1.Өлеңді мәнерлеп оқу. «Жерошақ»
Түнгі аспан моншақ тақты бұлты ашылып
Келеміз сайларды асып, қырқа шығып.
Жырақта жерошақтан лаулаған от
Жылылық құндағы боп тұр шақырып.
Сіміріп тыныштығын өскен кешім,
Жаныма Күн қызуын төккен бесін,
Таңғы сәт бота боздар – енді бүгін
Бәрі ыстық талай өрді өткергесін.
Жерошақ! Жанымда осы өшкен бе есім,
Жалғанда жылуыңа жоқ теңдесің.
Есімде: әжем менің бата берсе,
ейтұғын: «Ошағыңнан от сөнбесін!»
Қыр елі адалдыққа нық сенетін,
сақтайтын кілттемей-ақ құрт пен етін.
Есімде – анам көмген жерошақтан
ертемен от алуға жұрт келетін.
Мезгілің озған сайын жыл ескіріп,
әр үні бал шағымның жүр естіліп:
анашым Прометей боп көрінетін
ошақтан жатқанда отты үлестіріп.
Ойласам, сең кешіппін, жел асаппын,
бұл кеште көңіл мұңын неге шақтым?
Қызуы бар әлемнің жетпейтіндей
маздаған жылуына жерошақтың. 1981
|
Дескриптор:
- әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік- қоғамдық мәселені анықтайды;
-шығарма тіліндегі синоним,архаизм, диалектизм,неологизмдердің қызметін мәнмәтінде анықтайды;
|
ҚБ «Жарайсың!», «Бәрекелді!», «Жақсы!»
5 балл
|
Оқу құралдары
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
|
Үйге тапсырма:
Өлеңді жаттау
|
Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.
|
Оқушылар 1-10 баллдық жүйе арқылы сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.
|
|
«Жерошақ»
Түнгі аспан моншақ тақты бұлты ашылып
Келеміз сайларды асып, қырқа шығып.
Жырақта жерошақтан лаулаған от
Жылылық құндағы боп тұр шақырып.
Сіміріп тыныштығын өскен кешім,
Жаныма Күн қызуын төккен бесін,
Таңғы сәт бота боздар – енді бүгін
Бәрі ыстық талай өрді өткергесін.
Жерошақ! Жанымда осы өшкен бе есім,
Жалғанда жылуыңа жоқ теңдесің.
Есімде: әжем менің бата берсе,
ейтұғын: «Ошағыңнан от сөнбесін!»
Қыр елі адалдыққа нық сенетін,
сақтайтын кілттемей-ақ құрт пен етін.
Есімде – анам көмген жерошақтан
ертемен от алуға жұрт келетін.
Мезгілің озған сайын жыл ескіріп,
әр үні бал шағымның жүр естіліп:
анашым Прометей боп көрінетін
ошақтан жатқанда отты үлестіріп.
Ойласам, сең кешіппін, жел асаппын,
бұл кеште көңіл мұңын неге шақтым?
Қызуы бар әлемнің жетпейтіндей
маздаған жылуына жерошақтың.
1981
Фариза Оңғарсынова (1939 – 2014) 25 желтоқсанда Гурьев (қазіргі Атырау) облысы Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған. 1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіләдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркінқала, «Октябрьдің 40 жылдығы» қазақ орта мектептерінде мұғалім болып жұмыс істеген. 1966 – 68 жж. Гурьев облыстық «Коммунистік еңбек» газетінің партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкер міндетін атқарған.
1968 – 70 жж. республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілшісі болып еңбек еткен. 1970 – 78 жж. республикалық «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») журналының бас редакторы, 1978 – 2000 жылдары «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен») журналының бас редакторы болып істеді. 2000 – 04 жж. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.
Алғашқы өлеңдері республикалық баспасөз беттерінде 1958 жылы, тұңғыш өлеңдер жинағы «Сандуғаш» 1966 жылы жарық көрген. «Алмас қылыш», «Тартады бозбаланы магнитім», «Сайраған Жетісудың бұлбұлымын», «Тыңдаңдар, тірі адамдар», «Қарғыс», «Қасірет пен ерлік жыры» поэмалары, «Үйім менің – Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлең топтамаларының авторы. Көптеген шығармалары шет ел тілдеріне аударылған. Чили ақыны Пабло Неруданың «Жүректің төрт мезгілі» кітабын, орыс ақыны А.А.Блоктың «Нәпсі», «Куликов даласы», «Он екі жыл өткен соң», «Кармен», «Қарлы перде» өлең топтамаларын, сондай-ақ, Р.Ф.Казакованың, Е.А.Евтушенконың, араб ақыны Әбдірахман әл-Хамисидің жекелеген шығармаларын қазақ тіліне аударған.
1984 жылы «Үйім – менің Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлеңдері топтамалары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Ленин комсомолы Орталық Комитетінің, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамоталарымен, «Құрмет Белгісі», Парасат (2001) ордендерімен марапатталған. Республика мәдени-ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер. Қазақстанның Халық жазушысы.
2015 жылы ақынның туған жерінде ескерткіш, 2015 жылы Астанада ақынның тұрған үйіне ескерткіш тақтайша орнатылды. 2016 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Сардар» баспасынан 12 томдық шығармалар жинағы жарық көрді 2018 жылы Алматыда тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды, көше берілді. 2018 жылы балаларының қолдауымен естеліктер жинағы жарық көрді. 2018 жылы Ақтөбе қаласында Ф.Оңғарсынова атындағы мектеп, 2019 жылы Астана қаласында Ф.Оңғарсынова атындағы көше, 2019 жылы Ақтау қаласында мектеп ашылды. 2019 жылы ақынның 80 жылдық мерейтойына орай «Шілде» және «Полдневный жар» кітаптары жарық көрді.
Шығармалары: Сандуғаш. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1966; Маңғыстау маржандары. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1969; Мазасыз шақ. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1972; Асау толқын. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1973; Көгершіндерім. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1974; Биіктік. Очерктер. А., «Жазушы», 1975; Біздің Кәмшат. Повесть. А., «Жазушы», 1976; Сенің махаббатың. Өлеңдер. А., «Жалын», 1977; Шілде. Таңдамалы. А., «Жазушы», 1978; Нежность. Стихи. А., «Жалын», 1978; Тревоги. Стихи. М., «Молодая гвардия», 1979; Озарение. Стихи. М., «Советский писатель», 1980; Полдневный жар. Стихи. А., «Жазушы», 1980; Сұхбат. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1983; Жүрек күнделігі. Таңдамалы. А., «Жалын», 1984; Дауа. Өлеңдер. «Жалын», 1985; Алмазный клинок. Стихи. М., «Художественная литература», 1984; Ожидание солнца. Стихи. М., «Молодая гвардия», 1985; Таңдамалы шығармалары. Екі томдық. А., «Жазушы», 1987; 10 томдық таңдамалы шығармалар жинағы. 2004.
Жерошақ — от жағып, үстіне қазан асуға, нан пісіруге арналған шұңқыр. Жерошақты көбінесе, далада, үйдің есігінің алдына жасайды. Қазақ халқының дәстүрлі тұрмысында 3 түрлі ошақ болған: тас ошақ, жерошақ, темірошақ. Тас ошақты көші-қонда, ұзақ жол үстінде пайдаланған. Ол үшін ірілеу үш тасты жақындастырып қойып, үстіне қазан асады. Темір ошақ көбінесе, жауын-шашын кездерінде киіз үйдің ішіне от жағып, тамақ әзірлеуге қолданылған. Шеңбер темірге арнайы соғылған үш сирақ бекітіледі. Биіктігі жарты кез шамасында болады. Жерошақ тақыр жерден қазылады, қазандық, түтіндік шығарып, алдын кеулеп ояды. Қазылған шұңқырдың ұзындығы 60 — 70 см, тереңдігі 30 — 40 см, кеңдігі қазанның аумағына байланысты болады. Қазан тұратын ортасы дөңгелектеу, алдыңғы от жағатын жері тарлау, түтін шығатын жағы көлбеу келеді. Жерошақтың үй ішіне орнатқан түрін “морошақ” деп те атайды. Көшкен кезде адам, аң не малдың аяғы ошақтың орнына түсіп кетпесін деп, Жерошақты көміп, тегістеп кетіп отырған.
Пәні :
|
Қазақ әдебиеті
|
Күні:
|
04.05.24ж
|
Сыныбы: 7 «А»
|
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
С.Жиенбаевтың «Қарттарым, аман сау жүрші» өлеңіндегі түйінді ой
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:
|
7.1.3.1 әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік- қоғамдық мәселені анықтау;
7.2.3.1 шығарма тіліндегі синоним, архаизм, диалектизм, неологизмдердің қызметін мәнмәтінде анықтау;
|
Сабақтың мақсаты:
|
- әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік- қоғамдық мәселені анықтайды;
- шығарма тіліндегі синоним, архаизм, диалектизм, неологизмдердің қызметін мәнмәтінде анықтайды.
|
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Білім алушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
|
(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу,түгендеу.
Үй тапсырмасын сұрау.
Кейіпкер болмысын сипаттап әңгіме жазу.
|
Оқу құралдарын дайындап, сабаққа назар аударады.
Үй тапсырмасын айтады.
|
ҚБ «Жарайсың!»
«Тамаша!», «Керемет!»
|
Оқу құралдары
|
Жаңа сабаққа кіріспе
|
Оқушыларға өткен тақырып бойынша сұрақ қойып, жаңа тақырыппен байланыстырамын.
|
Сұраққа жауап береді.
|
ҚБ «Жарайсың!» «Тамаша!», «Керемет!»
|
|
Сабақтың ортасы
Берілген мәтін бойынша хронологиялық кестені жазу.
.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |