туралы білімнің жинақталуы ХІХ ғасырдың ортасында оларды ұқсас қасиеттеріне қарай топтастыруды қажет етті.Оқушыларға химиялық элементтерді жіктеудің негізгі белгілерін атап көсету.Элементтерді жіктеу негізінде физикалық және химиялық қасиеттерін нақтылауға мүмкіндік туа бастады. Нағыз металдарға негіздік оксидтер,оған негіздер сәйкес келеді.Ал нағыз бейметалдар ұшқыш сутекті қосылыстар түзеді,металдар ондай қосылыстар түзбейді.Содан кейін төмендегі эксперимент есептерді талдау:

1.Егер берілген зат суда ерімейтін болса,оның қышқыл екенін қалай дәлелдейміз? H2SiO3 –ұсыну.

2. Егер берілген зат суда ерімейтін болса,оның негіз екенін қалай дәлелдейміз? Сu(ОН)2-ұсыну.

Оқушылар төмендегідей қорытындыға келеді: а)нағыз металдың гидроксиді қыш- қылдармен әрекеттеседі,ал сілтімен әрекеттеспейді; ә)ал нағыз бейметалдан түзілген қышқыл сілтілермен әрекеттеседі,бірақ қышқылдармен әрекеттеспейді.

Кейбір элементтердің металға да,бейметалға да тән қасиет көрсетуіне қарай екідайлы қасиет көрсететіні белгілі болды.Оқушылардың алдында жаңа проблемалық сұрақ туады: ,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,а)мырыш гидроксиді қышқыл болама,әлде негіз бола ма?

,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,ә) Мырыш нағыз металға жата ма, немесе нағыз бейметалға жата ма?

Оқушыларға көрнекі тәжірибе көрсетіледі. Мырыш гидроксидінің қышқылда да,сілтіде де еріп тұз түзетіні түсіндіріледі. Оқушылар мырыш ауыспалы қасиет көрсететін элемент деген қорытындыға келеді.Бұл қасиет металдан бейметалға ауысатын өтпелі элементке тән. Оқушылар мырыш гидроксидінің қышқылмен,негізбен әрекеттесуінің реакция теңдеулерін жазады.

Бұдан кейін оқушыларға қышқылдық та, негіздік те қасиет көрсететін гидроксидтер болатынын айта отырып,олардың негіздер мен қышқылдар туралы білімдерін қорытындылау мақсатында төмендегі кестені толтыруды ұсынамыз:




Қосылыстар

негіздер

Екідайлы гидроксидтер

қышқылдар

1.Қышқылмен әрекеттесуі.

2.Негізбен әрекеттесуі.

+

-

+

+

-

+

Оқушыларға оксидтер немесе гидроксидтері екідайлы болатын элементтердің өте көп екендігін айтамыз. Мысалы: Be,Zn,AI,Cr(III),As,т.б.Осыдан кейін химиялық элементтерді жіктеу үшін жасалған басқа да әрекеттермен таныстырамын. Валенттігі бойынша бөлу:

а) жоғары оксидтегі валенттігі бойынша;

ә) ұшқыш сутекті қосылысындағы валенттігі бойынша;

Одан кейін төмендегі тапсырмалар беріледі:

1.BeO-нің екідайлы қасиетін көрсететін реакция теңдеуін құрастырыңдар.

2.Be(OH)2-нің екідайлы қасиетін көрсететін реакция теңдеуін құрастырыңдар.

3.Төмендегі айналымдардың теңдеулерін жазыңдар: Na2ZnO2



ZnCI2→Zn→ZnO→Zn(OH)2→Zn(NO3)2





Үйге тапсырма: §50 (1-6). Жұмыс дәптері.
Химия 8 сынып
күні айы жылы

2-інші сабақ тақырыбы: Элементтердің табиғи ұяластары және олардың қасиеттері.



Оқыту мақсаты: Элементтерді алғашқы топқа бөлу,ұқсастығы мен айырмашылығы арқылы оларды сілтілік металдар,галогендер,халькогендер және инертті газдарға топтастыру.Осы топтардағы элементтердің физикалық және химиялық қасиеттерінің салыстырмалы атомдық массаға тәуелді екенін түсіндіру.

Реактивтер мен құралдар: Сілтілік металдар,галогендер үлгілері,натрий,литий , су,стақан, сүзгі, индикатор, лабораториялық тұрғы, сіріңке.

Көрнекі тәжірибелер: Сілтілік металдар,галогендер үлгілері,cілтілердің сумен әрекеттесуі.

Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

Білім мен біліктерін тексеру: Оқушыларға төмендегі сұрақтар қойылады:

1.Химиялық элементтерді жіктеудің негізгі себебі неде?

2.Химия ғылымы дамуының бастапқы сатысында химиялық элементтерді жіктеудегі алғашқы қадамдарды айт.

3.Zn(OH)2 –нің екідайлы қасиетін қалай дәлелдеуге болады? Тәжірибе жасау арқылы дәлелде.

4.Металдар мен бейметалдар оксидтерінің және екідайлы оксидтердің қандай қасиеттерін білесіңдер?

5.Бір оқушы тақтада элементтерді жіктеудің сызбанұсқасын сызып,оны түсіндіреді.содан кейін мына тапсырманы орындайды. №1 тапсырма.Мына өзгерістердің реакция теңдеулерін жаз:

BeO → Be(NO3)2 → Be(OH)2 → K2BeO2

Қалған оқушыларға екідайлы қасиет көрсететін оксидтер мен гидроксидтер туралы білімін бекіту үшін мына заттардың арасындағы реакция теңдеулерін жазуды ұсыну:

1-нұсқа. а) ZnO + HNO3; ә) ZnO + NaOH; 2-нұсқа. KAIO2 →AI(OH)3→ AI2O3→NaAIO2

б) Zn(OH)2 + H2SO4; в) Zn(OH)2 + KOH; ↓

AI(NO3)2

Жаңа сабақты әңгімелеуден бастау. Металдар,бейметалдар,ауыспалы элементтердің ішінде қасиеттері жағынан өте ұқсас элементтер кездеседі,сондықтан ерекше топқа біріктіру кажет болды. Мысалы,элементтерді төмендегі екі белгісі бойынша топқа біріктіру басталды: 1.Элементтердің оттекті қосылыстарындағы жоғары валенттігі;

2.Элементтердің ұшқыш сутекті қосылысындағы валенттігі;

1-топ.R2O; Li Na K Rb Cs ІІтоп.RO; Mg Ca Sr Ba ІІІтоп.R2O3 B AI IVтоп RO2 C Si Sn

7 23 39 86 133 24 40 88 137 11 27 12 28 119

Алайда, бұл бөлінген топтарға ХІХғасырдың ортасында табылған 63 элементтің барлығы бірдей кірген жоқ. Әрбір топтағы элементтер қалғандарымен салыстырғанда өзгеше, ол бір-біріне тек жоғарыда көрсетілген белгілері бойынша ғана емес,сол сияқты оксидінің құрамы,қасиеті,гидрок- сидтері,тұздары бойынша да өте ұқсас болды. Олар көбінесе табиғатта бірге кездеседі,қосылыс тардан бірдей әдістермен бөлініп алынады.Сол сияқты әрбір топқа кіретін элементтерді атомдық массасының өсуі бойынша орналастырғанда белгілі бір заңдылықтар байқалады:

а)жай заттардың металдық қасиеттері артады;

ә)оксидтері мен гидроксидтерінің негіздік қасиеттері артады;

б)ұшқыш сутекті қосылыстарының тұрақтылығы біртіндеп кемиді;

Көрсетілген топтарды табиғи тек деп атаудың басты себебі біріктірілген элементтер өте ұқсас. Осыдан кейін оқушыларды элементтердің табиғи ұяластарымен таныстырамын....

Тақырыпты қорытындылау үшін сілтілік металдардың және галогендердің табиғи топтарына

салыстырмалы сипаттама бере отырып,ұқсастығымен айырмашылығын ажыратуға үйрету.

Тапсырма: 1)Сілтілік металдар,галогендер,оттек және халькогендер тегіне жататын элемент- тердің физикалық және химиялық қасиеттеріндегі ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетіңдер.(кестелер бойынша:

2) С.а.м. өсуіне қарай физикалық қасиеттері қалай өзгереді?

3) Белсенділіктері қалай өзгереді?

4) С.а.м. өсуіне қарай химиялық қасиеттері қалай өзгереді?

Оқытудың жоспарланған нәтижесі: Оқушылар сілтілік металдар мен галогендердің физикалық қасиеттерін айтып,оларға тән химиялық қасиеттерін реакция теңдеулерін жазу арқылы дәлел- деуі қажет.

Дамытудың жоспарланған нәтижесі:Оқушылар сілтілік металдарды және галогендерді,инертті газдарды өзара салыстыра білуі тиіс.

Үйге тапсырма: §51 (1-6). Жұмыс дәптері.


Химия 8 сынып
күні айы жылы

3-інші сабақ тақырыбы: Д.И.Менделеевтің периодтық заңы.



Оқыту мақсаты: Периодтық заңның мәнін,оның негізгі қағидаларын түсіну.Әрбір элементерге тән химиялық қасиеттерді талдай отырып, олар периодта орналасуына байланысты екенін түсіндіру. Элементтер және олардың қосылыстары жайлы мағлұмат алу алу үшін периодтық заңның маңызын түсіну қажеттігі.

Құрал – жабдықтары: Алғашқы 20 элементтің таңбасы жазылған қиықтар.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Білім мен біліктерін тексеру: Оқушылар сабақтың барысында өздеріне таныс элемент терді жіктеудегі алғашқы қадамдарды естеріне түсіреді:

  1. Элементтерді екі топқа бөлу:металдар және бейметалдар.

  2. Үш класқа бөлу: металдар; екідайлы қосылыс түзетін элементтер;бейметалдар;

  3. Жалпы қасиеттеріне байланысты табиғи тектерге бөлу: салыстырмалы атомдық массалары және қосылыстардағы валенттіліктері.

Жаңа сабақ: Д.И.Менделеев химиялық элементтерді жіктеуді одан әрі жалғастырғанда, олардың салыстырмалы атомдық массасының өсу ретімен орналастыруды басшылыққа алған. Сонда элементтер қасиеттерінің белгілі бір элементтен кейін қайталанатынына көңіл аудар ғаны айтылады. Сөйтіп қасиеті ұқсас элементтерді бірінің астына бірін орналастыру нәтиже сінде табиғи топтар анықталған. Осыдан кейін оқушыларға Д.И.Менделеевтің жолын қайталау ұсынылады. (Ол үшін қиықтар қолданылады). Элементтердің қасиеттері атомдық массаның өсуіне қарай:

  1. элементтің сипаты:(металл,ауыспалы элемент,бейметалл);

  2. жоғары оксидтеріндегі валенттілігі;

  3. ұшқыш сутекті қосылыстарындағы валенттігі өзгеретініне көңіл аударамыз.

Оқушылар элементтердің қасиеті қосылыстардағы валенттілігі мен атомдық массасының өсуіне байланысты периодты түрде өзгереді деген қорытындыға келеді.Мұның өзі Д.И.Менделеев ке элементтерді салыстырмалы атомдық массаларының өсу реті бойынша орналастырып, периодтық заңды ашуға мүмкіндік берді. Осы заңдылықты 1869 жылы Д.И.Менделеев элемент тердің периодтық жүйесін жасағанда периодтық заң түрінде тұжырым дады.Қазіргі кездегі атом құрылысы теориясы тұрғысынан периодтық заңның ережесі: химиялық элементтің,олар түзетін жай заттарының және қосылыстарының қасиеті атом ядросының зарядына периодты түрде тәуелді болады.Оқушылар ережені талдай келе өздері оның маңызын түсінеді,дүниета -нымдылық көзқарастары қалыптасады.

Периодтық заң және периодтық жүйені ашуда Д.И.Менделеевтің еңбегі зор. Атомдық масса ның өсуін негізге ала отырып,кезінде Д.И.Менделеев болжаған элементтер кейін ашылды. Бұл сол кездегі атом және молекула туралы жаңа көзқарастың қалыптасуына жол ашты.

Сөйтіп, Д.И.Менделеев болжаған элементтердің толығымен ашылып, табиғатта кездесетін және жасанды жолмен алынған элементтердің бәрі периодтық жүйе де тиісті орын алғанын айту қажет. Элементтердің: металдық, бейметалдық қасиеттері, жоғары оксидтеріндегі валенттіктері, ұшқыш сутекті қосылыстарындағы валенттіктері, оксидтерінің қасиеттері, гидроксидтерінің қасиеттері былай өзгереді.

7Li 9Be 11B 12C 14N 16O 19F 20Ne Металдық қасиет кемиді, бейметалдығы артады

І ІІ ІІІ IV V валенттіліктері өседі

Li2O BeO B2O3 CO2 N2O5 - - -

Негіздік Екідайлы Қышқылдық оксидтер

LiOH Be(OH)2 H3BO3 H2CO3 HNO3 - - -

Негіз Екідайлы Өте әлсіз Әссіз Күшті

Гидроксид қышқыл қышқыл қышқыл

IV III II I валенттіліктері кемиді

CH4 NH3 H2O HF -

Сабақты бекіту үшін тапсырма беру. Na-ден Ar-ға дейінгі элементтердің: металдық, бейметал дық қасиет тері, жоғары оксидтеріндегі валенттіктері, ұшқыш сутекті қосылыстарындағы валенттіктері,оксидтерінің қасиеттері,гидроксидтерінің қасиеттері қалай өзгереді?

Оқытудың жоспарланған нәтижесі:Оқушылар Д.И.Менделеев ұсынған периодтық заңның ереже сін айтып,нақты мысалдар келтіре отырып, жеке-жеке элементке және оның қосылыстарына сипаттама бере білуі қажет.

Дамытудың жоспарланған нәтижесі. Окушылар элемент және оның қосылыстарының қасиет- терін период бойынша талдай білуге үйренеді.

Үйге тапсырма: §52. (1-7). Жұмыс дәптері.
Химия 8 сынып


күні айы жылы

4-інші сабақ тақырыбы: Атом құрылысы. Атом ядросының құрамы, изотоптар.



Оқыту мақсаты: Атом құрылысы туралы білімді нақтылау. Химиялық элементтердің периодтық жүйедегі рет нөмірінің физикалық мәнін түсіндіру. Атом құрылысының күрделілігіне байланысты периодтық заңның қазіргі кездегі тұжырымдамасын айту.

Құрал – жабдықтары: Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың периодтық заң туралы білімін тексеру мақсатында тапсырмалар беру:


  1. Кейбір элементтердің сутегі мен және оттегімен қосылыстарының жалпы формулалары қандай:RH3,R2O,RO2,RH,RH4. Осылардың қайсысы көміртегі мен мышьяктың сутекпен қосылысы мен жоғары оксидінің формуласына сәйкес келеді?

  2. Мына қосылыстардың формуласы дұрыс болу үшін қажетті индекстерді қойыңдар: РН, Н, СН, NH .

  3. Жоғары оксидтерінің формуласы дұрыс болу үшін қажетті индекстерді қойыңдар: CIO, SbO, PbO, SiO.


Оқушыларға төмендегі сұрақтар қойылады:


  1. Салыстырмалы атомдық массаларының өсуіне қарай орналасқан элементтердің химиялық қасиеттері не себепті периодты өзгереді?

  2. Период дегеніміз не?

  3. Периодтық заңның тұжырымдамасы қандай?

  4. Неге кей жағдайларда (Ar–K, Co–Ni, Te–I) элементтер атомдық массаларының өсуіне байланысты орналаспаған?

  5. Заңды өзгерістер болатын элементтердің және олардың атомдарының қандай қасиеттерін білесіңдер?


Осындай проблемалық сұрақтар кезінде Менделеевті де ойландырды. Өмірінің соңғы жылдарында мұның сыры атомдардың күрделі құрылысында болар деген болжам жасады. Оқушылар бұл сұраққа жауап беру үшін физикадан өткен атом құрылысы туралы білімдерін қолданады.


  1. Атом құрылысы туралы не білесіңдер?

  2. Атомдар қандай негізгі екі бөлшектен құралған?


Тағы басқа сұрақтар бере отырып, атомның күрделі құрылысы туралы әңгімелеу.

Оқушылардың жауабы 1911 жылы ағылшын физигі Резерфордтың атом ортасында оң зарядты ядро, ал оның айналасында электрон бұлтын түзе қозғалатын электрон бар деген теориямен толықтыру.Американ физигі Милликен электрон теріс заряд көрсете- тінін тәжірибе жүзінде дәлелдеп,оны бірге тең деп қабылдады. Атом жалпы электр- бейтарап болғандықтан, электрондар зарядының жалпы саны ядро зарядына тең.

Ал 1913 жылы Резерфордтың шәкірті Г.Мозли атом ядросындағы зарядтардың шамасы элементтің периодтық жүйедегі рет нөміріне тең болатындығын анықтады.

Мозлидің ашқан жаңалығынан кейін Менделеевтің жасаған периодтық жүйесіндегі

Ar–K,Co–Ni,Te–I элементтердің орындарының алмасуы заңды екені анықталды.Осыған байланысты,элементтердің реттік нөмірі атом ядросындағы оң зарядтың санын,сол сияқты ядро айналасында қозғалатын электрондар санын көрсетеді.

Реттік нөмірдің физикалық мәні осында.Элементтердің реттік нөмірі – оның атом ядросының заряды. Атомның ядро заряды химиялық элементтердің қасиеттерін сипаттайтын маңызды шама. Атом құрылысын одан әрі зерттеу кезінде құрамына протондар мен нейтрондар деп аталатын бөлшектер кіретіні анықталды.

Атомның элементар бөлшектері:

Бөлшектер

Белгісі

Салыстырмалы заряды

Салыстырмалы массасы

Протон

р

+

1

Нейтрон

п

0

1

Электрон

е



0

1. Элемент атомының массасы протон мен нейтрон массасының қосындысына тең.

2. Ядродағы протон саны элементтің реттік нөміріне тең.
А = Z + N; A – атомдық масса; Z – протон; N – нейтрон;
Табиғатта атомдық массасында айырмашылығы болатын бірдей элементтер атомы болады. Мысалы, хлор элементінің массасы 35 және 37 болатын екі түрі кездеседі. Бұл атомдардың ядросында протондар саны бірдей,ал нейтрондар саны әр түрлі. Олар изо- топтар. Изотоптар – ядро зарядтары бірдей,атомдық массалары әртүрлі атомдардың түр өзгерістері. Изотоп – бірдей орында деген мағнаны білдіреді.

Изотоптарда протон мен электрон саны бірдей, нейтрон сандары әртүрлі. Әрбір изотоп екі түрлі шамамен өлшенеді: массасы және элементтің рет нөмірі. Мысалы:
1. - атомдарының ядро зарядтары бірдей – оттегі изотоптары.

2. - сутегінің изотоптары, аттары: протий, дейтрий, тритий .
Элементтердің атомдық массалары бөлшек сандармен өрнектеледі. Мысалы, хлор эле- ментінің с.а.м. 35,5. Бұл ұғымдардың айырмашылығын түсіндіру үшін мынадай мысал- дар келтіріледі. Табиғатта изотобы 75%, ал изотобы 25% таралған.Осыдан хлор элементінің орташа с.а.массасы шығады: Аr(CI) = 35∙0,75+37∙0,25 = 35,5

Периодтық жүйеде келтірілген элементтердің атомдық массалары изотоптардың табиғи қоспаларының орташа массалық саны. Изотоптар туралы мәліметтерді ескере отырып, оқушыларға химиялық элемент ұғымының нақты анықтамасын беру қажет. Химиялық элемент дегеніміз – ядро заряды бірдей атомдар түрі.Периодтық заңға атом құрылысы тұрғысынан жаңа анықтамасын береміз.

Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында оқушыларға тапсырма беріледі және сұрақтар қойылады.

1-нұсқа. 5-49,5-50,5-52,5-53а, 2-нұсқа. 5-55,5-51,5-54,5-53ә,


  1. Атом ядросы қандай бөлшектерден тұрады?

  2. Атом ядросының заряды немен анықталады?

  3. Нейтрон мен протонның қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?

  4. Протон мен электронның қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?

  5. Элемент атомының массасы немен анықталады?

  6. Протон, нейтрон және электронның массасы мен зарядтар қандай?

  7. Изотоп атомдарында қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар?


Оқытудың жоспарланған нәтижесі: Оқушы қазіргі периодтық заңның ережесін,әр атомның ядро зарядын, нейтрон және электрон санын таба білуі қажет.



Үйге тапсырма: §53,(1-4), §54,(1-4), §55оқу. Жұмыс дәптері.



Химия 8 сынып

күні айы жылы

сабақтар тақырыбы. Химиялық элементтердің сипаттамасы.

Оқыту мақсаты: Оқушыларға периодтық жүйені табиғат заңдарына негізделген элементтердің табиғи жіктелуі екендігін түсіндіру. Периодтағы элементтер қасиетінің өзгеруіндегі заңдылық туралы алған білімін бекіту. Негізгі топ элементтерінің қасиетінің өзгеруіндегі заңдылықтарды түсіндіру.

Құрал – жабдықтар: Химиялық элементтердің периодтық жүйесі, кіші және үлкен период элементтерінің салыстырмалы кестесі. Презентация,

Тірек білім мен біліктер: Элементтер қасиеттерінің периодты өзгеру себептері, атом құрылысы, электрондық қабаттарының құрылысы.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Периодтық заң,электрондық қабаттың құрылысы, кіші және үлкен периодтар туралы білімді бекіту мақсатында әңгіме жүргізіледі. Оқушылар мына сұраққа жауап береді.

  1. Период дегеніміз не? Кестеден кіші және үлкен периодтарды көрсет.

  2. Үлкен периодтағы және кіші периодтағы элементтердің металдық және бейметалдық қасиеттері қалай өзгереді?

  3. Кіші периодтағы элементтердің оттегі және сутегі бойынша валенттілігі қалай өзгереді?

  4. Период бойынша элементтердің қандай қасиеттері өзгереді?

  5. Периодтық жүйедегі сілтілік металдар мен галогендердің қасиеттерінің периодты өзгеруін түсіндіру.

Оқушыларға кіші және үлкен период элементтерін салыстыруға дайын түрде беріледі.

Белгілері

Периодтар

кіші

үлкен

Период нөмірлері

1,2,3

4,5,6,7

Элемент саны

2 және 8

18 және 32

Қатар саны

бір

екі

Элемент атомы құрылысының ерекшеліктері

Атомда ішкі қабат электронмен біртіндеп толтырылады. Валенттік электрондар сыртқы энергиялық қабатта орналасады.

Атомда ішкі қабат электронмен біртіндеп толтырылады. Валенттік электрондар сыртқы және астыңғы энергиялық қабатта орналасады.

Период бойынша элементтер қасиеттерінің өзгеру ерекшеліктері

Металдық қасиеті тез кемиді

Металдық қасиеті баяу кемиді (жұп қатарда металдар орналасқан)

Жаңа тақырып Сөйтіп топ, топша, негізгі топша және қосымша топша туралы түсінікке біртіндеп келеміз. Элементтердің оттегімен қосылыстарындағы жоғары валенттілігінің топ нөміріне сәйкес келетіндігіне көңіл аударамыз.

Жоғары оксидтер мен сутегі қосылыстарының формуласы жазылған кестені көрсетеміз. Сілтілік металдар тобы мен галогендер тобындағы элементтер қасиет- терінің ядро зарядына атом радиусына тәуелді өзгеретінін айта отырып, мынадай қорытындыға келеміз. Негізгі топша элементтердің ядро зарядының артуына байланысты металдық қасиеті артады, бейметалдық қасиеті кемиді.

Бұл бағыныштылыққа тек қана негізгі топша элементтеріне тән екендігін атап көрсету керек. Үлкен периодтағы тақ қатардың элементтерінен құралған қосымша топшада тек металдар ғана орналасқандығына көңіл бөлген жөн.

Қосымша топша элементтерінің атомдарында арттан санағандағы екі қабаты электронға толады, ал сыртқы электрон қабаты негізгі топшаның металдарындай болады. Период және негізгі топша бойынша элементтер қасиеттерінің өзгеруі.

Қасиеттер

Өзгерістер бағыты

Негізгі топшада

Периодтарда

Металдық

өседі ↓

өседі ←

Бейметалдық

өседі ↑

өседі →

Оттек бойынша валенттігі

тұрақты,топ нөміріне сәйкес

1-ден 7-ге дейін өседі

Сутек бойынша валенттігі

тұрақты,8-ден топ нөмірін алғанға тең

4-тен 1-ге дейін кемиді

Ядро заряды

өседі ↓

өседі →

Салыстырмалы атомдық массасы

өседі ↓

өседі →


Осы тақырыпты оқушылар қалай меңгергенін тексеру үшін мынадай сұрақтар қоямыз:

  1. Д.И.Менделеев ашқан жаңалығын – заңын неге периодтық деп атады? Жауаптарыңды химиялық элементтердің қасиетін талдай отырып дәлелдеңдер.

  2. Период бойынша және негізгі топ бойынша химиялық элементтердің қасиеттері қалай өзгереді? Бұл заңдылықтарды атом құрылысы теориясы тұрғысынан түсіндіріңдер.

Екінші сабақта мына біліктерді қалыптастыруға көңіл аударған жөн:

  1. Элементтерді периодтағы орны бойынша салыстыру;

  2. Элементтерді қосылыстардың белгілі түрлері бойынша анықтау (оксиді, сутекті қосылысы, т.б.);

  3. Нағыз металдар мен бейметалдардың қасиеттерін сипаттау;

  4. Оксидтері мен гидроксидтерінің қасиеттерін түсіндіру;

  5. Периодтың, топтың, элементтердің реттік нөмірінің физикалық мәнін ашу;

  6. Химиялық элементтердің атом құрылысын сипаттау;

Сабақтың басында өткен тақырыптарды қайталау мақсатында оқушыларға төмендегі сұрақтарды қоямыз:

  1. Мына элементтердің оксидтерінің формуласын атаңдар:Na,Mg,AI,Si,P,C. Осы элементтердің сутекті қосылыстары бола ма?Олардың формуласы қандай?

  2. Мына элементтердің жоғары газ тектес сутегімен қосылыстарының формуласын жазыңдар: германий, мышьяк,теллур, иод.

  3. Реттік нөмірі 19 және 29-ыншы элементтерді атаңдар. Олардың қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?

  4. Реттік нөмірі 14 және 32-інші элементтерді атаңдар. Олардың қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?

  5. ІІІтоп элементі оксидінің с.м.массасы Мr=102-ге тең, ол қай элемент?

  6. Қосылысының формуласы Н2Э. Егер ол 5-інші периодта болса, оның с.м.массасы қанша?

  7. Кіші периодтардағы металл элементтерді атаңдар. Атомдарының сыртқы қабаттарында қанша электрон саны болады?

  8. Кіші периодтардағы бейметалл элементтерді атаңдар. Олардың сыртқы электрон қабаттарында қанша электрон болады?

  9. Элементтердің сыртқы қабаттарындағы электрондар неге валенттік электрондар деп аталады?

  10. Реттік нөмірлері 7 және 10-ыншы элементтердің атом құрылысының сызба нұсқасын келтіріңдер. Осы элементтердің тобын, топшасын, периодын анықтаңдар. Ол қандай химиялық қасиет көрсетеді?

  11. Реттік нөмірі 12, 13, және 16-ыншы элеенттерінің жоғары оксидінің, гидроксидінің формулаларын жазыңдар. Осы қосылыстардың қасиеттері қандай?

  12. Оттегі мен селен, литий мен берилий элементтерін салыстырыңдар. Олардың қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?


Оқытудың жоспарланған нәтижесі:Химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі элементтер қасиеттерінің электрон санына тәуелді өзгеруін периодтық заң негізінде түсіндіру. 2-3-інші период элементтерін мысалға алып дәлелдеу. Негізгі топшадағы элемент қасиеттерінің ұқсастығы мен айырмашылығын түсіндіру.
Үйге тапсырма: §58 (1-8). Жұмыс дәптері.

Керібайланыс.Рефлексия

Бағалау.
Химия 8 сынып
күні айы жылы

9-ші сабақ тақырыбы: Химиялық элементтің периодтық жүйедегі орны мен атом құрылысы тұрғысынан элемент және оның қосылыстарының сипаттамасы.



Оқыту мақсаты: Периодтық жүйедегі орнына байланысты химиялық элемент және оның қосылыстары жайлы болжам айта білуді қалыптастыру, элемент қасиеттерінің өзгеруіндегі заңдылықтар туралы білімді бекіту. Периодтық жүйедегі барлық элементтер арасында қандай өзара байланыстылық болатындығын көрсету.

Құрал – жабдықтар: Элементтер қасиеттерінің периодты өзгеруі туралы

жасалған кесте. Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі.

Тірек білім мен біліктер: Атомның құрылысы туралы және периодтық жүйені оқыту барысында алған білімдері.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру:

Оқушылардың білімін тексеру. Оқушыларға мынадай сұрақтар қойылады:

  1. Элементтер периодтық жүйеде қандай белгілеріне қарай орналасқан?

  2. Периодтық жүйе қалай құрылған?

  3. Периодтық жүйеде атом ядросы зарядының артуына байланысты элементтердің қасиеті қалай өзгереді?

  4. 4-ші периодтағы нағыз металдар мен нағыз бейметалдарды атаңдар.

  5. Периодтық жүйеде неше топ бар?

  6. Топтар қалай бөлінеді?

  7. Атомның ядро зарядына байланысты топшаларда элементтердің қасиеті қалай өзгереді?

  8. І топтағы ең белсенді металды және VII топтағы ең белсенді бейметалды атаңдар?

Жаңа тақырып бойынша түсіндіру:Оқушылар назарын химиялық элементтің периодтық жүйедегі орнына аударамыз. Химиялық элементтің периодтық жүйедегі орнына қарап элемент туралы көп мәлімет алуға болады. Барий элементін мысалға алып, периодтық жүйедегі орнына сай оған сипаттама беру. Жоспар бойынша. Барий тұздарының формуласын құрастырамыз, олардың судағы ерігіштігіне назар аударамыз. Периодтық жүйе дегі орнына сай элемент туралы қанша көп нәрсе айтуға болатындығын атап өтеміз. Осы тақырып бойынша оқушылардың білімдерін бекіту үшін,кез келген элементке сипаттама берудің үлгі жоспарын ұсынамыз:

  1. Элементтің периодты жүйедегі орны.

а) реттік нөмірі;

ә) периоды, қатары;

б) тобы, топшасы;

в) атомдық массасы;

2. Элементтің атомдық құрылысы.

а) атом ядросының заряды;

ә) атом құрамының формуласы (р,п,е сандары);

б) энергиялық деңгейлер саны және онда электрондардың орналасуы (е);

в) электрондық формуласы(1s2,2s….);

г) кванттық ұяшықтар;

д) сыртқы қабаттағы электрон саны=>металл немесе бейметалл;

3. Элементтің жоғары валенттілік көрсететін қосылыстарының формуласы.

а) оксидтері;

ә) гидроксидтері;

б) ұшқыш сутекті қосылыстары;

4. Химиялық қасиеті.

а) оксидінің (негіздік,екідайлы, қышқылдық);

ә) гидроксидтері (негіз, екідайлы,қышқыл);

5. Элементті көрші элементпен салыстыру.

а) период бойынша;

ә) топ бойынша; (металды бейметалмен салыстыруға болмайды).

Оқушылардың білімін бекіту. Оқушыларға төмендегі кестенің оң жағын толтырту арқылы бүгінгі өтілген сабақты қорытындылаймыз.

Периодтық жүйенің атом құрылысы теориясымен байланысы

Түсініктер мен заңдылықты атом құрылысы теориясы тұрғысынан түсіндіру

Мысалдар.

1 Элементтің реттік нөмірі және ядро заряды атомдағы электрон санына сәйкес келеді.
2. Период нөмірі берілген элемент атомының энергиялық деңгейінің санына сәйкес, яғни атомдағы энергия қабатының мөлшері сан жағынан элемент орналасқан периодтың нөміріне тең.
3. Элементтердің химиялық қасиетінің периодты өзгеруі электрондардың энергиялық деңгейде периодты орнала суына байланысты. Элемент атомының ядро зарядының өсуіне байланысты бірдей валентті электрон бар эле менттер периодты түрде қайталанады.
4.Элементтердің жоғары оксидтерінде валенттіктерінің өсуі сутекті қосылыстарында кемуі (периодта солдан оңға қарай) ішкі энергиялық қабатта электрон санының өсуімен түсіндіріледі.
5. Периодта солдан оңға қарай ядро заряды біртіндеп өседі, ядро мен валенттілік электрондардың ара қашықтығы кемиді. Осыған орай электрондарды беріп жіберу қиындап, металдық қасиет әлсіреп бейметалдық қасиет күшейеді.
6. Элементтің жоғары оксидтегі валенттілігі сыртқы электрон қабатындағы электрон санына, топ нөміріне сәйкес болады. Ал сутекті қосылысында валенттілігі сыртқы электрон қабатын аяқтауа жетіспейтін элек трон санымен анықталады.
7. Негізгі топтың элементтерінде атомдық массаның өсуіне қарай (жоғарыдан төмен қарай) валенттілік электрон мен ядроның ара қашықтығы ұлғаяды, сондықтан элементтің электрон беру қабілеті мен металдық қасиеті артады. Негізгі топ элементтерінің сыртқы электрон қабатындағы электрон саны топтың нөміріне сәйкес келеді.

Натрий элементінің реттік нөмірі–11. Атомның ядро заряды – 11, оның айналасында теріс зарядты 11 элетрон орналасады.

Кальций элементі 4-ші периодта орналасқан. Оның атомында электрондар 4-ші энергиялық деңгейде орналасқан.


Азоттан фосфорға, одан мышьякқа қарай қасиеттердің периодты қайталануы, осы элементтердің сыртқы энергиялық деңгейінде 5 электроннан орналасуымен, яни сыртқы энергиялық деңгейде электрон санының қайта лануымен түсіндіріледі.
Кремний элементінен (ішкі қабатта 4 электрон) фосфор элементіне қарай (ішкі қабатта 5 электрон) жоғары оксидтерінде валенттілік 4–тен 5–ке дейін, сутекті қосылыстарында 4-тен 3-ке дейін кемиді.
ІІІ периодта натрийден (Na →СІ) хлорға қарай металдық қасиет азайып бейметалдық қасиет басым болады. Мұндай заңдылық барлық периодта сақталады.


Хлор элементі VII–топта, сыртқы электрон қабатында 7 электрон орналасқан. Осыған орай хлордың жоғары оксидінде валенттілік VII, ал сутекті қосылысында–1.


4–ші топтың негізгі топшасындағы көміртегі элементті бейметалл, ал ең төменгі қорғасын - металл.

Үйге тапсырма: §59.(1-7). Жұмыс дәптері.

Химия 8 сынып

күні айы жылы

10-ыншы сабақтың тақырыбы: Д. И. Менделеевтің ғылыми жетістігі.



Периодтық заңның маңызы.

Сабақтың мақсаты. Химия ғылымының және өндірістің қазіргі мәселелерін шешудегі периодтық заңының маңызын көрсету. Оқушылардың периодтық жүйе және периодтың заң туралы білімдерін жүйеге келтіру.

Құрал – жабдықтар: «Д. И. Менделеевтің өмірі мен ғылыми қызметі».

Сабақ барысы: Ұйымдастыру:

Сабақты оқушылардың өздігінен жұмыс істеуін бастаған жөн.

І. Мына элементтердің гидроксидтерінің формуласын жазыңдар.

а) калий, рубидий, цезий; ә) барий, стронций, магний;

2. Кайсы топтың негіздері күшті болады. Жауаптарынды түсіндіріңдер

Ары қарай оқушыларға Менделеевтің периодтық заңы мен периодтық жүйесінің химияны дамытудағы, элементтерді бір жүйеге келтіріп жіктеудегі маңызын түсіндіру мақсатында мынадай сұрақтар қойылады:

1. Қазіргі кезде неше химиялық элемент белгілі.

2. Химиялық элементтің қасиеті немен анықталады?

3. Элемент атомының құрылысы қандай?

4. Элементтердің топша бойынша қасиеттерінің ұқсас болуы немен анықталады ,,,,,,,,,, және олардың металдық, бейметалдық қасиеттері қалай өзгереді.

5. Период бойынша элементтердің қасиеті қалай өзгереді?

6. Элементке сипаттама беру жоспары бойынша реттік нөмірі 20 және 6-ыншы ,,,,,,,,,,,элементтеріне сипаттама бер. Осы элементтер оксидтері берілген заттың ,,,,,,,,,,қайсысымен әрекеттеседі: НСІ, NaOH?

Жаңа материалды баяндауды мына жоспар бойынша жүргіземіз:

1. Периодтық заң - химиялық элементтер жайындағы барлық білімнің қорытындысы.

2. Д. И. Менделеевтің периодтық жүйе негізінде элементтердің атомдық массасын өзгертуі.

3. Ашылмаған элементтерді алдын-ала сипаттау және периодтық заң мен период тық жүйенің (атомдық массасын) негізгі даму кезеңдері.

4. Физиктердің периодтық заңға сүйене отырып атомның күрделі құрылысын ашуы, зат қасиетінің оның атомдық немесе молекулалық құрылысына тәуелділігін анықтауы.

5. Периодтық заңның маңызына Ф. Энгельстің А. Ферсманның және Г.Сиборгтың берген бағасы.

6. Периодтық заңның философиялық маңызы.

Осы аталған сұрақтарды шешуді мынадай бірізділікпен жүргіземіз.

1. Д. И. Менделеевтің ашқан периодты заңы мен соған негізделе отырып 1869 жылы жасалған периодтық жүйе химиялық элементтердің алғашқы екпінді ғылыми жіктелуі болып саналады. Соның нәтижесінде азғана химиялық элементтерін, түзілген сан алуан химиялық қосылыстарды бір жүйеге келтіруге және оларды одан ары қарай оқып үйренуге мүмкіндік туды. Периодтық заң химиялық элемент жайындағы барлық білімді қорытындылады, бір жүйеге келтірді.

2. Д. И. Менделеев өзінің ашқан периодтық заңында көптеген элементтердің атомдық массасы дұрыс емес деді және оларды химиялық қасиеттері бойынша өз орындарында орналастырып, теория жүзінде атомдық массасын қайта жөндеді. Ол мысалы, мына 10 элементтің атомдық массасын жөндеді: Берилий, титан, иттрий, индий, цезий, празеодим, эрбий, торий, уран. Одан кейін көптеген ғалымдар периодты жүйеге сүйене отырып 20 элементтің атомдық массасын қайта жөндеді.

3. Д. И. Менделеев өз кестесін құрастырғанда ондағы көптеген элементтер әлі ашылмаған еді. Мысалы, қазір 4 – қатарда орналасқан 21-інші скандий элементі ашылмаған еді. Атомдық массасы бойынша Са – ден кейін осы қатарда титан келеді, бірақ оны кальцийден кейін орналастыру мүмкін емес еді. Себебі онда ол ІІІ топта орналасқан болар еді. Ал, титан IV валентті және басқа қасиеттері жағынан да ІІІ топта емес, ІV топта орналасу керек еді. Сондықтан Д. И. Менделеев бір торкөз тастады, яғни кальциймен титан арасында бос орын қалдырды. Сол сияқты 5 – қатарда мырыш пен мышьяк арасында 2 торкөз қалдырылды. Ал, қазір ол торкөздерде гелий мен германий орналасқан. Периодтық жүйедегі тағы да басқа қатарларда бос орындарда қалдырылды. Ол кезде реттік нөмірі 21,31,32,43,61,75,85,87 – элементтер белгісіз еді.

Д .И. Менделеев периодтық жүйеде бос орындар қалдыра отырып, табиғатта осы орындарды толтыратын элементтер болуы тиіс деген пікір айтты және олардың ашылатынына сенді. Сол ашылуға тиіс болған элементтердің қасиеттерін көрші элементтерге қарай периодтық заңға негіздей отырып, алдын ала сипаттап берді. Мысалы, ол алдын ала скандий, галий, германий, т.б. элементтердің қасиеттерін өте дәл анықтап берді. Д. И. Менделеевтің қасиеттерін, орнын алдың ала айтып берген элементтері көп кешікпей ашылды.

Мысалы 1875 жылы француз химигі Лекок – де Буабодран Д. И. Менделеевтің «Экваалюминий» деп сипаттап берген галий элементін ашты. 1873 жылы швед химигі Нильсон Менделеевтің алдын ала сипаттап берген 2-ші элементті – скандийді ашты, оның қасиеті Менделеевтің «экабор» деп аталған элементіне сәйкес келеді. Ал 1896 жылы неміс оқымыстысы Винклер Менделеев сипаттаған 3-інші элементті германийді

ашты. Оқушыларға 33-кестедегі Менделеев сипаттаған Экасилиций қасиетін тәжірибе арқылы ашылған германийдің қасиетіне салыстыру ұсынылады.

Д.И.Менделеевтің алдын ала айтқан элементтерінің үш елде ашылуы оның айтқандарының соншалықты дәл, таңқаларлықтай екендігін көрсетеді, бұл периодтық заңның маңызын арттырды.

1894-1898 жылдары ағылшын оқымыстылары Рэлей мен Рамзайдың инертті газдарды ашуы периодтық жүйе үшін зор сынақ болды (1894 жылы аргон, 1895 жылы гелий, 1898 жылы неон, криптон, ксенон ашылған). Инертті газдардың ашылуы периодтық жүйенің мәнін тереңдете түсті, себебі белсенді металдар мен бейметалдар арасында инертті газдар орналасты. Инертті газдар ашылған соң периодтық заңды бүкіл әлем моиындады.

Д.И.Менделеевтің өзі Вильям Рамзайды периодтық заңды бекітушілердің бірі деп санады. Ол He,Ne,Ar,Kr,Xe-ды ашты, олардың атомдық массасын анықтады, ол сандар периодтық жүйенің талабына сай келді.

4. Периодтық заң ашылмаған элементтерді іздеудегі жол көрсетуші жұлдыз болды. Ғылымның дамуына байланысты ғалымдар химиялық элементтерді жасанды түрде шығара бастады.Периодтық жүйеге сүйене отырып физиктер атомның ішкі құрылысын ашты, атом молекулалар қасиетінің құрылысына тәуелділігі анықталды. Атом құрылысын оқып үйрену периодтық жүйені терең түсінуге мүмкіндік берді. Элементтердің периодтық жүйедегі орны мен атомдарының құрылысы арасында байланыстың болатындығы анықталды. Қазірдің өзінде де периодтық заң және периодтық жүйе ғылымның терең сырларын түсінуге мүмкіндік береді.

5. Атом құрылысындағы барлық жаңалықтар периодтық заңды тереңдетті, дамытты, себебі ол табиғаттың жеке заңы емес, оның жалпы заңдарының бірі. Ол тек химия мен физиканың ғана емес басқада жаратылыстану ғылымдарының жаңалық прогресінің бұлағы болады.

6. Периодтық жүйе химиялық элементтердің дамуының диалектикалық сипатын көрсетеді, онда диалектикалық материализмнің барлық заңдылығы көрінеді.(қарама-қарсылықтың бірлігі мен олардың арасындағы күрес, сандық өзгерістен сапалыққа көшу, терісті терістілеу, өзара байланыс және өзара себептілік заңдылықтары).

Периодтық заң мен периодтық жүйеде философиялық материализмніңт сипаты өз орнын табады, яғни табиғаттың танымдылығы.

Үйге тапсырма: §60 оқу.

Баяндамалар тақырыбы:

  1. Д.И.Менделеевтің балалық және жастық шағы.

  2. Педагогтық және ғылыми қызметі.

  3. Периодтық заңның ашылу тарихы.

  4. Периодтық заңның бекітілуі және жеңуі.

  5. Д.И.Менделеев жайында замандастарының еске алуы.

  6. Д.И.Менделеев еңбегіне шетелдіктердің көзқарасы.

  7. Д.И.Менделеевтің периодтық заңы – жаңалықтар және техникалық прогрестің бұлағы.

  8. Д.И.Менделеевтің өмірі мен қызметі.


Химия 8 сынып

VІІ тарау. Химиялық байланыс. Заттардың құрылысы.
1 сабақтың тақырыбы: Химиялық элементтердің электртерістігі.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға атомдардың электртерістігі туралы және осы түсінік негізінде химиялық байланыстың түзілу табиғатын түсіндіру. Период және негізгі топша бойынша элементтердің электртерістігінің өзгеруімен таныстыру.

Құрал-жабдықтар: Химиялық элементтердің периодтық жүйесі, «Элементтердің салыстырмалы электртерістігі» кестесі.

Тірек білімі мен бірліктер. Физика мен химия курсынан атом құрылысы мен электрон туралы білім. (Ядро құрамы мен электрон заряды мен атом ядро құрамына кіретін бөлшектер, электрондық жұптасуы туралы түсінік)

Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі :

психологиялық ахуал тудыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет