Сабақтың тақырыбы: Оралхан Бөкей. «Атау кере»



бет29/46
Дата12.10.2022
өлшемі366.24 Kb.
#462543
түріСабақ
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   46
11 сынып әдебиет. ЖМБ 1-тоқсан

Қысқамерзімді жоспар
10-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Оралхан Бөкей. «Атау кере» повесі. Таған. Ерік. Айна. Адам және ара. Неге біз осы? Шығармадағы уақыт пен кеңістік

Бөлім:

1-бөлім. Кеңістік пен уақыт

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы: 11

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Оралхан Бөкей. «Атау кере» повесі
• Таған
• Ерік
• Айна
• Адам және ара
• Неге біз осы?
• Шығармадағы уақыт пен кеңістік

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

11.3.1.1 шығарманы әлем әдебиеті үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:
Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап, талдайды.
Көпшілік оқушылар үшін:
Шығарманы әлем әдебиеті үлгілерімен салыстырады.
Кейбір оқушылар үшін:
Шығарманы әлем әдебиеті үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып реттілігін қадағалау.
2.Топта жұмыс жасау ережені еске түсіру.
3.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.



Шеңбер бойынмен тұрған оқушыларға тапсырма: Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз! Ұйымшыл боламыз десек 2 рет. Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!
3.Оқушыларды топтарға біріктіру.
Конфеттер арқылы 2 топқа бірігеді. Оқушыларға 2 түрлі конфет таратылады. Өздерінің қалаған конфетін алып топтасады.

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.




Жаңа сабаққа кіріспе




(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.
Сұрақтар:
1.Шығармадағы кейіпкерлер арасындағы қарым-қатынас қалай өрбиді?
2. Жазушы антогонистік қайшылықтар арқылы нені көрсетпек болған?

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет