Пәні: Абайтану Сыныбы:10 Күні: 19.01.2017 ж.
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Түбінде баянды еңбек, егін салған»өлеңі
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларға Абай өлеңдерін терең меңгерту, мәнерлеп жатқа айту, өлеңдерінің идеялық мазмұнын меңгерту
2.Дамытушылық:әр оқушының өзіндік ой - қиялына ерік бере, өзінше о й түюге баулу, шығармашылық жұмыс жасауға жұмылдыру арқылы таным - түсініктерін, сөйлеу мәдениетін дамыту мәнерлеп оқи отырып талдау;
3.Тәрбиелік:ақын өлеңдерін оқи отырып, оқушы дүниетанымын қалыптастыру, адамгершілік қасиеттерді бойға сіңіру
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Білгім келеді. /жаңа сабақ/
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусының қандырған кім?
Өзіне - өзі орнатып ескерткішті
Мұра қып, кейінгіге қалдырған кім?
Абай қазақ халқының рухани көсемдерінің бірі емес, бірегейі. Баршаның мақтан ететін ойшыл да сыршыл данышпанымыз. Ұлы ақын өзі өмір сүрген қоғам келеңсіздіктерін көріп өскендіктен, солардың бәріне де қарсы болып, ел бірлігін аңсады, мәдениетті елдердің қатарына жетуді, азат ел болуды арман етті.
Көлемі 4 жол.
Өлеңді 1940 жылы Қ. Мұқаметханов Семейде тұратын Ташмұхамбет деген қариядан жазып алған. Абай өлеңінде «Би болған, болыс болған өнер емес» деу арқылы мансап армандамай, мақсат қууды уағыздайды. Жасынан оқу оқып, білім алған адам ғана ұлтының ұлы болатындығын айтып, жас ұрпақтың өмірлік мақсаты осы екенін ескертеді.
Өлең 11 буынды қара өлең үлгісінде жазылған. Алғаш рет ақынның 1945 жылы жарық көрген толық жинағында жарияланды.
Басылымдарында текстологиялық өзгерістер кездеспейді.
Туынды қарақалпақ, орыстағы басқа тілдерге аударылған.
ІV. Сабақты пысықтау
1. "Кім жылдам " топтық жұмыс/өлең құрылысына талдау/
Түбінде баянды еңбек егін салған,
Жасынан оқу оқып, білім алған.
Би болған, болыс болған өнер емес,
Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған.
Пәні: Абайтану Сыныбы:10 Күні: 26.01.2017 ж.
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларға Абай өлеңдерін терең меңгерту, мәнерлеп жатқа айту, өлеңдерінің идеялық мазмұнын меңгерту
2.Дамытушылық:әр оқушының өзіндік ой - қиялына ерік бере, өзінше о й түюге баулу, шығармашылық жұмыс жасауға жұмылдыру арқылы таным - түсініктерін, сөйлеу мәдениетін дамыту мәнерлеп оқи отырып талдау;
3.Тәрбиелік:ақын өлеңдерін оқи отырып, оқушы дүниетанымын қалыптастыру, адамгершілік қасиеттерді бойға сіңіру
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Білгім келеді. /жаңа сабақ/
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусының қандырған кім?
Өзіне - өзі орнатып ескерткішті
Мұра қып, кейінгіге қалдырған кім?
Абай қазақ халқының рухани көсемдерінің бірі емес, бірегейі. Баршаның мақтан ететін ойшыл да сыршыл данышпанымыз. Ұлы ақын өзі өмір сүрген қоғам келеңсіздіктерін көріп өскендіктен, солардың бәріне де қарсы болып, ел бірлігін аңсады, мәдениетті елдердің қатарына жетуді, азат ел болуды арман етті.
Жаңа сабақ «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» өлеңі
Топтық тапсырма
Өлеңді үш топқа бөліп беру.Тапсырма: Үзіндіні оқып,ақынның айтайын деген ойын анықтау,ашу,талдау
ІV. Сабақты пысықтау
1. "Кім жылдам " топтық жұмыс/өлең құрылысына талдау/
1-топқа
Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да,
Алдамаған кім қалды тірі жанда?
алыс-жақын қазақтың бәрін көрдім,
Жалғыз-жарым болмаса анда-санда.
2-топқа
Пайда үшін біреу жолдас бүгін таңда,
Ол тұрмас бастан жыға қисайғанда.
Мұнан бұрын қай жерім аяулы деп,
Бірге тұрып қалады кім майданда?!
Абай Құнанбай
Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да,
Алдамаған кім қалды тірі жанда?
алыс-жақын қазақтың бәрін көрдім,
Жалғыз-жарым болмаса анда-санда.
Пайда үшін біреу жолдас бүгін таңда,
Ол тұрмас бастан жыға қисайғанда.
Мұнан бұрын қай жерім аяулы деп,
Бірге тұрып қалады кім майданда?!
Ендігі жұрттың сөзі-ұрлық-қарлық,
саналы жан көрмедім сөзді ұғарлық.
Осы күнде,осы елде дәнеме жоқ,
мейір қанып, мәз болып қуанарлық.
Байлар да мал қызығын біле алмай жүр,
жаз жіберіп, күз атын міне алмай жүр.
Сабылтып, күнде ұрлатып,із жоғалтып,
ізәменен ыржиып күле алмай жүр.
Сәудәгер тыныштық сауда қыла алмай жүр,
Қолдан беріп, қор болып ала алмай жүр.
Ел аулақта күш айтқан, топта танған
Әрсіз жұрттан көңілі тына алмай жүр.
естілер де існе қуанбай жүр,
ел азды деп надандар мұңаймай жүр.
ала жылан, аш бақа күпілдектер
кісі екен деп ұлықтан ұялмай жүр.
Достарыңызбен бөлісу: |