Сабақтың тақырыбы мен мазмұны Сағат саны Өтілетін мерзімі Қолданылатын әдіс-тәсілдер



бет16/25
Дата27.06.2016
өлшемі2.06 Mb.
#160945
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.

  2. Кезекші мәлімдемесі.

  3. Журнал бойынша түгелдеу.

  4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.

  2. Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.

  3. Дәптерлерін алмастыру,

  4. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Тұйық етістік. Тұйық етістіктің емлесі» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

Түйық етістік—етістіктің ерекше түрі. Мағынасы жағынан ол қимылдың, іс-әрекеттің атын білдіреді де, шақпен де, жақпен де байланысты болмайды.сөйтіп, тұйық етістік қимылдың, іс-әрекеттің атауы ретінде қолданылады да, етістік тұлғаларына тән шақтық мағынаны да, жақтық мағынаны да білдірмейді.

Тұйық етістік етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына -у жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: сұра-у, бар-у, кел-у, т.б. бұл сөздер қимыл, іс-әрекеттерінің атын білдіріп, солардың атауы болып түр. Сондықтан да тұйық етістік заттық мағынада, зат есім мәнінде жиі қолданылады. Тіпті тұйық етістіктердің кейбірі белгілі заттың, көбіне құралдың атын білдіріп, зат есім болып кеткен. Тілімізде көсеу (отты, шоқты көсейтін темір құрал), сабау (жүнді сабайтын шыбық), т.б. сияқты зат есімдер тұйық етістіктен жасалған. Мысалы: Көсеу ұзын болса, қол күймейді. Тұйық етістік зат есім сияқты түрленеді.

Тұйық етістік тікелей септеле де көптеле де, тәуелдене де алады. Бірақ жіктелмейді. Тұйық етістікке көптік жалғауы жалғанса, одан кейін тәуелдік жалғауы жалғанып қолданылады. Сөйтіп, зат есімдерше түрленіп, шақпен де, жақпен де байланысты болмай, қимылдың, іс-әрекеттің атын білдіретін етістіктің ерекше түрін тұйық етістік дейміз. Тұйық етістіктің емлесі.

  1. Дауыссыз дыбыстарға біткен етістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағы дауысты
    болып жалғанады: бар-у, кел-у, т.б. Дауысты дыбыстарға біткен етістіктерге тұйық етістіктің
    -у жұрнағы дауыссы болып жалғанады: ойна-у, сөйле-у, т.б.


  2. Дауысты ы, і дыбыстарына біткен етістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағы
    жалғанғанда, түбірдің соңындағы ы, і дыбыстары жазылмай, у дыбысының құрамына еніп
    кетеді де ол (у) дауысты болып есептеледі. Мысалы: оқы+у—оқу, тасы+у—тасу, т.б.


  3. Қатаң п, қ, к дыбыстарына біткен етістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағы
    жалғанғанда, түбір соңындағы п дыбысы б-ға, қ дыбысы ғ-ға,


к дыбысы г-ға айналып кетеді. Мысалы: ақ+у—ағу, кеп+б—кебу, т.б.

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 260-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Көшіріп жазып, тұйық етістіктердің астын сызыңдар.

Келесі тапсырма: 261-жаттығу жұмысының орындалу шарты мынадай: Тұйық етістіктерді тауып, қандай тұлғада тұрғанын ажыратыңдар, зат есім сияқты түрленуіне назар аударыңдар.

Сабақтың қорытындысы:

  1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.

  2. Оқушылардың берген жауаптарына карай білімдерін бағалаймын.

  3. Үйге тапсырма: 262-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Берілген
    сөздерді әрі тұйық етістік ретінде, әрі зат есім ретінде қолданып, әрқайсысына екі сөйлем
    құраңдар.



Сабақтың Сабақтың өтілетін мерзімі: 6-сынып

Сабақтың тақырыбы: Етістіктен өткенді қайталау. Сабақтың мақсаты:

білімділік - етістік бойынша алған білімдерін жинақтау, етістік түрлерін ажырата білу дағдыландыру;

дамытушылық - тіл,сөйлеу тілдерін жетілдіру, сөйлеу машықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жол ашу, ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын, ■ байқағыштық қасиеттерін дамыту;

тәрбиелік - ойын түрлері арқылы оқушылардың тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру, талдауға алынған мысалдар арқылы адамгершілік қасиеттерге, ұлттық құндылықтарды сүйе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: КВН үлгісіндегі жарыс сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, сөйлеу, шығармашылық жұмыстар, сөздерге сатылай кешенді талдау жасау.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпты ашу үшін пайдаланылатын плакат беттер, сатылай кешенді талдаудың үлгілері, түрлі түсті қағаздан қиылып жасалған фишкалар, перфокарталар

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау, ойларын бір ортаға топтастыру. Сыныпты екі топқа бөлу I топ "Есімше", 2-топ "Көсемше".Етістік бойынша топ басшыларына сұрақтар қойылады. Жеңіске жеткен топ өздерін бірінші таныстырады.

Жарыс 9 турдан тұрады.

I. Таныстыру. "Біз кімбіз?"

Екі топ өздерінің топтарының атына байланысты есімше мен көсемше, жасалуы мен түрлері, түрленуіне байланысты қасиеттерін айтып, өздерін таныстырады.

"Есімше" тобының таныстыруы Етістіктің ерекше бір түрімін,

Ерекше боп жаратылған гүлімін,

Екі түрлі қызметте жұмсалып,

Толықтырам оқушының білімін.

Анықтауыш, баяндауыш, бастауыш

Қызметінде бірінен соң бірімін.

-мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек,

-атын, -етін, -йтын, -йтін және де

қан, -кен, -ған, -ген, -ар, -ер, -р деп

Жұрнақтарым толықтырар ілімін.

Есімшемін ел осылай мақтайтын,

Қылығым жоқ қазақ тілі даттайтын.

Шәкірттерге берерім мол, пайдам да,

Еліміздің аманатын ақтаймын.

"Көсемше" тобының таныстыруы

Көсемшемін, көріңіздер дара тұлғам,

Етістіктен ерекше жаратылғам.

Екі түрлі қызметті мен де атқарам:

Үстеу және етістік санатынан

-а, -е, -й, -ып, -а деген жұрнақтарым

Қолдансаң сөз тудырады қанатынан.

-қалы, -келі, -ғалы, -гелі жұрнақтарым

Тұлғасы жіктелмейтін тарапынан.

Мен қалай қанатымды қақтырмаймын,

Оқып білмей, оңайлықпен таптырмаймын. Көптік, септік, тәуелдік аталатын Жалғауларды жалпы мен жақтырмаймын.

2, Салт-дәстүрім - тірегім.

1-топ. Мақал-мәтелдер және жаңылтпаштар айтып, етістіктерін тауып, жан-жақты талдайды. Қосымша сабақты, салт етістіктерді сипаттайды.

2-топ. Қазақтың тыйым сөздсрі мен жұмбақтар айтып, етістікті түрлеріне қарай ажыратады, ережелерін айтады. Қосымша болымды, болымсыз етістіктерді сипаттайды.

3. Талдап үйренейік.
Етістіктерге сатылай кешенді талдау жасау.


1-топ "көрген" етістігіне фонологиялық, ал "болысты" етістігіне лексика-грамматикалық талдаулар жасайды.

2-топ "жалтылдап" етістігін фонологиялық, және "қипақтау" етістігіне математикалық тәсілмен талдау жасалады.

4."Атадан қалған асыл сөз" (өлең жолдарын сөйлемге айналдыр). "Есімше" тобы Төле бидің 9 жасар Жетес биге берген батасын үнтаспадан тындайды да, өлең жолдарын сөйлемге айналдырады.

"Кесемше" тобы дәл осындай тәсілмсн 14 жасар Қазыбек бидің қалмақ ханы Қонтажыға айтқан сөздерін тыңдап, өлең жолдарын сөйлемге айналдырады. Қосымша дара, күрделі етістіктерге сипаттама береді.

Сергіту сәті. Отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктерінің қалып етістіктер екені айтылып, әр түрлі жаттығулар жасалады.

5. "Кім жылдам?" ойыны.

"Есімше" тобына "бол", "Көсемше" тобына "жет" етістігі беріледі. Ойынның шарты -жазылған етістіктің әрбір әрпінен басталатын етістікті табу және оларға етіс жұрнақтарын жалғау.

Оқулықпен жұмыс.

Алғашқы орындалатын тапсырма: Алғашқы орындалатын тапсырма: 264-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Етістіктерді тауып, олардың нешінші жақта қалай жіктеліп тұрғанын айтыңдар.

Келесі тапсырма: 265-жаттығу жұмысының орындалу шарты мынадай: Дара және күрделі етістіктерді ажыратып, күрделі етістіктің құрамын анықтаңдар.

Тест тапсырмалары бойынша жұмыс.

Алдын ала дайындалған тест тапсырмалары таратылады,тексеріледі 1 .Етістіктің неше түрі бар?

а) 1 э) 3 б) 5

2.Болымсыз етістік жүрнақтары қайсысы?

а) -у ә) -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе б) -ып, -іп, -п

3."Сөйлеп тұр", "жүріп келе жатыр" құрамына қарай қандай етістікке жатады?

а) дара етістікке ә)тұйық етістікке б) күрделі етістікке

4. Екі етістік түріне ортақ жүрнақтарды ата.

а) —ыл -іл, -л э) -қыз, -кіз, -ғыз, -гіз б) -ын, -ін, -н

5.Көсемшенің жіктелмейтін түрін көрсет.

а)-қалы, -келі, -галы, -гелі ә)-а,-е,-й б) -ып, -іп, -п

6. Сабақты етістікті салт етістікке айналдыратын қай етістік түрі?

а)ырықсыз етіс ә) өздік етіс б) өзгелік етіс

7. Табыс жалғауын қажет етпейтін етістік түрі.

а)сабақты етістік ә) салт етістік б) есімше

8.Тұйық етістік қай сөйлемде тұр?

а) Сабаққа үнемі дайындалу керек.

ә)Шашу жақсылық, жиын-тойларда орындалатын ырым.

б) Көсеуді пештің қасына қойды.

8.Перфокартамен жүмыс.

Екі топқа "Киіз үй", "Түлік төлдсн өседі" тақырыбындағы перфокарта таратылып, шағын мәтін құрастыру тапсырылады. Мәтін ішінде етістіктер болу керек.

9. Суретпен жұмыс.

Тақтаға "Киіз басу" суреті ілінеді. Екі топ ауызша киіз басудағы ерекшеліктерді кезек-кезек ретімен баяндайды.

Оқушылардың өзді-өздерін бағалауы бойынша жеңімпаз топ анықталады.

Сабақтың қорытындысы:

1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.

2, Оқушылардың білімін бағалаймын.

3. Үйге тапсырма: 267-жаттығу жұмысының орындалу шарты мынадай: Есімшелерді бір бөлек, көсемшелерді бір бөлек теріп жазыңдар.

Келесі тапсырма: 268-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Қарамен жазылған сөздердің тұлғаларын ажыратып, морфологиялық талдау жасаңдар.




12. Сабақтың өтілетін мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Етістіктің сөйлемдегі синтаксистік қызметі. Сабақтың максаты:

а) білімділік: оқушыларға етістік, оның түрлері, оның сөйлемдегі синтаксистік
қызметі жайлы толық мәлімет беру.


ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаггылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тэрбиелеу.


Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.

Сабақтың эдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сүрақ-жауап, сөздікпен жү_мыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып үжымымен жүмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: үйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сүрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:

а) Үйымдастыру кезеңі.

  1. Сэлемдесу.

  2. Кезекші мэлімдемесі.

  3. Журнал бойынша түгелдеу.

  4. Жаңа сабаққа дайындық.

э) Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Өткен сабақта өтілген ережені сүрау.

  2. Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.

  3. Дәптерлерін алмастыру.

  4. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Етістіктің сөйлемдегі синтаксистік қызметі» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

Етістік сөйлемде мынадай синтаксистік қызметтерді атқарады:

1. Етістіктер жіктеліп келіп, сөйлемде баяндауыштың қызметін атқарады. Мысалы: Сүлтан Бейбарыс биыл мектепке барды. Мен жүмысымды жалгастырудамын.

Есімше және түйық етістік атау септікте түрып, сөйлемде бастауыштың қызметін атқарады. Мысалы: Ізденген жетер мүратқа. Оқу—білім бұлағы.

  1. Есімше жэне түйық етістік атау жэне ілік септіктерінен басқа септіктерде түрып,
    сөйлемде толықтауыштың қызметін атқарады. Мысалы: Білгенге маржан, білмеске арзан. Біз
    енді жарысуға кірістік.


  2. Есімшелер және ілік септігіндегі түйық етістік сөйлемде анықтауыштың қызметін
    атқарады. Мысалы: Оқудың шегі жоқ. Ақыл—тозбайтын тон, білім-таусымайтын кен.


  3. Қимылдың әр түрлі қасиетін білдіріп, сөйлемде пысықтауыштың қызметін
    атқарады. Мысалы: Ол күлімсіреп қарады. Оны жеңу үшін күш керек.


Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 263-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Түйық етістіктерді тауып, олардың қандай сетіктерде түрғанын ажыратыңдар.

Келесі тапсырма: Қалаған мэтіннен етістіктерді тауып, олардың сөйлемдегі синтаксистік қызметін белгілеп, жазып шығыңдар.

Сабақтың қорытындысы:

  1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.

  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

3. Үйге тапсырма: қалаған шығармадан үзінді алып, сол үзідіден етістіктерді тауып, олардың сөйлемдегі синтаксистік қызметінг жазып шығыңдар.

Тексердім:
Сабақтың өтілетін мерзімі:


Сабақтың тақырыбы: Етістіктен өткенді қайталау. Сабақтың максаты:

білімділік - етістік бойынша алған білімдерін жинақтау, етістік түрлерін ажырата білу дағдыландыру;

дамытушылық - тіл,сөйлсу тілдерін жетілдіру, сөйлеу машықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жол ашу, ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын, ■ байкағыштық қасиеттерін дамыту;

тәрбиелік - ойын түрлері арқылы оқушылардың тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру, талдауға алынған мысалдар арқылы адамгершілік қасиетгерге, үлттық қүндылықтарды сүйе білугетэрбиелеу.

Сабақтың түрі: КВН үлгісіндегі жарыс сабақ.

Сабақтың әдісі: сүрақ-жауап, сөйлеу, шығармашылық жүмыстар, сөздерге сатылай кешенді талдау жасау.

Сабақтьщ көрнекілігі: тақырыпты ашу үшін пайдаланылатын плакат беттер, сатылай кешенді талдаудың үлгілері, түрлі түсті қағаздан қиылып жасалған фишкалар, перфокарталар, үнтаспа.

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау, ойларын бір ортаға топтастыру. Сыныпты екі топқа бөлу I топ "Есімше", 2-топ "Көсемше".Етістік бойынша топ басшыларына сүрақтар қойылады. Жеңіске жеткен топ өздерін бірінші таныстырады.

Жарыс 9 турдан түрады.

I. Таныстыру. "Біз кімбіз?"

Екі топ өздерінің топтарының атына байланысты есімше мен көсемше, жасалуы мен түрлері, түрленуіне байланысты қасиеттерін айтып, өздерін таныстырады.

"Есімше" тобының таныстыруы Етістіктің ерекше бір түрімін,

Ерекше боп жаратылған гүлімін,

Екі түрлі қызметте жұмсалып,

Толықтырам оқушының білімін.

Анықтауыш, баяндауыш, бастауыш

Қызметінде бірінен соң бірімін.

-мақ, -мек, -бац, -бек, -пщ, -пек,

-атын, -етін, -итын, -итін жэне де

-цан, -кен, -ган, -ген, -ар, -ер, -р деп

Жұрнақтарым толықтырар ілімін.

Есімшемін ел осылай мақтайтын,

Қылығым жоқ қазақ тілі даттайтын.

Шэкірттерге берерім мол, пайдам да,

Еліміздің аманатын ақтаймын.

"Көсемше" тобының таныстыруы

Көсемшемін, көріңіздер дара тұлғам,

Етістіктен ерекше жаратылғам.

Екі түрлі қызметті мен де атқарам:

Үстеу жэне етістік санатынан

-а, -е, -й, -ып, -а деген жұрнақтарым

Қолдансаң сөз тудырады қанатынан.

-цалы, -келі, -галы, -гелі жүрнақтарым

Тұлғасы жіктелмейтін тарапынан. Мен қалай қанатымды қақтырмаймын, Оқып білмей, оңайлықпен таптырмаймын. Көптік, септік, төуелдік аталатын Жалғауларды жалпы мен жақтырмаймыні.

2, Салт-дәстүрім - тірегім.

1-топ. Мақал-мэтелдер жэне жаңылтпаштар айтып, етістіктерін тауып, жан-жакты талдайды. Қосымша сабақты, салт етістіктерді сипаттайды.

2-топ. Қазақтың тыйым сөздсрі мен жүмбақтар айтып, етістікті түрлеріне қарай ажыратады, ережелерін айтады. Қосымша болымды, болымсыз етістіктерді сипаттайды.

3. Талдап үйренейік.
Етістіктерге сатылай кешенді талдау жасау.


1-топ "көрген" етістігіне фонологиялық, ал "болысты" етістігіне лексика-грамматикалық талдаулар жасайды.

2-топ "жалтылдап" етістігін фонологиялық, жэне "қипақтау" етістігіне математикалық тэсілмен талдау жасалады.

4."Атадан қалған асыл соз" (өлең жолдарын сөйлемге айналдыр). "Есімше" тобы Төле бидің 9 жасар Жетес биге берген батасын үнтаспадан тындайды да, өлең жолдарын сөйлемге айналдырады.

"Кесемше" тобы дэл осындай тәсілмсн 14 жасар Қазыбек бидің қалмақ ханы Қонтажыға айтқан сөздерін тыңдап, өлең жолдарын сөйлемге айналдырады. Қосымша дара, күрделі етістіктерге сипаттама береді.

Сергіту сэті. Отыр, тур, эісатыр, жүр етістіктерінің қалып етістіктер екені айтылып, эр түрлі жаттығулар жасалады.

5. "Кім жылдам?" ойыны.

"Есімше" тобына "бол", "Көсемше" тобына "жет" етістігі беріледі. Ойынның шарты -жазылған етістіктің эрбір эрпінен басталатын етістікті табу жэне оларға етіс жүрнақтарын жалғау.

Оқулықпен жұмыс.

Алғашқы орындалатын тапсырма: Алғашқы орындалатын тапсырма: 264-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Етістіктерді тауып, олардың нгешінші жақта қалай жіктеліп тұрғанын айтыңдар.

Келесі тапсырма: 265-жаттығу жүмысының орындалу шарты мынадай: Дара жэне күрделі етістіктерді ажыратып, күрделі етістіктің қүрамын аныктаңдар. Тест тапсырмалары бойынша жүмыс.

Алдын ала дайындалған тест тапсырмалары таратылады,тексеріледі 1 .Етістіктің неше түрі бар?

а) 1 э) 3 б) 5

2.Болымсыз етістік жүрнақтары қайсысы?

а) -у э) -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе б) -ып, -іп, -п •■■

3."Сөйлеп түр", "жүріп келе жатыр" құрамына қарай қандай етістікке жатады?

а) дара етістікке э)түйық етістікке б) күрделі етістікке

4. Екі етістік түріне ортак жүрнақтарды ата.

а) —ыл -іл, -л э) -қыз, -кіз, -ғыз, -гіз б) -ын, -ін, -н

5.Көсемшенің жіктелмейтін түрін көрсет.

а)-қалы, -келі, -галы, -гелі ә)-а,-е,-й б) -ып, -іп, -а

6. Сабақты етістікті салт етістікке айналдыратын қай етістік түрі?

а)ырықсыз етіс ә) өздік етіс б) өзгелік етіс

7. Табыс жалғауын қажет етпейтін етістік түрі.

а)сабақты етістік э) салт етістік б) есімше

8.Түйық етістік қай сөйлемде түр?

а) Сабаққа үнемі дайындалу керек.

э)Шашу жақсылық, жиын-тойларда орындалатын ырым.

б) Көсеуді пештің қасына қойды.

8.Перфокартамен жүмыс.

Екі топқа "Киіз үй", "Түлік төлдсн өседі" такырыбындағы перфокарта таратылып, шағын мэтін қүрастыру тапсырылады. Мэтін ішінде етістіктер болу керек.

9. Суретпен жүмыс.

Тақтаға "Киіз басу" суреті ілінеді. Екі топ ауызша киіз басудағы ерекшеліктерді кезек-кезек ретімен баяндайды.

Оқушылардың өзді-өздерін бағалауы бойынша жеңімпаз топ анықталады.

Сабактың қорытындысы:

1. Сүрақ қою арқылы жаңа сабакты қорытындылаймын.

2, Оқушылардың білімін бағалаймын.

3. Үйге тапсырма: 267-жаттығу жүмысының орындалу шарты мынадай: Емісшелерді бір бөлек, көсемшелерді бір бөлек теріп жазыңдар.

Келесі тапсырма: 268-жаттығу ж^мысының орындалу шартын түсіндіремін: Қарамен жазылған сөздердің тұлғаларын ажыратып, морфологиялық талдау жасаңдар.

Тексердім:

14. Сабақтың өтілетін мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Сын жүмысы.

Көктемгі жылғалар. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін тексеру эрі
сауаттылыққа баулу мақсатында сын жұмысын жүргізу.


ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу.

б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: сын сабағы.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: диктанттар жинағы.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу. Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, Сабақтың барысы:

а) Үйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.

  2. Кезекші мәлімдемесі.
    З.Журнал бойынша түгелдеу.
    4.Жаңа сабаққа дайындық.


ә)Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін тексеру мақсатында сын жұмысын жүргіземін.

Оқушыларға сын жұмысына арналған дәптерлерін таратып шығамын да, сын жұмысының тақырыбымен таныстырамын. Бүгінгі күнді, мәтін тақырыбын тақтаға жазып шығамын да мәтін мазмұнын мәнерлеп оқып шығамын. Мәтін 115 сөзден тұрады. Содан кейін мәтіннің әрбір сөйлемін жеке оқып мәтінді жаздыруға кірісемін.

Көктемгі жылғалар

Тағы да көктем шықты. Төңірек көктемнің жылы шуағына малынды.

Күн жылысымен-ақ Тәттібек атасына ұқсап, тамның күншуақ бетін сыпырып тазалады. Содан соң алаша, көрпешелер төсеп, бір-бірлеп інілерін алып шықты.

Күн қызған сайын қар астынан жылтырап аққан жылғалар молайып, Тәттібектің ылдиға қарай жасаған арнасына сыймай, жайылып кетті. "Бұл да бір жағынан қабаттасып..." — деп күңкілдеп Тәттібек атасының кетпенін қолына ұстады.

Анда-мұнда жүгіріп, жайылған суларды қайтадан арнаға салды. Өзі кәдімгідей шаршап, терлеп кетті. Терін сүртіп тұрып, көрші үй жаққа қарап еді, Зибаш кемпір ұршығын жерге тірей ұстап, бұдан көзін алмай қарап отыр екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет