Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
Үйге тапсырма: 245-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Төленді,
салынды, отырғызылды, кешіктірілмеді, шақырылды, өсірілді деген ырықсыз етістерді
қолданып мәтін құраңдар. .
Тексердім:
Сабақтың өтілетін мерзімі: 6- сынып
Сабақтын тақырыбы: Ортақ етіс. Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға етістер, олардың түрлері, ортақ етіс болып
бөлінетіндігі жайлы толық мәлімет беру.
ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.
б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.
Сабақтың эдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
-
Сәлемдесу.
-
Кезекші мәлімдемесі.
-
Журнал бойынша түгелдеу.
-
Жаңа сабаққа дайындық.
ә) Үй тапсырмасын сұрау.
-
Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.
-
Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.
-
Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Ортақ етіс» тақырыбы жайлы түсіндіремін.
Қимыл, іс-әрекеттің орындаушысы біреу емес, бірнешеу болып, -ыс, -іс, -с жұрнақтары арқылы жасалатын етістің түрі ортақ етіс деп аталады. Мысалы: Омар мен Оспан хат жазысты деген сөйлемдегі жазу қимылы бір ғана субъект (іс иесі) тарапынан емес, бірнеше орындаушы (Омар мен Оспан) арқылы іске асатындығын көрсетеді.
Ырықсыз етіс пен өздік етіс жұрнақтары сабақты етістікке жалғанып, оны салт етістікке айналдырады: әңгімені айтты—әңгіме айтылды, т.б. Өзгелік етіс жұрнағы салт етістікке жалғанса, салт етістікті сабақты етістікке айналдырады: шам сөнді—шамды сөндірді, т.б. ал ортақ етіс жүрнағында ондай қызмет жоқ: (хат) жазысты—сабақты етістік, сөйлесті—салт етістік.
Етіс жүрнақтары кейде бірінің үстіне бірі қабаттасып та жалғана береді:сөйле-с-іл-ді, жүр-гіз-дір-іл-ді, т.б.
Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 247-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Берілген етістіктерге жұрнақ жалғап, ортақ етіс жасаңдар. Түбір мен қосымшаның арасын дефис арқылы ажыратып жазыңдар.
Келесі тапсырма: 248-жаттығу жұмысының орындалу шарты мынадай: Сөйлемдерден ортақ етісті тауып, қалай жасалып тұрғанын байқаңдар. Оларға тұлғалық талдау жасаңдар. Мәтіннен фразеологизмдерді табыңдар.
Сабақтың қорытындысы:
-
Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
-
Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
3. Үйге тапсырма: 249-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін: Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Қүрамындағы етістерді түрлеріне қарай ажыратып, түлғалық талдау жасаңдар. .
Тексердім:
Сабақтың өтілетін мерзімі: 6- сынып
Сабақтың тақырыбы: Есімше туралы түсінік.
Есімшенің жасалуы мен түрлері. Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға есімше туралы түсінік, олардың жасалуы мен
түрлері жайлы толық мәлімет беру.
ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.
б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
-
Сәлемдесу.
-
Кезекші мәлімдемесі.
-
Журнал бойынша түгелдеу.
-
Жаңа сабаққа дайындық.
ә) Үй тапсырмасын сурау.
-
Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.
-
Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.
-
Оқушылардын берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Есімше туралы түсінік. Есімшенің жасалуы мен түрлері» тақырыбы жайлы түсіндіремін.
Есімше—етістіктің түрі. Себебі есімше сөйлемде екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте қолданылады. Бірде ешқандай қосымшасыз тұрып, қандай? қай? деген сұрақтарға жауап беріп, анықтауыш қызметін, ал кім? не? Деген сұрақтарға жауап беріп, бастауыш не баяндауыш қызметін де атқарады. Мысалы: Көрген кезде жазық жоқ (көрген—анықтауыш), Көрмес түйені де көрмес (бірінші көрмес—бастауыш, соңғы көрмес—баяндауыш). Бастауыш не анықтауыш қызметін атқарып тұрған есімшелер есім сөздерше түрлене алады. Мысалы: айтар-ың, естімег-ім.
Енді бірде жіктеліп келіп, қимылды, іс-әрекетті белгілі бір шаққа қатысты білдіреді де, сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарады. Мысалы: Сұлтан Бейбарыс бағана кетіп қалған. Берілген сөйлемде кетіп қалған деген етістік есімше түлғасында жіктеліп келіп (кетіп қал-ған—III жақ) қимыл, іс-әрекетті білдіріп тұр. Атап айтқанда, Сұлтан Бейбарыстың кетіп
қалуы өткен шақты білдіріп түр. Сөйтіп, бұл сөйлемдегі есімшелер (есімше тұлғалы етістіктер) белгілі бір шақты білдіріп, жіктеліп келіп, баяндауыш қызметін атқарып, белгілі заттың қимылын көрсетіп түр. Бүл—есімшенің етістікке тән қасиеті.
Есімшенің жасалуы мен түрлері.
Есімше етістіктің негізгі және туынды түбірлеріне, сондай-ақ етіс және болымсыз етістік тұлғаларына төмендегідей жұрнақтар қосылу аркылы жасалады:
-
-қан, -ған, -кен, -ген жұрнақтары арқылы өткен шақ есімше жасалады: алған,
берме-ген, т.б. Сөздің соңғы дыбысы дауысты, не үнді, не ұяң болса, жуан буыннан кейін -
ған, жіңішке буыннан кейін -ген жалғанады. Қатаң дыбысқа біткен сөзге жуан буыннан
кейін -қан, жіңішке буыннан кейін -кен жалғанады;
-
-ар, -ер, -р және болымсыз етістіктен кейін -с жұрнақтары қосылу арқылы
болжалды келер шақ есімше жасалады: бар-ар, көр-ер, т.б. дауыссыз дыбысқа біткен сөзге
жуан буыннан кейін -ар, жіңішке буыннан кейін -ер жалғанады да, дауысты дыбысқа біткен
сөзге -р, етістіктің болымсыз тұлғасынан кейін -с жалғанады;
-
-мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтары арқылы мақсатты келер шақ есімше
жасалады: бар-мақ, кел-мек, т.б. Сөздің соңғы дыбысы дауысты не ауыз жолды үнді (л, р, у,
й) болса, жуан буыннан кейін —мақ, жіңішке буыннан кейін -мақ жалғанады. Сөздің соңғы
дыбысы мұрын жолды үнді (м, н, ң) немесе ұяң болса, жуан буыннан кейін -бақ, жіңішке
буыннан кейін -бек жалғанады. Қатаң дыбысқа біткен сөзге жуан буыннан кейін -пақ,
жіңішке буыннан кейін -пек жалғанады.
Ескерту: Бұл жұрнақ етістіктің болымсыз тұлғасына жалғанбайды;
4) -атын, -етін, -йтын, -йтін жұрнақтары арқылы ауыспалы өткен шақ есімше
жасалады: бар-атын, қара-йтын, т.б. дауыссыз дыбысқа біткен сөзге жуан буыннан кейін -
йтын, жіңішке буыннан кейін жалғанады.
Бұл жұрнақ құранды қосымша -тын, -тін бөлегі түрған деген көмекші етістік болған да, ол -а, -е, -й түлғалы көсемшемен тіркесіп қолданып, біртіндеп қосымшаға айналып кеткен: бар-атын деген сөз о баста бара-тұрған болған да, кейін баратұғын болып, одан баратын болып қалыптасып кеткен.
Есімше түлғаларына емес, жоқ сөздері тіркесіп, болымсыздық мағына беріледі: барған емес, бармақ емес. Жоқ сөзі -ған, -ген, -қан, -кен тұлғалы есімшемен ғана тіркеседі: барған жоқ.
Алғашқы орындалатын тапсырма: 250-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Мәтінді көшіріп, есімшелерді табыңдар. Олардың түбірі мен қосымшасын ажыратып айтыңдар.
Келесі тапсырма: 251-жаттығу жұмысының орындалу шарты мынадай: Қарамен жазылған есімшелердің қандай жұрнақтар арқылы жасалып тұрғанын және олардың мағынасын түсіндіріңдер.
Сабақтың қорытындысы:
-
Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
-
Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
-
Үйге тапсырма: 252-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін:
Құрамында есімше кездесетін 5 сөйлемнен тұратын мәтін құрастырыңдар. Есімшелерге
тұлғалық талдау жасаңдар..
Сабақтың өтілетін мерзімі: 6- сынып
Сабақтың тақырыбы: Көсемше туралы түсінік. Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға көсемше туралы түсінік, олардың жасалуы мен
түрлері жайлы толық мәлімет беру.
ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.
б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабактың эдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
-
Сәлемдесу.
-
Кезекші мәлімдемесі.
-
Журнал бойынша түгендеу.
-
Жаңа сабаққа дайындық.
ә) Үй тапсырмасын сүрау.
-
Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.
-
Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексер
-
Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Бүгінгі жаңа сабақта «Көсемше туралы түсінік» тақырыбы жайлы түсіндіремін. Көсемше де—етістіктің ерекше түрі. Есімше сияқты көсемше де екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте қолданылады. Бірде жіктеліп келіп немесе күрделі естістіктің негізгі етістік сыңары көсемше тұлғасында келіп, көмекші етістік жіктеліп, қимылды, іс-әрекетті белгілі бір шаққа байланысты білдіреді де, сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарады. Мысалы: Қораның төбесі ашылып қалыпты. Берілген сөйлемдегі ашылып қалыпты деген етістік көсемше түлғасында (-ып жұрнағы) жіктеліп келіп (III жақта -ты), іс иесінің қимыл-әрекетін белгілі бір шаққа байланысты білдіреді: төбесі (яғни ол—III жақ) ашылып қалыпты—өткен шақ. Сондай-ақ сөйлемдегі ашылып қалыпты деген күрделі етістіктердің алдыңғы негізгі етістіктер (ашылып) білдіріп тұр, көмекші етістіктер (қалыпты) жаңағы негізгі қимылдың шағы (өткен шақ: қалыпты, оны білдіріп тұрған -ып көсемше жұрнағы) мен қимыл иесінің жағын (III жақ—ол) білдіріп тұр. Бұл—көсемшенің етістікке қатысты сипаты.
Көсемше сонымен бірге кейде қимыл, іс-әрекеттің тура өзін білдірмей, оның амалын, сынын, себебін, мезгілін, болу мақсатын білдіріп, үстеу мәнінде жүмсалады. Мысалы: Түбімнен қатты ұрып, жемісімді жерге түсіріп алып жейді. Берілген сөйлемдегі түсіріп алып деген көсемше тұлғалы етістіктер қимылдың, іс-әрекеттің нақ өзін емес, оның (қимылдың) амалын, сынын, мақсат-себебін білдіріп тұр: қалай жейді?—түсіріп алып.
Сөйтіп бірде жіктеліп келіп немесе күрделі етістіктің құрамында (негізгі етістік болып) қимыл, іс-әрекетті білдіріп, екінші бірде қимыл, іс-әрекеттің өзін емес, оның әр түрлі сипатын, амал-сынын, себеп-мақсатын, мезгілін білдіріп, екі түрлі мәнде (бірі етістік мәнінде, екіншісі үстеу мәнінде) қолданылып, екі түрлі қызмет атқаратын етістіктің ерекше түрін көсемше дейміз
Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 253-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Суретке қарап, жазғы тау көрінісі туралы мәтін қүраңдар. Мәтінге ат қойыңдар. Қандай етістік түрлерін қамтыдыңдар? Көсемшелер бар болса астын сызыңдар.
Келесі тапсырма: 254-жаттығу жұмысының орындалу шарты мынадай: Көсемшелерді көмекші етістіктермен тіркестіріп, күрделі етістік жасаңдар.
Келесі тапсырма: 255-жаттығу жүмысының шарты: Мақалдардан көсемше тұлғалы етістіктерді тауып, олардың қандай жұрнақтар арқылы жасалып тұрғанын айтыңдар. Сабақтың қорытындысы:
-
Сұрақ қою арқылы жаңа сабакты қорытындылаймын.
-
Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
-
Үйге тапсырма: 256-жаттығу жұмысының орындалу шарты: Мәтінді түсініп
оқыңдар. Көсемшелерді теріп жазып, олардың жұрнақтарын түбірден дефиспен бөлің
а) білімділік: оқушыларға көсемше туралы түсінік, олардың жасалуы мен
түрлері жайлы толық мәлімет беру.
ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мэдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.
б) тэрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тэрбиелеу.
Сабақтың түрі: калыпты сабақ.
Сабактың эдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сүрақ-жауап, сөздікпен жүмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып үжымымен жүмыс жүргізу.
Сабақтың типтері: үйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сүрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.
Сабақтың барысы:
а) ¥йымдастыру кезеңі.
-
Сэлемдесу.
-
Кезекші мэлімдемесі.
-
Журнал бойынша түгелдеу.
-
Жаңа сабаққа дайындық.
э) Үй тапсырмасын сүрау.
-
Өткен сабақта өтілген ережені сүрау.
-
Жаттығу жүмысының орындалу барысын дэптерлерінен тексеру.
-
Дэптерлерін алмастыру.
-
Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Бүгінгі жаңа сабақта «Көсемше туралы түсінік» тақырыбы жайлы түсіндіремін. Көсемше де—етістіктің ерекше түрі. Есімше сияқты көсемше де екі түрлі мэнде, екі түрлі қызметте қолданылады. Бірде жіктеліп келіп немесе күрделі естістіктің негізгі етістік сыңары көсемше түлғасында келіп, көмекші етістік жіктеліп, қимылды, іс-эрекетті белгілі бір шаққа байланысты білдіреді де, сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарады. Мысалы: Қораның төбесі ашылып қалыпты. Берілген сөйлемдегі ашылып қалыпты деген етістік көсемше түлғасында (-ып жүрнағы) жіктеліп келіп (III жақта -ты), іс иесінің қимыл-әрекетін белгілі бір шаққа байланысты білдіреді: төбесі (яғни ол—III жақ) ашылып қалыпты—өткен шақ. Сондай-ақ сөйлемдегі ашылып қалыпты деген күрделі етістіктердің алдыңғы негізгі етістіктер (ашылып) білдіріп түр, көмекші етістіктер (қалыпты) жаңағы негізгі қимылдың шағы (өткен шақ: қалыпты, оны білдіріп түрған -ып көсемше жүрнағы) мен қимыл иесінің жағын (III жақ—ол) білдіріп тү_р. Бүл—көсемшенің етістікке қатысты сипаты.
Көсемше сонымен бірге кейде қимыл, іс-эрекеттің тура өзін білдірмей, оның амалын, сынын, себебін, мезгілін, болу мақсатын білдіріп, үстеу мэнінде жүмсалады. Мысалы: Түбімнен қатты үрып, жемісімді жерге түсіріп алып жейді. Берілген сөйлемдегі түсіріп алып деген көсемше тұлғалы етістіктер қимылдың, іс-әрекеттің нақ өзін емес, оның (қимылдың) амалын, сынын, мақсат-себебін білдіріп түр: қалай жейді?—түсіріп алып.
Сөйтіп бірде жіктеліп келіп немесе күрделі етістіктің қүрамында (негізгі етістік болып) қимыл, іс-әрекетті білдіріп, екінші бірде қимыл, іс-эрекеттің өзін емес, оның эр түрлі сипатын, амал-сынын, себеп-мақсатын, мезгілінбілдіріп, екі түрлі мэнде (бірі етістік мэнінде, екіншісі үстеу мэнінде) қолданылып, екі түрлі қызмет атқаратын етістіктің ерекше түрін көсемше дейміз
Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болғаи соң жаттығу жүмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 253-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін: Суретке қарап, жазғы тау көрінісі туралы мәтін қүраңдар. Мэтінге ат қойыңдар. Қандай етістік түрлерін қамтыдыңдар? Көсемшелер бар болса астын сызыңдар.
Келесі тапсырма: 254-жаттығу жүмысының орындалу шарты мынадай: Көсемшелерді көмекші етістіктермен тіркестіріп, күрделі етістік жасаңдар.
Келесі тапсырма: 255-жаттығу жүмысының шарты: Мақалдардан көсемше тұлғалы етістіктерді тауып, олардың кандай жүрнақтар арқылы жасалып түрғанын айтыңдар. Сабақтың қорытындысы:
-
Сүрақ қою арқылы жаңа сабакты қорытындылаймын.
-
Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
-
Үйге тапсырма: 256-жаттығу жүмысының орындалу шарты: Мэтінді түсініп
окыңдар. Көсемшелерді теріп жазып, олардың жү_рнақтарын түбірден дефиспен бөліңдер.
Тексердім:
10. Сабақтың өтілетін мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Көсемшенің жасалуы мен түрлері. Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға көсемше туралы түсінік, олардың жасалуы мен
түрлері жайлы толық мэлімет беру.
ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мэдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.
б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тэрбиелеу.
Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.
Сабақтың эдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жүмыс жүргізу.
Сабақтың типтері: үйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.
Сабақтың барысы:
а) ¥йымдастыру кезеңі.
-
Сэлемдесу.
-
Кезекші мэлімдемесі.
-
Журнал бойынша түгелдеу.
-
Жаңа сабаққа дайындық.
ә) Үй тапсырмасын сүрау.
-
Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.
-
Жаттығу жүмысының орындалу барысын дэптерлерінен тексеру.
-
Дәптерлерін алмастыру.
-
Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Бүгінгі сабақта «Көсемшенің жасалуы мен түрлері» тақырыбы жайлы түсіндіремін. Көсемше етістік түбірлеріне (негізгі және туынды) немесе етіс, болымсыз етістік түлғаларына мына жұрнақтар жалғану арқылы жасалады:
-
-а, -е, -й жүрнақтары арқылы ауыспалы осы шақ көсемше жасалады. дауыссыз
дыбысқа біткен сөздерге жуан буыннан кейін -а, жіңішке буыннан кейін -е, дауысты
дыбысқа біткен етістікке -й жүрнағы жалғанады: жаз-а, күл-е, қара-й, т.б.
-
-ып, -іп, -п жүрнағы арқылы өткен шақ көсемше жасалады. дауыссыз дыбыстарға
біткен етістіктерге жуан буыннан кейін -ып, жіңішке буыннан кейін -іп, дауысты дыбысқа
біткен етістікке -п жұрнағы жалғанады: жаз-ып, күл-іп, сөйле-п, т.б.
3) -^алы, -гелі, -қалы, -келі жұрнағы арқылы көсемшенің үшінші түрі жасалады. Дауысты, үнді, ү_яң дауыссыз дыбыстарға біткен етістіктерге жуан буыннан кейін -^алы, жіңішке буыннан кейін -гелі жалғанады да, қатаң дауыссыздарға біткен етістіктерге жуан буыннан кейін -қалы, жіңішке буыннан кейін -келі жалғанады: жаз-ғалы, қара-ғалы, сөйле-гелі, айт-қалы, т.б.
-а, -е, -й жэне -ып, -іп, -п тұлғалы көсемшелер жіктеледі де, -ғалы, -гелі, -қалы, -келі түлғалы көсемшелер жіктелмейді. Көсемше тұлғасына көптік, септік, тэуелдік жалғаулар жалғанбайды.
Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 257-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Көсемшелерді теріп жазып, түлғалық талдау жасаңдар. Мэтінге ат қойыңдар. Қазақтың үлттық ойындарын атаңдар.
Келесі тапсырма: 258-жаттығу жүмысының орындалу шарты мынадай: Көсемшелерді тауып, сүрақ қойып, сөйлемде қандай мүшенің қызметін атқарып тұрғанын айтыңдар. Өздеріңнің немесе достарыңның бойынан ақындық қабілетті байқаған кездерің болды ма? Болса, өлеңдеріңді оқып беріңдер.
Сабақтың қорытындысы:
-
Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
-
Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
-
Үйге тапсырма: 256-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Мақал-
мэтелдердің мазмұнына талдау жасаңдар. Құрамындағы етістіктің есімше, көсемше түрлерін
тауып, олардың қандай жұрнақтар арқылы жасалып түрғанын жэне қалай түрленгенін
айтыңдар.
Тексердім:
Сабақтың өтілетін мерзімі: 6- сынып
Сабақтың тақырыбы: Тұйық етістік. Тұйық етістіктің емлесі. Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға тұйық етістік туралы түсінік, олардың жасалуы мен
тұйық етістіктің емлесі жайлы толық мәлімет беру.
ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.
б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |