Сабақтың тақырыбы мен мазмұны Сағат саны Өтілетін мерзімі Қолданылатын әдіс-тәсілдер



бет13/15
Дата13.06.2016
өлшемі1.48 Mb.
#134002
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, проблемалык ситуация тудыру, дамыта оқыту элементтерін пайдалану, сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс, әдеби пікірталас.

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет теориясы, музыка.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, үлестірмелі карточкалар мен суреттер, мемлекеттік рәміздер.

Сабақтың барысы:

1) Ұйымдастыру кезеңі.

а) Сәлемдесу.

э) Кезекші мәлімдемесі.

б) Журнал бойынша түгелдеу.

2. Үй тапсырмасын сұрау.

а) Ә.Кекілбайдың «Шыңырау" хикаятының жалпы мазмұны жайлы сұраймын. ә) Сұрақ қою арқылы білімдерін тексеремін

3. Жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың мақсаты мен ерекшелігіне, тақырыбына тоқталып, түсіндірілгеннен соң, оқушылар топқа бөлінеді. Топтастырудың әр түрлі тәсілдері бар. Мен бұл сабақта соғыс тақырыбына жазған қазақ ақын-жазушыларының аты-жөнін, шығармаларын жазбаша алу тәсілін қолдандым. Соның нәтижесінде бір жазушыны немесе бір шығарманы атаған оқушы-лар бір топқа топтастырылды.

I тапсырма. Үй жұмысын қайталау.

а)Мәтінде кездескен қиын сөздердің анықтамасын тақта жазу.
Гимнастерка - әскери сырт көйлек.


Протез - адамның жоқ мүшесінің орнына ыңғайлап жасалған жасанды мүше.

Лобогрейка - егін шабатын машина.

Айыл - ер-тоқымды жылжымайтындай ұстап тұратын жалпақ қайыс тартпа.

ә) Зигфридтің Зекен болып қалыптасу себебі (толықтыр, пікір қос).

Зигфрид Вагнер деп айтуға тілі келмеген Ахмет шал оны қазақшалап Зекен деп атады. Бар баласын соғысқа аттандырып, қара қағаз алып, шаңырағым шайқалып, отым өшеді деп отырған Ахметтің Зекен үміт шырағын жақты. Өзіндегі бар мейірімін, ұлттық қасиетін осы Зекен бойына сіңіруге тырысты. Сондықтан Зекен бірден өзінің туған үйіне тап келгендей сезінді. Бөтенсімей, сіңіп кетті. Әке мен ананың ыстық құшағы, жұмсақ алақаны, махаббаты Зекенді қазақ ұлы етіп жіберді.

б) Зекен әке үмітін ақтай ала ма? (пікір айт)

Иә, Зекен Ахмет атаның туған ұлындай болып кетеді. Себебі Зекен ақылды бала. Әкесі оны өгейсітпейді, жетімдік көрсетпеді. Сондықтан Зекен өсіп, өзінің кім екенін анық білгенде де Ахметүлы болып қала берді. Қарт әке-шешесін асырайды.

Мұғалімнің қорытынды сөзі: Иә, адамгершілігі мол, мейірімді, жақсы адам болу үшін ешқандай шекараның, нәсілдің, ұлттың, білімнің қажеті жоқ. Жүрек жылуы болса жеткілікті екен. Негізгісі - атаның емес, адамның ұлы бола біл,

Жаңа сабақтың тақырыбы тақтаға жазылады. Әр топқа тапсырма беріледі.

а) Мәтіннен Дәуренбектің сөздерін белгілеңдер, мағынасын ашу.
ә) Ахметтің сөздерін белгілеу.


б) Нартай мен Ертай өліміне кім кінәлі?
Оқушылардың жауабы тыңдалады, топтағы оқушылар жауап


берген оқушыны толықтырып отырады. Дәуренбектің "жауды аяған жаралы", "сақалыңның ағында жаңсақ іске бастың" деген сөздері айыпталады. Ахметтің "Айналайын, үйге жүр. Апаң күтіп отыр. Жұрттың сөзін ұрғаның бар ма", "Сыртқы түр - перде, ішін айт" деген сөздерінен тамаша адамгершілік сезілетінін айтады. Нартай мен Ертайдың тағдырына асырап алған әке-шешесін кінәлағандар да болды, соңында бәрі "Оған кінәлі - соғыс" деген тоқтамға келді.

в) Жазбаша мінездеме беру.

  1. Дәуренбекке

  2. Ахметке

  3. Венн диаграммасы бойынша негізгі екі кейіпкерге салыстырма мінездеме беріңдер.

г) Екі топқа "Соғыс", "Бейбітшілік" деп жазылған үлкен парақтар берілді. Күн сәулесі тәрізді сызықшалар тарата отырып, бұл екі сөз қандай ұғымдарды елестететіндерін жазу тапсырылды.

Оқушылардың жауабы:

Күлкі Қуаныш Той-думан

Бейбітшілік Ашықаспан

Бақыт Білім Тыныш ұйқы

Өртенген қала Өлім Жетімдер

Мүгедектер Соғыс Жылау-сықтау

Босқын халық Қайғы

Үшінші топқа "Мен соғысты айыптаймын" атты ауызша ой-толғау айту тапсырылады.

Сабақтың қорытындысы:

Көркем мәтінді талдау мұғалімнен де, оқушыдан да шығармашылық жұмыстарды талап етеді. Сол көркем шығарма негізінде оқушыларда өзіндік әсер, пікір туындайды. Жас буын осы арқылы таныс та беймәлім, жақын да жат өмірге араласады, онымен бірге қуанып, бірге мұңаяды. Себебі "әдебиет - сөз өнері", жасөспірімдер сөз маржанының астарын игеріп, өмір атты дарияға алып шығар асылын - жақсылық пен ізгілік, қарапайымдылық пен қайырымдылық қорын осы пән негізінде жасайды. Туған тілін сүюден басталған махаббат елжандылықтан адамзатты шексіз құрметтеуге дейін өседі. Жасынан туған халқының даналығымен су-сындап, оның өсиетінен нәр алған, әдебиетті сүйіп, сол арқылы имандылық пен инабаттылыққа, сұлулыққа тәрбиеленген ұрпақ туған елінің арқалы, абыройлы азаматы болып өсері хақ.

Орта мектеп бағдарламасына кіргізілген қазақ халқының сын сағат түсында көрсеткен биік парасаттылығының үлгісіндей тарихи дерек негізінде жазылған М.Мағауиннің "Бір атаның балалары" хикаятының тәрбиелік маңызы өте зор.

"Бейбітшілік - халық арманы екенін, бауырмалдық қазақ халқының ұлттық ерекшелігі екенін еліміздің рәміздерінен көруге бола ма?" деген сұраққа жауап іздеу.

ә) дамытушылық. түрлі тэсілдер арқылы балалардың байқағыштық, тапқырлық сөз астарын түсіну, өз ойын жазбаша да, ауызша да жүйелі айту қабілеттерін дамыту. Шығармашылыкқа баулу. Әдеби шығарма идеясын тануға үйрету, сөздік қорын молайту.

б) тәрбиелік: шығарма идеясы негізінде окушыларды адамгершілікке, мейірімділікке, бауырмалдыққа тэрбиелеу. Елжандылык, пен үлтжандылық сезімдерін тереңдету.

Сабақтың турі: қорытынды сабақ.

Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, проблемалык ситуация тудыру, дамыта оқыту элементтерін пайдалану, сүрак-жауап, шығармашылық жүмыс, эдеби пікірталас.

Пәнаралық байланыс: тарих, эдебиет теориясы, музыка.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, үлестірмелі карточкалар мен суреттер, мемлекеттік рэміздер.

Сабақтың барысы:

1) Ұйымдастыру кезеңі.

а) Сэлемдесу.

э) Кезекші мэлімдемесі.

б) Журнал бойынша түгелдеу.

2. Үй тапсырмасын сурау.

а) Ә.Кекілбайдың «Шыңырау" хикаятының жалпы мазмүны жайлы сүраймын. э) Сұрақ қою арқылы білімдерін тексеремін

3. Жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың максаты мен ерекшелігіне, тақырыбына тоқталып, түсіндірілгеннен соң, оқушылар топқа бөлінеді. Топтастырудың эр түрлі тэсілдері бар. Мен бүл сабақта соғыс такырыбына жазған қазақ акын-жазушыларының аты-жөнін, шығармаларын жазбаша алу тэсілін қолдандым. Соның нәтижесінде бір жазушыны немесе бір шығарманы атаған оқушы-лар бір топка топтастырылды.

I тапсырма. Үй жүмысын кайталау.

а) Мэтінде кездескен қиын сөздердің анықтамасын тақтаға жазу.
Гимнастерка - эскери сырт көйлек.


Протез - адамның жоқ мүшесінің орнына ыңғайлап жасалған жасанды мүше.

Лобогрейка - егін шабатын машина.

Айыл - ер-тоқымды жылжымайтындай үстап түратын жалпақ кайыс тартпа.

э) Зигфридтің Зекен болып қалыптасу себебі (толықтыр, пікір қос).

Зигфрид Вагнер деп айтуға тілі келмеген Ахмет шал оны казақшалап Зекен деп атады. Бар баласын соғысқа аттандырып, кара кағаз алып, шаңырағым шайкалып, отым өшеді деп отырған Ахметтің Зекен үміт шырағын жақты. Өзіндегі бар мейірімін, үлттық қасиетін осы Зекен бойына сіңіруге тырысты. Сондықтан Зекен бірден өзінің туған үйіне тап келгендей сезінді. Бөтенсімей, сіңіп кетті. Әке мен ананың ыстық қүшағы, жүмсақ алақаны, махаббаты Зекенді қазақ үлы етіп жіберді.

б) Зскен эке үмітін ақтай ала ма? (пікір айт)

Иэ, Зекен Ахмет атаның туған үлындай болып кетеді. Себебі Зекен ақылды бала. Әкесі оны егейсітпейді, жетімдік көрсетпеді. Сондықтан Зекен өсіп, өзінің кім екенін анық білгенде де Ахметүлы болып қала берді. Қарт әке-шешесін асырайды.

Мұғалімнің қорытынды сөзі: Иә, адамгершілігі мол, мейірімді, жақсы адам болу үшін ешқандай шекараның, нэсілдің, ұлттың, білімнің қажеті жоқ. Жүрек жылуы болса жеткілікті екен. Негізгісі - атаның емес, адамның ұлы бола біл,

Жаңа сабақтың тақырыбы тақтаға жазылады. Әр топқа тапсырма беріледі.

а) Мәтіннен Дэуренбектің сөздерін белгілеңдер, мағынасын ашу.
ә) Ахметтің сөздерін белгілеу.


б) Нартай мен Ертай өліміне кім кінэлі?
Окушылардың жауабы тындалады, топтағы оқушылар жауап


берген оқушыны толықтырып отырады. Дэуренбектің "жауды аяған жаралы", "сақалыңның ағында жаңсақ іске бастың" деген сөздері айыпталады. Ахметтің "Айналайын, үйге жүр. Апаң күтіп отыр. Жүрттың сөзін үрғаның бар ма", "Сыртқы түр - перде, ішін айт" деген

сөздерінен тамаша адамгершілік сезілетінін айтады. Нартай мен Ертайдың тағдырына асырап алған әке-шешесін кінэлағандар да болды, соңында бэрі "Оған кінөлі - соғыс" деген тоқтамға келді.

в) Жазбаша мінездеме беру.

  1. Дэуренбекке

  2. Ахметке

  3. Венн диаграммасы бойынша негізгі екі кейіпкерге салыстырма мінездеме беріндер.

г) Екі топка "Соғыс", "Бейбітшілік" деп жазылған үлкен парақтар берілді. Күн сэулесі
тэрізді сызықшалар тарата отырып, бүл екі сөз қандай үғымдарды елестететіндерін жазу
тапсырылды.


Окушылардың жауабы:

Күлкі Қуаныш Той-думан

Бейбітшілік Ашықаспан

Бақыт Білім Тыныш уйқы

Өртенген қала Өлім Жетімдер

Мүгедектер Соғыс Жылау-сықтау

Босқын халық Қайгы

Үшінші топка "Мен соғысты айыптаймын" атты ауызша ой-толғау айту тапсырылады. Сабақтың қорытындысы:

Көркем мэтінді талдау мүғалімнен де, окушыдан да шығармашылық жұмыстарды талап етеді. Сол көркем шығарма негізінде оқушыларда өзіндік эсер, пікір туындайды. Жас буын осы арқылы таныс та беймэлім, жақын да жат өмірге араласады, онымен бірге қуанып, бірге мұңаяды. Себебі "әдебиет - сөз өнері", жасөспірімдер сөз маржанының астарын игеріп, өмір атты дарияға алып шығар асылын - жақсылық пен ізгілік, карапайымдылық пен қайырымдылық қорын осы пэн негізінде жасайды. Туған тілін сүюден басталған махаббат елжандылықтан адамзатты шексіз қүрметтеуге дейін өседі. Жасынан туған халкының даналығымен су-сындап, оның өсиетінен нәр алған, эдебиетті сүйіп, сол аркылы имандылық пен инабаттылыққа, сұлулыққа тэрбиеленген үрпақ туған елінің арқалы, абыройлы азаматы болып өсері хақ.

Орта мектеп бағдарламасына кіргізілген қазақ халқының сын сағат түсында көрсеткен биік парасаттылығының үлгісіндей тарихи дерек негізінде жазылған М.Мағауиннің "Бір атаның балалары" хикаятының тэрбиелік маңызы өте зор.

"Бейбітшілік - халық арманы екенін, бауырмалдық қазақ халқының үлттық ерекшелігі екенін еліміздің рәміздерінен көруге бола ма?" деген сұраққа жауап іздеу.

Тексердім:

Сабақтың өтілетін мерзімі: 6- сынып Әдебиет

Сабақтың тақырыбы: Зигфрид Ахметұлы. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға Мұхтар Мағауиннің өмірі, шығармашылығы, «Бір атаның балалары» хикаяты, оның композициялық құрылысы, Зигфрид Ахметұлы жайлы

толық мәлімет беру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау,

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.

  2. Кезекші мәлімдемесі.

  3. Журнал бойынша түгелдеу.

  4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

1. М.Мағауиннің өмірі, шығармашылығы жайлы сұраймын.

2. «Бір атаның балалары» хикаятының мазмұнын сұраймын.

  1. Қосымша сұрақтар қойып, өткен тақырыпты қорытындылаймын

  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға Мұхтар Мағауиннің өмірі, шығармашылығы, «Бір атаның балалары» хикаяты, оның композициялық құрылысы басты кейіпкері Зигфрид Ахметұлы жайлы толық түсінік беремін.

Мұхтар Мағауин - бүгінгі ұрпақтардың да, келешек ұрпақтардың да алдында айрықша еңбегі бар айтулы қаламгер.

Ол кұрастырған «Алдаспан» антологиясы кенезесі кепкен Бетпақтың шөлінен аяқ астынан баяғыдан әнге қосып келе жатқан айдын көл қайта шалқып шыға келгендей әсер етті. Оған іле-шала жарық көрген «Қобыз сарыны» монографиясы әлгіндей шалқардың бар жазирасы мен бар тереңін қапысыз ашып берген ерекше ғылыми еңбек болды. «Алдаспан» мен «Қобыз сарыны» өз тұсындағы қазақ әдебиеті мен қоғамдық ойында шешуші бетбұрыс жасай алды.

Оның романдары, әңгімелері мен хикаяттары төл әдебиетіміздің пайымдық-парасаттық деңгейін тереңдеткен, көркемдік-бейнелеушілік деңгейін биіктеткен сүбелі үлес болды. «Тазының өлімі», «Жыланды жаз», «Бір атаның балалары», «Мұрагер», «Көк мұнар», «Аласапыран», «Шахан-шерілердің» қай-қайсысы да - тек әдебиетіміздегі ғана емес, замандастарымыздың жан дүниесіндегі толқыныстар мен сілкіністерғе -айта қаларлықтай ықпал ете алған тегеуірінді туындылар... (Әбіш Кекілбай)

Зигфрид Ахметұлы немістің Ахмет асырап алған баласы. Ол Зигфрид Вагенр еді Ахмет асырап алған соң Зекен Ахметұлы Бегімбетов болып атанып кетеді.

Сабақтың қорытындысы:

1 .Сабақ соңында сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймын.

2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын

З.Үйге тапсырма: М.Мағауиннің өмірі, шығармашылығы жайлы оқып, «Бір атаның балалары» хикаятын оқып, мазмұнын әңгімелеп келу

Сабақтың өтілетін мерзімі: 6- сынып Әдебиет
Сабақтың тақырыбы: Дулат Исабеков «Ата үміті» хикаяты.

(«Дермене» повесінен үзінді.) Сабақтың білім беру мақсаты:

а) білімділік: Дулат Исабеков өмірімен таныстыру (оқушыларға жазушы өмірі туралы іздестіріп, жазып келу тапсырылған);

ә) дамытушылық: оқушыларды "Дермене" повесімен таныстыру (өздеріне оқып келуге тапсырылған). ойланту ("Ұрлық түбі - қорлық". Қылмыс соңы жауап күтеді. Қолмен істегенді мойынмен көтеру керек.)

б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сот сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер, сотқа арналған киімдер, сабаққа қатысты жазылған сөздер. Халық .мақалдары: "Ар қайда болса, ұят сонда", "Ұрлық түбі - қорлық". "Ең жоғарғы сот - ар соты" (В.Гюге). "Тәрбесі жаманға жақсы ұстаздан пайда жоқ". (Сэйф Сараи).

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу. Сабақтың типтері:ұйымдастыру кезеңі, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау,

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.

  2. Кезекші мәлімдемесі.

  3. Журнал бойынша түгелдеу.

  4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

1. М.Мағауиннің өмірі, шығармашылығы жайлы сұраймын.

2. «Бір атаның балалары» хикаятының мазмұнын сұраймын.

3. Қосымша сұрақтар қойып, өткен тақырыпты қорытындылаймын

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға Дулат Исабековтің өмірі, шығармашылығы, «Ата үміті» хикаяты («Дермене» хикаятынан үзінді) жайлы толық түсінік беремін.

Омаш қылығын жазалау, яғни істеген істері үшін Омашты жазалау.

Сот сабағы.

Сонымен, балалар, естеріңде болсын, істеген бұзықтық үшін адам бірінші ар алдында, екінші сот алдында жауап беру керек.

Шығармада Омашты жазалады ма?

Жоқ, ендеше, оны біз жазалаймыз. Ал шығармада Омашты неге соттамады?

Балалар жауабы:Тоқсанбай оны жауапқа тартқызбады, шағымданбады.

Сонымен, бүгінгі сабағымыз - сот сабағы.

Хатшы: Тұрыңыздар, сот келеді.

Сот: Отырыңдар. Біз бүгін Қазақстан Республикасының азаматы Омашты қылмыстық кодекстің бабына сәйкес қылмыс жасады деген айыппен осы істі қарауға кірісеміз.

Хатшы: Айыптаушыға сөз береміз.

Айыптаушы: Сіз неге дерменені ұрладыңыз?

Омаш: Жұмыс жоқ. Тұрмысым нашар болды.

Айыптаушы: Сіз сонда өз еңбегімен тапқан дерменешілер жайлы ойлаған жоқсыз ба?

Омаш: Жоқ, менің ол кезде ары қарай өмір сүруім үшін, күнделікті жейтін тамағым үшін ақша керек болды.

Айыптаушы: Сонда сіз нағыз өзімшіл болдыңыз ғой.

Ақтаушы: Қарсымын. Жеке басының намысына тиіп отырсыз.

Сот: Қабылдаймын.
Айыптаушы: Онда сұрақты былай қояйын, сіз сонда жеке басыңыздың қамын ойладыңыз ғой.

Омаш: Иә.

Айыптаушы: Менің сұрағым бітті.

Хатшы: Ақтаушы, қояр сұрағыңыз барма? Ақтаушы: Жоқ.

Айыптаушы: Онда куәгерді ортаға шақыруға рұқсат етіңіз. Сот: Рұқсат.

Ақтаушы: Сіз есекті Омаш ұрлағанын көрдіңіз бе?

Малшы: Жоқ.

Ақтаушы: Оңда есекті Омаш ұрлағанын сіз қайдан білесіз?

Малшы: Мен күндіз жұмыс істеймін де, түнде есегімді жайылымға жіберемін, түн ортасында тұрып қарап келетінмін, бірақ сол жолы шықсам есегім жоқ болып шықты. Ұзап кеткен шығар деп бақылап жүрдім. Сонда мен баланың есекпен арбаны жегіп қойып кетіп бара жатқанын көрдім.

Ақтаушы: Сіз сонымен есекті Омаш ұрлағанын сеніммен айта алмайсыз ғой, сіз оны көзбен көрген жоқсыз гой?

Малшы: Толық сеніммен айта алмаймын.

Ақтаушы: Менің сөзім бітті.

Айыптаушы: Енді ортаға тағы бір куәгерді шақыруға рұқсат етіңіз.

Сот: Рұқсат.

Айыптаушы: Сіз Омашты көрдіңіз бе?

Қырманшы: Иә.

Айыптаушы: Сағат нешеде?

Қырманшы: Білмеймін, есімде жоқ.

Ақтаушы: Қарсымын, қырманшының дәлелі жеткіліксіз. Оның қылмысын кім дәлелдеп береді?

Сот: Қабылдаймын.

Қырманшы: Тоқсанбай қарт дәлелдеп береді.

Айыптаушы: Онда Тоқсанбай қартты шақыруға рұқсат етіңіз.

Сот: Рұқсат.

Айыптаушы: Сіз Омашты қайдан білесіз?

Тоқсанбай қарт: Біз дермене шабуға келгенде Омаш бізді қорқытып, келісімімізсіз-ақ бірге тұрды.

Айыптаушы: Сіз неге немереңізді ондайға жібердіңіз?

Қарт: Өйткені біз Омаштан қорқатынбыз. Ол бізді "Ағашқа байлап қоям, суға батырамын" деп қорқытты.

Ақтаушы: Омаш, сіз қарттың айтқанына келісесіз бе?

Омаш: Иә.

Ақтаушы:Сіз Омаштан қорыққаннан заң орындарына хабар-ламадыңыз ба?

Қарт: Иә.

Ақтаушы: Менің сұрағым бітті.

Айыптаушы: Сіздер көріп отырғандай, бұл адам -қылмыскер. Қорғансыз қарт пен немересін жәбірледі, қорқытты, бұл да - қылмыс. Біреудің есегін ұрлады. Бұдан кейін бұны қалай қылмыскер демейсің?! Омаш қолымен істегенін мойнымен көтерсің. Егер сіздер Омашты ақтап жіберсеңіздер, ол енді жаман іске жуымаймын деп уәде беріп, ертеңінде осы істерін қайталамайтынына кім кепіл?! Менің ойымша, оңай ақша тауып, жалқаулыққа бой ұрған адам түзелмес. Омаш - ауырдың астымен, жеңілдің үстімен жүріп үйренген адам. Жазасын өтесін.

Ақтаушы: Сіздердің ойларыңызша, мына отырған адам -қылмыскер, бірақ біз бұны басқа жағымен қарасақ, бұл -адам, яғни Омаш тағдыр тәлкегіне түскен. Соғыстан кейінгі жағдайды өздеріңіз мен айтпай-ақ білесіздер. Жоқшылықты көрген, тұрмыс жағдайы нашар адам, бұл адамды да түсінуге болады. Өздеріңіз ойлап көріңіздерші, өмірінде бір рет көп ақшаны қолына ұстап көруге, қиыншылық пен жоқшылықтан құтылмақ болады, бірақ Омаш оңайлықпен ақша табам деген қате болғанын біледі.
Тағы да айта кететін жайт: ол өз қателігін мойындап отыр, сондықтан да оның жазасын жеңілдетесіздер деп ойлаймын.

Хатшы : Сот ақтық шешім шығару үшін үзіліс жариялаймын.

Сот шешімі: Бүгін біз Қазақстан Республикасы азаматтық заң кодексі бойынша осы Республика азаматы Омашты 3 жыл бас бостандағынан айырамыз, еңбекпен түзеу колониясында жазасын өтейді.

Қорытынды. Естеріңде болсын, балалар, біреуге істеген жамандық, Омаш сияқты адамның арамдығы айналып алдына келеді, өйткені "Адам білмегенді Алла біледі", сондықтан ар тазалығынан артық бақыт жоқ.

Осы сабақты салыстырмалы түрде 2 жыл қатарынан өткіздім, біреуінде ақтаушы, біреуінде айыптаушы мықты болды, ақтаушы (оқушы) мықты болған сыныпта Омашты ақтап алды, айыптаушы (оқушы) мықты болған сыныпта Омаш бұзық қылықтары үшін жазаланатын болды.

Үйге тапсырма: Омашқа мінездеме.

.
Сабақтың өтілетін мерзімі: 6- сынып Әдебиет

Сабақтың тақырыбы: «Ата үміті» хикаяты. Ата мен немере. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға Дулат Исабековтың өмірі, шығармашылығы, «Ата
үміті» хикаяты, оның композициялық құрылысы, басты кейіпкерлері ата мен немере жайлы
толық мәлімет беру.


ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу. Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.

  2. Кезекші мәлімдемесі.

  3. Журнал бойынша түгелдеу.


    Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет