Сабақтың тақырыбы Оралхан Бөкейдің «Атау кере»


«Адам — орманның ортасында жүріп күнəға батқанша, ағаш-орманның арасында таза өскенге не жетсін



бет12/12
Дата07.09.2023
өлшемі1.01 Mb.
#476800
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
1690398515 mzh-14

«Адам — орманның ортасында жүріп күнəға батқанша, ағаш-орманның арасында таза өскенге не жетсін. Мен қазақтың атом апатынан да, бүлінген ауадан да, ішімдік пен аяқтан шалар ағайын алауыздығынан да ада, таза да тəкаппар ұрпағын тəрбиелеймін... Жоқ, шырағым, мен қара басымды сауғалап келгенім жоқ бұл қу мекен жерге; жалғанның үзірінен, анау екі қозымның амандығын ойлап, олардың дені сау, рухы таза өссін деп келдім бұл жерге; жарықтықтарымның жас жаны жараланбасыншы, ит тірліктің итаршысына айналып, аумалы-төкпелі заманның зəлімі болып кетпесінші деп келдім бұл жерге; бірін-бірі алқымынан алып шайнап тастар қаскөй бірлігінен не пайда, күндердің күні болғанда адамның өзін опық етер ілім-білімнен не пайда». Бұл — Шалдың адамдар ортасын жатсынған тіршілігі, одан табиғи жарастық таппауы — руханилық дағдарысты барынша сезініп, өз тарапынан жасаған таңдауы. Шал-Таған желісіндегі айтылар ой ауқымының шығарма тақырыбын ашудағы маңызды болатыны автордың көркемдік шешім қабылдауынан да көрінеді. Таған ақырында шалдың «мемлекетін» таңдауы да психологиялық дəйектемесі келіскен, шығарманың логикалық дамуына сай жасалған нанымды шешім болып қала береді.
«Атау-кере» повесіндегі Нүркенің өлім сəті алдындағы көрініске тоқталмай кетпеуге болмайды. Мұнда санаға бағына бермейтін, ақылға жеңдіре бермейтін фрейдизмге тəн психологиялық өзгеріске көңіл қояды. Бұл мəселе əсіресе батыс модернистерінің ерекше назарында болған еді. Сол сияқты қаламгер қазақ арасына сіңіп Нюра Фадеевнадан Нүрке атанып кеткен, мұсылмандық сенімге біржола иланып-сенген, намазға жығылған адамның өмірінің соңғы сəтінде бейтаныс күштің ықпалымен мына өмірге өз дінінің шарттары бойынша бақұлдасып, шоқынуы ақылынан тыс жасаған қарекеті ретінде суреттеледі. Ол — өзінің ғұмыр бойы ұстанған сенімінен, өмір салтынан жатсынған адам. Осы уақытына дейін санасының түпкірінде өз дініне деген сағыныш ұялап жатқан. Көркем шығармадағы Айна енесінің сандығынан тапқан икона — Нүркенің өзін-өзі алдаған, өзінен-өзі жатсынған қарама- қайшылықты өмір сүргенінің куəсі. Икона — Нүркенің ақиқат болмысын ашуға қолданылған деталь. Өйткені «Ананың сүтімен рухына сіңген сенім түптің-түбінде бəрібір жеңіп шыққан еді».
Қазіргі адам мəселесін қарама-қайшылықты дүниетанымдар қақтығысында бейнелеу кейінгі уақыттағы прозаның даму процесін айқын етер маңызды тенденциялардың бірі болатын. Яғни, жеке тұлғаны зерттеу, оның арманы мен аңсарын, сезімі мен түйсігін зерделеу əдебиеттің диалектикалық қозғалысындағы тағы бір маңызды белес еді. Экзистенциалистік философияның негізін қалаушылар жəне таратушылар — Хайдеггер, Ясперс, Сартр, Камю, Марсель, Бердяев сынды ойшылдар мен суреткерлердің ХХ ғасырдағы дүниежүзілік көркем дамуға қатты ықпал еткендіктен, қазақ əдебиеті де одан тыс тұра алған жоқ.
Адамзаттың қазіргі дамуында жатсынудың, өзіндік жатсынудың бар екендігі бұл проблеманың абстрактылы теорияларға негізделген, ойдан құрастырылған проблема емес екендігін көрсетті. Өздеріне табиғат заңдарының үстемдік ететінін, өздерінің қоғамдық əрекеттері олардың абсолютті еркіндігіне шек қоятынын адамзаттың түйсінуі — жатсынуды дүниеге келтірді.
Əдебиеттер тізімі
https://articlekz.com/kk/article/16106

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет