Сабақтың тақырыбы: Кіріспе Сабақтың мақсаты


Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін



бет2/7
Дата07.11.2019
өлшемі200.21 Kb.
#447396
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
10-с.Абайтану сабагы Office Word (3)


Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.

Көкірегі сезімді, тілі орамды,

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.

Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,

Көңілінің көзі ашық, сергек үшін.

 

Түзу кел, қисық-қыңыр, қырын келмей,



Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей.

Шу дегенде құлағың тосаңсиды.

Өскен соң мұндай сөзді бұрын көрмей.

Таң қаламын алдыңғы айтқанды ұқпай,

Және айта бер дейді жұрт тыным бермей.

 

Сөз айттым "Әзірет Әлі", "айдаһарсыз",



Мұнда жоқ "алтын иек, сары-ала қыз".

Кәрілікті жамандап, өлім тілеп,

Болсын деген жерім жоқ жігіт арсыз.

Әсіре қызыл емес деп жиренбеңіз,

Түбі терең сөз артық, бір байқарсыз.

 

Батырдан барымташы туар даңғой,



Қызшыл да, қызықшыл да әуре жан ғой.

Арсыз, малсыз, ақылсыз, шаруасыз,

Елірмелі маскүнем байқалған ғой.

Бес-алты мисыз бәңгі күлсе мәз боп,

Қинамай қызыл тілді кел, тілді ал, қой!

 

Өлеңі бар өнерлі інім, сізге



Жалынамын, мұндай сөз айтпа бізге.

Өзге түгіл өзіңе пайдасы жоқ,

Есіл өнер қор болып кетер түзге.

Сәнқой, даңғой, ойнасшы, керім-кербез,



Қанша қызық болады өзіңізге?

Пән аты: Абайтану Сыныбы: 10 Күні, айы:жылы: 17.11.2016 ж.
Сабақтың тақырыбы:  Абайдың табиғат лирикасы 
Сабақтың мақсаты
Білімділік: Абайдың өмірі мен шығармашылығы және табиғат лирикасына деген сүйіспеншілігі туралы түсіндіру. Табиғатқа арналған өлеңдерінің мазмұнын игеру, мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру;
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал ету, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру арқылы білім көкжиегіне жетелеу; Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, сатылай кешенді талдау,
топпен жұмыс
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
І. Жаңа сабақ Абайдың табиғат лирикасы 

Абайдың дүниежүзілік озық поэзиядан алған бір үлгісі – табиғат лирикасы. Табиғат – адам баласының өмір сүретін ортасы. Оны әлем классик ақындарының бәрі де жырлаған. Дәуірі мен ортасына, өзінің жеке басының көңіл - күйіне байланысты әр ақын өзінше жырлаған. Біреулер таза пейзаждық суреттер жасаса, екінші біреулер табиғат арқылы қоғамдық өмірді, тартысты, өз көңіл - күйін суреттейді. Абай да табиғатты өзінше жырлаған. Абайдың төрт мезгілі жайлы өлеңдері ақынның әлем поэзиясын тереңдеп оқып, үлгі тұтқан кездерінде 1886 - 1890 жылдар аралығында жазылған.
Абайдың бұл тақырыптағы тұңғыш өлеңі – «Жаз» (1886). Мұнда жазғы табиғаттың көркем көрінісі мен неше түрлі қызықты құбылыстар, бәйшешегі толысқан жайлау мен әлі қонып үлгермеген ауылдың қарбалас тіршілігі суреттеледі.
Жаздыгүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек,
Ұзарып, өсіп толғанда,
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл қонғанда.
Өлеңде әзілдесіп, күлісіп үй тігіп жатқан қыз - келіншек, ат үстінде мал аралаған ауыл иелері, шешесін жағалап, қыңқылдаған жас балалар.
Ал, «Қыс» (1888) өлеңі – нағыз классикалық поэзия үлгісінен туған өлең. Мұнда да табиғат қозғалыс - әрекеттегі күйде алынады. Бірақ бұл әрекет табиғаттан гөрі адамның – жанды тіршіліктің әрекетіне ұқсайды.

Ақ киімді, денелі ақсақалды
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды
Үсті - басы үскірік, аяз бен қар
Басқан жері, сықырлап келіп қалды

Абайға дейінгі әдебиетте қысты жанды адам (шал) бейнесінде суреттеу әдеті болмаған. Бұл – Абай жаңалығы. Ақын оны қазақтың бейжай, енжар жатқан даласына қорқынышты үрей әкелген қатал бейнеде алады. «Демалысы – үскірік, аяз бен қарды кәрі құдаға» теңейді. Бұл жерде қазақтың байырғы ұғымы қолданылады. Мазасыз, сұрампаз, еселеп алып, тыным бермейтін кәрі құданың бейнесі арқылы қыстың да қайталап соғып, көшпелі елдің тіршілігін тарылта беретін жайын суреттейді. Өлеңде мал баққан қазақ даласының қысқы тіршілігі кеңінен суреттеледі.
Бұдан кейінгі күзге арналған екі өлеңі – «Күз», «Қараша, желтоқсан мен сол бір - екі ай» (1889). Алдыңғы екі өлеңде ақын назар аудармаған көшпелі елдің жүдеу тіршілігі, таптық, қоғамдық қайшылықтар соңғы өлеңдерінің негізгі мазмұнын құрайды.

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай,
Қайыршы шал - кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айырылған ағаш қурай, - деп
ақын осындай ортадағы кедей үйінің тұрмысын суреттеген. Күзгі суықтағы бай мен кедей үйлерінің тіршілігін бір – біріне қарсы қояды. Үлкен адамдар ғана емес, жас бала, кемпір - шалға дейін атап, осылардың ортасындағы күнкөрісі жайында өмір шындығын ашады.

Кедейдің өзі жүрер малды бағып,
Отыруға отын жоқ үзбей жағып.
Тоңған иін жылытып, тонын илеп
Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып

... Қар жауса да, тоңбайды бай баласы,
Үйі жылы, киіз тұтқан айналасы.
Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты
Ағып жүріп ойнатар көздің жасы, - деп ол еңбекші елдің мұңына ортақтасады.

«Байда мейір, жалшыда бейіл де жоқ, аңдыстырған екеуін құдайым - ай»,- деп ренжіп байға: «жас бала, кемпір - шалын тентіретпей, бір қыс сақта, тас болма сенде», - деген тілек айтады.
«Жазғытұры»(1890) өлеңінде - мұнда табиғат әлеміне кірген жаңалықтың иесі – «ата - анадай елжіреген күннің көзі» көбірек айтылады. Ақын сезімі қыстан қысылып шыққан ел қуанышына ортақтасады.
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы
Масатыдай құлпырар жердің жүзі
Жан - жануар, адамзат анталаса
Ата – анадай елжірер күннің көзі.
Ақын қазақ даласындағы жазғытұры мезгілін суреттеу арқылы ел тіршілігіндегі орнын жанға жайлы, еңбекке қолайлы сипатын да атап өтеді.
Мал семірер, ақ пенен ас көбейер,
Адамзат көңілі өсіп, көтерілер.
Қара тастан басқаның бәрі жадырап
Бір сараңнан басқаның пейілі енер.
Сөйтіп, адам мен табиғаттың бірлігі тақырыбын әлем поэзиясынан ала отырып, Абай қазақ өмірімен байланыстырып, кеңінен дамытты.
Енді, Абай атамыздың «Қыс» өлеңінің бір шумағына сатылай кешенді талдау жүргіземіз
1. Өлең құрылысына сатылай кешенді талдау жүргізу
Өлеңнің авторы: Абай Құнанбаев
Тақырыбы: Қыс
Мағыналық мәні:
- Негізгісі – мезгілді;
- Туындысы – іс – әрекетті білдіреді.
Жанр түрі: Өлең
Әдісі: кейіптеу әдісімен жазылған
Кейіптеу – жансыз затқа, құбылысқа жан бітіре суреттеу
Өлең құрылысына қарай: 1 шумақ
1 шумағы төрт тармақ
3 бунақ
11 буын
1 шумағы қара өлең ұйқаста жазылған.

Қорытынды Сабақты Сағынғали Сейітовтің «Кім?» өлеңімен аяқтаймыз.
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне өзі орнатып ескерткішті
Мұра ғып кейінгіге қалдырған кім?

Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?
Көрікті көңілде жыр, қолда қалам
Өмірдің өріне өрлей басқан қадам
Қазақтың өлеңінің ұлы атасы,
Ол – Абай, ұлты – қазақ, аты - адам

Бағалау


Пәні: Абайтану Сыныбы: 10 Күні: 24.11.2016 ж.

Сабақтың тақырыбы: А.Құнанбаев «Желсіз түнде жарық ай»

Сабақтың мақсаты:Өлең туралы жан-жақты мәлімет беру. Өлеңінің идеясын ашу, білімдерін кеңейту, сын тұрғысынан ойлауға дағдыландыру, өз ойын толық жеткізіп, өлеңнен негізгі түйінді таба білуге үйрету.Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарастарының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын дамыту, өз бетімен ізденуге, ой қорытуға дағдыландыру.

Ақынның өлеңі арқылы оқушылардың бойына сұлулық, көркемдік қасиеттерін дарытып, отаншылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену  

Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, кестелер, дидактикалық материалдар  

Пәнаралық байланыс: Ән-әуез, қазақ тілі

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа сабақ.«Ой қозғау». «Желсіз түнде жарық ай» әнін тыңдату. Ән туралы не білетіндерін сұрау. Өлеңді бір оқушыға мәнерлеп оқыту.

«Желсіз түнде жарық ай...» - Абайдың 1888 жылы жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 5 шумақтан тұрады. Өлең - ақынның табиғат көріністерін, махаббат сырларын кестелі тілмен айшықтаған әлем поэзиясындағы шоқтығы биік туындыларының бірі. Онда пәк, таза махаббаттың белгісіндей жарық айлы, желсіз түнжан толқынысына үн қосып, сыбырласқандай қалың ағаш жапырағы, жүрексінген көңіл, бұлықсыған сезіммен астасып, көлеңкелі, терең сайға гүрілдей құлаған өзендыбысы, осындай сырлы, сұлу түнде, әлдеқайдан естілген сазды ән, тынымсыз тірлік алмағайып уақыт дабылындай бейсауат үрген ит пен үздік-создық айтақ астында сүйгенімен жолығуға аулаққа асыққан сұлу қыз жанды бейнедей ерекше лирикалық леппен тамаша суреттеледі.

Шығарма алғаш рет 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланды.

«Абай» бұл өлеңіне ән шығарған. Ән Абайдың композиторлық талантының сегіз қырлы, бір сырлы қуатын, оның көркемдік талғам-танымының биіктігін танытады. 1935 жылыкомпозитор Л.А.Хамиди Әрхам Ысқақовтан әннің екі түрін нотаға түсіріп алды. Алайда осы екі ән бір-бірінен тек өлеңнің 3-тармағының басында сәл ғана әуен ырғақтықпен ерекшеленетіні болмаса, жалпы ән мелодиясы бір. Өлең ағылшын, араб, башқұрт, қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, татар, тәжік, түрікмен, ұйғыр тілдеріне аударылған.

Лирика дегеніміз – көркем әдебиет жанрының бір түрі. Лириканың басты ерекшелігі - адамның көңіл күйін, сезім дүниесін тікeлей бейнелеп көрсетеді. Лириканың бас қаһарманы - ақынның өзі. Ақын ең алдымен өз жайын, мұңын, арманын, қуаныш сезімін жыр ету арқылы халықтың тағдырын, қайғысын, күйзелісін, қуаныш-шаттығын, тілек-мақсаттарын білдіреді. Лирика көлемі жағынан өте ықшам келеді. Оқиғадан гөрі отты сезім басымдау, күллі сурет сол сезім маңына, бас-аяғы тұжырымды бірер философиялық ой маңына жинақталады. Лирикалық шығармалар кейде шығарманың тақырыбына,  мазмұнына қарай бөлінеді:

-                   Саяси-азаматтық лирика

-                   Махаббат лирикасы

-                   Философиялық лирика

-                   Табиғат лирикасы

Эпитет дегеніміз – адамның не заттың, не табиғат құбылыстарының өзгеше белгілерін көрсету, олардың бейнесін оқушының көз алдына елестету, ой-қиялына әсер ету үшін қолданылатын көркем сөз. Мысалы: сұр бұлт, дымқыл тұман, сұр жебе, қарақат көз, күміс ай, алтын күн, меруерт жұлдыз, тістеніп сөйлеу.

Кейіптеу дегеніміз – жаратылыстың жансыз нәрселерін, тап жанды нәрселердей етіп, жандылардың істейтін амалдарын істеткізіп суреттеуі.

Риторикалық сұрақ дегеніміз – ойды, сезімді әсерлі жеткізу үшін жауабы өзінен-өзі айқын нәрсені әсерлі леппен, сұрау түрінде айту. Өлеңде қойылған сұраудың жауабында екіұштылық, шүбәлану болмайды, оны оқырман іштей біліп отырады.

IV. Жазбаша жұмыс. Өлеңге сатылай кешенді талдау:

Тақырыбы–табиғат сұлулығы, махаббат сыры. Екеуінің үндесуі.

ИдеясыАдам да табиғат сияқты, табиғат көрінісі қандай әдемі, нәзік болса, адамның жан дүниесі де сондай нәзік. Сұлулықты, сезімді құрметтеуге, сезіне білуге жетелейді.

Жанр түрілирика,поэзия (өлең)

Шумақ5

Тармақ4

Бунақ2

Буын7-8

Ұйқасшалыс ұйқас (а-б-а-б)

Эпитет Желсіз түн, жарық ай, қалың ағаш, құлпырған жасыл жер, терең сай.

Кейіптеу су дірілдейді, жапырақтар сыбырласады, тау жаңғырығады, ән қосады.

Риторикалық сұрақ – келмеп пе едің сол жаққа? тұрмап па еді сүйеніп?

Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәнісұлулықты түсінуге, көре білуге, табиғатты, сезімді құрметтеуге тәрбиелейді. Адамның жан дүниесін рухани байытады, көркемдейді.

V.Шығармашылық жұмыс. Қос жазба күнделігі.

 


Өлеңнен маған ұнаған үзінді

Менің ойым

 

 

 

 VІ. Білімді бекіту. Бес жолды өлең әдісі.



Кім?  (бір зат есім)

Қандай? (екі сын есім)

Не істеді? (үш етістік)

Түйін (төрт сөзден тұратын сөйлем)

Синоним (бір синоним сөз)

 

Тақырып бойынша сұрақтар қою. Түсінбеген сұрақтарына жауап беру.



VIIІ. Үйге тапсырма беру. «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін жаттау.


Желсіз түнде жарық ай

Желсіз түнде жарық ай

Сәулесі суда дірілдеп,

Ауылдың жаны терең сай,

Тасыған өзен гүрілдеп.

 

Қалың ағаш жапырағы



Сыбырласып өзді – өзі,

Көрінбей жердің топырағы,

Құлпырған жасыл жер жүзі.

 

Тау жаңғырып, ән қосып



Үрген ит пен айтаққа.

Келмеп пе едің жол тосып

Жолығуға аулаққа?

 

Таймаңдамай тамылжып,



Бір суынып, бір ысып,

Дем ала алмай дамыл қып,

Елең қағып бос шошып.

 

Сөз айта алмай бөгеліп,



Дүрсіл қағып жүрегі.

Тұрмап па еді сүйеніп,

Тамаққа кіріп иегі?





Желсіз түнде жарық ай

Желсіз түнде жарық ай

Сәулесі суда дірілдеп,

Ауылдың жаны терең сай,

Тасыған өзен гүрілдеп.

 

Қалың ағаш жапырағы



Сыбырласып өзді – өзі,

Көрінбей жердің топырағы,


Құлпырған жасыл жер жүзі.

 

Тау жаңғырып, ән қосып



Үрген ит пен айтаққа.

Келмеп пе едің жол тосып

Жолығуға аулаққа?

 

Таймаңдамай тамылжып,



Бір суынып, бір ысып,

Дем ала алмай дамыл қып,


Елең қағып бос шошып.

 

Сөз айта алмай бөгеліп,



Дүрсіл қағып жүрегі.

Тұрмап па еді сүйеніп,

Тамаққа кіріп иегі?




Желсіз түнде жарық ай

Желсіз түнде жарық ай

Сәулесі суда дірілдеп,

Ауылдың жаны терең сай,

Тасыған өзен гүрілдеп.

 

Қалың ағаш жапырағы



Сыбырласып өзді – өзі,

Көрінбей жердің топырағы,

Құлпырған жасыл жер жүзі

Тау жаңғырып, ән қосып

Үрген ит пен айтаққа.

Келмеп пе едің жол тосып

Жолығуға аулаққа?

 

Таймаңдамай тамылжып,



Бір суынып, бір ысып,

Дем ала алмай дамыл қып,

Елең қағып бос шошып

Сөз айта алмай бөгеліп,

Дүрсіл қағып жүрегі.

Тұрмап па еді сүйеніп,



Тамаққа кіріп иегі?



Пәні: Абайтану Сыныбы:10 Күні: 08.12.2016 ж.

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Көлеңке басын ұзартып»өлеңі
Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға Абай өлеңдерін терең меңгерту, мәнерлеп жатқа айту, өлеңдерінің идеялық мазмұнын меңгерту

2.Дамытушылық:әр оқушының өзіндік ой - қиялына ерік бере, өзінше о й түюге баулу, шығармашылық жұмыс жасауға жұмылдыру арқылы таным - түсініктерін, сөйлеу мәдениетін дамыту мәнерлеп оқи отырып талдау;
3.Тәрбиелік:ақын өлеңдерін оқи отырып, оқушы дүниетанымын қалыптастыру, адамгершілік қасиеттерді бойға сіңіру
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Білгім келеді. /жаңа сабақ/
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусының қандырған кім?
Өзіне - өзі орнатып ескерткішті
Мұра қып, кейінгіге қалдырған кім?
Абай қазақ халқының рухани көсемдерінің бірі емес, бірегейі. Баршаның мақтан ететін ойшыл да сыршыл данышпанымыз. Ұлы ақын өзі өмір сүрген қоғам келеңсіздіктерін көріп өскендіктен, солардың бәріне де қарсы болып, ел бірлігін аңсады, мәдениетті елдердің қатарына жетуді, азат ел болуды арман етті.

«Көлеңке басын ұзартып...» - Абайдың 1900 ж. жазған философиялық терең мазмұнды өлеңі. 4 тармақты, 6 шумақтан тұрады. Заңғар көкке жол салып, ұясына қонуға бет алған, көкжиекке иек артқан күннің, көлеңке басын ұзартатыны секілді, адам баласының да «тіршілік базарынан оралар шағында» «күңгірт көңіл» шырмауына оралып, «сұрғылт тартқан бейуақпен сырласатын» сәті болады. Ақынның «Алыстан сермеп...» , «Жартасқа бардым, Күнде айғай салдым, Оданда шықты жаңғырық» дегеніндей, көкірек көзі ояу, жан сырын ұғар адамның мүлде аз екеніне күңірене қамыққан, салып еттім деген жолының «қу соқпақ» болғанына налыған, тынысы тарылып, тұйыққа тірелген көңіл-күйі өлеңнің өн бойынан сыз тартып тұрғандай. Тыңдаушысын таппай, «Адасқан күшік секілді. Ұлып жұртқа қайтқан ой» кімді таппақ, кімді иландырмақ. Есік пен төрдей ғұмырдың «не тындырдың» деген сауалына «Ермен шықты, ит қылып, Бидай шашқан егінге», енді менің кінәм не деп ақталады ақын. Ақтала отырып, өз жоғын таба алмаған, өкінішпен өмір кешкен сыңай танытады.

Өлең 7 буынды шалыс ұйқаспен жазылған. Алғаш 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі»атты жинақта жарияланды. Туынды басылымдарында бір ғана текстологиялық өзгеріс кездеседі. Мүрсейіт қолжазбаларында, 1909, 1939, 1954жылғы басылымдарда 6-шумақтың 3-жолы «Жай жүргенді өрт қылып» деп алынса, 1945, 1957, 1977 жылғы жинақтарда бұл жол «Жай жүргенді уерд қылып» болып берілген. Сондай-ақ 1939, 1945 жылғы жинақтарда өлеңнің жазылған кезеңі 1895 ж. деп керсетілген. Туынды ағылшын, қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, татар, тәжік, түрікмен, ұйғыр тілдеріне аударылған.[1]
ІV. Сабақты пысықтау
1. "Кім жылдам " топтық жұмыс/өлең құрылысына талдау/




Үй тапсырмасы:

Өлеңдерден үзінді жаттау

Көлеңке басын ұзартып


Көлеңке басын ұзартып,
Алысты көзден жасырса;
Күнді уақыт қызартып,
Көкжиектен асырса;
Күңгірт көңілім сырласар
Сұрғылт тартқан бейуаққа,
Төмен қарап мұңдасар,
Ой жіберіп әр жаққа.
Өткен өмір – қу соқпақ,
Қыдырады талайды.
Кім алдады, кім тоқпақ
Салды, соны санайды,
Нені тапсаң, оны тап,
Жарамайды керекке.
Өңкей уды жиып ап,
Себеді сорлы жүрекке.
Адасқан күшік секілді
Ұлып жұртқа қайтқан ой
Өкінді, жолың бекінді,
Әуре болма, оны қой.
Ермен шықты, ит қылып,
Бидай шашқан егінге.
Жай жүргенді өрт қылып,
Тыныш өлсеңші тегінде.






Пәні: Абайтану Сыныбы:10 Күні: 15.12.2016 ж.

Сабақтың тақырыбы: Отыз жетінші сөз.
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығына шолу жасай отырып, оқушыларды оның философиялық тұжырымдарымен, отыз жетінші қара сөзімен таныстыру, ой - өрістерін кеңейту, рухани - жан дүниелерін қалыптастыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың мәнерлеп айту, жатқа айту, түсініп, талдау, салыстыру, бағалау дағдыларын дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: мәнерлеп оқу, талдау, жатқа айту, салыстыру, аудару.
Көрнекілік: компьютер, слайдтар, Абай портреті, өлеңдер жинағы,
«қара сөздері», Абай энциклопедиясы.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу, сабақтың мақсатын айту.
ІІІ Жаңа сабақ.
Қызығушылықты арттыру.
Ребус. Шешімі: Отыз жетінші сөз
Морфологиялық талдау жаса.
Үш тілде сөйлет.
Абай – ұлы ақын, ғалым, философ, көркем әдебиеттің темірқазығы.
Абай насихаты – ынтымақшыл, арлы, адал, еңбекқор, иманды, талапты, үлкен жүректі кісі болу. Абай «Жиырма тоғызыншы» қара сөзі арқылы кез - келген нәрсені сол қалпында қабылдай бермей, сын көзбен қарауға, өзіңе керекті нәрсені танып, талғап ала білуге шақырады. Абайдың өз сөзімен айтсақ:
Терең ойдың түбінде теңізі бар,
Тесіле көп қараса, көңіл ұғар.
Бүгін ақынның «Отыз жетінші сөзімен» танысамыз.

ОТЫЗ ЖЕТІНШІ СӨЗ

1. Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес.

2. Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өңі қашады.

3. Хикмет сөздер өзімшіл наданға айтқанда, көңіл уанғаны да болады, өшкені де болады.

4. Кісіге біліміне қарай болыстық қыл; татымсызға қылған болыстық өзі адамды бұзады.

5. Әкесінің баласы - адамның дұшпаны. Адамның баласы -бауырың.

6. Ер артық сұраса да азға разы болады.

Ез аз сұрар, артылтып берсең де разы болмас.

 7. Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамдықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген құлының бірі боласың.

 8. Сократқа у ішкізген, Иоанна Аркті отқа өртеген, Ғайсаны дарға асқан, пайғамбарымызды түйенің жемтігіне көмген кім? Ол – көп, ендеше көпте ақыл жоқ. Ебін тап та, жөнге сал.

9. Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның замандасының бәрі виноват.

10. Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім.

11. Дүниеде жалғыз қалған адам – адамның өлгені. Қапашылықтың бәрі соның басында. Дүниеде бар жаман да көпте, бірақ қызық та, ермек те көпте. Бастапқыға кім шыдайды? Соңғыға кім азбайды?

12. Жамандықты кім көрмейді? Үмітін үзбек – қайратсыздық. Дүниеде ешнәрседе баян жоқ екені рас, жамандық та қайдан баяндап қалады дейсің? Қары қалың, қатты қыстың артынан көгі мол жақсы жаз келмеуші ме еді?

13. Ашулы адамның сөзі аз болса, ыза, қуаты артында болғаны.

14. Қуанбақтық пен бақ – мастықтың үлкені, мыңнан бір кісі-ақ к...н ашпайтұғын ақылы бойында қалады.

15. Егер ісім өнсін десең, ретін тап

16. Биік мансап - биік жартас Ерінбей еңбектеп жылан да шығады,

Екпіндеп ұшып қыран да шығады;

ЖІКШІЛ ел жетпей мақтайды,

Желөкпелер шын деп ойлайды.


17.Дүние - үлкен көл,

Заман - соққан жел,

Алдыңғы толқын - ағалар,

Артқы толқын - інілер,

Кезекпенен өлінер,

Баяғыдай көрінер.

 18.Бақпен асқан патшадан



Мимен асқан қара артық;

Сақалын сатқан кәріден

Еңбегін сатқан бала артық.

 19.Тоқ тіленші - адам сайтаны,



Харекетсіз - сопы монтаны.

 20Жаман дос - көлеңке:



Басыңды күн шалса,

Қашып құтыла алмайсың;

Басыңды бұлт алса,

Іздеп таба алмайсың.

 21.Досы жоқпен сырлас,



Досы көппен сыйлас;

Қайғысыздан сақ бол,

Қайғылыға жақ бол.

 22.Қайратсыз ашу - тұл,



Тұрлаусыз ғашық - тұл,

Шәкіртсіз ғалым - тұл.

 


23.Бағың өскенше тілеуіңді ел де тілейді, өзің де тілейсің, бағың өскен соң - өзің ғана тілейсің

 

Топпен жұмыс.


1) Отыз жетінші қара сөзді оқып, талдайды.
2) Салыстыр.
1. Өзге ақындар шығармаларымен салыстыру.
2. Мақал - мәтелдермен, даналық сөздермен салыстыру.
V Психологиялық сәт. Сергіту.
Көршілерімен дәптерлерін алмастырып, бір - бірінің жазуына баға береді.
Адамның жазуына қарап көп нәрсені білуге болады. Атап айтсақ ,оның мінезін, өзін -өзі бағалауын, эмоционалдылығын білдіреді. Егер жазу үлкен болса, онда ол адамның тез тіл табысқыш, ортада, қандай жер болмасын сөйлесіп кете алатындығын көрсетсе, ал жазу кішкентай болса, онда адамның тұйық мінезді екендігін көрсетеді. Бұрыштап жазылған жазу өзін ғана ойлайтын (эгоист) адамдарға тән, ал түзу жазылғандар кеңпейілді мейірімді адам екендігін көрсетеді. Жазу қатты батырылып жазылса сөзі өтімді, қолында билігі бар адам екендігін білдірсе, күңгірт жазылған жазу әлсіздікті білдіреді екен. Жазуы дұрыс адамдар көбіне асықпайтын, тура мінезді адамдарды білдірсе, ал жазуы нашар адамдар көбіне асыққыш, логикасы дамыған адам екендігін көрсетеді.

Бекіту. Ой толғаныс.
Маған ұнаған жолдар...............
Несімен ұнады?....................

Қорытындылау.

Пәні: Абайтану Сыныбы:10 Күні: 22.12.2016 ж.

Сабақтың тақырыбы: Малға достың мұңы жоқ малдан басқа... 
Сабақтың мақсаты: Ұлы ақын Абай өмірі мен шығармашылығы туралы білетіндерін еске түсіре отырып, шығармаларына талдау жасайды, ойшыл көтерген проблемалар тағылымынан үлгі алады.
Сабақтың әдісі: Түртіп алу
Көрнекілігі: Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған слайдтар жиынтығы
Сабақтың барысы
I. Қызығушылығын ояту
«Малға достың мұңы жоқ малдан басқа...» - Абайдың 1896 жылғы жазған өлеңі.

Әрқайсысы 4 тармақтан тұратын 4 шумақ. Шығармаларындағы басты өзекті тақырып - адамгершілік, ар, намыс мәселесі, сын семсерін сұққан жері - ынсапсыз байлық, өлшеусіз өрескел билік десек, Абай бұл өлеңінде қалтқысыз көңілмен халық мүддесін көздейтін демократтық биік деңгейге көтеріліп, қоғамдық мазмұны аса маңызды шындықтың бет пердесін ашып береді.

Бұл ақын өмірінің белгілі бір кезеңіне ғана тән кемшілік екенін осы туындысы айқын дәлелдейді. Абай енді оларды «жақсы», «жаман» деп бөліп жармай, өз заманындағы барша би болыстарға, байларға арылмастай үкім айтады. Мал жиған адамның дүниеқоңыз, құнсыздығын барынша уытты тілмен, өлтіре әшкерелейді. Байлықтың ондайларға бос күпіл, қайырусыз билік үшін ғана керек екенін ашық айтып, имандылықтан, мейірім-сауаптан ада қалған жандарға жиіркенішін білдіреді. Олар өздері шошқа болған соң, басқа адамдар ит болып көрінетінін ескертеді.

Ақын өз жұртына жаудай тиіп отырған, қоғам денесіндегі осынау жұқпалы дертті шеней отырып, оған қарсы қоятын, мерезді сылып тастайтын күшті де атайды. Ол-адал еңбек, ащы тер. Аштан өлсең де арыңды сатпа деп, адалдыққа, адамгершілікке шақырады.

Абай адамдардың асыл қасиеті байлықта, билікте емес, үш-ақ нәрсе: «ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деп біледі.

Еңбек, сана, мейірім. Бұл - Абайға дейінгі қазақ ақындары осынша өткір, уытты тілмен барынша ашынып айта қоймаған тұжырым.

Туынды 11 буынды қара өлең ұйқасымен жазылған. Алғаш рет 1959 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Абай Құнанбай ұғылының өлеңі» деген жинақта жарияланды. Өлең қарақалпақ, орыс, ұйғыр т.б. тілдерге аударылған.

Малға достың мұңы жоқ малдан басқа
Малға достың мұңы жоқ малдан басқа,
Аларында шара жоқ алдамасқа.
Табысына табынып, қалтаң қағып,
Тойғанынан қалғанын берсе алашқа.

Мал жияды мақтанын білдірмекке,


Көзге шұқып, малменен күйдірмекке.
Өзі шошқа, өзгені ит деп ойлар,
Сорпа сумен, сүйекпен сүйдірмекке.

Ақылды деп, арлы деп, ақпейіл деп


Мақтамайды ешкімді бұл күнде көп.
Осы күнде мал қайда, боқ ішінде,
Алтын алсаң, береді боғынан жеп.

Осыны оқып, ойлай бер, болсаң зерек.


Еңбекті сат, ар сатып неге керек?
Үш ақ нәрсе адамның қасиеті:
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.



Абай Әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Ұлы Мұхтар Әуезов «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен тек қана сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан, білуге ұмытушылықтан, ізденуден жалықпайық.

IV Үйге тапсырма беру: өлеңді жаттау.
V Бағалау
Оқушыларды еңбектеріне қарай бағалау.


Пән аты: Абайтану Сыныбы: 10 Күні, айы:жылы: 29.12.2016 ж.

Сабақтың тақырыбы: Қорытынды тест

Сабақтың мақсаты:1.Оқушылардың Абайтану курсынан тоқсан бойына алған білімдерін тест арқылы анықтау,саралау.

2.Абайды таныту.

3.Абай ілімін ұлттық құндылық ретінде бағалай білуге тәрбиелеу

Сабақтың барысы І.1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Сабақтың мақсатымен таныстыру

3.Тест тапсырмаларын тарату
1. «Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев. Одан асқан бұрын - соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» деген сөздің авторы кім? А) Ш. Құдайбердіұлы;В) А. Байтұрсынұлы; С) С. Сейфуллин;
2. «Орынсызды айтпаған», «Арғы атасы қажы еді», «Тұла бойың ұят, ар едің» өлеңдерін кімге арнады?
А) Оспанға;В) Ақылбайға;С) Әбдірахманға;
3. Ойында жоқ бірінің,Салтыков пен Толстой,
Я тілмаш, я адвокат, Болсам деген бәрінде ой.. Қай өлеңнен?
А) «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»;В) «Интернатта оқып жүр»; С) «Ғылым таппай мақтанба»;
4. Лермонтовтан аударған өлеңін белгіле .А) «Евгений Онегин»;
В) «Шегіртке мен құмырсқа»;С) «Жалау»;
5. Пара беріп, билікке қолы жеткен екі жүзді жемқор болыстың бейнесін «улы сия, ащы тілмен» өлтіре сықақ еткен өлеңін тап. А) «Сабырсыз, арсыз, еріншек»;В) «Түбінде баянды еңбек егін салған»;
С) «Болыс болдым, мінеки».
6. Абайдың өзі шығарған өлең - әндерінің саны қанша?
А) 20 шақты; В) 25 шақты; С) 30 шақты;.
7. Абай Пушкиннің атақты «Евгений Онегин» романын қай жылы аударды? А) 1880; В) 1883; С) 1886;
8. Атадан алтау,Анадан төртеу,
Жалғыздық көрер жерім жоқ. Қай өлеңнен?

А) «Қар болды жаным»;
В) «Бойы бұлғаң»;С) «Сегіз аяқ»;
9. Абайдың руы?А) Найман;В) Керей;С) Тобықты;
10.Абайдың «көкірегі сезімді,көңілі ояу»жастарға үміт артқан өлеңі А) «Өнер,білім бар жұрттар»В) «Баламды медресеге «біл» деп бердім» С) «Ғылым таппай мақтанба»
11. М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы дүние жүзі халықтарының неше тіліне аударылды?А) 101 тілге; В) 105тілге; С) 116 тілге;
12. «Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы - Абайдан»,- деп кім айтты?А) Шәкәрім;В) Ахмет;С) Мұхтар; 13. Абай оқыған медресе?А) Ахмет - Риза медресесі;В) Медресе Мухаммадия; С) Медресе Рахманқұли;;
14. Абайдың қанша поэмасы бар? А) 2;В) 3;С) 4;
15. Самородный сары алтын,
Саудасыз берсең, алмайды
Саудыраған жезіне.
Саудырсыз сары қамқаны
Садаға кеткір сұрайды,
Самарқанның бөзіне.
Көркемдік тәсілдің қандай түрі қолданылған?

А) Ассонанс;В) Аллитерация;С) Шендестіру;
16. Еуропаға белгілі қанқұйлы қолбасшының өмірі жайлы аңыздар негізінде жазылған поэмасын көрсет.
А) «Ескендір»;В) «Масғұт»;С) «Әзім әңгімесі»;
17.
Абай: «Сен соғымыңа бір ту бие ал, мен енді өлеңімді өзіме алайын», - деп кімге айтты?
А) Барлас;В) Байкөкше;С) Көкпай;
18.Абай:«Қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар»,- деп нешінші қара сөзінде жазды? А) 2;В)4;С) 29 19.. Абайдың табиғат тақырыбындағы тұңғыш өлеңін белгіле.
А) «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай»;В) «Жаз»;С) «Қыс»;
20. Абайдың сүйікті ұлы Әбдірахман қай жылы қайтыс болды?
А) 1891ж.;В) 1893ж.;С) 1895ж.;
21. Абай Лермонтовтан жалпы саны қанша шығарма аударған?
А) 17;В) 21;С)) 27.
22. Абайдың алғашқы өлеңдер жинағы қай жылы, қай жерде басылып шықты?А) 1896ж. Қазан;В) 1898ж. Орынбор;С) 1909ж. Петербург.
23. Медреседе діни уағыздармен шектеліп қалмай, қандай тілдерді игерді? А) Араб, парсы, түркі;С) Араб, парсы, түркімен; Д) Араб, парсы, өзбек;
24. Абайдың халық арасына сіңіп кеткен мақалын белгіле.
А) «Атың шықпаса, жер өрте»;В) «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»;С) «Алтын көрсе, періште жолдан таяды»;».
25. Әннің де естісі бар, есері бар,
Тыңдаушының құлағын кесері бар. Қай өлеңнен
?
А) «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа»;
В) «Әбдірахманның әйелі Мағышқа»;
С) «Айттым сәлем, қалам қас»;



Тест тапсырмаларын жинау, бағалау

Пәні: Абайтану Сыныбы:10 Күні: 12.01.2017 ж.

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев Мәз болады болысың»өлеңі
Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға Абай өлеңдерін терең меңгерту, мәнерлеп жатқа айту, өлеңдерінің идеялық мазмұнын меңгерту

2.Дамытушылық:әр оқушының өзіндік ой - қиялына ерік бере, өзінше о й түюге баулу, шығармашылық жұмыс жасауға жұмылдыру арқылы таным - түсініктерін, сөйлеу мәдениетін дамыту мәнерлеп оқи отырып талдау;
3.Тәрбиелік:ақын өлеңдерін оқи отырып, оқушы дүниетанымын қалыптастыру, адамгершілік қасиеттерді бойға сіңіру
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Білгім келеді. /жаңа сабақ/
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусының қандырған кім?
Өзіне - өзі орнатып ескерткішті
Мұра қып, кейінгіге қалдырған кім?
Абай қазақ халқының рухани көсемдерінің бірі емес, бірегейі. Баршаның мақтан ететін ойшыл да сыршыл данышпанымыз. Ұлы ақын өзі өмір сүрген қоғам келеңсіздіктерін көріп өскендіктен, солардың бәріне де қарсы болып, ел бірлігін аңсады, мәдениетті елдердің қатарына жетуді, азат ел болуды арман етті.


«Мәз болады болысың» өлеңі
2. Өлеңді мәнерлеп оқу. /әр топтан 1 оқушыдан/.
3. Өлеңде не жайында айтылған? Не түсіндік?

 Абай атамыздың 1889 жылы жазған өлеңі.



Әрқайсысы 4 тармақты 12 шумақтан тұрады. Мазмұны, мәні жағынан ақынның "Болыс болдым мінекей..." шығармасымен үндес, сарындас. Өлеңде болыс болған қазақтың мінез-құлқы үшінші жақтан суреттеледі. Ақын болыстың қолымен жасаған нақты ісін ғана емес, сонымен қатар оның көп сырын бүгіп, бүркіп жатқан ішін де ашып керсете отырып, адам мінезін ашудың ұтқыр да, ұтымды тәсілін шебер пайдаланады. Ұлық арқаға қақса, мәз болып, иығына шекпен жапса, шат болып, әр жерде жоқты-барды шатып, күпініп, қампайып, шалқып жүрген болыс әлдебір қуанышы үшін үй-ішін, ауыл-аймағын түгел өурелеп, әбігерге түсіреді. Ол ісі оңға басса, күлмеңдеп, өлең қағып, көзін аспанға еліртіп әурелеңіп-ақ қалады, қасқайып, мақтанға салынады, бас пайдасы, құлқының қамы үшін біреулерді қақпанға түсіруді ойлайды, оның жені келіп ел ішінен бір дәмдіні татып, өңеші майлана қалса, қолын шапалақтап жас баладай қуанады.

Болыстың ісі әлгіндей болып суреттелгенде, оның қуанышының түрі мынадай түрде айшықталады. Ақын болыстың ісі мен ішін бірде жарыстырып, бірде даралап әрі саралап көрсетіп алған соң, оны өз тарапынан бағалауға ауысады. Болыстың жаман қылықтарын оқырмандарының көз алдына көлденең тартады да, ақын ойлы жанға болыстан да, оның ықпалынан да алыс болуға кеңес береді. «Миың болса, жолама, Бос желіғіп шапқанға» дей келіп, жамандықтан қашқанның жаман болмайтынына меңзейді. Өлеңнің соңында өзіне-өзі мәз болып, өз буына өзі піскен надан болыстың өзге түгіл, өзінің табан жолына да жарығын түсіре алмайтын қараңғылығына, оның ісініңде, өзініңде баянсыз, опасыздығына білім нұры, ғылым жарығы қарама-қарсы қойылады.

Өлең шалыс ұйқасты үлгіде жазылған. Алғаш 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Басылымдарында аздаған текстологиялық өзгерістер кездеседі. 1933 жылғы жинақта 10-шумақтың З-жолы «Өлең қағып желбірер», 1939 жылғы басылымда «Өлең қағып елірер» болса, кейінгі жинақтарда бұл жол Мүрсейіт қолжазбалары негізінде «Өлең қағып елбірер» делінген. Мүрсейіт қолжазбаларында 5-шумақтың 4-жолы «Бір тәттіні татқанға» деп алынса, жинақтарда 1909 жылғы басылым негізінде «Бір дәмдіні татқанға» деп берілген.

Туынды қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, үйғыр т. б. тілдерге аударылған.

ІV. Сабақты пысықтау
1. "Кім жылдам " топтық жұмыс/өлең құрылысына талдау/






Үй тапсырмасы:

Өлеңдерден үзінді жаттау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет