Сабақтың тақырыбы: Кіріспе Сабақтың мақсаты



бет5/7
Дата07.11.2019
өлшемі200.21 Kb.
#447396
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
10-с.Абайтану сабагы Office Word (3)

а)Психологиялық тренин

(оқушылар жасыл,сары,көк түсті қағаздарды өздері таңдап алады.Сабақтың соңында әр түстің қандай көңіл-күйді білдіретінін атап өтіледі)

ә)Н.Ә.Назарбаевтың Абай жайлы айтқан сөзінің мағынасын ашу.

    Абай-біздің ұлттық ұранымыз болу керек.Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз,қазақ халқын танытамыз.Менің балаларым мен ертеңгі ұрпақтарыма  Абайдан артық,Абайдан ұлы,Абайдан киелі ұғым болмауға тиіс.

   Жаңа сабақ Он бірінші қарасөзі

а)аудио үн таспадан тыңдатып,мазмұнын меңгерту

   «Зерттеймін мен, зерделеймін әр ойды»



Мәтін мазмұны бойынша түсінік айту

«Абайды оқығанмен қара сөзін,сол кезде пайда болған маған сезім»

(Бүгінгі күнмен байланыстыру.)

-Сызба,кесте түрінде келтіру

-Мақал-мәтелдер,нақыл сөздер қолдануға болады.

  1. Қорытынды

Сонымен, ұлы кемеңгер, ойшыл Абай ақынның сөздері халқы үшін, халқының пайдасы үшін жазылған мол мұра боп, кейінгі ұрпағына адасқанда жол сілтер, шөліркесе сусын болар мәңгі өлмес, өміршең дүниелер боп, ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып келеді.

Ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» деп, кейінгілерге қалдырған өнегелі сөзінің өзінен көп сырды аңғаруға болады.

Абай шығармаларын оқып, қажетімізге жаратсақ, ол біздің ақын рухына деген құрметіміз болмақ.

 VІІ.Бағалау



Пәні: Абайтану Сыныбы:10 Күні: 02.03.2017 ж.

Сабақ тақырыбы Абай Құнанбаев «Адасқанның алды — жөн, арты — соқпақ» өлеңі 
Сабақтың мақсаты : Абайдың заман, адам туралы, жақсы мен жаман ,адал мен арам туралы ойларын білім, ақыл жайындағы адамгершілік нысана тұрғысы биігінен баяндаған өлеңінің мағынасын түсіндіру,адал мен арамның, жақсы мен жаманның парқын ақыл ғана айыра алатындығын ұқтыру
Әлеуметтік өмірдің шынайы суреттеріне сыни көзқараспен қарау, өзіндік пікір айта алу, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.

Күтілетін нәтиже : Шығармашылықпен жұмыс жасап, көркем шығармаға талдау жасайды;
Ізденіс арқылы оқушының ғылыми-зерттеушілік қабілеті артады. ;
Дереккөздері : «Абай» энциклопедиясы,Қ.Мұқамедханов «Абай мұрагерлері», ғаламтор желісінен ақпараттар.
Ресурстар :Сабақ презентациясы, топтық тапсырмалар,маркер, постер, prezi бағдарламасы.
Оқыту әдістері Топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыс.
Сабақ барысы

Ұйымдастыру, жағымды көңіл-күй туғызу. «Шаңырақ» тренингі
Әр оқушы Абай шығармашылығынан 2 тармақ өлең айтады.
Лента түстері бойынша топқа бөлінеді. - Көңілді музыка тыңдау.
- Психологиялық жаттығулар.
- Поэзия сәті
Өтілетін тақырыпқа сай, сараланып алынады. Ақын шығармаларын еске түсіреді. Жағымды психологиялық ахуал орнайды.
Ой қозғау
Ақын тұлғасы / топтастыру/

Мағынаны тану

«Адасқанның алды жөн, арты соқпақ...» - Абайдың 1886 ж. жазған өлеңі. Көлемі әрқайсысы 4 тармақтан тұратын 7 шумақ. Бұл Абайдың өлеңді өндіре жазып, ақындық шеберлігін әр қырынан көрсете бастаған кезеңі. Ол енді тақырып ауқымын кеңейтіп, әлеумметтік маңызды мәселелерді қозғайтын, оған өз қатынасын сыншылдық деңгейден айқын айта алатын биікке көтерілген. Бұл тұста ақын даусы ашық та ащы, тілі өткір, айтпақ ойы салмақты. Ол - бүкіл халық мүддесін ойлайтын, оның барар бағытын бағдарлайтын, күнделікті өмірде аяққа тұсау болып, кері кеткен кеселдерді көзге шұқып көрсетіп отыратын әділ қазы.. Ақын бұл өлеңінде ел адымын аштырмай отырған кеселді қырсықтың тағы да бір қырын аңғартады. Ол «кедейдің кеселінен сақта» дегендей, жаппай етек алған жалқаулық, бойкүйездік. Абай өлең тілінде алғаш рет «кедей қайдан шығады!?» деген тақырыпты қозғайды да, оның басты себебі - жалқаулық екенін дәлелдейді. Бірақ бұл тұжырымын бірден айтпай, алдымен қазақ аулындағы «сырын түземей, сыртын түзеп» жүрген, кер жалқау сидаң жігіттердің керемет көркем тұлғасын жасайды. Олардың киген киімі, жүріс-тұрысы, бет құбылысы, сөйлеген сөзі қаз-қалпында, күлкілі кейіпте көз алдыңа келеді. Кәдімгі бос қалжыңға, мағынасыз ыржыңға бой алдырған берекесіз, еңбекке қырсыз адамның күйкі келбеті. Және тап осындай «керегеге сабау шаншып, бөркін ілген, бет-аузын мың құбылтқан, қу борбай жылпостың» өзі. Ал мұндай адам еңбекке қырсыз, сонда ол қайтіп мал таппақ. Абай алғаш рет жалқау кедейді сынау арқылы кедейліктің сырын ашады. «Жалғыз атын терлетіп, ел қыдырған» әлгі қырсыздарды шеней отырып, үлкен әлеуметтік кеселді көрсетіп береді. Адасқанына қарамай алдым жөн деп, артында көмескі соқпақ қалдырып, бүкіл қоғамға зардабын тигізетін зиянды құбылысты бар болмысымен әшкерелейді. Туынды 11 буынды қара өлең ұйқасымен жазылған. Тілі зәрлі, зілді. Әсіресе, қоразданған бос кеуде жатып ішерлердің тұлғасын жасайтын жолдары ерекше айшықты. Алғаш рет 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Қунанбайұлының өлеңі» деген жинақта жарияланған.. Өлең қарақалпақ, қырғыз, орыс, ұйғыр т. б. тілдерге аударылған.[1]


Адасқанның алды — жөн, арты — соқпақ,
Оларға жөн арамның сөзін ұқпақ.
Қас маңғаз малға бөккен кісімсініп,
Әсте жоқ кеселді істен биттей қорықпақ.

Бір аршопке шапаны сондай шап-шақ,
Мүшесінен буынып, басады алшақ.
Қарсы алдына жымырып келтірем деп,
Ақ тымақтың құлағы салтақ-салтақ.

Жаздыкүні ақ бөркі бүктелмейді-ақ,
Қолында бір сабау бар о-дағы аппақ,
Керегеге сабауды шаншып қойып,
Бөркін іліп, қарайды жалтақ-жалтақ.

Қу шалбар қулығына болған айғақ,
Тізесін созғылайды қалталанса-ақ.
Ұстаудағы кісідей мезгілі бар,
Күні бойы шешініп, бір т...-ақ.

Тірі жанға құрбы боп жап-жасында-ақ,
Қалжыңдамақ, қасынбақ, ыржаңдамақ,
Бет-аузын сөз сөйлерде жүз құбылтып,
Қас кермек, мойын бұрмақ, қоразданбақ.

Осындай сидаң жігіт елде мол-ақ,
Бәрі де шаруаға келеді олақ.
Сырын түзер біреу жоқ, сыртын түзеп,
Бар өнері — қу борбай, сымпыс шолақ.

Олардың жоқ ойында малын бақпақ,
Адал еңбек, мал таппақ, жұртқа жақпақ.
Жалғыз атын терлетіп, ел қыдырып,
Сәлемдеспей, алыстан ыржаң қақпақ.


Сабақты бекіту Өлеңге сатылай кешенді талдау жасату
Сабақты қорытындылау

Пәні: Абайтану Сыныбы:10 Күні: 09.03.2017 ж.

Сабақ тақырыбы Абай Құнанбаев «Байлар жүр жиған малын қорғалатып» өлеңі

Сабақтың мақсаты : Абай өлеңдерінің мағынасын түсіндіру,адал мен арамның, жақсы мен жаманның парқын ақыл ғана айыра алатындығын ұқтыру
Әлеуметтік өмірдің шынайы суреттеріне сыни көзқараспен қарау, өзіндік пікір айта алу, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.

Күтілетін нәтиже : Шығармашылықпен жұмыс жасап, көркем шығармаға талдау жасайды;
Ізденіс арқылы оқушының ғылыми-зерттеушілік қабілеті артады. ;
Дереккөздері : «Абай» энциклопедиясы,Қ.Мұқамедханов «Абай мұрагерлері», ғаламтор желісінен ақпараттар.
Ресурстар :Сабақ презентациясы, топтық тапсырмалар,маркер, постер, prezi бағдарламасы.
Оқыту әдістері Топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыс.
Сабақ барысы

Ұйымдастыру, жағымды көңіл-күй туғызу. «Шаңырақ» тренингі
Әр оқушы Абай шығармашылығынан 2 тармақ өлең айтады.
Лента түстері бойынша топқа бөлінеді. - Көңілді музыка тыңдау.
- Психологиялық жаттығулар.
- Поэзия сәті
Өтілетін тақырыпқа сай, сараланып алынады. Ақын шығармаларын еске түсіреді. Жағымды психологиялық ахуал орнайды.
Ой қозғау
Ақын тұлғасы / топтастыру/

Мағынаны тану

«Байлар жүр жиған малын қорғалатып...» - Абайдың 1886 ж. жазған өлеңі. Көлемі 18 жол. Өлеңде ақын мал қадірін білген байларға іш тартып, аяныш сезім білдірген. Елдегі қу, сұм, пысықтар байға тыныштық бермейді, жаудай талайды. «Бұл жұртты құдай атты», бай жүз малының онын берсе, оны місе тұтпай қалған тоқсанын да алғысы келеді. Бай байғұс бермесе, қу, сұмдар бұтып-шатып арыз жазып жоғарыға шабады, қайтып келіп, «құртатын болдым» деп қоқан-лоққы көрсетеді. Бай малын қорғаласа, «қорықты» деп қыжыңдай түседі. Енді жоғарыға бай шабады дейді. Ақын ойын «күшті жықпақ, бай жеңбек» деп түйіндейді. «Бай жақсы батырдан да, биліктен де, бай бұзар қалың топты киліккенде» деген пікірді тірілтіп қуаттайды, бай табының болашағынан үміт үзбейді: «Жаны аяулы жақсыға қосамын деп, әркім бір ит сақтап жүр ырылдатып» деп, «Заманың түлкі болса, тазы боп шал» деген ақыл-өсиетті ескеріп жүргендерді байлардың балағына жармасар итке теңейді. Шығарма қазақтың 11 буынды қара өлеңі үлгісімен жазылған. Алғашқы 8 жолы дәстүрлі қара өлең ұйқасымен, соңғы 10 жол аралас ұйқаспен өрнектелген. Түңғыш рет 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Өлең негізгі жинақтарының бәрінде басылған. Өлең орыс, өзбек, тәжік, түрікмен, қырғыз, татар, қарақалпақ, ұйғыр тілдеріне аударылған

Байлар жүр жиған малын қорғалатып

 

Байлар жүр жиған малын қорғалатып



Өз жүзін онын беріп алар сатып, 

Онын алып, тоқсаннан дәме қылып, 

Бұл жұртты қойған жоқ па құдай атып.
Барып келсе Ертістің суын татып, 

Беріп келсе бір арыз бұтып-шатып, 

Елді алып, Еділді алып есіреді, 

Iсіп-кеуіп, қабарып келе жатып. 
Әрі-бері айналса аты арықтап, 

Шығынға белшесінен әбден батып. 

Сұм-сұрқия, қу, білгіш атанбаққа, 

Құдай құмар қылыпты қалжыратып. 
Қорғаласа, қорықты деп қоймаған соң, 

Шаптырады қалаға бай да андатып. 

Күшті жықпақ, бай жеңбек әуел бастан, 

Қолға түсер сілесі әбден қатып. 
Жаны аяулы жақсыға қосамын деп, 

Әркім бір ит сақтап жүр ырылдатып.


Сабақты бекіту Өлеңге сатылай кешенді талдау жасату
Сабақты қорытындылау

Пән аты: Абайтану Сыныбы: 10 Күні, айы:жылы: 16.03.2017ж.

Сабақтың тақырыбы: Қорытынды тест

Сабақтың мақсаты:1.Оқушылардың Абайтану курсынан тоқсан бойына алған білімдерін тест арқылы анықтау,саралау.

2.Абайды таныту.

3.Абай ілімін ұлттық құндылық ретінде бағалай білуге тәрбиелеу

Сабақтың барысы І.1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Сабақтың мақсатымен таныстыру

3.Тест тапсырмаларын тарату
1.Абай Құнанбаевтың жалпы қанша қара сөзі бар? А.45  Б. 42 Д. 32 Г. 44 В. 41  

  2. Ұлы ақын Абайдың музейі қайда орналасқан? А.Семейде Б.Петропавлда В.Ленгірде  Г.Шымкентте

3.Абайдың қай қара сөзінде халықты бірлікке , ынтымаққа шақырған?

А6 ә  4 б 3 в 7

4.Абайдың отыз бірінші сөзінде «Естілген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - …… ……. , екінші –сол нәрсені естігенде, я көргенде ғибратлану керек;

Мына жауаптардан бірінші себепті көрсетіңіз.А.көкірекке байлаулы берік болу керек Ә Айтқан нәрсені жазып алу керекБ. Сол нәрсені елестетіп көру керек.

В. сол нәрсеге құмарлық болу керек.

5.Абайдың баласының аты- А. МағауияӘ. Әбубәкір Б. Шоқан

В. Ыбырай Г.Тұрар

6.Мына үзінді «Біреулер құдайдан бала тілейді. Ол баланы не қылады? Өлсем орнымды  бассын дейді, артымнын құран оқысын дейді...» Абайдың нешінші  қара сөзінен  алынған?» а. оныншы сөзі ә. Үшінші

б. Он екінші г. бірінші

7..Абайдың он жетінші қара сөзінде  қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп … жүгініпті. А Болысқа Ә.ғылымға

Б. Биге Г. Данышпанға.

8. Абайдың жиырма бірінші қарасөзінде мақтаншақтыққа неше түрлі себеп береді?А. Екі түрлі Б. Ешқандай себеп бермеген Д. Бес түрлі

Г. Төрт түрлі

9. Нешінші қарасөз диологқа құрылған? А. жиырма жетінші

Ә.жиырмасыншы Б. Бірінші В. алтыншы

10. «Ата-Анадан мал тәтті, алтынды үйден жан тәтті» деген мақалда не жайлы айтылған? А. Арсыздық

ә. Көрсеқызарлық б. Дуаналық в.зұлымдық

11. Абайдың қарасөздерінде көбінесе қай тіл басымырақ?

А.арабша Ә. Парсы тілі Б. Орыс тілі В. барлығы қазақ тілде Г. өзбек тілі

12. Нешінші қарасөзінде жүректің . бес парызды орындау керек жайында шер таратқан? А. 14-шіӘ. 19-шы В. 9-шы Б. 16-шыГ. 40-шы

13. Он бесінші қарсөзде не жайлы айтылған?А. ақылдылық пен ақылсыздық жайлы Ә. мешітке бару, ораза тұтуВ. Айлакершілік жайлыБ. Құмарлық пен қанағатсыздық жайлы Г. білімділік  жайлы

14 Он жетінші қарасөзінде не туралы  айтылған?А. Қайрат, ақыл, жүрек

Ә. Ақыл, ғылым,  білім Б. Парасат, ғылымВ. білімділік  жайлы

Г. білімділік  жайлы

15. «Адам баласына жыртықсыз, кірсіз, сыпайы киініп, һәм ол  киімін былғап, былжыратып кимей , таза кимек- дұрыс іс. »… қай қарасөзден алынған?

А. 18-ші Ә. 17-ші Б.6-шы В. 4-ші Г. 1-ші

16. Он тоғызыншы сөзде не жайлы айтылған? А. ата-анадан туған бала жайындаӘ. Ақыл мен қайраттық жайындаБ. Тағдырдың жарлығы жайындаВ. достық пен дұшпандық жайындаГ. жамандық жайында

17 Ұлы Абай ақындығымен қатар қандай философиялық нақыл сөздерін жазды? А. «Ғақлия» Ә. 45-ші қарасөз В. «Көзімнің қарасы Д. «Татьяна хаттары  Г. «Сегіз аяқ

18. «Шегіртке мен құмырсқа » мысалын ұлы ақын кімнен аударды?

А. КрыловтанБ. Лермонтовтан В. Пушкиннен Д. Гогольдан Г. Потаниннен

19. А.Құнанбаевты әлем деңгейіне дейін танытқан тұлға? А. М.Әуезов Б. М.ШахановВ. Ы.АлтынсаринГ. М.Дулатов Д. Ә.Нүрпейісов

20. 1904 жылы Абайды ұлы өмірден озғаннан соң , ақын ауыр  қайғыны көтере алмай …. не болды?А. өзі де көз жұмадыБ. Жер ұйық іздеп кетіп қаладыВ. елден безедіГ. ақындықтан бас тартады Д. Еш нәрсе болмайды

21. Абайдың мына сөзі қаншасыншы қарасөзінде жазылған: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды» ?

А. 9-шы Ә. 10-шы Б. 11-шы В. 12-ші Г. 4-ші

22. Ақынның әнімен тараған өлеңі қайсы?

А. Көзімнің қарасы Ә. Вадим Б. Жаз В.Күз Г. Сегіз аяқ

23. Абайдың «Жазғытұры» өлеңі қай жылы жарық көреді

А. 1890 Ә. 1891 В. 1893 Г. 1896 Д. 1895

24. «Мың бір түн» ертегісінен алынған бір уақиғаның өлеңмен жазылған түрі. Ақынның қай поэмасы?

А. Әзім әңгімесі Ә. Масғұт Б. Ескендір В. Кім жазықты Г. Бородино

25. «Адам баласына жыртықсыз, кірсіз, сыпайы киініп, һәм ол  киімін былғап, былжыратып кимей , таза кимек- дұрыс іс. »… қай қарасөзден алынған?

А. 18-ш і Ә. 17-ші Б.6-шы В. 4-ші Г. 1-ші

Тест тапсырмаларын жинап алу, тексеру,бағалау

Пән аты: Абайтану Сыныбы: 10 Күні, айы:жылы: 06.04.2017ж.

Сабақтың тақырыбы: Абай. «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңі

Сабақтың мақсаты: Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу.

Табыс критерийлері:

1. Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен танысу.

2. Өлеңді түсініп оқу, өлеңнің негізгі идеясын ашу.

Күтілетін нәтиже: Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармаларымен таныстым, өлеңді түсініп, мәнерлеп оқи аламын.

Түрі: танымдық сабақ.

Әдіс – тәсілдер: «Ыстық орындық» әдісі, диалог құру, «Өлеңді жалғастыр», ВЕНН диаграммасы. «Өкіл жаттығуы»

Көрнекіліктері: АКТ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. «Алма, алмұрт, өрік» жаттығуы.

Шаттық шеңберін құру. Оқушыларды алма, алмұрт, өрік етіп бөліп шығу. Шеңберде тұрып «орныңды тап» ойынын ойнау.

Жаңа сабақ: (Тақтаға немесе интерактивті тақтаға сабақ тақырыбы жазылады.)

«Сабырсыз, арсыз, еріншек...» - Абайдың 1887 ж. жазған сатиралық өлеңі. Туындының тармақ саны біркелкі емес, көлемі 85 жол. Абайдың ел билігіне араласып, әділ төреші болуға, нашарлардың жоғын жоқтауға күш салып жүрген тұсында, неше түрлі зорлық-зомбылықты, мейірімсіздік пен әділетсіздікті т. б. кесір-кесапатты әшкерелеп жазған сықақ елеңдерінің қатарынан бұл туынды көрнекті орын алады. Ақын өз заманындағы ел билеген зорлықшыл жуандарға арқа сүйеп, солардың қол шоқпарына айналып, елдің тынышын алатын, бірді-бірге айдап салып, бүлік туғызып жүрген содырлы сойқандар мен қазан бұзар тасырларды шенейді. Адамгершілік қасиеттен ада болған мұндай жексұрындардың кәсібі ұрлық екенін, ол болмаса, ел кезіп, көрінгенге көзін, арындатып, тамақ асырайтынын, жоқ жерден ілік тауып, дау-жанжал туғызатынын, қалаға шауып жалған жала тоғытатынын, енді бірде ел шабамын деп қоқан-лоққы жасайтынын дөп басады. Мұңөндай адамдардың тыныш жұрттың тұнығын лайлап, жүрген жеріне лаң салып жүретіндерін, сонымен бірге іші тар, өздері күншіл келетінін, біреудің бақ -дәулетін көре алмай, пасық қаскөйлігін қатар жұмсап жүретіндігін баса айтады. Өлең

7-8 буынмен жазылған, дәстүрлі шумаққа бөлінбей, біріне-бірі жалғаса, шұбыртпалы ұйқаспен тізбектеле ұласып, екі-үш тармақтан кейін қайта тоғысып отырады. Түр жағынан алғанда ауыз әдебиетіндегі толғау дәстүріне ұқсап кететін де белгілері бар. Бірақ тұспалы, негізгі сөз арқауынан ауытқу жоқ, айтайын деген ойы айқын да нақты. Туынды алғаш рет 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланды.Өлең башқұрт, қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, татар, тәжік, түрікмен, ұйғыр тілдеріне аударылған.

Сабырсыз, арсыз, еріншек

Сабырсыз, арсыз, еріншек,

Көрсеқызар жалмауыз,

Сорлы қазақ сол үшін

Алты бақан, алауыз.

Өзін - өзі күндейді,

Жақынын жалған міндейді,

Ол – арсыздық белгісі.

Ұятсынбай, ойланбай,

Қой дегенге тіл алмай,

Іс қылмай ма ол кісі?

Бір - ақ секіріп шығам деп,

Бір - ақ қарғып түсем деп,

Мертігеді, жатады.

Ұрлықпен мал табам деп,

Егессе ауыл шабам деп,

Сүйтіп құдай атады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет