Сабақтың тақырыбы: Ж. Аймауытовтың «Әнші» әңгімесінің композициялық ерекшелігі



бет33/63
Дата21.05.2024
өлшемі0.6 Mb.
#501601
түріСабақ
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   63
Кәрі қыран
Қанатынан қаңтардың қары бүркіп,
Қашатұғын көргенде бәрі де үркіп.
Қырағы көз бүгінде қарауытып,
Қалғып отыр қияда кәрі бүркіт.
Санағанмен өлімнен өмірді артық,
Соңғы кезде қарттықтың зәбірі артып,
Тұла бойы құрыстап,
Шабыт қашып,
Денесі де кетіпті ауыр тартып.
Тұсы бар ма тауыңның бұлт артпаған!
Тау бүркіті ол,
Далаға бұл тартпаған.
Қайран күндер:
Қиядан құйылғанда
Қырдың қызыл түлкісін бұлтартпаған!
Түлкі түгіл,
Түсетін қасқырыңа,
Қасқырыңа —
Албасты басқырыңа.
Өткір еді-ау ақ алмас шеңгелі оның
Қайрап-қайрап алғандай тас қырына!
Бауырында таулардың пұшпағы аунап,
О, жастық-ай!
Ауылдан ұшқан аулақ!
Құрыш тырнақ қоладай қайырылып,
Қалғаны ма енді оның тышқан аулап?!
Сеңгір-сеңгір бұлттарды жарып өтіп,
Самғап ұшар жастықтың әрі кетіп
Қалғаны ма?!
Ендеше
Бұл тірлікті
Қырандарша өтейін тәрік етіп!
О дүние, білсемші өтеріңді!
Деген оймен шaу бүркіт көтерілді.
Көтерілді,
Өртенген самолеттей
Қанатының астында от өрілді.
Көк аспанын —
Бұлт емес —
Мұң қаптаған
Кезде
Қыран қыран ба үн қатпаған?!
Шаңқ етті де шay бүркіт
Заулап келіп
Қойып кетті көк тасқа күн қақтаған!
Күрсінді тау ақ қарлы —
Ақ кебінді.
Кәрі қыран осылай тапты өлімді.
Жасын түскен дөңгелек шар айнадай —
Пай-пай, шіркін! —
Көк тасың қақ бөлінді!
Қыран еді бұл неткен құдіретті!
Найзағайдай жарқылдап ғұмыры өтті.
Көрген кезде осыны
Шіміркеніп,
Жас бүркіттің жүрегі бір дір етті!
Сабақ алып шежіре көне күннен,
Бәрін көздің өткізіп елегінен,
Қыранша өмір сүргенің —
Қандай бақыт!
Қандай бақыт —
Қыранша өле білген!

Пәні :

Қазақ әдебиеті

Күні:

02.04.24ж

Сыныбы: 7 «А»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қ.Мырза-Әлінің «Кәрі қыран» өлеңінің тілдік құрылымы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

7.2.3.1шығарма тіліндегі синоним, архаизм, диалектизм, неологизмдердің қызметін мәнмәтінде анықтау;
7.2.4.1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ, арнау) қолданысын талдау;

Сабақтың мақсаты:

-шығармадағы синоним, архаизм, диалектизм, неологизмдерді мәнмәтіндегі қызметін анықтайды;
- шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ, арнау) қолданысын талдайды;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Білім алушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.



(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
Үй тапсырмасын сұрау. Өлеңді жатқа айту.



Оқу құралдарын дайындап, сабаққа назар аударады.
Үй тапсырмасын айтады.

ҚБ
«Жарайсың!»
«Тамаша!», «Керемет!»



Оқу құралдары

Жаңа сабаққа кіріспе

Оқушыларға өткен тақырып бойынша сұрақ қойып, жаңа тақырыппен байланыстырамын.



Сұраққа жауап береді.

ҚБ
«Жарайсың!» «Тамаша!», «Керемет!»




Сабақтың ортасы





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет