Сабақтың тақырыбы мен мазмұны Сағат саны Өтілетін мерзімі Қолданылатын әдіс-тәсілдер



бет22/25
Дата27.06.2016
өлшемі2.06 Mb.
#160945
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Шылаулар сөз бен сөзді не сөйлем мен сөйлемді байланыстырады және толық мағыналы
сөздің жетегінде оған қосымша мән үстей қолданылады.


  • Шылаулар түрленбейді.

    Шылаулар - лексикалык мағынасынан айырылу нәтижесінде пайда болған сөздер.

    Шылау сөздер білдіретін мәні мен сөйлемде атқаратын қызметіне қарай септеулік шылау, жалғаулық шылау және демеулік шылау болып үшке бөлінеді.

    Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 323-жаттығу жұмысының орындалу

    шартын түсіндіремін: Шылауларды тауып, олардың сипатын анықтаңдар: қандай мәнде қолданылып, қандай қызмет атқарып тұрғанын көрсетіңдер.

    Келесі тапсырма: 324-жаттығу жұмысының орындалу шарты мынадай: Оқып шығып, шылауларды табыңдар. Шылаулардың мағыналық ерекшеліктері мен қызметін ауызша айтыңдар.

    Сабақтың қорытындысы:

    1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.

    2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

    1. Үйге тапсырма: өзіндік жұмыс: көркем әдебиеттерден 10 сөйлемнен тұратын мәтін жазып, шылаулардың астын бір сызықпен сызыңдар.


    7. Сабақтың өтілетін мерзімі:

    Сабақтың тақырыбы: Септеулік шылаулар. Сабақтың мақсаты:

    а) білімділік: оқушыларға шылау сөздер, оның түрлері жэне септеулік шылаулар жайлы толық мэлімет беру.

    ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мэдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

    б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

    Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.

    Сабақтың эдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жүмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

    Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар. Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып үжымымен жұмыс жүргізу. Сабақтың типтері: үйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сүрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау. Сабақтың барысы:

    а) ¥йымдастыру кезеңі.

    1. Сәлемдесу.

    2. Кезекші мәлімдемесі.
      З.Журнал бойынша түгелдеу.
      4.Жаңа сабаққа дайындық.


    э) Үй тапсырмасын сүрау.

    1. Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.

    2. Жаттығу жұмысының орындалу барысын дэптерлерінен тексеру.

    3. Дэптерлерін алмастыру.

    4. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

    б) Жаңа сабақты түсіндіру.

    Бүгінгі жаңа сабақта «Септеулік шылаулар» тақырыбы жайлы тусіндіремін.

    Септеулік шылаулар белгілі бір септік түлғадағы толық мағыналы сөздермен тіркесіп келіп, оған қосымша (мезгілдік, мекендік, амалдық, себептік, мақсаттық, т. б.) мэн үстеп түрады да, оны екінші сөзбен байланыстырады. Бүл түрғыдан келгенде септеулік шылаулар септік жалғауларының білдіретін мағынасы мен атқаратын қызметіне үқсайды. Септеулік шылаулар мыналар: үшін, саііын, туралы, арцылы, эісайлы, сияцты, тәрізді, дейін, шейін, царап, таман, бері, бүрын, бірге, соң, кейін, т. б. Олар септеуліктер деп те аталады.

    Септеулік шылаулар сөйлемде екі түрлі қызмет атқарады. Біріншісі - түбір я белгілі бір септік (барыс, шығыс, көмектес) түлғадағы зат есім, есімдік, я заттанған сөздермен (сын есім, есімше, түйық етістік, т. б.) тіркесіп келіп, оларды екінші сөзге сабақтастыра байланыстырады. Сөйтіп барып, мезгілдік, мекендік, амалдық, себептік, мақсаттық қатынастағы сөз тіркесін тудыруға дэнекер болады. Мысалы: Мейрсш элдекімге телефон арцылы әмір етті. (Ғ. Мүст.) Ескі щынша мал үшін түрман зарлап. (А.) Басцалар бізден үлгі алсын деп жиналыс сайын қанша цацсадым. (Ә. Ә.) Жүмыстан кейін жалгыз гана жан тыныс - осы. (Ғ. Мухт.) Мысалдагы арцылы септеулік шылауы телефон сөзін әмір етті дегенмен амалды қатынаста, үшін септеулігі мал сөзін түрман зарлап дегенмен мақсаттық қатынаста, сайын септеулігі жиналыс сөзін цацсадым етістігімен мезгілдік катынаста, кейін шылауы жүмыстан сөзін эісан тыныс дегенмен мезгілдік қатынаста байланыстырып, сөз тіркестерін қүрап түр.

    Екіншісі - септеулік шылаудың біразы бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы қүрамында келеді де, сабақтас қүрмаластың бағыныңқы сыңары мен басыңқы сөйлемдегі мезгілдік, мақсаттық, себептік катынаста байланыстырып түрады. Мысалы: Қоргана жүрерлік күнәсі болмаган соц, кеудесін жогары үстап келе жатыр. (Ғ. М.)] Жел цатайган сайын, лебі мүздаган сайын, зымыраган пойыз көрдей щраңгы түнге сүңгіген сайын, вагон үстіндегілер бір-біріне жабыса түсті. (С. М.) Мысалдағы соң, сайын септеуліктері мезгіл бағыныңқы сөйлемді басыңқымен байланыстырып түр. Септеуліктер орыс тіліндегі "предлогтар" деп аталатын көмекші сөздерге жақын.

    Сөйтіп, септеуліктер өзі шылауында жүмсалып түрған сөзге қосымша мэн үстейді эрі оны екінші сөзбен сабақтастыра байланысгырып сөз тіркесін құрайды немесе екі сөйлемді сабақтастыра байланыстырады.

    Септеуліктер мынадай түлғадағы сөздердің шылауында айтылады.

    1. Түбір (кейде көптік, тэуелдік) түлғадағы зат есім, есімдік, түйық етістік, есімшемен
    тіркесетін септеулшіктер: арқылы, жайында, үшін, туралы, сайын, тәрізді, сияцты, т. б.


    1. Барыс септіктегі сездермен тіркесетін септеуліктер: дейін, шейін, таман, царай, салым,
      жуъщ, тарта, т. б.


    2. Шығыс септіктегі сөздермен тіркесетін септеулшіктер: кейін, соң, гөрі, бері, бүрын, т. б.

    4. Көмектес септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер: цатар, цабат, бірге.

    Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жүмыстарьш орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 325-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін: Септеулік шылау арқылы байланысып түрған сөздерді септеулігімен бірге теріп жазыңдар.

    Келесі тапсырма: 326-жаттығу >і<үмысының орындалу шарты мынадай: Оқып шығып, шылауларды табыңдар, тіркескен сөздерге қандай мағына үстеп түрғанын байқаңдар.

    Сабақтың қорытындысы:

    1. Сүрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.

    2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

    3. Үйге тапсырма: 327-жаттығу жү_мысының орындалу шартын түсіндіремін Көп
      нүктенің орнына төменде көрсетілгеы септеуліктердің тиістісін қойы, сөйлемдерді көшіріп
      жазыңдар. Септеуліктердің мағыыалық, қызметтік сипатын талдап көрсетіңдер.


    Тексердім:

    8. Сабақтың өтілетін мерзімі:

    Сабақтың тақырыбы: Жалғаулық шылаулар.

    Сабақтын мақсаты:

    а) білімділік: оқушыларға шылау сөздер, оның түрлері жэне жалғаулық шылаулар жайлы толық мэлімет беру.

    ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мэдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

    б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тэрбиелеу.

    Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.

    Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

    Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.

    Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жүмыс жүргізу.

    Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сүрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

    Сабақтың барысы:

    а) Үйымдастыру кезеңі.

    1. Сэлемдесу.

    2. Кезекші мэлімдемесі.
      З.Журнал бойынша түгелдеу.
      4.Жаңа сабаққа дайындық.


    ә) Үй тапсырмасьш сүрау.

    1. Өткен сабақта өтілген ережені сүрау.

    2. Жаттығу жүмысының орындалу барысын дэптерлерінен тексеру.

    3. Дэптерлерін алмастыру.

    4. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

    б) Жаңа сабақты түсіндіру.

    Бүгінгі жаңа сабақта «Жалғаулық шылаулар» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

    Жалғаулық шылаулар сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді салаластыра (тең дәрежеде) байланыстырады. Жалғаулық шылаулар жалғаулықтар деп аталады. Олар мыналар: мен (бен, пен), да (де, та, те), не, не болмаса, яки, немесе, және, әрі, біресе, бірац, алайда, әйтпесе, әйткенмен, дегенмен, сонда да, әлде, өйткені, себебі, сондъщтан,сол себепті, т. б. Жалғаулықтар бірыңғай мүшелердің немесе салалас қүрмаластың сыңарларын эр түрлі мағыналық қатынаста байланыстырады. Ондай мағыналық қатынастар мыналар:

    1. Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: м.ен (бен, пен, менен, бенен, пенен), да
    (де, та, те), және, әрі.


    2. Қарсылықты қатынасты білдіретін жалғаулықтар: бірац, алапда, дегенмен, әйтпесе,
    әйткенмен, сонда да.


    3. Талғаулықты қатынасты немесе кезектестік мэнді білдіретін жалғаулықтар: әлде, біресе, бірде, не, немесе, я, яки, болмаса, кейде.

    4. Себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: себебі, өйткені, сондыцтан, т. б. Жалғаулықтар орыс тіліндегі "союзы" деп аталатын көмекші сөздермен сәйкескеледі.

    Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жүмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 328-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Жалғаулықтарды тауып, олар қандай сөздерді жэне сөйлемдерді байланыстырып тұрғанын көрсетіңдер.

    Келесі тапсырма: 329-жаттығу жүмысының орындалу шарты мынадай: Жалғаулықтардың мағыналық қатынасын, қызметін анықтап, да, де, мен шылауларын септік жалғаулармен салыстырыңдар.

    Сабақтың қорытындысы:

    1. Сүрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.

    2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

    3. Үйге тапсырма: 330-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін: Өз
      беттеріңмен оқып шығып, септеуліктер мен жалғаулықтарды табыңдар. Олардың мағыналық


    қатынастары мен кызметтерін талдау арқылы бір-бірімен үқсастығын және айырмашылығын көрсетіңдер. Әңгімеге ат қойыңдар


    Сабақтың өтілетін мерзімі: 6 - сынып


    Сабақтың тақырыбы: Демеулік шылаулар. Сабақтың мақсаты:

    а) білімділік - демеулік шылаулардың мәнін, қызметін түсіндіру;
    ә)дамытушылық — теориялық білімді тәжірибеде қолдана білуді
    дамыту, ойын жинақтай білуге, нақты жеткізуге дағдыландыру;


    б) тәрбиелік — Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
    Сабақтың түрі: жаңа сабақ.


    Оқыту формасы: сыни тұрғыдан ойлауды дамыту. Әдіс-тэсілдері: СТО стратегиялары.

    Пәнаралық байланыс: эдебиет.

    Сабақтың көрнекілігі: кесте-сызба, үлестірмелі карточкалар, жұмбақтар. Сабақтың барысы.

    1. Ұйымдастыру кезеңі.

    а) Сәлемдесу.

    ә) Кезекші мәлімдемесі.

    б) Журнал бойынша түгелдеу.

    2. Үй тапсырмасын сұрау.

    а) Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеремін.
    ә) Өткен сабақта өтілген ережені сұраймын.


    б) Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

    3. Жаңа сабақты түсіндіру.

    Демеулік шылаулар демеуліктер деп аталады. Олар өз шылауында тұрған сөзге не сөйлемге күшейту, тежеу, шектеу, сұрау, болжалдық, күмән сияқты қосымша мағына үстейді., бірақ септеуліктер мен жалғаулықтар сияқты сөздерді де байланыстыра алмайды. Мысалы: Алдымда толған мақсат, толған таңдау. Алайын мынасын ба, анасын ба? Бұл сөйлемде ба демеулігі сөйлемге сұрау мағынасын үстеп, мынасын және анасын сөздерімен ғана тіркесіп тұр. Бірақ бұл сөз байланыстыру қызметін атқармайды. Демеуліктер орсы тіліндегі «частицы» деген көмекші сөздерге сәйкес келеді.

    Демеуліктер негізгі сөзге (сөйлемге) үстейтін мағынасына қарай бірнеше түрге бөлінеді.

    1. Сұраулық демеуліктср: ма, ме, ба, бе, па, пе, ше.

    2. Күшейткіш демеуліктер: -ақ, -ау, -ай, әсіресе, да, де, та, те. Да (де, та, те) шылауы күшейткіш мәнді білдіріп, бірде демеулік болса, бірде бірыңғай мүшелерді, сөйлемдерді ыңғайластыра байланыстырып, жалғаулық шылау қызметін атқарады. Мысалы: Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан. Бұл сөйлемде де шылауы—демеулік, ол сен сөзіне күшейту мәнін үстеп тұр, бірақ оны басқа сөзбен байланыстырып тұрған жоқ. Ал та шылауы—жалғаулық, ол тап және бар, қалан деген бірыңғай баяндауыштарды ыңғайластық мәнде байланыстырып тұр.

    3. Шектік (тежеу) демеуліктері: ғана, қана, тек, кейде, -ақ.

    4. Болжалдық демеуліктер: -мыс, -міс, кейде, -ау.

    5. Болымсыздық немесе қарсы мәнді, салыстыру демеуліктері: түгел, тұрсын,
    тұрмақ.


    6. Нақтылау мәнді демеуліктер: қой, ғой, -ды, -ді, -ты, -ті.

    Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң мынадай тапсырмалар орындатамын.

    1. Ой қозғау, Жуынам деп жазған-ай, Күннен кунге азғаны-ай. (сабын)
    Қалтаңда жатыр, тісі бар,

    Тістемей-ақ істер ісі бар. (тарақ)

    Осы жұмбақтар ішінде шылаулар бар ма? 2.Мағынаны ажырату.

    Тақтаға мына сөйлемдерді жазғызып (дәптерге де жазады), шылауларды тауып, қандай мағына үстеп тұрғанын айтыңдар.

    1. Шортанбай, Дулат пенен Бұқар жырау,

    Өлеңі бірі -жамау, бірі - құрау.

    Әттең дүние-ай, сөз таныр кісі болса,

    Кемшілігі әр жерде-ақ көрініп тұр-ау. (Абай).

    2. Бүгінгі күні қазақ халқы қандай түрмыста түратынын, қалай еңбек ететінін көрер ме еді солар. (Ғ.Мүсірепов).
    3. Мұның да себебі бар-ды. ("Қ-М.") 4. Әкесіне жақынырақ барды. 5. Ажал — ақыпақ үшін алтау, ақылды үшін біреу. (Мақал-мәтелдер жинағы). 6. — Билер ше? Бидің де бәрі жемтіктес пе? (М.Әуезов)7 . Әлде бір себеппен діңгекке тығылған Ботагөз болар ма?
    (С.Мұқанов). 8. Ағашты ұзын кеспе. 9. Біз болсақ міне, Күні мен түні, Жиғанымыз — дән,
    Айналамыз толған ән... Абырой да, бақ та, атақ та, даңқ та, ерлік те, жеңіс те — барлығы осы егісте. (А.Тоқмағанбетов). 10. Кешегі өткен ер Әбіш Елден бір асқан ерек-ті. Жүрегі жылы, бойы құрыш, Туысы жаннан бөлек-ті. (Абай).


    2. Оқулықпен жұмыс.

    Алғашқы орындалатын тапсырманы ауызша түрде орындатамын: 331-жаттығу жұмысының шартын түсіндіремін: Демеуліктерді тауып, қай сөзбен бірге жұмсалғанын және оған қандай мән үстеп тұрғанын көрсетіңдер.

    Келесі тапсырма: 332-жаттығу жұмысының шарты төмендегідей: „Демеуліктерді тауып, оларды мағынасына қарай талдаңдар. Емлесіне назар аударыңдар. Мәтін мазмұны бойынша жоспар құрыңдар.

    4.Топтастыру стратегиясы. Кесте-сызба

    ► Сұраулық

    ► Күшейткіш

    ► Тежеу

    Демеуліктер

    Қарсы қою, салыстыру Көңіл-күй Күмөн Қомсыну

    4. Кубизм стратегиясы.

    Кубиктің 6 бетіне жазылған сүрақтар бойынша демеулік шылаулардың алты түрін атап, оған қандай сөздер жататынын айтады.

    5. Еркін жазу стратегиясы.

    Демеулік шылауларды қатыстырып мысалдар жазыңдар, мақал-мәтел сөз болса тіпті жақсы, сөйлемнің мағынасын түсіндіру барысында шылаулардың мәніне тоқталу.

    6. Ой толғау.

    Оқушыларға демеуліктердің мынадай 8 түрлі өзіндік белгісін таныттық.

    1. Демеуліктер сөйлемнің мағынасын өзгертеді.

    2. Интонациясын өзгертеді.

    З.Өздері тіркескен сөздеріне сұраулық, күшейткіш, тежеу, қарсы қою, көңіл-күй, күмән, қомсыну секілді қосымша мағыналық реңктер үстейді.

    1. Демеуліктердің де бұрын толық лексикалық мағынасы болған.

    2. Бірқатары етістіктен, бірқатары одағайдан пайда болған.

    б.Демеуліктердің жұмбақ жасыру, шешу.

    Жуынам деп жазған-ай, Күннен кунге азғаны-ай. (сабын) Қалтаңда жатыр, тісі бар, Тістемей-ақ істер ісі бар. (тарақ) Осы жүмбақтар ішінде шылаулар бар ма? 2.Мағынаны ажырату.

    Тақтаға мына сөйлемдерді жазғызып (дэптерге де жазады), шылауларды тауып, қандай мағына үстеп түрғанын айтындар.

    1. Шортанбай, Дулат пенен Бүқар жырау, Өлеңі бірі -жамау, бірі - құрау. Әттең дүние-
    ай, сөз таныр кісі болса, Кемшілігі эр жерде-ақ көрініп түр-ау. (Абай). 2. Бүгінгі күні қазақ
    халқы қандай түрмыста түратынын, қалай еңбек ететінін көрер ме еді солар. (Ғ.Мүсірепов).
    3. Мүның да себебі бар-ды. ("Қ-М.") 4. Әкесіне жақынырақ барды. 5. Ажал — ақыпақ
    үшін алтау, ақылды үшін біреу. (Мақал-мәтелдер жинағы). 6. — Билер ше? Бидің де бэрі
    жемтіктес пе? (М.Әуезов)7 7. Әлде бір себеппен діңгекке тығылған Ботагөз болар ма?
    (С.Мүқанов). 8. Ағашты үзын кеспе. 9. Біз болсақ міне, Күні мен түні, Жиғанымыз — дэн,
    Айналамыз толған эн... Абырой да, бақ та, атақ та, даңқ та, ерлік те, жеңіс те — барлығы осы
    егісте. (А.Тоқмағанбетов). 10. Кешегі өткен ер Әбіш Елден бір асқан ерек-ті. Жүрегі жылы,
    бойы қүрыш, Туысы жаннан бөлек-ті. (Абай).


    2. Оқулықпен жүмыс.

    Алғашқы орындалатын тапсырманы ауызша түрде орындатамын: 331-жаттығу жұмысының шартын түсіндіремін: Демеуліктерді тауып, қай сөзбен бірге жұмсалғанын жэне оған қандай мэн үстеп түрғанын көрсетіңдер.

    Келесі тапсырма: 332-жаттығу жү_мысының шарты төмендегідей: „Демеуліктерді тауып, оларды мағынасына қарай талдаңдар. Емлесіне назар аударыңдар. Мэтін мазмұны бойынша жоспар қүрыңдар.

    4.Топтастыру стратегиясы. Кесте-сызба

    ► Сұраулық

    ► Күшейткіш

    ► Тежеу

    Демеуліктер

    Қарсы қою, салыстыру Көңіл-күй Күмөн Қомсыну

    4. Кубизм стратегиясы.

    Кубиктің 6 бетіне жазылған сүрақтар бойынша демеулік шылаулардың алты түрін атап, оған қандай сөздер жататынын айтады.

    5. Еркін жазу стратегиясы.

    Демеулік шылауларды қатыстырып мысалдар жазындар, мақал-мэтел сөз болса тіпті жақсы, сөйлемнің мағынасын түсіндіру барысында шылаулардың мэніне тоқталу.

    6. Ой толғау.

    Оқушыларға демеуліктердің мынадай 8 түрлі өзіндік белгісін таныттық.

    1. Демеуліктер сөйлемнің мағынасын өзгертеді.

    2. Интонациясын өзгертеді.

    З.Өздері тіркескен сөздеріне сүраулық, күшейткіш, тежеу, қарсы қою, көңіл-күй, күмэн, қомсыну секілді қосымша мағыналық реңктер үстейді.

    1. Демеуліктердің де бүрын толық лексикалық магынасы болған.

    2. Бірқатары етістіктен, бірқатары одағайдан пайда болған.

    б.Демеуліктердің лексикалық мағыналарынан гөрі грамматикалық мағыналары басым.

    7.Демеуліктер өзге көмекші сөздер секілді сөз бен сөз, сөйлем мен сөйлем арасындағы грамматикалық байланысты білдірмейді. Ол өзі тіркесетін сөзге, сейлемге қосымша реңктер береді.

    8. Демеуліктер өздеріне қатысты сөздердің жетегінде (септеулік секілді), соңында тұрады.

    Оқушылар талданған мысалдарга сүйеніп, демеуліктерге мынадай анықтама береді: "Демеуліктер — өздері тіркесетін негізгі сөздерге кушейту, тежеу, сұрау, қарсы қою, салыстыру, түрлі кеңіл кұйді білдіретін қосымша мағыналық қызмет атқаратын көмекші сөздердің бір түрі". Бұдан соң демеуліктер жайында алған теориялық білімдерін, сөйлеу, жазба тіддерінде қодана білу үшін жүмыстар жүргіздім.

    Ойынның аты: "Зарядтар". Мүны екі түрлі жолмен ойнауға болады. Ойынның шарты бойынша кестеге 7 сейлем жазылған. Оларда 7 түрлі демеуліктердің мақсаты ашылған. Әр сөйлемдегі көп нүктенің орнына тиісті демеулікті тауып жазу керек. 7 оқушының омырауына демеулікгердің түрлері жазылып, қадалды. Біреуіне сұраулық демеуліктер, екіншісіне күшейткіш демеуліктер т.б. Тақтаға демеуліктердің 7 түрі шығып түрады. Олардың омырауларында демеуліктердің қай түрі екендігі жазылған. "Сүраулық демеуліктер, жолға шығындар!" дегенде сүраулық демеуліктердің қатарына қолында -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе, -та, -те демеуліктері бар екі бала келіп тұрады, қалғаны да солай.

    Егер кімде-кім демеуліктерді дүрыс білмейтін болса, ол ойынның шартын бұзған болып, ұтылады. Кінэлі оқушыға біз мынадай талап қойдық.

    1. Демеуліктердің 7 түрін сабақтың соңыыа дейін жаттау.

    2.Соңғы газет-жү_рналдардан әзіне үнаған мақаланы шылау сөздерді қатыстьфа мазмүндап айтып беру.

    Сабақты бүлай түрлендіру, біріншіден, оқушылардың белсенділігін арттырса, екіншіден, демеуліктерден алғаы теориялық білімді тәжірибелік жүмыста, грамматикалық ойындардың үстінде-ақ игеруге әсер етеді. Грамматикалық ойындар сабақ үстінде көбірек жүрсе, соғұрлым оқушы білімі мен дағдысы ширайтынын тэжірибе көрсетті. Септеуліктер өздері тіркесетін сөздеріне қосымша мағыналық реңктер үстейтінін, жалғаулықтар өзара тең, бірыңғай сөздердің, бірыңғай сөз тіркестерінің және сөйлемдердің араларындағы әр қилы қатынастарын біддіретіндігін аыықтап, оқушыларды қатыстыра сабақты жинақтадым.

    Сабақтың қорытындысы.

    1. Сүрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.

    2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

    3. Үйге тапсырма: 334-жаттығу жүмысыньщ орындалу барысын түсіндіремін: Шылауларды
      мағынасына қарай топтап, түрлерін ажыратыңдар, олардың емлесін есте сақтаңдар. Мэтінді
      шығармашылық диктант түрінде жазыңдар.


    Тексердім:


    Сабақтың өтілетін мерзімі: 6- сынып

    Сабақтың тақырыбы: Шылаулардың емлесі.

    Және, мен (бен, пен) шылауларынын емлесі. Сабақтың мақсаты:

    а) білімділік: оқушыларға шылау сөздер, оның түрлері және шылаулардың емлесі, және, мен (бен, пен) шылауларының емлесі жайлы толық мәлімет беру.

    ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

    б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

    Сабақтың түрі: аралас сабақ.

    Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен. жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

    Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.

    Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.

    Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

    Сабақтың барысы:

    а) Ұйымдастыру кезеңі.

    1. Сәлемдесу.

    2. Кезекші мәлімдемесі.
      З.Журнал бойынша түгелдеу.
      4.Жаңа сабаққа дайындық.


    ә) Үй тапсырмасын сұрау.

    1. Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.



    2. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет