І.Ұйымдастыру кезеңі :
психологиялық ахуал тудыру.
ІІ.Үй жұмысын пысықтау
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
оттегінің қолданылуын, табиғатта таралуын қайталау мақсатында бірнеше сұрақтарға жауап алынады.
1.Қандай қасиеттеріне байланысты газ және сұйық күйінде қолданылады?
2Қандай қасиетіне сүйеніп оттегін суды және ауаны ығыстыру арқылы алады?
Жаңа сабақты көрнекі тәжірибелер көрсетуден бастау. Оттегін оңай ыдырайтын заттардан алуға болатыны айтылады. Оттегін алу тәжірибе арқылы көрсетіледі. Тәжірибе мына тәртіппен жүргізіледі:
2KMnO4 → K2MnO4 + MnO2 + O2↑
Оқушыларды тәжірибе жүргізген кезде дұрыс бақылауға, нәтижесін қорытындылауға үйрету керек. Осындай бақылау жүргізуді үйрету үшін газометрге оттегі толтырылады да, оқушыларға “Оттегінің қандай қасиетін бақыладыңдар?”-деген сұрақ қойылады. Одан әрі оттегін ыдыстағы ауаны ығыстыру арқылы жинауды және сынауықтағы суды ығыстыру арқылы жинауды көрсету.
Жиналған оттегінде шала жанған шырпыны апарғанда, оның жарық жалын шығарып жанатынын оқушыларға қөрсету арқылы «оттегі жануды қолдайтын газ» екенін түсіндіремін. Ауадағы оттегіне қарағанда, таза оттегінде заттар өте жақсы және тез жанатыны айтылады.
Оқушылар заттардың физикалық қасиетіне сипаттама беруді біледі.
а)сынауықтағы сутегі асқын оксидін катализатор(өршіткі) салып қыздыру;
ә) марганец (IY) оксидін сынауықта қыздыру;
б)қоспа дайындау H2O2+MnO2, оттегін алу, тәжірибе нәтижесі қорытын- дыланып, катализаторға анықтама беріледі. Катализаторды бөліп алып, массасы өзгермегенін көрсету керек. Бертолле тұзынан да оттегін алғанда өршіткі қолданылады.
Қорытынды ретінде мынадай сұрақтар беріледі:
1. Оттегін басқа қандай заттардан алуға болады?
2. Неліктен оттегі газы суды ығыстыру арқылы жиналады?
3. Неліктен оттегі газы ауаны ығыстыру арқылы жиналады?
Үйге тапсырма беру: § 21. 1-8 жаттығулар.
Химия 8 сынып
Күні
Сабақтың тақырыбы. Оттектің химиялық қасиеттері. Жану.
Сабақтың мақсаты. Оттектің химиялық қасиеттерімен таныстыру. Жану, баяу тотығу реакцияларымен таныстыру.
Құрал-жабдықтар. Күкірт, фосфор, көмір, құм, фосфор (V) оксиді, әк суы, болаттан жасалған қалам, оттегі толтырылған газометр.
Тірек білім мен біліктер. Жану оксидтер, жай зат, күрделі зат, химиялық реакция теңдеуін құру білігі, реакцияларды салыстыру, валенттік бойынша оксидтердің формуласын құру.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі :
психологиялық ахуал тудыру.
ІІ.Үй жұмысын пысықтау
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Өткен сабақты қайталау мақсатында оқушыларға тапсырма беруге болады.. 1. Валенттілік бойынша оксидтердің формуласын құрып, аттарын атау.
Мысалы: мырыш (II), күкірт (IY,YI), мыс Cu(I,II),хром Cr (III,YI), фосфор Р (III,Y), магний Mg (II), т.б.
Жаңа сабақты түсіндіру. Бұл сабақта алғаш рет оттегінің химиялық қасиетімен танысады, яғни заттың химиялық қасиетін айтқанда, бір заттың екінші затқа айналғандығы жағдайларына – температураның, қысымның өзгеруіне көңіл бөлуі керек.
Оттегінің химиялық қасиеттерімен демонстрациялық тәжірибелер жүргізу арқылы таныстырады. Оларды орындаған кезде мұғалім реакцияны жүру жағдайына, реакцияның ерекшелігіне тоқталады. Әсіресе барлық реакцияға тән, ортақ жолдарын ескертеді: реакция жылу немесе жарық бөле жүре ме, әлде тотығу арқылы оксид түзе ме?, т.б. Оттегінің химиялық қасиетін қарастырғанда салыстыра білу тәсілінің маңызына тоқталып кеткен жөн. Фосфор, көмір, күкірт, темір және күрделі заттардың таза оттегінде жану жағдайларына көңіл бөлінеді де, салыстыра отырып қорытынды жасалады.
Мысалы: фосфордың оттегінде жануын талқылаған кезде, алған затты (фосфорды) аздап қана қыздыру керектігі айтылады, яғни бұл бірінші шартты белгі – зат жану үшін оны қыздыру керек. Екінші шартты белгі – қыздырылған фосфор оттегімен жанасуы керек.
Басқа тәжірибелерде де мұғалім жану процесінде осы екі шартты белгі орындалу керектігін түсіндіріп отырады. Тәжірибе нәтижесінде оқушылар жай заттардың жану реакция сы қосылу реакциясына жатады деген қорытындыға келуі қажет.
Сабақты пысықтау мақсатында тапсырмалар беру:
, 1. 1. Төмендегі заттармен оттегінің арасындағы реакция теңдеулерін жазыңдар: а) темір (III); ә) күкірт (IY); б) көмір (IY); в) (Y). Реакция нәтижесінде түзілген күрделі заттың атын ата; химиялық реакция типін көрсет, реакция жүру жағдайын атаңдар.
Осындай тапсырманы карточкамен оқушыларға жеке-жеке берүге болады.
Мысалы: 1) мыс (Cu) оттегінде жанғанда мыс (II) оксиді (CuO);
2) кремний (Si) оттегімен әрекеттескенде кремний (IY) оксиді (SiO2 );
3) металл (Ca) оттегінде жанғанда кальций оксиді (CaO);
4) магний ауада жанғанда – магний оксиді;
5) натрий ауада жанғанда ақ ұнтақ-натрий оксиді Na2O түзіледі;
6) сутегі(H)мен оттегінің қоспасын жандырғанда қопарылыс береді де,су пайда болады.
Бұл тапсырмаларға жауап беру барысында оқушылар оттегінің химиялық қасиетін еске түсіреді, реакция жүру жағдайларын, шартты белгілерін айтады. Қосылу реакциясының мәнін түсінуге реакция теңдеуін жазуға, валенттілігін, коэффициенттерін дұрыс қоюға дағдыланды. Бұл тапсырмалар өткен сабақпен қалыптастырылғалы отырған жаңа ұғымдарды байланыс тырады.
Үйге тапсырма беру. §22. 5-9 жаттығулар.
Химия 8 сынып
Күні
№4 Сарамандық жұмыс
Сабақтың тақырыбы: «Оттегін алу және оның қасиеттері»
Жұмыстың мақсаты: оқушылардың оттегін алу және оның химиялық, физикалық қасиеттері туралы білімдерін бекітіп, ауаны, суды ығыстыру арқылы газ жинау іскерлігін қалыптастыру.
Жұмысқа қажетті құралдар мен реактивтер: пробирка бекітетін қалақшасы бар темір штатив, спиртшам, газ жүретін түтігі бар тығын, 5 пробирка, оның үшеуі тығынмен тығыз жабылған шыра, кішкене мақта, ортасына дейін суы бар кішігірім конус, ұшына көмір бекітілетін жіңішке сым, 0,5 г калий перманганаты, әк суы.
Жұмыс барысы: Алдымен оқушылар оқулықта көрсетілгендей оттегін алатын құрал жинап, оның ауа жібермейтіндігін тексеру керек. Сынауыққа калий перманганатын салып, қыздырған кезде газ жүретін түтікке кетпес үшін, алдына бос қылып мақта қою керек. Газ жүретін түтіктің үшін оттегі жинайтын /стақан, сынауық/ ыдыстың түбіне дейін жеткіземіз. Оттегі аудан сәл ауыр болғандықтан, біртіндеп ауаны ыдыстан ығыстырады. Оттегі ыдысқа толғанын білу үшін тұтанған шыраны ыдыс аузына жақындатқанда шыра лып етіп жанады. Оттегінің суда ерігіштігі нашар болғандықтан оны суды ығыстыру арқылы да жинауға болады. Ол үшін 25-суреттегідей құрал жинап қолданамыз. Сеңгелге суға толған екі сынауыққа салып қоямыз.Калий пермаганты салынған сынауықты сәл қыздырып, газ жүретін түтіктегі ауа шыққаннан кейін оны су астындағы сынауыққа кіргізіп, сынауықтың түбін жоғары қаратып ұстаймыз. Оттегі суды ығыстырып, сынауыққа жиналады. Су астында сынауықтың аузын тығынмен жауып, сеңгелден аламыз. Қыздыруды тоқтатпай түтікті судан алу керек, себебі, су калий перманганаты салынған сынауыққа дейін кетіп, қызған сынауық сынуы мүмкін. Сымға бекітілген көмірді спиртшамды қыздырып оттегі бар сынауыққа кіргізгенде, ол жарқырап жанады. Байқалған құбылыстарды оқушылардың табиғаттану пәнінен алған білмдермен ұштастыруға болады. Төмендегідей сұрақ беріп, алған білімдерін бекіткен дұрыс:
а) оттегінің қандай физикалық қасиеттерін байқадыңдар?
ә) қандай химиялық қасиеттерімен таныстыңдар? б)оттегін ауаны және суды ығыстыру арқылы жинау себебін түсіндір.
Ескерту: оттегін сутегі асқын оксидімен де алуға болады.
Сарамандық жұмыс төмендегі жоспармен өту керек.
І. Жұмысты жүргізуге берілетін оқытушының нұсқауы.
ІІ. Оқушылардың сарамандық жұмысты жүргізуі:
а) оттегі алуға арналған құралды жинау
ә) құқралдың ауа өткізбейтіндігін тексеру
б) оттегінің жиналғанын дәлелдеу (жаңа жанған шырамен)
в) көмірдің оттегімен әрекеттесуі
Ш. Жұмысты жазбаша қорытындылау.
Үйге тапсырма беру: Қайталау.
Химия 8 сынып
Күні
Сабақтың тақырыбы. Оксидтер. Олардың аталуы. Тотығу.
Сабақтың мақсаты.
Білімділік: Оксидтермен, жану ұғымымен таныстыру.
Дамытушылық: Оксидтердің формуласын құрастырып, аттарын дұрыс атауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: ғылымға, пәнге қызығуға тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар. Оқушылар үстелінде: оксидтердің үлгілері – мыс(II) оксиді, магний оксиді.
Тірек білім мен біліктер. Жану оксидтер, жай зат, күрделі зат, химиялық реакция теңдеуін құру білігі, реакцияларды салыстыру, валенттік бойынша оксидтердің формуласын құру.
Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі :
психологиялық ахуал тудыру.
ІІ.Үй жұмысын пысықтау
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Өткен сабақты қайталау мақсатында оқушыларға тапсырма беруге болады:. 1. Неліктен оттегі газы суды ығыстыру арқылы жиналады?
-
Неліктен оттегі газы ауаны ығыстыру арқылы жиналады?
-
Зертханада оттегін қандай приборда сақтайды?
-
Оттегін зертханада қандай заттардан алады?
-
Өнеркәсіпте оттегін қалай алады?
-
Калий перманганатынан алу реакция теңдеуін жаз.
-
Калий хлоратынан алу реакция теңдеуін жаз.
-
Өршіткі дегеніміз не? ,
Сұрақтар талданғаннан кейін “Оксидтер үлгілері мен танысу” деген зертханалық жұмыс жүргізіледі, кесте толтырылады. Содан соң, оксидтер құрамына көңіл бөлу керек.
Оксидтердің екі түрлі ерекшелігі бар: сандық және сапалық құрамы.
Біріншіден, оксидтер тек екі элементтен тұрады, бұл сандық құрамы.
Екіншіден, құрамында оттегінің болуы бұл сапалық құрамы, яғни барлық оксидтердің құрамында екі элементтің біреуі оттегі болатынын оқушы нақты білу қажет. Сөйтіп, оксидтерге анықтама беріледі. Оксидтердің күрделі заттарға жататынын осы жерде тоқталып кеткен жөн.Мұғалім мына ұғымдардың оксид, оксидтер класы, күрделі зат байланы сына көңіл бөледі. Әр түрлі оксидтер жиыны оксидтер класын құрайды. Ал оксидтер класы басқа кластармен қосылып, күрделі заттар жиынтығы екені айтылады.
Оксидтер класын, оның құрам ерекшелігін жақсы түсінуі үшін оқушылардың өздігінен жұмыс істеуін ұйымдастыруға болады.
Мысалы: төменде берілген формулалардан оксидтерді теріп жазыңдар: HCl, NaOH, CaO, ZnO, SО2 , HСІ, NaOH, H2S , K2 O, Fe2 O3 , ZnS.
Тотығу реакциясына жай заттардың оттегімен қосылуы жататынын айта келіп, күрделі заттар да тотығатынын, бірақ олар реакцияның басқа типіне жататынына көңіл бөлген жөн. Күрделі заттар жанғанда реакция жүру ерекшелігіне, заттар түсінің, иісінің өзгеруіне қарап, алынған заттардың құрамын тұжырымдайды.
Мысалы: а) бұзылған жұмыртқаның иісі баргаз (H2S) жанғанда реакцмя нәтижесінде күкірт (IY) оксиді мен судың түзілуі. Осы реакцияның ерекшелігі қандай? ә) сынап сульфидінің қара ұнтағы тотыққанда екі зат алынды. Олар қызғылт түсті зат пен өткір иісті газ. Бұл қай заттар? Реакция теңдеуін жаз.
Тапсырманы орындау барысында оқушы әр уақытта реакцияларды салыстыра білуге, түсіндіруге, тұжырымдауға, қорытынды жүргізуге үйрену керек.
Сабақты бекіту мақсатында мынадай тапсырмалар береміз:
1. Силанның SiH және сынап сульфидінің HgS тотығу реакциясының теңдеуін жазу.
2. Валенттілік бойынша оксидтердің формуласын құрып, аттарын атау.
Мысалы: мырыш (II), күкірт (IY,YI), мыс Cu(I,II),хром Cr (III,YI), фосфор Р (III,Y), магний Mg (II), т.б.
Үйге тапсырма. §23. 1,4,5-жаттығулар.
Химия 8 сынып
Күні
Сабақтың тақырыбы: Оттегінің табиғаттағы айналымы. Оттегінің қолданылуы.
Сабақтың мақсаты: Оттегінің табиғаттағы айналымы мен қолданылуы, тірі табиғаттағы және өндірістегі маңызын түсіндіру.
Құрал-жабдықтар: “Оттегі” кинофильмі, “Элементтердің табиғатта таралуы”, “Оттегінің қолданылуы” деген кестелер. Электрондық оқулық.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: есептер шығару, сұраққа жауап.
Пәнаралық байланыс: биология, география
Тірек білім мен біліктер: Оттегінің қасиеттері, реакция теңдеуін жаза білу, массалық үлесін табу.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Оксидтердің құрамын қайталау мақсатында төмендегі тапсырмаларды орындатамыз. Мұнда оқушыларда валенттілік, күрделі зат, оксидтердің класқа бөліну ұғымдарын дамыту кезделген.
1.Берілген формулалардың оксидтердітеріп жазып, аттарын атаңдар.
H2SO4 , Al2O3 , NaOH, K2SO4 , SiO2 , CH4 , MgO
NaCl, SO2 , KNO3 ,Fe2O3 , SiO2 ,SiH4 , KOH.
H2SO3 , KCl, H2O, CH4 , P2O5 , NaOH, ZnO.
CO2 , Na2SO4 , KNO3,CaO, HCl, Cu, KOH.
2. Мына сызбанұсқа бойынша реакция теңдеулерін жазыңдар:
1-нұсқа 2-нұсқа
Mg→MgO Zn→ZnO
N2 →N2О5 Al→Al2O3
Na→Na2O H2→H2O
Күрделі заттың құрамындағы жай заттың массалық үлесін табуға бірнеше есеп беруге болады. Бұл тапсырма оқушының алған білімін қалыптастыруға, бекітуге көмегін тигізеді.
1. Кварцтағы SiO2 кремнийдің массалық үлесін тап.
2. Мырыш оксидіндегі ZnO оттегінің массалық үлесін тап.
Бұл сабақта мұғалім оқушылардың алған білімін жинақтап, оттегінің табиғатта таралуы мен маңызына тоқталады. Оттегінің химиялық элементтердің ішіндегі өмір, тіршілік үшін маңызы зор екенін айту керек. Жай зат ретінде оттегі демалу және процестеріне, ал күрделі зат ретінде судың құрамында кездесуі – тіршілік кезі.
Осы орайда халық шаруашылығындағы қолданылуына да тоқталады.
Оқушыға оттегінің мысалында қоршаған ортаның бір-бірімен байланыстылығы айтылады. Бұл сабақта кинофильм көруге болады. Фильмнен алған әсерін білу мақсатында және қорытынды жүргізу үшін төмендегідей сұрақтар қоюға болады.
1.Оттегі табиғатта қандай түрде кездеседі?
2.Оттегінің қандай химиялық қасиеттерімен таныстыңдар?
Сызбанұсқа бойынша оттегінің қолданылуын, табиғатта таралуын талқылау ,,,,,,,,,,,,керек. Оттегінің техникада өте көп қолданылатыны тоқталады.
Үйге тапсырма беру: 24, 2, 4-жаттығулар.
Химия 8 сынып
Күні
Сабақтың тақырыбы. Озон. Оттектің аллотропиялық түр өзгерісі. Озонның табиғатта таралуы.
Сабақтың мақсаты. Білімділік: Оттектің аллотропиялық түр өзгерісі – озонның физикалық қасиеттерін сипаттау, тұрақсыз қосылыс, тез ыдырап, оттекке айналуын және күшті тотықтырғыш екенін түсіндіру. Дамытушылық: табиғатта таралуын, пайдалы жақтарын айту, логикалық ойларын дамыту. Тәрбиелік: ғылымға, пәнге қызығуға тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: “Элементтердің табиғатта таралуы” кесте, оттек пен озон молекулаларының модельдері, озонатор приборын көрсету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Оттектің табиғаттағы айналымы мен қолданылуы тақырыбын қайталау мақсатында сұрақтар беру:
-
Табиғаттағы оттектің айналуын айтып беріңдер.
-
Оттектің тірі организмдер үшін маңызы қандай?
-
Табиғатта оттек қалай түзіледі?
-
«Орман – планета өкпесі» деген сөз неге байланысты айтылған?
-
Оттектің пайдасы және бүлдіргіштік қасиеттерін айтып беріңдер.
-
Оттек қандай мақсаттарда қолданылады.
Жаңа сабақты түсіндіруді мынадай сұрақтан бастаған жөн.
1. Оттектің аллотропиялық түр өзгерісі – озон екенін және физикалық қасиет- терін сипаттаудан бастау.
Формуласы – О3 грекше «озо» - иісті газ деген ұғымды білдіреді.
↑,Т(көкшілдеу),И(өзіне тән ерекше),Н2О-да аз ериді, Т=-1120С, Т=-1930С, О2-ден 1,5 есе ауыр. Күшті тотықтырғыш, бояғыш заттарды түссіздендіреді, Оны қолдану арқылы ауыз су мен ағын судағы, бөлме ауасындағы бактерияны жояды.
Озон электр зарядтарының әсерінен табиғатта найзағай ойнағанда және ормандарда қылқанды ағаштардың шайыры тотыққан кезде найда болады.
Найзағай жаңбырдан соң шығатын ерекше иіс – озонға тән.
Тұрақсыз қосылыс: О3 → О2 + О О + О → О2
Аллотропиялық түр өзгерісі дегеніміз не? Анықтама беру.
О3 + 2КІ + Н2О = О2 ↑+ І2↓ + 2КОН Озоны бар ауаны калий иодиді ерітіндісіне жіберсе иод бос күйінде бөлінеді. Жаңбырдан соң ауада озон мөлшері 0,00001% болғанның өзінде ауаны тазартып, таза оттекпен демалуға мүмкіндік туады.
Озон шамамен 25км биіктікте жер бетіндегі ауа атмосферасын түгелдей қоршаған 2-3 мм қабатша түрінде болады. Атмосферадағы озон қабатының қызметі ерекше, ол Күннен келетін ультракүлгін сәулені жұтып, оның күйдіргіш әсерін азайтады.
Оқушы білімін бекіту мақсатымен төмендегідей сұрақтар қойылады:
-
Аллотропия, аллотропиялық түр өзгерісі дегеніміз не?
-
Не себепті оттекті тотығу процесінде, ал озонды бактерияны жою үшін пайдаланады?
-
Озонның түзілуі және оның табиғаттағы маңызы қандай?
-
Озонды лабораторияда қалай алуға болады?
Үйге тапсырма беру: §25. 6,7 жаттығу.
Химия 8 сынып
Күні
Сабақтың тақырыбы: Ауа және оның құрамы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ауаның құрамы газдардың қоспасы екенін, оның сандық және сапалық құрамын айтып түсіндіру.
Дамытушылық: атмосферадағы ауаны қорғау маңызды шараларын аша отырып логикалық ойларын дамыту.
Тәрбиелік: ғылымға, пәнге қызығуға тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: Фосфор,әк суы, май шам, ауа құрамын анықтайтын прибор,химиялық стақан, сіріңке, т.б.
Сабақтың түрі: аралас сабақ, топпен жұмыс.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі :
психологиялық ахуал тудыру.
ІІ.Үй жұмысын пысықтау
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақ алдында әңгіме өткізу:
-
Химиялық элемент оттегі табиғатта қандай түрде кездеседі?
-
Оттегі қандай химиялық қасиет көрсетеді?
-
Тотығу реакциясына қандай реакция типі жатады?
-
Ішінде ауа бар ыдысқа жанып тұрған парафинді енгізіп ыдысты жабатын болсақ не байқалады?
-
Ауа, оттегі,көмір қышқыл газы қай колбада бар екенін қалай анықтауға болады?
-
Тотығу реакциясы дегеніміз не?
-
күрделі заттар жанғанда не байқалады?
Жаңа сабақты түсіндіру:Ауа құрамын анықтайтын ерте кезден белгілі тәжірибені қайталайық. Іші ауамен толтырылған қалпақ 21-суреттегідей суға төңкеріледі. Фосфорды темір қасыққа салып жағып, қалпақтың ішіне орнатады. Фосфор жанып біткенше қалпақ ішіндегі су жайлап оның 1/5 бөлігіне дейін көтеріледі, өйткені фосформен әрекеттесетін барлық ауа емес, оның құрам бөлігі – оттек газы. Демек, ол көлемі бойынша ауаның 1/5 бөлігн алып тұр. Қалпақ астында қалған газ жануды қолдамайды, өзі жанбайды. Онда тірі организмдер тіршілік ете алмайды. Сондықтан қалған газ «азот» ( грекше тіршілік қолдамайды дегенді білдіреді) деп аталады.
Демонстрациялық тәжірибе жүргізу: Антуана Лавуазье тәжірибесі.
-
Зат таза оттегінде жақсы жанып, ауада неліктен нашар жанады?
-
Оттегі үлесіне ауаның қанша бөлігі сәйкес келетінін қалай білуге болады?
Тәжірибе қорытындысы: ауада оттегі 1/5 бөлігі болады, көлемі 21%,қалған бөлігі қоспа.
1874 жылы Генрих Кавендиш ауа құрамынан азот және оттегін бөліп алды.
1884 жылы В.Рамзай және Д.Рэлея асыл газдарды алды.
Жаңа сабақты қорытындылау білімдерін тексеру мақсатында сұрақтар беру:
-
Ауаның қоспа екенін қалай дәлелдеуге болады?
-
1литр және 0,5литр көлемді колбада қанша мл оттегі болады?
-
Неліктен жанған шырпы төмен қаратылса тез жанып,ал жоғары қаратылса сөніп қалады?
-
Баяу тотығу дегеніміз не?
Үйге тапсырма беру: §26. 1-6 жаттығу.
Химия 8 сынып
Күні
Сабақтың тақырыбы. Химиялық реакцияның жылу эффектісі.
Сабақтың мақсаты. Білімділік:Эндотермиялық, экзотермиялық реакциялар, жылу эффектісі ұғымдарын түсіндіру.Дамытушылық: Термохимиялық теңдеулерді құрастыру білігін қалыптастыру
Тәрбиелік: ғылымға, пәнге қызығуға тәрбиелеу.
Тірек білім мен біліктер. Химиялық реакция, зат массасының сақталу заңы, химиялық теңдеулер, энергияның сақталуы және жылу процестері жөніндегі ұғымдар, теңдеуді құрастыру, теңестіру.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі :
психологиялық ахуал тудыру.
ІІ.Үй жұмысын пысықтау
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Жаңа сабақты түсіндіруді мынадай сұрақтан бастаған жөн.
1. Химиялық реакция деген не?
2. Химиялық реакцияның белгілерін атаңдар.
Бұл сұрақтарға жауап беру барысында оқушылар химиялық реакцияның жүргенін тек бастапқы заттардың түсінің, исінің өзгеруі, тұнбаның түсуі, газдың бөлінуі сияқты белгілермен қоса жылудың бөлінгені не сіңірілгені арқылы да білуге болатындығын еске түсіреді.
1. Жану дегеніміз не? Баяу тотығу деген не?
Бұл сұрақтардың жауабын талдау нәтижесінде оқушылар жану мен баяу тотығу процестері кезінде жылу бөлінеді деген қорытындыға келеді. Бұл қорытындыдан кейін экзотермиялық реакция ұғымы жөнінде түсінік береді, яғни жылу түрінде энергия бөле жүретін химиялық реакцияларды-экзотермиялық реакция дейміз. Егер химиялық реакция энергия бөле жүретін болса сол бөлінген энергияны тиімді пайдалануға болады. Айталық отынның жану кезінде бөлінген энергияны үйді жылытуға пайдаланады, ғарыштық ракетаның жану камерасындағы отыннан бөлінген жылу сол ракетаның жұмысына жұмсалады, т.б.
Мүмкіндік болса судың электр тоғымен айырылуын көрсетіп, реакцияның жылуды сіңіре жүретініне де оқушы назарын аударады. Сол сияқты әктастың айырылуы да жылуды сіңіре жүретін реакцияға жататыны айтады. Мұғалім өз ұйғаруы боцынша, зертхана жағдайына, уақыттың жетуіне байланысты бұл екі тәжірибенің екеуін көрсетіп түсіндіруіне болады. Қорыта айтқанда, бұл тәжірибелер көмегімен эндотермиялық реакциялар ұғымын қалыптастырады, яғни энергия сіңіре жүретін реакцияны эндотермиялық реакция дейміз. Бұндай реакциялардың жүруіне қажетті ең басты жағдай-энергия. Сондықтан энергия көзінің болуын қамтамасыз ету керек.
Экзотермиялық, эндотермиялық реакциялар түрін өзара салыстыра отырып, жылу эффектісі жөнінде түсінік беріледі. Демек, химиялық реакция көзіндегі бөлінетін не сіңірілетін жылу мөлшерін-жылу эффектісі дейміз. Олай болса химиялық теңдеулер арқылы бөлінген не сіңірілген жылу мөлшерін есептеуге болады. Осы тұста мұғалім оқушылардың физика курсынан алған білімін еске түсіріп, жылу мөлшерінің өлшем бірлігін, калориметрдің не екенін анықтайды. Сондықтан төөмендегідей сұрақтар қоюға болады.
1. Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі не?
2. Жылу мөлшерін іс жүзінде қалай өлшейді?
Осындай тірек білімге сүйене отырып, төмендегі мысал арқылы термохимиялық теңдеулер жөнінде ұғым қалыптастырылады. 1 г көмірді жаққанда 34,17 кДж жылу бөлінеді. Ал 1 моль немесе 12 г көміртегін жаққанда 410 кДж бөлінеді.
Енді осы шама химиялық реакцияның оң жағына қосу (+) белгісі арқылы жазылады.
Мысалы: С + О2 = СО2 + 410кДж
Сонымен егер теңдеудің оң жағында қосу белгісі арқылы жылу мөлшері көрсетілген болса, ол экзотермиялық реакция екендігін көрсетеді. Ал егер реакция жылуды сіңіре жүрсе, онда химиялық теңдеудің оң жағына сіңірілген жылу мөлшері алу (-) белгісі арқылы көрсетіледі. ,,,,,,,,,,,, Мысалы: 2HgO = 2Hg + O2 - 180 кДж
Бұндай жылу эффектісі көрсетілген химиялық теңдеулер термохимиялық теңдеулер делінеді.
Мұғалім бұдан әрі химиялық энергия жөнінде, оның энергияның басқа түріне айналуын айта келіп, мысалдар келтіріледі. Бұл ұғымдарды физика курсындағы энергияның сақталуы және айналуы заңына сүйене отырып, түсіндіреді.
Оқушы білімін бекіту мақсатымен төмендегідей сұрақтар қойылады:
1. Қандай реакция экзотермиялық деп аталады?
2. Қандай реакция эндотермиялық деп аталады?
3. Жылу эффектісі деген не?
4. Термохимиялық теңдеудің ерекшелігі неде?
Үйге тапсырма беру: §27. 1-12 жаттығулар.§29 оқып үйрену.
Химия 8 сынып
Күні
Сабақтың тақырыбы: Оттек. Оксидтер. Жану тақырыбы бойынша бақылау жұмысы №2.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың осы тақырып бойынша алған білімде- рін жүйелеу, алған білімдерін тексеру барысында екі нұсқада бақылау жұмы сын жүргізу.
Сабақ барысы:Ұйымдастыру кезеңі. Бақылау жұмысын екі нұсқада жүргізу:
1 нұсқа
-
Мына қосылыстардың ішінен оксидтердің формулаларын теріп жазып, оларды атап элементтердің валенттіліктерін анықтаңдар.
HCI, CaO, Na2S, CO2, KCI, P2O5, H2S, SO2, H2SiO3, Fe2O3.
-
Мына реакция теңдеулерін аяқтап, теңестір.
C + O2=
S + O2 =
HgO =
Ag + O3=
-
Сынап (II) оксидіндегі оттектің массалық үлесін (%) есептеңдер.
-
Мына элементтердің: H, Na, Mg, AI, Ca оксидтерінің формуласын жазып, атауларын атаңдар.
-
Мына оксидтерді: MnO2, MnO3, NO, Mn2O7 халықаралық атаулары бойынша екі тәсілмен атаңдар.
2 нұсқа
1. Мына қосылыстардың ішінен оксидтердің формулаларын теріп жазып, оларды атап элементтердің валенттіліктерін анықтаңдар.
NaCI, FeO, K2S, CaO, KCI, Ag2O, H2S, SO2, H2SO3, NO.
-
Мына реакция теңдеулерін аяқтап, теңестір.
N2 + O2=
P + O2 =
CuS + O2 =
Cu + O2=
-
Магний (II) оксидіндегі оттектің массалық үлесін (%) есептеңдер.
-
Мына элементтердің: H, Si, Ag, Cu, Ca оксидтерінің формуласын жазып, атауларын атаңдар.
-
Мына оксидтерді: Cr2O3, CrO3, NO2, AI2O3 халықаралық атаулары бойынша екі тәсілмен атаңдар.
Үйге тапсырма: Қайталау.
Химия 8 сынып
КҮНІ.
Достарыңызбен бөлісу: |