Сабақтың тақырыбы: Ж. Аймауытовтың «Әнші» әңгімесінің композициялық ерекшелігі



бет24/63
Дата21.05.2024
өлшемі0.6 Mb.
#501601
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   63











































































































































































Оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды.





ҚБ «Жарайсың!», «Бәрекелді!», «Жақсы!»
5 балл

Оқу құралдары





Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия



Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Үйге тапсырма: оқу,мазмұндау





Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.



Оқушылар 1-10 баллдық жүйе арқылы сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.


Қасым Аманжолов

Туған жер


Шықшы тауға, қарашы кең далаға
Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға
Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең
Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма?

Уа, дариға, алтын бесік туған жер
Қадіріңді келсем білмей кеше гөр
Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей
Ақын болмай тасың болсам мен егер

Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің
Нендей күйге жүрегімді бөледің
Сенде тудым, сенде өстім мен, сенде өлсем
Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім

Мен де өзіңдей байтақ едім, кең едім
Қызығыңды көріп еркін келемін
Сен де аямай бердің маған барыңды
Мен де аямай барым саған беремін

Болдым ғашық туған дала мен саған
Алыс жүрсем, арманым - сен аңсаған
Жақын жүрсем, мен төрінде рахаттың
Өз советім - өзім туған босағам



Бөлім:

ІII БӨЛІМ. Менің туған өлкем. ХХ ғасыр әдебиеті

Педагогтің аты-жөні:

Л. Хасенова

Күні:

11.03.2024

Пәні :

Қазақ әдебиеті

Сыныбы: 7 «А»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ғ.Ормановтың «Қарағай» өлеңі тақырыбы, идеясы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

7.1.1.1 жекелеген сөздердің, фразалардың эмотивті мәнін түсіну, мәнмәтіндегі қызметін ашу;

Сабақтың мақсаты:

-өлеңдегі жекелеген сөздердің, фразалардың эмотивті мәнін түсініп,мәнмәтіндегі қызметін ашады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Білім алушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.



(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
Үй тапсырмасын сұрау.



Оқу құралдарын дайындап, сабаққа назар аударады.
Үй тапсырмасын айтады.

ҚБ
«Жарайсың!»
«Тамаша!», «Керемет!»



Оқу құралдары

Жаңа сабаққа кіріспе

Оқушыларға өткен тақырып бойынша сұрақ қойып, жаңа тақырыппен байланыстырамын.

Сұраққа жауап береді.



ҚБ
«Жарайсың!» «Тамаша!», «Керемет!»




Сабақтың ортасы



1.Мұғалім түсіндірмесі. Ғали Орманов (15.08.1907, Алматы облысы Қапал ауданы Қызыл жұлдыз ауылы – 5.9.1978, Алматы) – ақын Қазақ педогогикалық инcтитутын бітірген (1943). 1929 – 60 ж. Іле ауданы оқу бөлімінің меңгерушісі, “Социалистік Қазақстан”(қазіргі “Егемен Қазақстан”) газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, Жамбыл ақынның әдеби хатшысы, “Майдан”альманағының редакторы, “Әдебиет және искусство” (қазіргі “Жұлдыз”) журналының жауапты редакторы, Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, секция меңгерушісі қызметтерін атқарған. Тұңғыш өлеңдер жинағы “Шеңбер” деген атпен 1934 ж. жарық көрді. “Шәуілдір” (1934), “Алынған қамал” (1935) поэмалары, “Абысын сыры” (1936) жыр кітабы, “Көтерме” атты прозалық жинағы (1935) жарыққа шықты. Ормановтың туындылары адамдардың қаһармандық ерлігін, табиғаттың дүлей күшіне қарсы шыққан күресін бейнелеуге арналған. “Халық – қаһарман” (1941), “Емен” (1944) атты жыр кітаптарында соғыстың ауыртпалығын, жауынгерлердің Отанға деген сүйіспеншілігі жолындағы ерліктерін, тылдағы тынымсыз еңбекті сөз етті. Ақын поэзиясы айшықты тілінің ажарымен, оның асыл қазыналарын қолданудағы шеберлігімен ерекшеленеді. “Өмір дастаны” (1948), “Бөбек жүрегі” (1949), “Сәт сапарда” (1957), “Ой қанаты” (1961), “От өзен” (1965), “Жер қазығы” (1972), “Жыр қанаты” (1975), “Жылдар жыры” (1976), т.б. өлең жинақтарында әлеуметтік оқиғаны суреттеуде ақындық шеберлік танытты. Ол қырғыз эпосы “Манастың” 1-кітабын, А.С. Пушкиннің, М.Ю. Лермонтовтың, Ян Райнистің, Ф.Мақтымқұлының, А.Тоқомбаевтың бірқатар поэмаларын, Л.Н. Толстойдың “Анна Каренина” романын, Н.В. Гогольдің “Нева проспектісі” повесін, А.П. Чеховтың әңгімелерін, М.С. Бубенцовтың “Ақ қайың” романын, М.Тұрсын-Заденің “Үндістан балладалары” өлең кітабын қазақ тіліне аударды. Ормановтың көптеген туындылары шетел тілдеріне тәржімаланған. Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз, Ленин ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет