Жаңа сабаққа кіріспе
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
|
Кендебайдың ғажайып өсуін айтып бер?
Кендебайдың жеңіске жетуінің себебі неде?
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
№6-тапсырманы орындатады.
|
Шығармашылық сұрақтар. Болжамдарды қарастырады: «Не өзгерер еді?», «Егер басты кейіпкерлердің сипатын өзгерсе, онда не болады?», «Қалай ойлайсыз, Кендебай мен Керқұла аттың жаратылысының ғажайып сипатталуының ерекшелігі неде?».
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл.
-Топта жұмыс жасайды.
|
5-сынып оқулығы
Жұмыс дәптерлері.
|
Жұптық жұмыс
|
№7-тапсырманы орындатады.
|
«Керқұла аттың өсіп-жетілуі» деген тақырыпты алып, диалог құрастырың-дар.
|
|