Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектер және оларға амалдар қолдану. Сабақтың мақсаттары



бет4/14
Дата16.06.2016
өлшемі3.21 Mb.
#138818
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Жаңа сабақ
Теріс сандарды бөлу мағынасы оң сандарды бөлумен бірдей.Рационал сандарды бөлу амалы-рационал сандарды көбейтуге кері амал.
в·с=а
а:в=с
Мысалдар: 1 күндегі өзгерісі – 15 см. Себебі,
(-15)+(-15)+(-15)=-45 бұдан – 45 :3=-15
(-15)·3=-45
(– 4,2) :6=-0,7 (-0,7)·6=(-4,2)
бұдан
(-) : (+)=(-) (+) : (-)= (-)
-а:в=-с а: (-в)=-с
-4: (-8)= (-4) : (-8)=0,5
(-3,6): (-1,2)=3
(-): (-)= (+)
(-а) : (-в) = с с>0
0:а=0 а≠0
а:0 ≠
Жаңа сабақты бекіту
№550 Ауызша орындалады
№552
-5,3 : (-0,9)=7 -9,3: (-3,1)=3
-5,4 : (-3) =1,8 -8 : (-1,6)=5
3,6: (-4)=-0,9 9: (-5)=-1,8
№555
3 минутта-15˙с
1 минутта -15˙с:3=-5 ˙с
№557
-1,22·х=6,1 -8,9 ·(-х)=11,57
х=6,1 : (-1,22) -х=11,57: (-8,9)
х=-5 -х=-1,3
х=1,3
9,6· (-у)=-43,2
-у=-43,2:9,6
-у=-4,5
у=4,5
Қайталауға арналған есеп.
№558
Барлығы 8 ц
І күні- ? 8·0,6=4,8ц
ІІ күні- ?қалғанының 50%-і
8-4,8=3,2 оның 50% 3,2 · =1,6 ц
ІІІ күні 8 – (4,8 + 1,6)=1,6
Жауабы: 1,6 ц

Қорытындылау


Плакат. «Таңбалар ережесі»
«Бөлу» тақырыбы бойынша таңбалар ережесін қайталатып, қорытындылау. Енді, оқушылар тақтадағы плакатқа жазылған мысалдарды шығарып, жауаптарын өсу ретімен тұсындағы әріптерді сол ретпен оқыңдар. Сонда жақында атап өтілген даталы күнге байланысты сөзді оқи аласыңдар? Қане, кім жылдам табар екен?

-3,6 : (-6) е


48,1 : (-48,1) г
3,2 : (0,4·0,2) т
(-24,6+13,8): 2,7 ң
(48-57): 0,9 е
Жауабы: -40,-10,-4,-1,6
«теңге»

Оқушыларды бағалау


Үйге тапсырма. §11 №553, 561 (1-6)


Сабақ жоспары

№52


Пән: математика

Сынып: 6 «ә», 6 «б»

Күні: ___________

Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарды бөлу

Сабақтың мақсаттары:


  1. Білімділік: Таңбалары әр түрлі, модульдері тең емес сандарды бөлу.

  2. Дамытушылық: Таңбалары бірдей сандарды бөлу. Есептеу дағдыларын жетілдіру.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдылыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: өзіндік жұмыс
Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу

ә) Оқушылар тізімін тексеру

б) Сабақтың мақсатымен таныстыру.


ІІ Өткен тақырыпты қайталау:

ІІІ Дамыту кезеңі. Есептер шығару:


І нұсқа: №568(1, 3, 5), №569(1, 3, 5), №570(1, 3), №571(1,3)
ІІ нұсқа: №568(2, 4, 6 ), №569(2, 4, 6), №570(2, 4), №571(2,4)

Сабақты бекіту кезеңі:



- Таңбалары әр түрлі сандарды бөлу ережесі

- Таңбалары бірдей сандарды бөлу ережесі
Сабақты қорытындылау: Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою.

Үй жұмысы: №572, №573



Сабақ №: 53

Күні:

Сынып: 6 «ә», 6 «б»

Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарға амалдар қолдану (бекіту сабағы)

Мақсаты:

А) Білімділік: Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тереңдетіп, жинақтап жүйелеу. Рационал сандарға амалдар қолдану ережесін бекіту.

Ә) Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру. Ой-өрісін кеңейту. Теориялық білімін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру;

Б) Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, тез шешім қабылдай білуге, пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып тәрбиелеу. Сабақтың түрі: бекіту сабағы

Сабақтың әдісі: ауызша тапсырмалар, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырма

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта

Сабақты жоспарлау:

1.Ұйымдастыру.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

3.Практикалық кезең

4.Қорытынды

5.Үйге тапсырма



Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу

ә) Оқушыларды түгендеу

б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару

в) Сабақтың мақсатымен таныстыру



Үй тапсырмасын тексеру:

-63 * (7-11) = 252

9,9 * (3-5) = -19,8

-2,2 * (8-3) = -11

(26-11) * (-0,4)= -6

(32-40) * 3,5= -28

(0,99-1) *26= -0,26

Сұрақ жауап

1.Таңбалары бірдей сандар көбейтілсе (бөлінсе),

көбейтінді (бөлінді) қандай сан болады ?

2.Таңбалары әр түрлі сандар көбейтілсе (бөлінсе),

көбейтінді (бөлінді) қандай сан болады ?

3.Егер төрт теріс сан көбейтілсе, онда

көбейтіндісі қандай сан болады ?

4.Егер бес теріс көбейтілсе, көбейтінді қандай

болады ?

5.Таңбалар ережесін қайталау.

1 тапсырма: Дұрыс жауабын орнына апарып қой:

(9-17) : (8-12) = 2

(-32:8) -0,5 * (-6) = -1

-2 * (-0,7) – (-28) :4 = 8,4

(-17 * 3) :100 – 0,49 = -1

2 тапсырма: Салыстырыңдар:









Сергіту сәті. (Мысық пен тышқан)

3 тапсырма: Деңгейлік тапсырмалар.



А тобы

Өрнекті ықшамдаңдар: № 587

(1, 3, 5)

В тобы

Теңдеуді шешіңдер: № 593 (2,3,4)



С тобы

Есептеңдер: № 599 (1, 2, 3)

Жауаптарын тексеру:

Қорытындылау:

Ауызша тапсырмалар:

1 топ 2 топ 3 топ

-3 + (-11)= (-30) - 10= -42- (-3) =

-6,4 * 2= -10,5:(-21 = -4,8* (-0,6)=

48 : (-1,6)= -30 * 3= -6,4 : 4 =


Үй тапсырмасы:
Рационал сандарға амалдар қолдау

№ 582 (А тобы)

№ 592 (В тобы)

№ 598 (С тобы)

Рационал сандарға амалдар

қолдануға есептер құрастыру


Оқушыларды бағалау

Сабақ жоспары

№54

Пән: математика



Сынып: 6 «ә», 6 «б»

Күні: ___________

Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарды периодты ондық бөлшекпен жазылуы

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Рационал сандарды периодты ондық бөлшекпен жазылуымен таныстыру

Дамытушылық: Есептеу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдылыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: тапсырмалар

Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу

ә) Оқушылар тізімін тексеру

б) Сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Өткен тақырыпты қайталау:


  • Үй тапсырмасының орындалуының барын тексеру, сұрақтарына жауап беру.

ІІІ Жаңа тақырып:



Ондық таңбаларының саны шектеулі ондық бөлшектер шектеулі ондық бөлшектер деп аталады.

Ондық таңбаларының саны шектеусіз көп ондық бөлшектер шектеусіз ондық бөлшектер деп аталады.

Егер шектеусізондық бөлшектің ондық таңбаларында қайталанатын бір цифр немесе реті өзгермейтін цифрлар тобы болса, онда ол периодты ондық бөлшек деп аталады.

Егер периодты ондық бөлшектің периодты үтірден кейін басталса, оны таза периодты ондық бөлшек деп аталады.

Егер периодты ондық бөлшектің үтірі мен бірінші периодының аралығында бір немесе бірнеше қайталанбайтын цифрлар тобы болса, оны араласа периодты ондық бөлшек деп аталады.

ІV Дамыту кезеңі. Есептер шығару:


Ауызша орындалатын тапсырмалар: №601

Тақтада орындалатын тапсырмалар: № 608, №610

Орындарында орындалатын тапсырмалар: №612, №616
Сабақты бекіту кезеңі:

- Рационал сандар жалпы түрде қалай жазылады?

- қандай қысқартылмайтын жай бөлшектер шектеулі ондық бөлшекпен жазылады?

- қандай қысқартылмайтын жай бөлшектер таза периодты ондық бөлшекпен жазылады?
Сабақты қорытындылау: Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою.

Үй жұмысы: №618, №622

Сабақ жоспары

№55


Пән: математика

Сынып: 6 «ә», 6 «б»

Күні: ___________

Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектің ондық жазылуы

Сабақтың мақсаттары:


  1. Білімділік: Жай бөлшектің ондық жазылуы ұғымымен таныстыру

  2. Дамытушылық: Есептеу дағдыларын жетілдіру.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдылыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу ә) Оқушылар тізімін тексеру б) Сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Өткен тақырыпты қайталау:

- Рационал сандар жалпы түрде қалай жазылады?

- қандай қысқартылмайтын жай бөлшектер шектеулі ондық бөлшекпен жазылады?

- қандай қысқартылмайтын жай бөлшектер таза периодты ондық бөлшекпен жазылады?

- Үй тапсырмасының орындалуының барын тексеру, сұрақтарына жауап беру.
ІІІ Жаңа тақырып:


  • Берілген жай бөлшектің шектеусіз ондық бөлшекке айналдырылған мәнін дөңгелектеуден алынған шектеулі ондық бөлшекті сол жай бөлшектің ондық жуықтауы деп атайды.




  • Шектеусіз периодты ондық бөлшекті артығымен ондық жуықтағанда оның сақталынатын соңғы үлес разряды 1-ге арттырылып алынады.




  • Шектеусіз ондық бөлшекті кемімен ондық жуықтағанда оның сақталынатын соңғы үлес разрядынан соңғы үлес разрядынан кейінгі цифрлары алынып тасталынады

ІV Дамыту кезеңі. Есептер шығару:


Ауызша орындалатын тапсырмалар: №631

Тақтада орындалатын тапсырмалар: № 633, №635, №637

Орындарында орындалатын тапсырмалар: №640, №644
Сабақты бекіту кезеңі:

- Жай бөлшектің ондық жазылуы деген не?

  • Шектеусіз ондық бөлшекке айналатын жай бөлшектің артығымен ондық жуықтауы қалай табылады

  • Шектеусіз ондық бөлшекке айналатын жай бөлшектің кемімен ондық жуықтауы қалай табылады?

Сабақты қорытындылау: Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою.

Үй жұмысы: №641, №639

Сабақ жоспары

№56

Пән: математика



Сынып: 6 «ә», 6 «б»

Күні: ___________

Сабақтың тақырыбы: Берілген сандар қатарының медианасы

Сабақтың мақсаттары:



  1. Білімділік: Берілген сандар қатарының медианасы ұғымымен таныстыру

  2. Дамытушылық: Есептеу дағдыларын жетілдіру.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдылыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта

Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу

ә) Оқушылар тізімін тексеру

б) Сабақтың мақсатымен таныстыру.


ІІ Өткен тақырыпты қайталау:

- Жай бөлшектің ондық жазылуы деген не?

  • Шектеусіз ондық бөлшекке айналатын жай бөлшектің артығымен ондық жуықтауы қалай табылады

  • Шектеусіз ондық бөлшекке айналатын жай бөлшектің кемімен ондық жуықтауы қалай табылады?

ІІІ Жаңа тақырып:



Медиана –шамалардың орташа мәнін сипаттайтын статистикалық сипаттама

Берілген сандар қатарының медианасын табу үшін:

  • Берліген сандарды өсу ретімен немесе кему ретімен орналастырып жазу керек;

  • Осылайша орналастырылған сандар қатарының қақ ортасындағы санды табу керек

Сол сан берілген сандар қатарының медианасы болады.
ІV Дамыту кезеңі. Есептер шығару:

Ауызша орындалатын тапсырмалар: №652, 653
Тақтада орындалатын тапсырмалар: № 655, №659, №665
Орындарында орындалатын тапсырмалар: №656, №657

Сабақты бекіту кезеңі:



- Медиана нені анықтайтын статистикалық сипаттама?

- Берілген сандардың саны тақ болса, медиана қалай табылады?

- Берілген сандардың саны жұп болса, медиана қалай табылады?
Сабақты қорытындылау: Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою.

Үй жұмысы: №661, №662


Сабақ жоспары

№57

Пән: математика



Сынып: 6 «ә», 6 «б»

Күні: ___________

Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы№4

Сабақтың мақсаттары:



  1. Білімділік: Оқушылардың өтілген тақырыптар бойынша білім, біліктілік, дағдысын тексеру.

2. Дамытушылық: Алған білімдерін жинақтау және тексеру.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке тәрбиелеу. Оқушылардың теориялық білімін тәжірибеде қолдануда өз-өзіне сенімділігін арттыру

Сабақтың түрі: бақылау жұмысы
Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу

ә) Оқушылар тізімін тексеру

б) Сабақтың мақсатын нұсқау

ІІ Бақылау жұмысы:

  1. - нұсқа

2-нұсқа

Есептеңдер:

  1. 5,2-(-1,7)

  2. -1,3 : 0,26

  3.  * 0,6

  4.  : )

2.Жай бөлшекті тиісінше ондық бөлшекпен немесе периодты ондық бөлшекпен жазыңдар:



, , 
3.Координаталық түзудегі А және В нүктелерінің координаталары берілген. Бірлік кесінді 1 см-ге тең:

1) А (-1); В) (3)


4. Теңдеуді шешіңдер:

-0,7х + 0,9 =-0.5

9 * (х+5)=0
5.Амалдарды орындаңдар:

1) 7,8 : (-2,6) + (-5,2) * (-5)




Есептеңдер:

  1. 4,8-(-1,9)

  2. -1,4 : 0,35

 * 

 : )
2.Жай бөлшекті тиісінше ондық бөлшекпен немесе периодты ондық бөлшекпен жазыңдар:

, , 
3.Координаталық түзудегі А және В нүктелерінің координаталары берілген. Бірлік кесінді 1 см-ге тең:

1) А -1); В) (7)


4. Теңдеуді шешіңдер:

-0,8х + 1,7 =-0,7

7 * (х+5)=0
5.Амалдарды орындаңдар:

1) 12 : (-2,6) + -3,5) * (-4)



Сабақты қорытындылау: Оқушылардың дәптерлерін жинап алу.

Сабақ жоспары

№58


Пән: математика

Сынып: 6 «ә», 6 «б»

Күні: ___________

Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарға амалдар қолдану тақырыбын пысықтау.

Сабақтың мақсаттары:


  1. Білімділік:Рационал сандарға амалдар қолдану тақырыбын пысықтау.

2.Дамытушылық: Рационал сандарға амалдар қолдану дағдыларын жетілдіру.

  1. Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдылыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: пысықтау

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, деңгейлік тапсырмалар

Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу

ә) Оқушылар тізімін тексеру

б) Сабақтың мақсатымен таныстыру.


ІІ Бақылау жұмысын талдау:

  • Бақылау жұмысында қиындық туғызған есептерді талдау

  • Қатемен жұмыс жасау

ІІІ Дамыту кезеңі. Есептер шығару:


І нұсқа: №664(1, 3, 5), №665(2, 4, 6), №666(1, 3,5), №669(1,3,5)
ІІ нұсқа: №664(2,4, 6 ), №562(1, 3, 5), №666(2, 4,6), №669(2,4,6)

Сабақты бекіту кезеңі:



- Таңбалар ережесі

- Таңбалары әр түрлі және таңбалары бірдей сандарға амалдар қолдану
Сабақты қорытындылау: Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою.

Үй жұмысы: №565, №566

Сабақ жоспары

№59


Пән: математика

Сынып: 6 «ә», 6 «б»

Күні: ___________

Сабақтың тақырыбы: 4.1 Алгебралық өрнек. Алгебралық қосынды. Алгебралық өрнектің мәні.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Алгебралық өрнек, алгебралық өрнектің мәні, алгебралық қосынды ұғымымен таныстыру.

Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту, оқушылардың құзыреттерін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдылыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта (электронды оқулық)

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу ә) Оқушылар тізімін тексеру б) Сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Өткен тақырыпты қайталау:


  • Үй тапсырмасының орындалуының барын тексеру, сұрақтарына жауап беру.

ІІІ Жаңа тақырып:



  • Алгебралық өрнектің жазылуында әріптер, сандар, арифметикалық амалдар таңбалары және жақшалар болуы мүмкін.

  • Әріптің берілген алгебралық өрнектің мағынасы болатын мәндерін әріптің қабылдайтын мәндері деп атайды.

  • Алгебралық қрнектегі әріпті айнымалы деп атаса, өрнектің өзін айнымалысы бар өрнек деп атайды.

  • Алгебралық өрнектегі әрбір әріптің орнына оның қабылдайтын мәнін қойып, көрсетлген амалдарды орындау нәтижесінде шығатын санды алгебралық өрнектің мәні деп атайды

ІV Дамыту кезеңі. Есептер шығару:



Ауызша орындалатын тапсырмалар: №686

Тақтада орындалатын тапсырмалар: №687, №688, №690

Орындарында орындалатын тапсырмалар: №694
Сабақты бекіту кезеңі:

- Қандай өрнек алгебралық өрнек деп аталады?

-Қандай сандарды алгебралық өрнектегі әріптің қабылдайтын мәндері деп атайды?

-Қандай алгебралық өрнектер алгебралық қосынды деп аталады?
Сабақты қорытындылау: Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою.

Үй жұмысы: №700, №697

Сабақ жоспары

№60


Пән: математика

Сынып: 6 «ә», 6 «б»

Күні: ___________

Сабақтың тақырыбы: Алгебралық өрнек. Алгебралық қосынды. Алгебралық өрнектің мәні.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Алгебралық өрнектің мәнін табуға және алгебралық қосынды құрастыруға есептер шығару дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту, оқушылардың құзыреттерін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдылыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Бекіту сабақ

Сабақтың көрнекілігі: деңгейлік тапсырмалар

Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу

ә) Оқушылар тізімін тексеру

б) Сабақтың мақсатымен таныстыру.


ІІ Өткен тақырыпты қайталау:

  • Үй тапсырмасының орындалуының барын тексеру, сұрақтарына жауап беру.

  • - Қандай өрнек алгебралық өрнек деп аталады?

  • -Қандай сандарды алгебралық өрнектегі әріптің қабылдайтын мәндері деп атайды?

  • -Қандай алгебралық өрнектер алгебралық қосынды деп аталады?

ІІІ Дамыту кезеңі. Есептер шығару:


Тақтада орындалатын тапсырмалар: № 701, №703, №706

Орындарында орындалатын тапсырмалар: №702, №712
ІV Сабақты бекіту кезеңі:

- Қандай өрнек алгебралық өрнек деп аталады?

-Қандай сандарды алгебралық өрнектегі әріптің қабылдайтын мәндері деп атайды?

-Қандай алгебралық өрнектер алгебралық қосынды деп аталады?
Сабақты қорытындылау: Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою.
Үй жұмысы: №714, №715

Сабақ жоспары

№61

Пән: математика



Сынып: 6 «ә», 6 «б»

Күні: ___________



Сабақтың тақырыбы: Қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдаланып, алгебралық өрнектерді ықшамдау.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Алгебралық өрнектерді теңбе – тең түрлендіріп ықшамдауын үйрету.

Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту, оқушылардың құзыреттерін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдылыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: тапсырмалар

Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу ә) Оқушылар тізімін тексеру б) Сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Өткен тақырыпты қайталау:


  • Үй тапсырмасының орындалуының барын тексеру, сұрақтарына жауап беру.

ІІІ Жаңа тақырып:



Екі өрнектегі әріптердің қабылдайтын мәндерінің кез келгенінінде олардың (өрнектердің) сәйкес мәндері тең болса, онда олар теңбе –тең өрнектер деп аталады.

  1. Қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып, алгебралық өрнектердегі қосылғыштардың орындарын ауыстырып топтауға болады.

  2. Көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып, алгебралық өрнектердегі көбейткіштердің орындарын ауыстырып топтауға болады.

  3. Көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік қасиетін пайдаланып алгебралық өрнектерді теңбе –тең түрлендіру

  4. Қосындыны берілген санға бөлуді пайдаланып, әріпті өрнекті түрлендіру

  5. Алгебралық өрнек қысқартылмаған бөлшекпен берілген жағдайда бөлшекті қысқырту арқылы ықшамдалады.

ІV Дамыту кезеңі. Есептер шығару:



Ауызша орындалатын тапсырмалар: №722

Тақтада орындалатын тапсырмалар: № 723, №725, №730

Орындарында орындалатын тапсырмалар: №727
Сабақты бекіту кезеңі:

  1. Қандай өрнектер теңбе-тең өрнек деп аталады?

  2. Қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып, алгебралық өрнектерді қалай ықшамдайды?

  3. Көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып, алгебралық өрнектерді қалай ықшамдайды?

  4. Қысқартылмаған бөлшекпен берілген алгебралық өрнек қалай ықшамдалады?

Сабақты қорытындылау: Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою.

Үй жұмысы: №732, №733

Сабақ жоспары

№62


Пән: математика

Сынып: 6 «ә», 6 «б»

Күні: ___________



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет