Сабақтың тақырыбы: Кіріспе Сабақтың мақсаты


-сынып. Дүние жүзі тарихы



бет3/4
Дата11.06.2016
өлшемі415.5 Kb.
#127754
түріСабақ
1   2   3   4

8-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §16. ХІХ ғасырдың ортасы мен ХХ ғасырдың басындағы Англияның саяси-экономикалық дамуы. /2 сағат/

Сабақтың мақсаты:


  • ХІХ ғасырдың ортасы мен ХХ ғасырдың басындағы Англияның саяси-экономикалық дамуына сипаттама беріп елдегі негізгі партиялар мен саяси топтардың және парламенттік реформалардың мәнін ашып көрсету. Оқушылардың назарын «Британ империясы» деген атау алған сыртқы саясатына аудару.

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Әдісі:интерактивті

Көрнекілігі:сұлба, сызбалар, карталар

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар».

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  • ХІХ ғ. І жартысында Англияның экономикалық дамуының негізгі белгілерін атаңдар.

  • Чартистік қозғалыстың жеңілуінің себебі неде?

  • ХІХ ғ. 50-60 жылдары не себепті Англия « дүниежүзілік шеберхана» аталды?

  • Не себепті Англияның билеуші топтары реформа жолына түсті?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Саяси партиялар

  2. ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы парламенттік реформалар.

  3. Англияның экономикалық дамуының ерекшелігі.

  4. Англияның сыртқы саясаты.

  5. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Англия

ІҮ. Сабақтың бекіту:

  1. ХІХ ғасыр ортасындағы Англияның саяси партияларын атаңдар.

  2. У.Гладстон мен Б.Дизраэлидің парламенттік реформаларын салыстырыңдар.

  3. ХІХ ғасырдың 60-70 жылдары парламент қандай реформалар жүргізді?

  4. «Британ империясы» деген атау қашан пайда болды?

  5. «Империялизм» термині алғашында нені білдірді?

Англиядағы саяси партиялар мен топтар

Кімдердің мүддесін қорғады?

1.

2.

3.



4.




Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:§16



8-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §17. І Наполеон кезіндегі Франция /2 сағат/

Сабақтың мақсаты:


  • 1799 жылы соғыстың жеңілісі режим дағдарысына әкелгендігі, осындай кезеңде консервативті буржуазиялық қайраткерлер шеңберінде мемлекеттік төңкеріс жасау жоспары шығып, оған қолайлы адам Наполеон Бонапарт екендігін оқушыларға айта келіп, Бонапарт әскери диктатурасы орныға бастағанын анықтау.

  • Шығармашыл, белсенді тұлға қалыптастыру.

Сабақтың түрі:аралас

Әдісі:интерактивті

Көрнекілігі:карта

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар».

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  • ХІХ ғасыр ортасындағы Англияның саяси партияларын атаңдар.

  • У.Гладстон мен Б.Дизраэлидің парламенттік реформаларын салыстырыңдар.

  • ХІХ ғасырдың 60-70 жылдары парламент қандай реформалар жүргізді?

  • «Британ империясы» деген атау қашан пайда болды?

  • «Империялизм» термині алғашында нені білдірді?

1795-1815 жж. Еуропадағы соғыс

кезеңі

Францияның соғыс ашқан елдірі

Соғыс қимылдарының барысы

Нәтижелері













ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Жаңа тақырып Наполеон ның басқыншылық соғыстары

  2. Консул және Наполеон тұсындағы өкіметтің ішкі саясты және экономикалық дамуы.

  3. ХІХ ғасыр басындағы Еуропа мемлекеттері

  4. 1800-1807 жж. Франциядағы соғыс

  5. Француз басқыншыларына қарсы Испаниядағы халық көтерілісі

  6. Француз империясындағы алғашқы дағдарыс.

  7. Наполеонның 1812 жылғы Ресейге жорығы және Отан соғысы

  8. Наполеон империясының талқандалуы. Вена конгресі, маңызы.

Маңызды оқиғалар:

  • 1796-1797 жж.-азаттық үшін соғыс басқыншылық соғысқа айналды.

  • 1796 ж.- Бонапарт басқаруындағы Француз армиясының Италияға басып кіруі

  • 1797-1799 жж.- Француздардың қолдауымен Италия аумағында Лигурие, Цизальние, Рим, Неополитан республикаларының құрылуы

  • 1798 ж.- Францияға қарсы коалицияның құрылуы;

Германияда Наполеон гегемониясының орнауы.

  • 1795 ж. Пруссия Франциямен Базель бітіміне қол қойды.

  • 1801 ж.-Люневиль бітіміне қол қойылды

ІҮ. Сабақтың бекіту:

  1. Бірінші консул Наполеон Бонапарттың енгізген өзгерістерін атаңдар.

  2. «Наполеон кодекстерінің» маңыздылығын ашыңдар

  3. Наполеон Бонапарт өзінің ішкі және сыртқы саясатын кімдердің мүддесіне орай жүргізді?

  4. «Құрлықтық қоршаудың» мәні неде? Кімге қарсы жарияланды.

  5. І Наполеонның атақ дәрежелерін атаңдар

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:§17.



8-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: ІІ тоқсанды қайталау қайталау

Сабақтың мақсаты:


  • ІІ тоқсанда өтілген материалдарды қайталай отырып, белсенділігі жоғары, білімді азамат қалыптастыру.

Сабақтың түрі:Қайталау

Әдісі:сұрақ жауап, интерактивті

Көрнекілігі:карта, кесте, сызбалар, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар».

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Қайталанатын материалдар:

  • Иран

  • Араб елдері

  • Азия және Африка елдерін отарлау

  • ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы мәдениет пен ғылым

  • Англия

  • ХІХ ғасырдың ортасындағы Англияның саяси-экономикалық құрылысы

  • І Наполеон кезіндегі Франция

ІҮ. Сабақтың бекіту:

  • «Ия-жоқ»

  • «Венн диаграммасы»

  • «Мұны әркім білуі тиіс»

  • «Эрудит»

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:ІІ тоқсан материалдарын қайталау.




8-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §18. ХІХ ғасырдағы Франция /2 сағат/

Сабақтың мақсаты:


  • 1799 жылы соғыстың жеңілісі режим дағдарысына әкелгендігі, осындай кезеңде консервативті буржуазиялық қайраткерлер шеңберінде мемлекеттік төңкеріс жасау жоспары шығып, оған қолайлы адам Наполеон Бонапарт екендігін оқушыларға айта келіп, Бонапарт әскери диктатурасы орныға бастағанын анықтау.

  • Шығармашыл, белсенді тұлға қалыптастыру.

Сабақтың түрі:аралас

Әдісі:интерактивті

Көрнекілігі:карта

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар».

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  • Бірінші консул Наполеон Бонапарттың енгізген өзгерістерін атаңдар.

  • «Наполеон кодекстерінің» маңыздылығын ашыңдар

  • Наполеон Бонапарт өзінің ішкі және сыртқы саясатын кімдердің мүддесіне орай жүргізді?

  • «Құрлықтық қоршаудың» мәні неде? Кімге қарсы жарияланды.

  • І Наполеонның атақ дәрежелерін атаңдар

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Вена конгресіБурбондарды қалпына келтіру

  2. 1830 жылғы революция

  3. Франциядағы шілде монархиясы (1830-1848)

  4. 1848 жылғы революция. Франциядағы екінші революцияПариж жұмысшыларының маусым көтерілісі

  5. 1848 жылғы 10 желтоқсандағы президент сайлауы

  6. Франциядағы екінші империя

  7. Франция-Герман соғысы

  8. Париж коммунасы

  9. Үшінші республика

  10. Республикашылдар өкімет басында

  11. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Франция

ІҮ. Сабақтың бекіту:

  • Қандай мемлекеттер Вена конгресінің шешімдерін қабылдауға қатысты?

  • Қасиетті одақ қандай мақсатпен құрылды?

  • Шілде монархиясы қай жылдары өмір сүрді?

  • Франция-Герман соғысына итермелеген себептерді көрсетіңдер

  • Францияда Үшінші республика қашан жарияланды?

  • Не себепті Үшінші республиканы «герцогтар республикасы» деп атады?

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:§18.


8-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §19 Германия мен Италия. /2 сағат/

Сабақтың мақсаты:


  • Германияның әлеуметтік- экономикалық дамуына салыстырмалы түрде сипаттама беріп, 1848-1849 жылдардағы революцияның мақсаттарымен қорытындыларын ашып көрсету. Германия мен Италияның бірігу жолдарын және ерекшелігі мен ұқсастығын нақты деректермен түсіндіру.

  • Біріккен Германия мен Италияның мемлекеттік құрылысын қазіргі құрылысымен салыстыру.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі:интерактивті

Көрнекілігі:карта

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар».

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: /ХІХ ғасырдағы Франция/

  • Қандай мемлекеттер Вена конгресінің шешімдерін қабылдауға қатысты?

  • Қасиетті одақ қандай мақсатпен құрылды?

  • Франциядағы 1830 жылғы Шілде ревоюциясының себептерін, мәнін және қорытындысын атаңдар

  • Шілде монархиясы қай жылдары өмір сүрді?

  • Франция-Герман соғысына итермелеген себептерді көрсетіңдер

  • Францияда Үшінші республика қашан жарияланды?

  • Не себепті Үшінші республиканы «герцогтар республикасы» деп атады?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Германия мен Италияның әлеуметтік-экономикалық дамуы.

  2. Германия және Италиядағы 1848-1849 жылдардағы революциялар, олардың қорытындыларыИталияның бірігуіне дайындық және бірігудің аяқталуы.

  3. Германияның бірігуі және Герман империясының құрылуы

  4. Герман империясының және Италияның әлеуметтік-экономикалық дамуы.

  5. Германияның мемлекеттік құрылымы. Италияның саяси құрылымы

  6. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Германия және Италияның экономикалық және саяси дамуы.











І топ

Германияның бірігу жолы



ІІ –топ

Италияның бірігу жолы



  1. Ерекшелігі

  1. Ерекшелігі

  1. Ұқсастығы

  1. Ұқсастығы

Германияның және Италияның мемлекеттік құрылымы



Германия

Италия

  1. Империя-22 монархия одағын қрады

  2. Мемлекет басшысы-император (кайзер)

  3. Үкімет басшысы-рейхсканцлер

  4. Рейхстаг 5 жылға сайланды. Жоғарғы палата (бундесрат). Төменгі палата (бундестаг).

  5. Рейхстагқа барлық ірі саяси партиялар кірді



ІҮ. Сабақтың бекіту:



  1. Герман империясы экономикасының жедел дамуының себебін атаңдар.

  2. Кавур мен Гарибальди қызметіне салыстырмалы түрде баға беріңдер. Олар кімнің мүддесі үшін әрекет етті және қандай мақсаттарды көздеді?

  3. Германиядағы және Италиядағы 1848-1849 жылдардағы революция өз мақсаттарын орындаған жоқ. Ол қандай мақсаттар еді?

  4. Италияны және Германияны біріктіруде басты рөлді қайсы корольдіктер атқарды? Неліктен деп ойлайсыңдар?

  5. Италия және Германияның бірігу тарихында мына адамдардың қызметіне баға беріңдер: Кавур, Бисмарк, ІІ Виктор Эммануил, Д.Гарибальди.

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:§19.



8-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §20. Ресей /2 сағат/

Сабақтың мақсаты:


  • ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы Ресейдің экономикалық дамуына сипаттама беріп, феодалдық басыбайлық жүйенің қоғамдық прогреске тосқауылб болғанын және капиталистік қатынастардың дами бастағанын ашып көрсету.

  • Өнеркәсіптің дамуы жөнінде деректер келтіріп, өнеркәсіп төңкерісінің ерекшелігі туралы түсінік беру. 1861 жылғы реформаның мазмұнын әңгімелеп, оның буржуазиялық сипатын ашу. Ресейдегі қалыптасқан революциялық ахуал меноның белгілеріне оқушылардың назарын аударып, 1905-1907 жылдардағы революция империялизм дәуіріндегі алғашқы халық революциясы болғандығын атап көрсету.

  • Белсенділігі жоғары, шығармашыл жеке тұлға қалыптастыру.

Сабақтың түрі:аралас

Әдісі:интерактивті

Көрнекілігі:ХІХ-ХХ ғғ. Ресейдің әлеуметтік экономикалық және саяси карталары, «Ресейдегі 1861 жылғы реформа».

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар».

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  • Герман империясы экономикасының жедел дамуының себебін атаңдар.

  • Кавур мен Гарибальди қызметіне салыстырмалы түрде баға беріңдер. Олар кімнің мүддесі үшін әрекет етті және қандай мақсаттарды көздеді?

  • Германиядағы және Италиядағы 1848-1849 жылдардағы революция өз мақсаттарын орындаған жоқ. Ол қандай мақсаттар еді?

  • Италияны және Германияны біріктіруде басты рөлді қайсы корольдіктер атқарды? Неліктен деп ойлайсыңдар?

  • Италия және Германияның бірігу тарихында мына адамдардың қызметіне баға беріңдер: Кавур, Бисмарк, ІІ Виктор Эммануил, Д.Гарибальди.

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Ресейдің әлеуметтік-экономикалық дамуы.

  2. 1861 жылғы реформаның сипаты және негізгі принциптері

  3. Халық еріктілері қозғалысы

  4. Марксизмнің таралуы

  5. Патша үкіметінің орыс-жапон соғысындағы жеңілісі

  6. 1905-1907 жылдардағы революция

Маңызды оқиғалар:

  • 1861 ж., 19 ақпан-басыбайлылық құқықты жою

  • ХІХ ғ., 60-ж.- Халықшылдар қозғалысы

  • 1874 ж.- «Халыққа» деген үндеудің таралуы.

  • 1875 ж.- «Жұмысшылардың Оңтүстік Ресей одағы» құрылды

  • 1878 ж. – «Жұмысшылардың солтүстік одағы» құрылды

  • 1883 ж. – «Халықты азат ету» тобы құрылды.

1861 жылғы реформа



Реформаның буржуазиялық сипаттары

Реформадан кейін де сақталып қалған басыбайлылық сарқыншақтар

Басты қағидалар:



  • Патша өкіметінің орыс-жапон соғысындағы жеңілісі

  • 1905-1907 жылдардағы революцияның мақсаты.

  • Революцияның ерекшеліктері

  • Революцияняң қозғаушы күші

  • Батыстағы ХІХ ғ. буржуазиялық революциядан айырмашылығы

  • Революцияны іске асырудың түрі-қарулы көтеріліс

  • Революцияняң жеңілу себептері

  • Революцияның маңызды жақтары

ІҮ. Сабақтың бекіту:



  1. «Ия-жоқ»

  2. 70-жылдардағы революционерлерді неліктен халықшылдар деп атаған?

  3. Ресейдегі революциядлық қозғалыстар ұқсастығын атаңдар

  4. «Жұмысшылардың Оңтүстік Ресей одағы» қандай идеяны үгіттеді?

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:§20.




8-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 21. Америка Құрама Штаттары /2 сағат/

Сабақтың мақсаты:


  • ХҮІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың алғашқы онжылдығындағы АҚШ-тың әлеуметтік-экономикалық дамуына сипаттама береотырып, Батыс Еуропадан, әсіресе Англиядан әлдеқайда артта қалса да, ХІХ ғасырдың бірінші ширегінен бастап ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптерде болған өзгерістерге тоқталу. Жер кеңейту мәселесі мен екі партиялы жүйенің қалыптасу мәнін ашып көрсету. АҚШ-тағы құлдықты жою жөніндегі жалпыұлттық қозғалыстар туралы әңгімелеу. Ел ішіндегі саяси жағдайлардың шиеленісуі Оңтүстік пен Солтүстік арасындағы наразылықтардың Азамат соғысына әкеліп соқтырғанын деректермен нақтылау.

  • Күресуші жақтардың ерекшеліктерін, ХХ ғасырдың басында қол жеткізген маңызды табыстарын ашып көрсету.

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Әдісі:интерактивті

Көрнекілігі:»1876-1914 жылдарға дейінгі дүние жүзінің аумақтық саяси бөлінуі», «1861-1865 жылдардағы Азамат соғысы» жөніндегі мәлімет беретін карталар

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар».

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: «Ресей»

  • «Ия-жоқ»

  • 70-жылдардағы революционерлерді неліктен халықшылдар деп атаған?

  • Ресейдегі революциядлық қозғалыстар ұқсастығын атаңдар

  • «Жұмысшылардың Оңтүстік Ресей одағы» қандай идеяны үгіттеді?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. ХҮІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың алғашқы жылдарындағы АҚШ-тың әлеуметтік –экономикалық даму ерекшеліктері

  2. АҚШ аумағының кеңеюі және қос партиялы жүйенің қалыптасуы.

  3. Қара құлдар қозғалысы

  4. АҚШ Оңтүстік және Солтүстік болып екіге бөлінуінің себептері және олардың ерекшеліктері.

  5. Азамат соғысының басты мақсаты.

  6. Елді индустрияландырудың ерекшеліктері

  7. АҚШ-тың сыртқы саясаты, жаңа аумақтарды басып алуға талпынысы.

АҚШ президенттері тұсындағы әлеуметтік-экономикалық реформалар



  • Федерелистер партиясы

  • Қаржы жүйесі, «Ұлттық банк»

  • Біріңғай ақша

Дж. Вашингтон

  • Жеке кәсіпорын

  • Сауда жүйесі

  • Қаржы жүйесі

  • «Ұлттық банк»

А.гемильтон

  • Ауыл шаруашылығы құлдыққа қарсы

  • Демократияландыру

  • Экономикалық-әлеуметтік қорғау құндылығы

Т.Джефферсон

  • Демократиялық партияны қолдау

  • Әлеуметтік-экономикалық әрекеттестіктің күшеюіне қарсы болды.

Э.Джексон

  • Вигилер партиясын жақтаған Оңтүстіктегілермен ымыраға келді

У.Гаррисон

  • Аграрлы мәселелер қара құлдарды азат етті

  • Жұмысшы партиясын құрды

А.Линкольн

  • Плантаторларға азаматтық саяси және жеке меншікке ие болу құқығы қайтарылды

  • рақымшылық

Э.Джексон

ІҮ. Сабақтың бекіту:



  1. Скваттерлік дегеніміз не?

  2. «Жоғары көтерілу мүмкіншілігі» деген сөз тіркесін қалай түсінесіңдер?

  3. АҚШ Луизианаға қашан және қалай ие болды?

  4. Аболиционистер деген кімдер?

  5. 1861 жылы республикалық партияға кім жетекші болды?

  6. Азамат соғысы кезіндегі Оңтүстік және Солтүстік күштерін салыстырыңдар. Күресушіжақтардың қандай ерекшеліктері болды?

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:§22.



8-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 22. Латын Америкасы елдері

Сабақтың мақсаты:


  • ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы Латынамерикалық отарлардың әлеуметтік-экономикалық дамуын, тәуелсіздік алғам мемлекеттердің иеліктері мен олардың басқару жүйелерін оқушыларға түсіндіру. Латынамерикалық тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы қазіргі латынамерикалық өркениеттілік бастауы болғандығына оқушының назарын аудару. Оқушылардың тақырыпты терең меңгеріп, жеткілікті ақпарат алуын қадағалау.

Сабақтың түрі:ойын сабағы

Әдісі: сұрақ жауап

Көрнекілігі:плакат, карталар, тақта.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар».

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: « АҚШ»

  • Скваттерлік дегеніміз не?

  • «Жоғары көтерілу мүмкіншілігі» деген сөз тіркесін қалай түсінесіңдер?

  • АҚШ Луизианаға қашан және қалай ие болды?

  • Аболиционистер деген кімдер?

  • 1861 жылы республикалық партияға кім жетекші болды?

  • Азамат соғысы кезіндегі Оңтүстік және Солтүстік күштерін салыстырыңдар. Күресушіжақтардың қандай ерекшеліктері болды?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Латынамерикалық отарлардың әлеуметтік-экономикалық дамуы.

  2. Латын Америкасы елдеріндегі буржуазиялық-демократиялық төңкерістер

  3. Тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы «Монро доктринасы» және оның Латын Америкасы елдерінің дамуына ықпалы

  4. Саяси құрылыстар

ІҮ. Сабақтың бекіту:

  1. Латын Америкасы халықтарының азаттық күресі нәтижесінде қандай мемлекеттер құрылды?

  2. Латын Америкасындағы оқиғаларға Еуропа державаларының арасындағы қандай қарама-қайшылықтар және АҚШ-тың қандай көзқарасы әсер етті?

  3. Латифундизм Латын Америкасы елдерінің экономикалық және саяси өміріне қандай әсерін тизігді?

  4. Латын Америкасы елдері саяси өмірінің ерекшеліңктері қандай?

Ү. Бағалау: ҮІ. Үйге тапсырма:§22. Латын Америкасы елдері

8-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 23.Қытай

Сабақтың мақсаты:


  • ХІХ –ХХ ғасырлардағы маньчжур билігінде болған Қытайдың саяси-әлеуметтік және экономикалық дамуына сипаттама беру арқылы Қытайдың артта қалған феодалдық мемлекет болғанын түсіндіру.

  • Цин империясының дағдарысы мен сыртқы жағдайцларыны әңгімелеп, «апиын соғыстарының» себептері мен салдарын және Қытай халқының маньчжур билеп төстеушілері мен капиталистеріне қарсы бағытталған азаттық қозғалыстарын нақты деректермен ашып көрсету.

  • 1911-1913 жылдардағы революцияның қозғаушы күштері мен мақсаттарын баяндап, оқушыларды революционер-демократ Сунь Ятсеннің өмірі және қызметімен таныстырып, оның туған елінің азаттығы үшін күреске адалдығын үлгі ету.

Сабақтың түрі:аралас

Әдісі:сұрақ-жауап

Көрнекілігі:

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар».

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Латын Америкасы халықтарының азаттық күресі нәтижесінде қандай мемлекеттер құрылды?

  2. Латын Америкасындағы оқиғаларға Еуропа державаларының арасындағы қандай қарама-қайшылықтар және АҚШ-тың қандай көзқарасы әсер етті?

  3. Латифундизм Латын Америкасы елдерінің экономикалық және саяси өміріне қандай әсерін тизігді?

  • Латын Америкасы елдері саяси өмірінің ерекшеліңктері қандай

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Цин империясының саяси-әлеуметтік және экономикалық дамуы.

  2. Қытайды күшпен ашу.

  3. Тайпиндер көтерілісі, оның шығу себептері. Көтерілістің мақсаты мен маңызы.

  4. Қытайдағы ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы жағдайлар. Сунь Ятсен және оның қызметі.

  5. Ихэтундар көтерілісі

  6. 1911-1913 жылдардағы Синьхай революциясы. Қытай Республикасының құрылуы.

ІҮ. Сабақтың бекіту:

  • Цин империясында императордың жеке басы қалай дәріптелді?

  • Ағылшындардың Қытаймен жүргізген соғыстары неліктен «апиын соғыстары» деп аталды?

  • Тяньцзинь келісімдеріне Қытаймен қандай мемлекеттер қол қойды?

  • Тайпиндер соғысының жеңілу себептері?

  • «Өзін-өзі күшейту саясатын» кімдер жүргізді, ол немен аяқталды?

  • Реформаның «жүз күні» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Сунь Ятсеннің қызметі және оның құрған саяси ұйымы туралы айтыңдар

  • Ихетундар кімдерге қарсы шықты?

ХІХ-ХХ ғғ. Қытайдағы көтеріліс



Көтерілістің аты

Көтеріліс жылдары, басталуы

Көтеріліс себептері

Көтерілісшілер мақсаты

Көтеріліс мәні және нәтижесі















Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:§23 Кестені толтыру

Сунь Ятсеннің үш принципі



Принциптің атауы

Принциптің мазмұны

Принциптің мақсаты

Нәтижелері














Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет