Сабақтың тақырыбы мен мазмұны Сағат саны Өтілетін мерзімі Қолданылатын әдіс-тәсілдер



бет19/25
Дата27.06.2016
өлшемі2.06 Mb.
#160945
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25

2 топ.

Үстеудің мағынасына қарай түрлері

Үстеулерді жаз

Мезгіл




Мекен




Мөлшер




Сын-қимыл




Күшейткіш




Мақсат




Себеп-салдар




Үлестірмелі кеспе қағаздармен жұмыс.

Шарты. Үстеу орнына сүұаулары берілген. Ойлап тауып ориына қой. №1.

  1. Еріншекке ( кашанғыдан? қашанғы?) оңай.

  2. (Қай уақытта?) түрған жігіттің ырысы артық?

2.

Қазша қанатын жаяды, Үйрекше мойнын созады, Құсша қонады.

3. Ендігәрі, ерте, жазгытүры үстеулерін қатыстырып сөйлем ой Сұрақ қою арқылы мақсат жэне себеп-салдар үстеулерін тауып, бір-бірінен айырмашылығын көрсетіңдер.



Келесі тапсырма: 289-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Сөйлемдерден үстеуді табыңдар. Олардың түрлерін ажыратыңдар, қай сөзбен тіркесіп түрғанын айтыңдар.

Келесі тапсырма: 290-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін: Сөйлемдерден үстеулерді тауып, сүрақ қою арқылы түр-түріне ажыратыңдар.

Сабақтың қорытындысы:

  1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.

  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

  1. Үйге тапсырма: 291-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін:



шартын түсіндіремін: Сұрақ қою арқылы мақсат жэне себеп-салдар үстеулерін тауып, бір-бірінен айырмашылығын көрсетіңдер.

Келесі тапсырма: 289-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Сөйлемдерден үстеуді табыңдар. Олардың түрлерін ажыратыңдар, қай сөзбен тіркесіп түрғанын айтыңдар.

Келесі тапсырма: 290-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін: Сөйлемдерден үстеулерді тауып, сүрақ қою арқылы түр-түріне ажыратыңдар.

Сабактың қорытындысы:

  1. Сүрак қою арқылы жаңа сабакты қорытындылаймын.

  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

  1. Үйге тапсырма: 291-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін:
    Төмендегі үстеулер қандай сөзбен тіркесетін жэне үстеудің кай түріне жататынын
    ажыратыңдар. .



Сабақтың өтілетін мерзімі: 6- сынып Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Үстеудің емлесі. Сабактың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға үстеу, оның түрлері, үстеудің емлесі жайлы толық
мәлімет бере отырып олардың ой-пікірін қалыптастыру.


ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, үстеудің емлесін берік есте сақтауға дағдыландыру, берілген мысалдар арқылы үстеулерді құрамына енгізіп сөйлемдер құрастыру, ойлау қабілеттерін арттыру.

б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адалдыққа, еңбексүйгіштікке,
сабақта қолданылатын мәтіндер, мысалдар арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.

  2. Кезекші мәлімдемесі.

  3. Журнал бойынша түгелдеу.

  4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.

  2. Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.

  3. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Үстеудің емлесі» тақырыбы жайлы түсіндіремін. Тақтаға плакат ілу арқылы үстеудің емлесін түсіндіру. Оқушылардың өзін қатыстыра отырып ауызша мысалдар келтіру.

  1. Негізгі және туынды үстеулер көбінесе айтылуынша жазылады. Мысалы: ертең,
    кешке, бірге, әрең, талай, төмен, т.б.


  2. Сөздердің бірігуінен жасалған күрделі үстеулердің көпшілігі сыңарлары қалай
    дыбысталса, солай жазылады. Мысалы: бүгін, биыл, қыстыгүні, т.б. сөздер осылайша
    айтылуынша жазылады. Бұлар бұл+күн, бұл+жыл, қыстың+күні сияқты күрделі үстеулердің сыңарлары әрбір тұлғасын сақтап жазылады.


  3. Сөздердің қайталануынан немесе қосарлануынан жасалған күрде-лі үстеулер дефис (-) арқылы жазылады. Мысалы: тез-тез, қолма-қол, т.б.

  4. Сөздердің тіркесуінен құралған күрделі үстеулердің әрбір сыңары бөлек жазылады.
    Мысалы: таң сәріде, күні бойы, т.б.


Амалсыздан, қыстыгүні үстеулерін қатыстырып сөйлем құра.

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп, қосымша тапсырмалар орындату арқылы алған білімдерін тексеріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын.

Алғашқы орындалатын тапсырма: 292-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Сөйлемдерді оқып, үстеулерді табыңдар. Оларды түріне қарай ажыратыңдар.

Келесі тапсырма: 293-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Мәтіндегі үстеулерді өздерінің тіркескен сөздерімен бірге теріп жазыңдар.

Сабақтың қорытындысы:

  1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.

  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

  1. Үйге тапсырма: 294-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін:
    Мәтіндегі үстеулерді тіркескен сөздерімен бірге теріп жазыңдар. Үстеудің қай түрі екенін
    айтыңдар. .




Сабақтың өтілетін мерзімі: 7- сынып Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Үстеуден өткен тақырыптарды қайталау Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға үстеу, үстеудің қүрамдық түрлері, үстеудің
мағыналық түрлері, үстеудің сөйлемдегі синтаксистік қызметі жайлы толық мәлімет беру.


ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.

  2. Кезекші мәлімдемесі.
    З.Журнал бойынша түгелдеу.
    4.Жаңа сабаққа дайындық.


ә) Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.

  2. Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.

  3. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі сабақта оқушыларға «Үстеудің сөйлемдегі синтаксистік қызметі» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

Жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 295-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Сөйлемдерден негізгі үстеу мен туынды үстеулерді ажыратып, олардың қалай жазылғанын айтыңдар.

Келесі тапсырма: Пысықтауға арналған сұрақтар мен тапсырмаларды орындатамын:

  1. Үстеудің мағыналық сипаты қандай? Яғни үстеу нені білдіреді?

  2. Үстеудің ерекшеліктері қандай?

  3. Үстеу қандай сөз табымен тіркесіп қолданылады?

  4. Үстеудің құрамдық түрлері қандай?

  5. Туынды түбір үстеулерді тудыратын жұрнақтарды атап, мысал келтіріңдер.

  6. Үстеу тудыруда кейбір септік жалғауларының қандай мәні бар?

  7. Күрделі үстеулердің жасалуы мен емлесін айтып, мысал келтіріңдер.

  8. Үстеудің мағыналық түрлері мен әрқайсысының ерекшеліктері қандай? .





Осы тапсырмаларды орындатып, сұрақтарға жауап алып болған соң келесі

тапсырманы орындатамын: 296-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Сөйлемдерді оқып шығып, негізгі үстеулерді бір бөлек, туынды үстеулерді бір бөлек тіркескен сөздерімен бірге теріп жазыңдар. Сабақтың қорытындысы:

  1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.

  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

  3. Үйге тапсырма: өткен тақырыптарды қайталап, өз бетінше 20 сұрақтан тұратын тест тапсырмаларын түзі келу. .


Сабақтың өтілетін мерзімі: 6 сынып Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Диктант жұмысы

«Бірлік». Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін тексеру әрі
сауаттылыққа баулу мақсатында мазмұндама жүргізу.


ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу.

б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тэрбиелеу.


Сабақтың түрі: сын сабағы.

Сабақтың эдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сүрақ-жауап, мәнерлеп оқу, сөздікпен жүмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: мазмұндамалар жинағы.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жүмыс жүргізу. Сабақтың типтері: үйымдастыру кезеңі, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, Сабақтың барысы:

а) ¥йымдастыру кезеці.

  1. Сәлемдесу.

  2. Кезекші мэлімдемесі.

  3. Журнал бойынша түгелдеу.

  4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә)Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабакта оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін тексеру мақсатында мазмүндама жүмысын жүргіземін.

Оқушыларға мазмүндама жүмысына арналған дэптерлерін таратып шығамын да, мазмүндама жү_мысының такырыбымен таныстырамын. Бүгінгі күнді, мэтін тақырыбын тақтаға жазып шығамын да мэтін мазмүнын мәнерлеп оқып шығамын. Мэтін 181 сөзден түрады. Содан кейін мэтін негізінде жоспар түзулерін тапсырамын. Осы жоспар негізінде оқушылар мазмүндама жұмысын жазады. Бірлік.

Ауыл маңындағы қүм төбешік бейне қүрылыс алаңы секілді. Бір топ бала жұмсақ, майда қүмнан үйшік қалап жатыр. Самат пен Арман кішкентай машиналарымен тал шыбық тасып жүр. Аспандағы алтын күн де бүларға қызыққандай, арайлы сэулесін аямай төгіп тұр. Осы кезде жайылып жүрген төрт-бес бүзаудың ішіндегі ала қасқа біреуі төбешікке тіке тартты. Басын түқыртып, кәдімгідей айбат шегеді. Сүзетін түрі бар. Балалар ойыншықтарын тастай салып, жан-жаққа бытырай қашты. Бұзау ойыншық үйлерді иіскелеп тұрды да, быт-шытын шығарып тастап кетті.

Келесі күн де Мүраттар қу_м төбешіктің басына жиналып, қираған ойыншық үйлерді қайта салуға кірісті. Сүзеген бүзаудың келгенін байқамай қалды. Бірақ бүл жолы бірде-бір бала қашпады. Қайта қолдарындағы қүмды шашып, барлығы қарсы түрды. Енді сүзеген бұзаудың есі шықты. Тоқтай қалды да, таңырқай басын шайкады. Сонан соң өз жөніне кете барды. Мұрат табалдырықтан аттай беріп:

-Ата, біз бүгін бүзақы бүзауды қуып жібердік,—деді, тершіген танауын сипалап.

Кім біледі, бүзақы бұзау ертең тағы келер...

Келсе, келе берсін! Енді одан мүлде қорықпаймыз.

Міне, қарағым, үқтың ғой. Бірліктен, достықтан асар күш жоқ!



Алпысбай қарт та немерелерімен бірге қуанды. Балалардың көңілдері көтеріңкі. Құм қалашық сэн түзеп, думанға бөленген.

Міне, осылайша мәтінді окып болған соң осы мэтін негізінде жоспар түзуін тапсырамын. Жоспар төмендегіше:

  1. Қүм үйшік.

  2. Сүзеген бұзау.

  3. Қайта салынған үйлер.

  4. Қарсьшық көрсету.

  5. Бірлік күші.
    Сабақтың қорытындысы:





  1. Сүрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.

  2. Мазмүндама жүмысына арналған дэптерлерін жинап аламын.

  3. Үйге тапсырма: «Сынып бірлігі» тақырыбында шығарма жазып келу.

Тексердім:


Сабақтың өтілетін мерзімі: 6- сынып Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Еліктеу сөздер туралы түсінік.

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға еліктеу сөздер, еліктеу сөздердің құрамдық түрлері, еліктеу сөздердің мағыналық түрлері, оның басқа сөз таптарынан ерекшеліктерін таныту, өмірден түрлі мысалдар келтіре отырып, еліктеу сөздердің түрлерін ұқтыру;

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру, танымдылығын, сабаққа деген қызығушылығын арттыру, сөйлеу тілін, ой жүйелеу шеберлігін дамыту;

б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы: ,.

а) Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.

  2. Кезекші мәлімдемесі.
    З.Журнал бойынша түгелдеу.
    4.Жаңа сабаққа дайындық.


ә) Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.

  2. Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.

  3. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Еліктеу сөздер туралы түсінік» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

Өмір - күрделі құбылыс. Оның күрделілігі сол - таңымыз атқаннан күніміз батқанға дейін қаншама іс-әрекеттердің куәсі боламыз, өзіміз сол іс-әрекеттерді орындаушымыз.

  1. Нұрғиса Тілендиевтің "Аққу" күйін ұнтаспадан тыңдату, құстардың дыбысын, қимылын
    елестету арқылы жеткізу. Біз көзбен көру, құлақпен есту арқылы осындай күрделі
    құбылыстарды анықтаймыз.


  2. Дыбыстық еліктеуішті ұқтыру үшін түрлі тәжірибелер көрсету.

1) Сіріңке жағып, стақандағы суға батырамын. Сұрақ. - От қайтіп сөнді?

  • От быж етіп сөнді.

  • Дыбысты қай сезім мүшелері арқылы қабылдадыңдар?

  • Құлағымызбен естідік.

2) Сағат аламын да, стол үстіне қоямын.

  • Сағат қалай жүріп тұр?

  • Сағат тық-тық етіп жүріп тұр.

3) Барабан соғу.

  • Барабан қайтті?

  • Барабан дүңк-дүңк етті.

4) Ысқырықпен ысқыру.

  • Ысқырық қайтті?

  • Ысқырық шыр ете қалды.

5) Шар үріп, атып қалу.

  • Шар қалай атылды?

  • Шар тарс етті.

Сұрақ. а) Өздерің жаңа көрген нәрселеріңе байланысты, жазған сөйлемдеріңе байланысты не ұқтыңдар?

ә) Дыбыстарды қай сезім мүшемізбен қабылдадық?

(Дыбыстық еліктеуіш ережесін шығару, оқулықпен салыстыру.)

Дыбыстық еліктеуішті бекіту үшін тақтаға 2 сөйлем жазу, талдату.

Алыстағы ауылдан ит үрді. Малшының үлкен төбеті арс-арс етгі.

6) Бейнелеуішті таныту үшін тәжірибе көрсетіледі.

1. Оқушының атын атап өзіме қарату. - Қайсар қалай қарады?

- Қайсар жалт қарады.

2. Фонар жағып сөндіру.

  • Шам қайтті?

  • Шам жарқ ете қалды.

3. Мұғалім жүріп келе жатып кенет тоқтау.

  • Мұғалім қалай тоқтады?

  • Мұғалім кілт тоқтады?

7) Сұрақ. - Сендер біраз нәрсе көрдіңдер, біраз сөйлем жаздыңдар. Осыдан не ұқтыңдар?
Осыдан қимылды естідік пе, көрдік пе?


(Ереже шығарып, окулықпен салыстыру.)

Тақтаға сөйлем жазу, талдау.

Марат мені ұстай алды. Марат мені шап берді.

Сонымен, айналадағы (табиғаттағы) әр түрлі құбылыстардың дыбыстарына, қимыл-әрекеттеріне еліктеумен немесе олардың бейнелерімен байланысты туған сөздер еліктеу сөздер деп аталады. Мысалы: тырс еті, шорт сынды, дүңк етті, арбаң-арбаң, сарт-сұрт, ыржың-ыржың, т.б.

Мысалдардан көрінгендей, еліктеу сөздердің басқа сөз таптарынан өзіндік ерекшеліктері бар. Біріншіден, бұл сөздер айналадағы құбылыстардың әр түрлі дыбыстарынан есту арқылы және түрлі қимылдарына еліктеуден туған. Мысалы: сарт етті, гүрс етті, қорс етті, т.б. дыбысқа еліктеуді білдірсе, жылт етті, қалт-құлт, далаң-дүлаң, т.б. әр түрлі қимыл, іс-әрекетке, құбылысқа еліктеуді білдіреді. Сондықтан да олар еліктеу сөздер деп аталады. Екіншіден, еліктеу сөздер көбінесе көмекші етістіктермен (негізінен ет) тіркесіп немесе қайталанып, қосарланып келіп қолданылады.

Сонымен, оқушылар, табиғаттағы, күнделікгі өмірдегі дыбыстарды, қимылдарды естіп немесе көзбен байқайды екенбіз. Тіліміздегі кейбір дыбыстарды, дауыстарды көзбен көріп бейнелеп, екінші бір сан алуан сөздерді қүлақпен есту арқылы анықтаймыз. Сонымен еліктеу сөздер мағынасына қарай неше түрге бөлінеді екен?.

. Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 297-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Еліктеу сөздерді тауып, қандай сөздермен тіркесіп тұрғанын көрсетіңдер.

Келесі тапсырм: Абай өлеңдерінен берілген үзінділерден : 298- жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін:

Келесі тапсырма: Еліктеу сөздердің осы үзінділерінде ойды көркемдеп, әсерлеп, әсемдеп, образды түрде берудегі мәнін нақты мысалдармен талдап түсіндіріңдер.

Жаттығу жұмыстарын орындап болған соң, қосымша тапсырма беремін.

Бекіту сұрақтары. 1. Желдің қатты соғуынан қандай дыбыстар шығады?

  1. Электр тогынан не көресіңдер?

  2. Құрғақ отын және су отын қалай жанады?

  3. Судың ағысынан қандай дыбыстар байқайсыңдар?

  4. Трактор, машиналардан қандай дыбыстар шығады?

Сабақтың қорытындысы:

  1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.

  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

Үйге тапсырма: Қалаған ақынның бір өлеңінен еліктеу сөздері кездесетінін жазып,



Сабақтың өтілетін мерзімі: 6- сынып Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Еліктеу сөздердің түрлері. Еліктеуіш сөздер. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға еліктеу сөздер, еліктеу сөздердің құрамдық түрлері,
еліктеу сөздердің мағыналық түрлері, еліктеуіш сөздер жайлы толық мәлімет беру.


ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.

Сабақтьщ формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтьщ барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.

  2. Кезекші мәлімдемесі.

  3. Журнал бойынша түгелдеу.

  4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.

  2. Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.

  3. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Еліктеу сөздердің түрлері. Еліктеуіш сөздер» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

Еліктеу сөздер мағынасы жағынан айналадағы әр түрлі дыбысқа және жеке қимылға, іс-әрекетке еліктеуді білдіруіне байланысты еліктеуіш сөздер және бейнелеуіш сөздер болып екіге бөлінеді.

Еліктеуіш сөздер.

Табиғатта заттардың қозғалуы, бір-бірімен қақтығысуы, соғылуы сияқты алуан түрлі қимыл, амал-әрекеттердің нәтижесінде әр түрлі дыбыстар пайда болады. Оларды біз құлақпен естиміз. Сол дыбыстарға еліктеу арқылы пайда болған сөздер еліктеуіш сөздер деп аталады. Мысалы: Боз күрең өтеді ауыздығын қарш-қарш шайнап. Ырғалып қарға қарқ етті, Ірімшік жерге салп етті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет