Сабақтың тақырыбы: Кіріспе Сабақтың мақсаты



бет6/7
Дата07.11.2019
өлшемі200.21 Kb.
#447396
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
10-с.Абайтану сабагы Office Word (3)

Сөздікпен жұмыс

Алауыз – береке, бірлігі жоқ, ынтымақсыз.

Күндейді — қызғанады.

Мертігеді – бір жері шығады.

Міндейді – мін тағады, жамандайды.
«Кім шапшаң?» ойыны.

Екі өлеңді салыстыра отырып, өлеңдегі сөздерді пайдаланып, мына кестені толтыр

Жағымды - Сабырлы, арлы, еңбекқор, сыпайы, білімді, ақылды...



- Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым...

Жағымсыз - Сабырсыз, арсыз, еріншек, көрсеқызар, жалмауыз, алауыз,...



- Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ...

Кестеге өтілген жаңа сабақтағы «Сабырсыз, арсыз, еріншек» деп аталған өлең мен «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін салыстыра отырып, адамның жақсы, жаман қылықтарын топтап жазады.

Кері байланыс: «Мен бүгінгі сабақтан нені үйрендім?», «Нені білмей қалдым?» сұрақтарына жауап беру

Бағалау: рефлексиялық бағалау кезеңі.

Сабақты қорытындылау
Пән аты: Абайтану Сыныбы: 10 Күні, айы:жылы: 13.04.2017ж.

Сабақтың тақырыбы: Абайдың М.Ю.Лермонтовтан аударған «Тұтқындағы батыр» өлеңі

Сабақтың мақсаты: Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу.

Табыс критерийлері:

1. Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен танысу.

2. Өлеңді түсініп оқу, өлеңнің негізгі идеясын ашу.

Күтілетін нәтиже: Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың аудармаларымен танысады.

Түрі: танымдық сабақ.

Әдіс – тәсілдер: тізбектей оқыту «Өлеңді жалғастыр», Көрнекіліктері: АКТ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Шеңберде тұрып «Орныңды тап» ойынын ойнау.

Жаңа сабақ: (Тақтаға немесе интерактивті тақтаға сабақ тақырыбы жазылады.) Абайдың М.Ю.Лермонтовтан аударған «Тұтқындағы батыр» өлеңі
«Тұтқындағы батыр»[1] («Қараңғы үй терезесі-тұтқынорны») - 1894 жылы Абайдың  М. Ю. Лермонтовтың «Пленный рыцарь» атты өлеңінің аудармасы.

Лермонтов шығармасын Абай бұлжытпай дәлме-дәл аударған. Түпнұсқадағы көркем салыстыруларды да Абай бейнелілік сипатын, нақтылық, қарапайымдылық қасиетін толық сақтай отырып, шебер жеткізеді. Мысалы , орыс ақынының:

«Быстрое время - мой конь неизменный,
Шлема забрало - решетка бойницы,
Каменный панцырь - высокие стены,
Щит мой - чугунные двери темницы»
,

- деп келетін өлең шумағы мен қазақ ақыны аударған:

«Уақыттай өзі жүйрік ат мінезім,
Сауыттай шынжырлаулы тереземіз,
Тас дулыға болмай ма жатқан ұйым,
Шарайнам шойын есік бұ да бір көз»
,

  • - деген жолдарын қатар қойып қарасақ, мағынасы жолма-жол сәйкес шығатынын байқауға болады. Алайда, бірлі-жарым еркін аударылған жолдары да бар.Мысалы , Лермонтов өлеңінің аты - «Пленный рыцарь», Абай қазақша «Тұтқындағы батыр» деген ұғымды қолданады, ал, ол батырдың серілік сипаты «дұға» оқып, талай тойда «өлең айтып жүрген» мінезінен байқалады. Рас, Абай оның сондағы айтқаны сүйгенін мадақтаған жыр еді деп айқындап жатпайды. Лермонтовтың өлеңі, Абайдың аудармасы да бастан-аяқ сол қамаудағы тұтқынның аузымен айтылып, соның көңіл-күйін білдіреді. Ол қараңғы қапаста отырып, тек терезеден «көгерген көктің жүзін», жарық сәулені, аспанда еркін ұшып жүрген құстарды көріп қапа болады, бұрынғы еркін өмірін, майданда «қайрат қылған» кезін еске алады. Қазіргі жағдайын бұрынғы кезімен салыстырып, ерекше тапқырлық таныта сөйлеп, тас дулыға, тас сауыт киіп жатырмын, киімімді оқ пен қылыш бұзбастай, тек астыма мінген атым жоғы ғана болмаса дейді.Өтіп жатқан уақыт - жүйрік атым, торлы терезе - киген сауытым, жатқан үйім - тас дулыға, шойын есік - шарайнам, қалқаным деп түсіндіреді. Жүйрік уақыт қажытпай қоймас, бұл азаптан өліп құтылуға ғана болатын шығар деп, өлімнен қорықпайтынын да айтады. Жарық дүниені бір көруге зар болып жатқан сорлы тұтқынның сөздері арқылы азаттықты, бостандықты аңсау идеясы сол өлеңде айрықша көркемдік шеберлікпен жеткізілген.Өлең 11 буынды қара өлең ұйқасымен (-а, -а, -б, - а) жазылған. Шығарма көлемі Лермонтовта да, Абайда да 20 жол.

Алғаш рет 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланған. Туынды басылымдарында аздаған текстологиялық өзгерістер кездеседі. 1945 жылғы басылымда 2- шумақтың 1-жолы «Тәубә, дұға түкте жоқ тентек бойда»  делінсе, кейінгі жинақтарда 1909 жылғы басылым негізінде «Тәубә жоқ, дұға да жоқ тентек бойда»деп қабылданған.
Тұтқындағы батыр

Қараңғы үй терезесі  - тұтқын орны, 

Көгерген көктің жүзі ескі формы.

Азат құстар аспанда ойнап ұшса,

Ұялып қарай алмас мендей сорлы.
Тәубә жоқ, дұға да жоқ тентек бойда,

Өлең жоқ айтып жүрген талай тойда.

Қан ағып, қайрат қылған майдан менен

Ауыр қылыш, дулыға бірақ ойда.
Тас дулыға, тас сауыт киінгенім,

Денемді қысып жатыр бүгін менің.

Оқ пен қылыш бұзбастай киінсем де,

Қайран атым, иең жоқ жалғыз сенің.
Уақыттай өзі жүйрік ат мінезім,

Сауыттай шынжырлаулы тереземіз.

Тас дулыға болмай ма жатқан үйім,

Шарайнам шойын есік бұ да бір кез.
Жүйрік уақыт шаршатпай қоймас ақыр,

Денемді сауыт – сайман қысып жатыр.

Бұрын сені біреуге көп жұмсам ем,

Енді өзіме шақырдым, ажал батыр.
Өлеңге сатылай кешенді талдау жасау
Сабақты қорытындылау

Пән аты: Абайтану Сыныбы: 10 Күні, айы:жылы: 20.04.2017ж.

Сабақтың тақырыбы: Абайдың М.Ю.Лермонтовтан аударған «Өзіңе сенбе, жас ойшыл...» өлеңі

Сабақтың мақсаты: Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу.

Табыс критерийлері:

1. Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен танысу.

2. Өлеңді түсініп оқу, өлеңнің негізгі идеясын ашу.

Күтілетін нәтиже: Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың аудармаларымен танысады.

Түрі: танымдық сабақ.

Әдіс – тәсілдер: тізбектей оқыту «Өлеңді жалғастыр», Көрнекіліктері: АКТ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Шеңберде тұрып «Орныңды тап» ойынын ойнау.

Жаңа сабақ: (Тақтаға немесе интерактивті тақтаға сабақ тақырыбы жазылады.)

Абайдың М.Ю.Лермонтовтан аударған «Өзіңе сенбе, жас ойшыл...» өлеңі

«Өзіңе сенбе, жас ойшыл...» - М Ю. Лермонтовтың «Не верь себе» атты өлеңінің 1893 ж. Абай тәржімелеген нұсқасы. Көлемі орыс ақынында да, қазақ ақынында да 40 жол. Осы сом бітімді, сондайлық шебер келістіріп жасалған поэзиялық туынды Лермонтовтың ауыр азап шеккен бұқара халықтың халіне үлкен жанашырлық, жақындық сөзіммен қарағанына толық дәлел бола алады. Қорлықта, езуде жүрген, есесі кетіп, еңсесі түскен кедей-көптің қажырлы беріктігін, жасу, налуды, күйініш, күйреуіктікті білмейтін орасан төзімділігін айтып сүйінсе, бұқараның осындай қиын хал-жайын білмей нағыз өнімді, өмірлік күші бар поэзия туғызу мүмкін емес деп қорытса, мұның халыққа қамқорлық еткендік, оның қамын жегендік екені даусыз. Орысша нүсқасы:

«Не верь, не верь себе, мечтатель молодой,
Как язвы бойся вдохновенья...» -
деп басталса, Абай да
«Өзіңе сенбе, жас ойшыл,
Тіл өнері дертпен тең»


деп түпнұсқаға сәйкес аударады, одан әрі орыс ақынымен еркін жарысса да, қалай да онымен үндес шығып отырады. Жас ақынға айтылған өз көңіліңнің күйіне көп беріліп кетпе, жеке басыңның мұңы кімге қажет, егер елдің мұңын, қайғысын айта алмасаң, сенің өлеңің кімге дәрі деген ақыл-өсиет түріндегі ойды Лермонтов бейнелеп айта келіп:

«Не выходи тогда на шумный пир людей
С своею бешеной подругой;
Не унижай себя. Стыдися торговать
 То гневом, то тоской послушной,
И гной душевных ран надменно выставлять
На диво черни простодушной», - десе, Абай:


«Көз болсаң қайғы, я зарға
Құрсатса тілді ұмтылтып,
Алып шықпа базарға,
Асаудайын бұлқынтып.
Қайғы-дертің мейлі мың,
Саудаға салмақ өзіңе ар.
Жаныңа түскен жараның
Іріңін нетсін надандар...» - дейді.


Лермонтов жас ақынның құрғақ қиялдан туған өршіл, өктем сезімге толы поэзиясын елірген, долы жас әйелге теңесе («бешеная подруга»), Абай жүген-құрық тимеген асаумен салыстыра сипаттайды. Ал орысша түпнұсқасының соңғы шумағындағы жас ақынның әрекетін театр сахнасында трагедиялық актердің жасанды, ойыншық семсерін оңды-солды сермеуіне ұқсатып бейнелейтін тұсын Абай теңеудің өзін алмай тек мағынасын ғана жеткізеді. Абай дәл осы салыстыру ол заманда, театр өнері әлі өріс алмаған ортада әсерлі бола қоймайтынын ескерген секілді. Оның есесіне Абай өлеңдегі ауыр азап көрсе де шыдамы берік көпшілікке мазақ болма деген ойды ширата түсіп:

«Күлкі болмай, қой, жаным,
Сен бүйтесің, ол қайтті?
Олар көрген арманын
Кімге шақты, кімге айтты?» - деп аяқтайды.


Мәтінмен жұмыс

Өлеңді мәнерлеп оқыту

Қолдану

Өлеңге сатылай кешенді талдау жасау

Өлең 7,8 буынды шалыс ұйқаспен жазылған.

Қосымша мәлімет:Алғашқы рет 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Туынды басылымдарында аздаған текстологиялық өзгерістер кездеседі. 1945, 1954, 1957 жылғы басылымдарда 1-шумақтың 4-жолы «Ызаға тұтқын бой мең-зең» болса, 1977 жылғы басылымда бұл жол 1909 жылғы жинақ негізінде «Ызаға тұтқын бойың-зең» делінген. 1945, 1954 жылғы басылымдарда 5-шумақтың 2-жолы «Құрсатып тілді ұмтылтып» болып берілсе, 1957, 1977жылғы жинақтарда 1909 жылғы басылым бойынша «Құрсатса тілді ұмтылтып» ретінде алынған. 1945, 1977 жылғы басылымдарда 8-шумақтың 3- жолы «Күн көріп жүр күліп-ақ», ал 1954, 1957 жылғы басылымдарда бұл жол «Күн көріп жұрт күліп-ақ», сондай-ақ 1945, 1954, 1957, 1977жылғы жинақтарда 9-шумақтың 4-жолы «Тарттырмап па дүние зар», 1909жылғы басылымда «Тарттырмай ма дүние зар».[1]

Сабақты қорытындылау


Өзіңе сенбе, жас ойшыл,

(М.Ю. ЛЕРМОНТОВТАН)

 

Өзіңе сенбе, жас ойшыл,



Тіл өнері дертпен тең.

Көңілдің жүгін қиял қыл,

Ызаға тұтқын бойың-зең.

 Қасиет тұтып, ойға ұмтыл,

Қан қайнап, қуат егілсін!

Онан гөрі еңбек қыл,

Улы сусын төгілсін!

 Ойлай берсең, ой деген

Не қызыққа келер кез.

Кісі айтпаған, білмеген,

Күй әдемі, тәтті сөз.

 Тыңдама оны, ұмыт сен,

Бүркен-дағы, бар да жат.

Тамылжытып айтқанмен,

Қыла алмассың сен қымбат.

 Кез болсаң қайғы я зарға

Құрсатса тілді ұмтылтып,

Алып шықпа базарға,

Асаудайын бұлқынтып.

 Қайғы-дертің мейлі мың,

Саудаға салмаң өзіңе ар.

Жаныңа түскен жараның

Іріңін нетсін надандар.

 Біліп оған не керек,

Ішіңнен қайғы жемесең,

Жалтаңдаған жас жүрек

Байғұс-ай десін демесең.

 Өз бойыңа болып сақ,

Жан-жағыңа қараңдар!

Күн көріп жүр күліп-ақ

Сенен басқа жарандар.

 Олардың да ешбірін

Қайғы аман қойған жоқ шығар.

Ойлап, байқап көр түрін,

Таттырмап па дүние зар?

 Күлкі болмай, қой, жаным,

Сен бүйтесін, ол қайтті?

Олар көрген арманын



Кімге шақты, кімге айтты?


Пән аты: Абайтану Сыныбы: 10 Күні, айы:жылы: 27.04.2017ж.

Сабақтың тақырыбы: А. Құнанбаев «Масғұт» поэмасы 
Сабақтың мақсаты міндеттері: Білімділік: Поэманың идеясын түсіндіре отырып, идеялық - тақырыптық негізін, ой астарын түсіндіру, көркем туындыны түсіне білуге, мәнерлеп оқуға, ақынның образ жасау шеберлігін ұғынуға жол ашу
Дамытушылық: Поэманы талдай білуге төселдіру, өзіндік пікір қалыптастыруға дағдыландыру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру
Тәрбиелік: Оқушылардың дүниетанымын, адамгершілік қасиеттерін дамыта отырып, рухани имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, МСК, тест
Сабақтың көрнекілігі: дәйексөздер, Абай шығармалары
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі:
 (2 минут)
ІІІ Жаңа сабақ - талдау сабағы

Әдебиет теориясы: "Поэма" - грек сөзінен шыққан, "туынды" деген мағынаны береді, өлеңмен жазылады.

  1.  Қызықты дерек Дастанның сипаттамасы[

Әрқайсысы 4 тармақты 44 шумақтан тұрады. Бұл поэма туралы Абайдың өзі атап көрсеткен деректері жоқ. Бірақ шығарманың ішіндегі кейбір белгілерге қарағанда, бүның оқиғасы, тақырыбы шығыс халықтарының аңызынан алынғаны байқалады.

Ең әуелгі басты кейіпкердің аты - Масғұт. Оның тіршілік еткен шаһары - Бағдат. Заманы - Һарон-Рашид халифтың тұсы. Кейін Масғұтқа кездесетін қария мүсылмандардың дін аңыздарыңда жүретін Қызыр, қазақша Қыдыр аталады. Ол --сол айтылған аңыздар бойынша өлмейтін, мәңгі жасайтын жалғыз жан. Әр заманда, әр ортаның адамына оқта -текте бақ -дәулет әкелетін, ырыс үлестіруші болады. Міне, сөйтіп, осы аталған белгі, деректердің бәріне қарап, біз Абай поэмасының негізі шығыс аңызынан алынған дейміз.

Жалғыз-ақ Абай аңызды өзінің адамгершілік үгітіне мысал етіп, өзіндік ойларын тарату жөнінде үлкен кәдеге жаратады. Поэмада Абай арабтың тарихын, тірлік шындығын көрсетпек емес, Қыдырдың қыдырлығын да баяндамақ емес. Олардың барлығы да - поэманың идея жағынан қарағанда, тек бір көмекші қосымша хал мен жайлар. Анығында олар шартты түрде алынған аңызды жалпы шартты орта деуге болады.

Ақынды шығарманың ішінде қызықтыратын бір-ақ геройдың - Масғұттың ғана жайы. Сол Масғұтты бірнеше ерекше халдерге, уақиғаларға ұшыратып барып, Абай оған үлкен сапалы адамгершіліктің қасиеттерін бітірмек болады. Бұл жағынан қарағанда, Масғұт қай заманның адамына болса да, Абайдың ұғымынша, үлгі боларлық, жоғары дәрежедегі ұжданды адамнравственная личность. Абай геройының және бір ерекшелігі - ол өзгеше көрнекті күшті ортадан шыққан адам емес. Орташа көптің бірі. Әдейі дәулет, өмір, құдірет, ақыл-өнермен асырып шығарған адам емес. Халық ішіндегі, қатардағы қалың көптің жас өкілі. Масғүтқа осындай сипат, қасиеттер беру арқылы, Абай оны өзінің жоғарыдағы атап берген Бағдатынан, Һарон-Рашидінен, Қызырынан да аулақтап бөліп шығарады. Өзі үгіттеп жүрген жақсы жастардың өз заманындағы мінез-құлқына, арманды адамгершілігіне Масғұтты үлгі етеді. Оның белгісін және шартты түрдегі аңыздық бояуды алыптастап қарасақ, айқынырақ көреміз. Қыдыр шал ұсынатын үш жеміс сол аңыздық бояу десек, ол Масғұттай өнегелі жастың ішінен сырын, қасиетін ашуға арналған оңай ғана бір сылтау десек, соның ар жағында керінетін Масғұт қандай боп танылады. Ол ақылдылықтан қашады Байлықтан қашады.

Соның екеуін де сынап, талғап отырып жиреніп шығады. Сол Масғүттың ақылдан қашуы Абайдың өз басындағы, өз ортасындағы күйге аса жақын келеді. Ол көп айтатын шерлі уайымы бойынша, көп наданның арасындағы бір жалғыздың хәлін қандай трагедиялық, ауыртпалық хал деп отыр.

Масғұтқа Абай сол өз басының аянышты күйін айтқызып отыр. Байлық турасында сөйлегенде де, Масғұт Абай заманындағы бай менен сол байлық аздырып жүрген байдың өзін де және оның қоршау-қошаметтерін де сынайды. Кейін Масғұт қызыл жемісті алғанда, жеңсікшіл, нәпсі құмар көп жастың жолынан жырақ шығады. Ол әйелді, ең алдымен, адамзаттың қақ жарымы деп түсінеді. Әйелдің достығын ерекше қадір түтады. Адам баласына дос боламын деген үлкен адамгершілік талапты өз өмірінің мақсаты етіп қояды. Ер жынысы мен әйел жынысы адамдық алдында терең дәрежеде бағаланады. Осы ойлардың барлығы да біз тексеріп өткен Абай шығармаларында ақынның өзі көп үгітпен көркем жырлар, терең ойлар тудырған тақырыптары емес пе еді? Ендеше, Масғұт аузыменен Абай өз заманындағы, өз ортасына қанықты болған жайларды айтады.

Үлкен гуманист ақын сол өзі тартпақ болған мораль философиясын жаңа түрде шартты мазмұнға байланыстырып ұсынып отыр. Сөйтіп, шығыстан келген аңыз, мағыналы мазмұны бар легенда немесе притча ақынның өз ойын баяндауда керекке жаратылған шығармашылық материал ғана болып отыр. Абайды поэманың оқиғалары қызықтырып жетелемейді. Ол оқиғаларды, адамдарды барлық мінез істерімен, сөздерімен Абай өзінің дағдылы идеясына қарай пайдаланады. Сөйтіп, бұл поэманың өмір оқиғасынан, тартысынан тумайды. Қайта сол оқиға, тартысының бәрі ақынның ақылынан туады.

Осындай сюжетті әңгіме құруда, суреттеп көрсету орнына, баяндағыш ойды басшы ету арқылы Абай бұл поэмасының композициясын ойдағыдай толық көркем, түтас етіп шығара алмаған. Ол, әсіресе, осы поэманың екінші белімінен аңғарылады. Композициялық құрылыста логика болмай кетеді. Өйткені, тұтас күрделі сюжеттік құрылысының шартына бағынса, Масғұттың қызыл жемісті жегеннен кейінгі іс-әрекеттері баян етілгенін көрсек керек еді.

Ал, Абайда ол шықпаған. Масғүт қызыл жемісті жеп, әйелдердің достығын алудың орнына, ақылды кісі болып шығады. Іс жүзінде ол қызыл жемісті жеген кісі емес, қайта өзі жемеймін деген ақ жемісті жеген кісі боп, үлкен ақыл иесі боп, тіпті, Шәмси-жиһіан атанады. Ақыл-парасаты арқылы ханның күңі болған делінеді.

Поэманы оқыту,мазмұны бойынша талдау .Сабақты қорытындылау

Пән аты: Абайтану Сыныбы: 10 Күні, айы:жылы: 04.05.2017ж.

Сабақтың тақырыбы: А. Құнанбаев «Масғұт» поэмасының тәрбиелік маңызы  

Сабақтың мақсаты міндеттері: Білімділік: Поэманың идеясын түсіндіре отырып, идеялық - тақырыптық негізін, ой астарын түсіндіру, көркем туындыны түсіне білуге, мәнерлеп оқуға, ақынның образ жасау шеберлігін ұғынуға жол ашу
Дамытушылық: Поэманы талдай білуге төселдіру, өзіндік пікір қалыптастыруға дағдыландыру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру
Тәрбиелік: Оқушылардың дүниетанымын, адамгершілік қасиеттерін дамыта отырып, рухани имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, МСК, тест
Сабақтың көрнекілігі: дәйексөздер, Абай шығармалары
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі:
 (2 минут)
ІІІ Жаңа сабақ - талдау сабағы

Әдебиет теориясы: "Поэма" - грек сөзінен шыққан, "туынды" деген мағынаны береді, өлеңмен жазылады.

«Масғұттағы» идея - араб, шығыс аңызының идеясы емес. Ақын шығармаларының бұрын басқаша жанр, стильде айтылып жүрген идеялары болады. Бірақ сол жайлары заманындағы халдерден туған сыншылдық ойлар болғандықтан, ескі Бағдат тонын кидіргенше, өз тұсындағы қазақтың өзіндік тіршілігінен алып, сюжетті сол болмыстан құрастырып қиюластырса, шығарманың басты идеялары оқушыларына орағытып жетпей, төтелей жеткен болар еді. Оқиға ментіл, аңыз материалы бойынша Абай қазақ оқушысына бөтен реальностьтармен сөздерді қолдана отырады. Бөтен аттар арабтан алынғандықтан, араб сөздері кездеседі. Бірақ, өлеңдік түр жағынан қарағанда, бұл шығарма төрт жолды шумақтан, 11 буынды жолдардан құралып,анық қазақтың өз үлгісіндегі дастандар түрінде жазылады. Түп идея Арабстанда болған оқиғаны айту емес, Абайдың өзінің қақ қасындағы сол күнгі қазақстандық шындықтарды білдіруге арналғандықтан, поэманың жаңағы аталған өлеңдік түрі идеялық мазмұнымен байланысты туған болады. Үлкен гуманист ақын сол өзі тартпақ болған мораль философиясын жаңа түрде шартты мазмұнға байланыстырып ұсынып отыр. Сөйтіп, шығыстан келген аңыз, мағыналы мазмұны бар легенда немесе притча ақынның өз ойын баяндауда керекке жаратылған шығармашылық материал ғана болып отыр. Абайды поэманың оқиғалары қызықтырып жетелемейді. Ол оқиғаларды, адамдарды барлық мінез істерімен, сөздерімен Абай өзінің дағдылы идеясына қарай пайдаланады. Сөйтіп, бұл поэманың өмір оқиғасынан, тартысынан тумайды. Қайта сол оқиға, тартысының бәрі ақынның ақылынан туады.



Осындай сюжетті әңгіме құруда, суреттеп көрсету орнына, баяндағыш ойды басшы ету арқылы Абай бұл поэмасының композициясын ойдағыдай толық көркем, түтас етіп шығара алмаған. Ол, әсіресе, осы поэманың екінші белімінен аңғарылады. Композициялық құрылыста логика болмай кетеді. Өйткені, тұтас күрделі сюжеттік құрылысының шартына бағынса, Масғұттың қызыл жемісті жегеннен кейінгі іс-әрекеттері баян етілгенін көрсек керек еді.

Ал, Абайда ол шықпаған. Масғүт қызыл жемісті жеп, әйелдердің достығын алудың орнына, ақылды кісі болып шығады. Іс жүзінде ол қызыл жемісті жеген кісі емес, қайта өзі жемеймін деген ақ жемісті жеген кісі боп, үлкен ақыл иесі боп, тіпті, Шәмси-жиһіан атанады. Ақыл-парасаты арқылы ханның күңі болған делінеді.

Поэманы оқыту,мазмұны бойынша талдау .Сабақты қорытындылау

Пән аты: Абайтану Сыныбы: 10 Күні, айы:жылы: 11.05.2017ж.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет