Сабақтың тақырыбы мен мазмұны Сағат саны Өтілетін мерзімі Қолданылатын әдіс-тәсілдер



бет20/25
Дата27.06.2016
өлшемі2.06 Mb.
#160945
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Еліктеуіш сөздер көмекші етістікпен (көбінесе ол ет көмекші етісті-гімен) тіркесіп жұмсалады. Мысалы: тырс етті, топ ете түсті, қор ете қал-ды, т.б. еліктеуіш сөздер қайтала-нып та, қосарланыи та жұмсалады. Он-дайда көмекші етістікпен тіркесіп, онымен бір қызметте немесе жеке тұрып қимылдың амалын білдіреді. Мысалы: тарс-түрс етті, ырс-ырс етеді.

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 299-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Еліктеуіш сөздерді тауып, қандай сөздермен тіркесіп тұрғанын көрсетіңдер.

Келесі тапсырма: 300-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Еліктеуіш сөздердің қай сөзбен тіркесіп тұрғанын көрсетіңдер, мағынасын ажыратыңдар. Сабақтың корытындысы:

  1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.

  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

  3. Үйге тапсырма: 301-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін:
    Еліктеуіш сөздерді пайдалана отырып, табиғат құбылыстарын суреттеп шығарма жазыңдар.


Тексердім:

Сабақтың өтілетін мерзімі: 6- сынып Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Бейнелеуіш сөздер. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға еліктеу сөздер, еліктеу сөздердің құрамдық түрлері,
еліктеу сөздердің мағыналық түрлері, бейнелеуіш сөздер жайлы толық мәлімет беру.


ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.

  2. Кезекші мәлімдемесі.

  3. Журнал бойынша түгелдеу.

  4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.

  2. Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.

  3. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Бейнелеуіш сөздер» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

Бейнелеуіш сөздер—табиғаттағы заттардың қозғалысын, күйін көру арқылы сипаттайтын, бейнелейтін сөздер. Мысалы: Аттылар бұрылып келіп, дөңгелене отырған жиынға жапыр-жұпыр сәлем берісіп амандасып қалды. Бұл мысалдағы жапыр-жұпыр сөзі бірнеше адамның (аттылардың) бірінен соң бірі сақтамай-ақ тез сәлем беруін білдіріп тұр.

Бейнелеуіш сөздер көмекші етістікпен (көбінесе ет көмекші етісті-гімен) тіркесіп жұмсалады. Мысалы: жалт ете түсті, жалт қарады, т.б. бейнелеуіш сөздер қайталанып, қосарланып, көмекші етістікпен тіркесіп жұмсалады. Мысалы: маң-маң басты, қызараң-қызараң етті, т.б.

Міне, осылайша жаңа сабакты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 302-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Бейнелеуіш сөздерді тауып, олардың мағынасын және қай сөзбен тіркесіп тұрғанын көрсетіңдер.

Келесі тапсырма: 303-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Бейнелеуіш сөздердің қай сөзбен тіркесіп тұрғанын және мағынасын ажыратып талдаңдар.

Келесі тапсырма: 304-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Еліктеу сөздерді тауып, қай түріне жататынын және мағынасын ажыратып талдаңдар.

Сабақтың қорытындысы:

  1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.

  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

  1. Үйге тапсырма: 305-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Қар
    көшкіні бейнеленген суретке қарап, еліктеуіш сөз бен бейнелеуіш сөздерді қатыстырып
    мәтін құраңдар.



Сабақтың өтілетін мерзімі: 6- сынып Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды еліктеу сөздер. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға еліктеу сөздер, еліктеу сөздердің құрамдық түрлері,
еліктеу сөздердің мағыналық түрлері, негізгі және туынды еліктеу сөздер жайлы толық
мәлімет беру.


ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:

а) Үйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.

  2. Кезекші мәлімдемесі.

  3. Журнал бойынша түгелдеу.

  4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.

  2. Жаттығу жұмысыньтң орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.

  3. Оқушылардың берген жауаптарьша қарай білімдерін бағалау.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Негізгі және туынды еліктеу сөздер» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

Еліктеу сөздер құрамына қарай дара және күрделі түбір болып келеді. Дара еліктеу сөздер тұлғасына қарай негізгі және туынды түбір түрінде болады.

Негізгі еліктеу сөздерге әр түрлі дыбыстар мен қимыл, іс-әрекетк тікелей
еліктеуден туған түбір сөздер жатады. Мысалы: тарс, тырс, т.б.


  1. Туынды еліктеу сөздер негізгі түбір еліктеу сөздер мен басқа да сөздерден -аң, -ең,
    -ың, -ің, -ң жұрнағы арқылы жасалады:


а)негізгі түбір еліктеу сөзден жасалған туынды еліктеу сөздер: арс-аң, балп-аң, жылт-
ың, томп-аң, быж-ың, т.б.


ә) етістіктерден жасалған туынды еліктеу сөздер: ағар-аң, былға-ң, домала-ң, т.б.

б)осы жұрнақ арқылы жасалған кейбір туынды еліктеу сөздердің тү-бірі қазіргі кезде
жеке қолданылмайтын өлі түбірге айналып кеткен. Олардын түбірін түбірлес басқа
сөздермен салыстырып қарау арқылы болжауға болады. Мысалы: арбаң (арби), ербең (ерби),
жарбаң (жарби),т.б


3.Күрделі еліктеу сөздер негізгі және туынды еліктеу сөздердің қайталануынан
немесе қосарлануынан жасалады. мысалы: борт-борт, гүрс-гүрс, бүрсең-бүрсең, адыраң-едірең, т.б.


Еліктеу сөздерден жұрнақ арқылы басқа сөз таптары да (негізінен зат есім мен етістік) жасалады. мысалы: тарс-ыл, сыр-ыл, т.б. тәрізді елік-теу сөздерден -ыл, -іл, -л, -ек, -ғыр, -гір жұрнақтары арқылы зат есім жасалған болса, желб-іре, салб-ыра, үлб-іре, т.-б. тәрізді еліктеу сөздерден -ыра, -іре және -ла, -ле, -да жұрнақтары арқылы етістіктер жасалған.
Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жүмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 307-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Еліктеу сөздерді тауып, құрамына қарай ажыратыңдар.

Келесі тапсырма: 308-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Еліктеу сөздерді тауып, құрамына, түріне қарай ажыратып, қалай жасалғанын талдап көрсетіңдер.

Сабақтың қорытындысы:

  1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.

  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

  3. Үйге тапсырма: 309-жаттығу жұмысынын орындалу шартын түсіндіремін:
    Төмендегі Абай өлеңдерінен алынған үзінділерден басқа сөз таптарын жасауға негіз болған
    еліктеу сөздерді табыңдар, оларға құрамы жағынан талдау жасаңдар.


Еліктеу сөздер қүрамына қарай дара жэне күрделі түбір болып келеді. Дара еліктеу сөздер түлғасына карай негізгі жэне туынды түбір түрінде болады.

  1. Негізгі еліктеу сөздерге эр түрлі дыбыстар мен қимыл, іс-эрекетке тіқелей
    еліктеуден туған түбір сөздер жатады. Мысалы: тарс, тырс, т.б.


  2. Туынды еліктеу сөздер негізгі түбір еліктеу сөздер мен басқа да сөздерден -аң, -ең,
    -ың, -ің, -ң жүрнағы арқылы жасалады:


а) негізгі түбір еліктеу сөзден жасалған туынды еліктеу сөздер: арс-аң, балп-аң, жылт-
ың, томп-аң, быж-ың, т.б.


э) етістіктерден жасалған туынды еліктеу сөздер: ағар-аң, былға-ң, домала-ң, т.б.

б) осы жүрнақ арқылы жасалған кейбір туынды еліктеу сөздердің тү-бірі қазіргі кезде
жеке қолданылмайтын өлі түбірге айналып кеткен. Олардын түбірін түбірлес басқа
сөздермен салыстырып қарау арқылы болжауға болады. Мысалы: арбаң (арби), ербең (ерби),
жарбаң (жарби),т.б


3. Күрделі еліктеу сөздер негізгі жэне туынды еліктеу сөздердің қайталануынан
немесе қосарлануынан жасалады. мысалы: борт-борт, гүрс-гүрс, бүрсең-бүрсең, адыраң-
едірең, т.б.


Еліктеу сөздерден жұрнақ арқылы басқа сөз таптары да (негізінен зат есім мен етістік) жасалады. мысалы: тарс-ыл, сыр-ыл, т.б. тэрізді елік-теу сөздерден -ыл, -іл, -л, -ек, -ғыр, -гір жүрнақтары арқылы зат есім жасалған болса, желб-іре, салб-ыра, үлб-іре, т.-б. тэрізді еліктеу сөздерден -ыра, -іре және -ла, -ле, -да жүрнақтары арқылы етістіктер жасалған.

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жүмыстарьш орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 307-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін: Еліктеу сөздерді тауып, қүрамына қарай ажыратыңдар.

Келесі тапсырма: 308-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін: Еліктеу сөздерді тауып, қү_рамына, түріне қарай ажыратып, қалай жасалғанын талдап көрсетіңдер.

Сабақтың қорытындысы:

  1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.

  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

  3. Үйге тапсырма: 309-жаттығу жүмысынын орындалу шартын түсіндіремін:
    Төмендегі Абай өлеңдерінен алынған үзінділерден басқа сөз таптарын жасауға негіз болған
    еліктеу сөздерді табыңдар, оларға қүрамы жағынан талдау жасаңдар.


Тексердім:

28. Сабақтың өтілетін мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Еліктеу сөздерден өткенді қайталау. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға еліктеу сөздер, еліктеу сөздердің қүрамдық түрлері,
еліктеу сөздердің мағыналық түрлері, негізгі жэне туынды еліктеу сөздер жайлы толық
мэлімет беру.


ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мэдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тэрбиелеу.


Сабақтың түрі: қайталау сабақ.

Сабақтың эдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сүрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу. Сабактьщ типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау. Сабақтың барысы:

а) Үйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.

  2. Кезекші мэлімдемесі.

  3. Журнал бойынша түгелдеу.

  4. Жаңа сабаққа дайындық.

э) Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.

  2. Жаттығу жұмысының орындалу барысын дэптерлерінен тексеру.

  3. Дәптерлерін алмастыру.

  4. Оқушылардьщ берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушылардың «Еліктеу сөздерден» алған білімдерін тексеру мақсатында қайталау сабағын жүргіземін.

Ең алдымен оларға пысықтауға арналған сүрақтарға жауап беруін тапсырамын:

  1. Еліктеу сөздердің мағыналық ерекшеліктері неде?

  2. Еліктеу сөздердің басқа сөз таптарынан айырмашылығы қандай?

  3. Еліктеу сөздердің екі түрге бөлінуі неге байланысты?

  4. Еліктеу сөздердің етістікпен тіркесіп колданылуында қандай ерекшелік бар?

  5. Еліктеу сөздерден басқа сөз таптары қалай жасалады?

Міне, осылайша сабақта өткен тақырыптарды қайталап болған соң жаттығу жүмыстарын орындатамын. Алғашкы орындалатын тапсырма: 310-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Еліктеу сөздерді тауып, олардың қалай жасалғанын айтыңдар.

Келесі тапсырма: 311-жаттыгу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Сөйлемдерді оқып, негізгі еліктеу сөздерді бір бағанға, туынды еліктеу сөздерді екінші бағанға жазыңдар.

Келесі тапсырма: 312-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін: Көп нүктенің орнына төмеидегі еліктеуіш сөздердің тиістісін қоып, көшіріп жазыңдар. Сабақтың қорытындысы:

  1. Сүрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.

  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

  3. Үйге тапсырма: 313-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін:
    Бейнелеуіш сөздерге назар аударып, жұмбақтың шешуін табыңдар.


Тексердім:

29. Сабақтың өтілетін мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Сын жүмысы.

Көктем. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін тексеру эрі

сауттылыққа баулу максатында сын жұмысын жүргізу.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мэдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу.

б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тэрбиелеу.

Сабақтың түрі: сын сабағы.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, мэнерлеп оқу, сөздікпен жұ_мыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтын көрнекілігі: диктанттар жинағы.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып үжымымен жұмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: үйымдастыру кезеңі, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау,

Сабақтың барысы:

а) ¥йымдастыру кезеңі.

  1. Сэлемдесу.

  2. Кезекші мэлімдемесі.

3 .Журнал бойынша түгелдеу.

4.Жаңа сабаққа дайындық.

э)Жаңа сабақты түсіндіру. ... .

Бүгінгі жаңа сабақта оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін тексеру мақсатында сын жүмысын жүргіземін.

Оқушыларға сын жүмысына арналған дэптерлерін таратып шығамын да, сын жүмысының тақырыбымен таныстырамын. Бүгінгі күнді, мэтін тақырыбын тақтаға жазып . шығамын да мэтін мазмұнын мэнерлеп оқып шығамын. Мэтін 115 сөзден түрады. Содан кейін мэтіннің эрбір сөйлемін жеке оқып мәтінді жаздыруға кірісемін. Көктем.

Көктем кешігіп шықты. Шығуы да қызық болды. Наурыздың соңын ала төпеп жауған қардан соң жүрт: "Ойпырмай, биыл көктем шықпайтын шығар, мынадай қардан кейін күн тағы да суытпаса неғылсын?" — деп отырғанда, күн ойда жоқта жылынып сала берді.

Күн жылынысымен, қыс бойы үйге қамалып зеріккен кемпір-шалдар шуаққа шығып, қауқылдасып отыратын болды. Балалар да шуақта ойнайды. Шуаққа адамдар ғана емес, жануарлар мен жэндіктер де шықты. Көк аспаннан әрілі-берілі сусылдап үшқан құстардың шуылы кейде төбеден, кейде аспанның алые түкпірінен қүлаққа талып жетеді.

Тесіліп еріген қар астынан көрінер-көрінбес болып элжуаз көктер қылтиып келе жатты. Даланың қоңыр салқын, дымқыл желінен жасқанып, дірілдеп, олар да көктемге, өмірге соншалық құштарлықпен бойын созып ұмтылды. (Т.Нүрмагамбетов, 107 сөз). Сабақтың қорытындысы:

  1. Сүрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.

  2. Сын жүмысына арналған дэптерлерін жинап аламын.

  3. Үйге тапсырма: «Көңілді көктем » тақырыбында шығарма жазып келу.

Тексердім:

30. Сабақтың өтілетін мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Тест тапсырмалары. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін тексеру
мақсатында тест жү_мысын жүргізу.


э) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу.

б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тэрбиелеу.


Сабақтың турі: сын сабағы.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, мэнерлеп оқу, сөздікпен жүмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау. Сабақтың көрнекілігі: тесттер кітапшасы.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жүмыс жүргізу. Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, Сабақтың барысы:

а) ¥йымдастыру кезеңі.

  1. Сэлемдесу.

  2. Кезекші мэлімдемесі.

  3. Журнал бойынша түгелдеу.

  4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә)Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабакта оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін тексеру мақсатында тест жұмысын жүргіземін.

Оқушыларға тест парақшалары мен перфокарталарды таратып шығамын да, тест сұрақтарына жауап беруін тапсырамын.

Сабақтың қорытындысы:

  1. Сүрақ қою арқылы жана сабақты қорытындылаймын.

  2. Тест парақшалары мен перфокарталарды жинап аламын.

  3. Үйге тапсырма: өткен тақырыптарды қайталап келу.

Тексердім:

Қазақ тілі IV тоқсан

аптасына: 3 сағат барлығы: 24 сағат



Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Өтілетін мерзімі

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

1.

Одағай сөздер туралы түсінік.

1







2.

Одағайдың түрлері.

1







3.

Көмекші есімдер.

1







4.

Көмекші етістіктер.

1







5.

Сын жүмысы.

1







6.

Шылау сөздер туралы түсінік.

1







7.

Септеулік шылаулар.

1







8.

Жалғаулық шылаулар.

1







9.

Демеулік шылаулар.

1







10.

Шылаулардың емлесі. Және, мен (бен, пен) шылауларының емлесі.

1







11.

Да (де, та, те) шылауының емлесі.

1







12.

Ма (ме, ба, бе, па, пе) шылауының емлесі.

1







13.

Дефис арқылы жазылатын шылаулар.

1







14.

Тіл ұстарту.

1







15.

Сын жүмысы.

1







16.

Тіл мэдениеті туралы түсінік.

1







17.

Сөздердің жасалу тәсілдері.

1







18.

Сөз таптары мен тіл мәдениетінің байланысы.

1







19.

Жүрт алдында сөйлеу мэдениеті.

1







20.

Сын жүмысы.

1







21.

Мэтінмен жүмыс.

1







22.

Морфологиядан өткенді қайталау.

1







23.

Тест тапсырмалары.

1







24.

Жыл бойы өткенді қайталау.

1








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет