Сабақтың тақырыбы Оралхан Бөкейдің «Атау кере»


Әлемнің ұлттық бейнесін анықтау барысында ұлттық ерекшелікті танытып, айқындауда образсимволдардың орны ерекше деуге болады



бет10/12
Дата07.09.2023
өлшемі1.01 Mb.
#476800
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
1690398515 mzh-14

Әлемнің ұлттық бейнесін анықтау барысында ұлттық ерекшелікті танытып, айқындауда образсимволдардың орны ерекше деуге болады. Себебі кез келген ұлттық әдебиет белгілі бір дәрежеде өзіндік образ-символдарға бай болып келеді.
Символ грек тілінен аударғанда «symbolon» – танымдық белгі, таңба деген мағынаны білдіреді. Ол лингвистика, логика, математика ғылымдарында таңба ұғымын берсе, өнерде, философияда нәрсенің, құбылыстың қасиетін, сыр-сипатын бейнелеп, астарлап білдіретін әмбебап эстетикалық категория болып табылады.
«Символ көркем бейне мен ұғымның аралығында екеуінің де қызметін атқара алады. Алайда символ ұғымнан гөрі астарлы мағынаға бай, ал көркем бейнеден гөрі нақтылы мәнге ие. Символдың символикалық формасы сақтала отырып, ишаралайтын нәрсесімен салыстыра тану барысында көпқырлылығы ашылады, бұл оның ерекшелігі болып табылады. Ал символдың табиғатына тоқталар болсақ, ол мағынасын ашып, түсінуді қажет етеді. Сондықтан да өзіндік таным, тіршілігіне байланысты белгілі бір символдар тілінде түсінісетін топтың қалыптасуына мәжбүрлейді. Символ астарлы мағынаға бай болғандықтан әркім өзінің ұғым-түсінігінің дәрежесіне сай тереңдеп түсініп, өз мүмкіндігіне лайық қажетті мәнді табады».
Әдебиеттануда да символдың орны ерекше. Белгілі ғалым Зейнолла Қабдоловтың пікірінше:
«Символ – бір нәрсені, не құбылысты тура суреттемей, бұларға ұқсас басқа бір нәрсеге не құбылысқа құпия теліп жасыра жарастырып, бүкпелей бейнелеу, ойды да ашық айтпай, тартымды тұспалмен түсіндіру. Мұның өзі ой мен образға астыртын, бұлдыр мағына береді деу де қате: ең бастысы – символ сөз өнерінде көркем кестеленіп отырған шындыққа әсем ажар, байсалды философиялық астар береді, шығармаға біртүрлі сыршыл сипат бітіреді. Астарлы шығарманың идеясы жалаң, жалаңаш көрінбейді, автордың ой толғаныстары арқылы көңіл ұйытып, көкірекке терең ұялайды» [2, 87].

Валентин Распутин
Последний срок
Старуха Анна лежит без движения, не открывая глаз; она почти застыла, но жизнь ещё теплится. Дочери понимают это, поднеся к губам кусок разбитого зеркала. Оно запотевает, значит, мама ещё жива. Однако Варвара, одна из дочерей Анны, полагает возможным уже оплакать, «отголосить её», что она самозабвенно делает сначала у постели, потом за столом, «где удобнее». Дочка Люся в это время шьёт скроенное ещё в городе траурное платье. Швейная машина стрекочет в такт Варвариным всхлипам.
Анна — мать пятерых детей, двое сыновей её погибли, первенькие, рождённые один для Бога, другой для паря. Варвара приехала проститься с мамой из районного центра, Люся и Илья из близлежащих провинциальных городков.
Ждёт не дождётся Анна Таню из далёкого Киева. А рядом с ней в деревне всегда был сын Михаил вместе с женой и дочкой. Собравшись вокруг старухи утром следующего после прибытия дня, дети, видя воспрянувшую мать, не знают, как им реагировать на её странное возрождение.
«Михаил и Илья, притащив водку, теперь не знали, чем им заняться: все остальное по сравнению с этим казалось им пустяками, они маялись, словно через себя пропуская каждую минуту». Забившись в амбар, они напиваются почти без закуски, если не считать тех продуктов, что таскает для них маленькая дочь Михаила Нинка. Это вызывает законный женский гнев, но первые стопки водки дарят мужикам ощущение неподдельного праздника. В конце концов мать жива. Не обращая внимания на девочку, собирающую пустые и недопитые бутылки, они уже не понимают, какую мысль на этот раз они хотят заглушить, может быть, это страх. «Страх от сознания, что мать вот-вот умрёт, не похож на все прежние страхи, которые выпадают им в жизни, потому что этот страх всего страшнее, он идёт от смерти... Казалось, смерть уже заметила их всех в лицо и уже больше не забудет».
Напившись основательно и чувствуя себя на следующий день так, «будто их через мясорубку пропустили», Михаил и Илья основательно опохмеляются и на следующий день. «А как не пить? — говорит Михаил. — День, второй, пускай даже неделю — оно ещё можно. А если совсем до самой смерти не выпить? Подумай только, ничего впереди нету. Сплошь одно и то же. Сколько верёвок нас держит и на работе, и дома, что не охнуть, столько ты должен был сделать и не сделал, все должен, должен, должен, должен, и чем дальше, тем больше должен — пропади оно все пропадом. А выпил, как на волю попал, все сделал, что надо. А что не сделал, не надо было делать, и правильно сделал, что не делал». Это не значит, что Михаил и Илья не умеют работать и никогда не знали другой радости, кроме как от пьянства. В деревне, где они когда-то все вместе жили, случалась общая работа — «дружная, заядлая, звонкая, с разноголосицей пил и топоров, с отчаянным уханьем поваленных лесин, отзывающимся в душе восторженной тревогой с обязательным подшучиванием друг с другом. Такая работа случается один раз в сезон заготовки дров — весной, чтобы за лето успели высохнуть, приятные для глаза жёлтые сосновые поленья с тонкой шелковистой шкуркой ложатся в аккуратные поленницы». Эти воскресники устраиваются для себя, одна семья помогает другой, что и сейчас возможно. Но колхоз в селе разваливается, люди уезжают в город, некому кормить и выращивать скот.
Вспоминая о прежней жизни, горожанка Люся с большой теплотой и радостью воображает любимого коня Игреньку, на котором «хлопни комара, он и повалится», что в конце концов и случилось: конь сдох. Игрень много таскал, да не сдюжил. Бродя вокруг деревни по полям и пашне, Люся понимает, что не сама выбирает, куда ей идти, что её направляет какая-то посторонняя, живущая в этих местах и исповедующая её сила. ...Казалось, жизнь вернулась назад, потому что она, Люся, здесь что-то забыла, потеряла что-то очень ценное и необходимое для неё, без чего нельзя...
Пока дети пьют и предаются воспоминаниям, старуха Анна, съев специально сваренной для неё детской манной каши, ещё больше взбадривается и выходит на крыльцо. Её навешает долгожданная приятельница Мирониха. «Оти-моти! Ты, старуня, никак, живая? — говорит Мирониха. — Тебя пошто смерть-то не берет?.. Я к ей на поминки иду, думаю, она как добрая укостыляла, а она все тутака».
Горюет Анна, что среди собравшихся у её постели детей нет Татьяны, Танчоры, как она её называет. Танчора не была похожа ни на кого из сестёр. Она стояла как бы между ними со своим особым характером, мягким и радостным, людским. Так и не дождавшись дочери, старуха решает умереть. «Делать на этом свете больше ей было нечего и отодвигать смерть стало ни к чему. Пока ребята здесь, пускай похоронят, проводят, как заведено у людей, чтобы другой раз не возвращаться им к этой заботе. Тогда, глядишь, приедет и Танчора... Старуха много раз думала о смерти и знала её как себя. За последние годы они стали подружками, старуха часто разговаривала с ней, а смерть, пристроившись где-нибудь в сторонке, слушала её рассудительный шёпот и понимающе вздыхала. Они договорились, что старуха отойдёт ночью, сначала уснёт, как все люди, чтобы не пугать смерть открытыми глазами, потом та тихонько прижмётся, снимет с неё короткий мирской сон и даст ей вечный покой». Так все оно и выходит.
https://briefly.ru/rasputin/posledny_srok/

Оралхан Бөкей туындыларындағы кеңістік пен кейіпкер концепциясы


Қоғам мен адам, я болмаса кеңістік пен кейіпкер проблемасы қашан да қаламгердің дарын мен парасат-білігін салмақтайтын əдебиеттің рухани өзегі. Кейіпкерсіз көркем шығарманың, кеңістіксіз кейіпкердің көрінуі мүмкін болмағандықтан, осы екеуінің арасындағы жанды байланыстардың өзгермелі күйін суреткерлік құдіретпен бере білу — жазушы көркем туындысының шынайы сапалық өлшеуіші.
70-жылдардағы қазақ прозасында авторлық «Меннің» берілу амалдары күрделене түсті. Қаламгерлердің шығармашылық ізденістеріндегі стильдік процестер түрлі бағыттарда жүріп жатты. Адам тұлғасын, адамзаттың бүгінгі рухани құндылықтарын безбендеуге келгенде бейнелеудің дəстүрлі принциптерімен қоса, балама сарындардың да орын тебе бастағанын аңғару қиын емес.
Соңғы жылдарда кеңістік пен кейіпкер қатынасын көркем зерделеу нəтижесінде өніп шығып, əдеби тенденциялардың бірі ретінде көрініс берген қазақ прозасындағы экзистенционалды ой ағымы бүгінгі күні айрықша назар аударуға сұранып тұрған мəселелердің ішіне енеді. ХХ ғасырда пайда болған, өз идеялық бастауын Гуссерль, Кьеркегор еңбектерінен алатын əлемдік ой ағымындағы бұл бағытты Марсель, Ясперс, Бердяев, Шестов, Бубер, Сартр, Камю, Бовуар, Хайдеггер сияқты философтардың қолдағаны мəлім. Кезінде «өмір сүру философиясы» деп аталған мұндай бағытты тек буржуазиялық идеологияның, буржуазиялық философияның толғамдарының нəтижесінде дүниеге келген теріс көзқарастар бағыты деген түсініктердің басым болғаны да шындық.
Бір сөзбен айтқанда, экзистенциалистер концепциясы əлем жəне жалғыздық ұғымынан өрбиді. Əлемдік философиядағы бұл бағыттың ірі өкілдерін ортақтастырып тұратын басты белгі — адам болмысына «Мен» жəне «Басқалар» ұғымы тұрғысынан келуі. Олар үшін қоғамдық қатынастар сияқты қозғалыс түрлері абстракция, негізгі шындық — субъективтілік. Осындай ой-тұжырымдардың негізгі құяр арналарының бірі — адам өзінің əлемдік жалғыздығын түйсіну арқылы қоғамнан, сондағы қалыптасқан қатынастар мен нормалардан жатсынуы. Экзистенциалистік таным мен олардың ұстанған концепцияларын, теориялық қырларын қарастырған еңбектердің түгелі дерлік келіскен тоқтам бар. Ол — экзистенциализмнің мəдени құлдырау, рухани дағдарыс кезінде күш алатыны. Яғни, экзистенциалистік ой ағымы қоғамдық құрылыстағы жəне əлемдік деңгейдегі қайшылықтар тереңдегенде, санадағы қақтығыстар кезеңінде адам өзінің фəнидегі жалғыздығын барынша түсінеді деген пікірді ұстанады.
Өткен ғасырда Г.Марсельдің, Ж. П. Сартрдың қоршаған əлемді қатыгез, трагедия мен қарама- қайшылыққа толы екендігі жайлы пікірлері алдыңғы қатарға шықты. Мұндай ой тек қана француз ойшылдарында ғана емес, жалпы экзистенциализмнің теориялық базисі ретінде танылды. Хайдеггердің «Человек есть и он есть человек, поскольку он экзистирует. Он выступает в открытость бытия, какою яв- ляется само бытие, которое в качестве броска бросила сущего человека в «заботу». Брошенный таким образом человек стоит «в» открытости бытия. «Мир» есть просвет бытия, в который человек вступает своим брошенным существом» деген ойы Ж.П. Сартрды «дүние – бос» идеясымен тамырласып жатыр [1; 212]. Экзистенциалистер осы тығырықтан шығудың жолын адамның жеке болмысы, оның «Мені» арқылы шешуге тырысты.
Жазушы О. Бөкейдің əуелгі «Қамшыгер», «Үркер», «Қайдасың, қасқа құлыным», «Мұзтау», «Əн салады шағылдар» кітаптарынан сыншылар мен зерттеушілердің аңғарғаны шығарма бойындағы терең философиялық түйін мен лирикалық желінің шебер үйлесе білуі жəне психологиялық талдау мен публицистикалық сарынның берік жымдасып келіп, авторлық «Меннің» баса көрсетілуі. Бүкіл шығармалары Өмір – Адам – Табиғат желісіне құрылып, айрықша концептуалдық мағына иеленеді.
О. Бөкейдің əлем мен жалғыздық арасындағы қарым-қатынасты көркем игеру барысындағы экзистенциалистік ой-пікірлері «Қар қызы» повесінен анығырақ көрінеді. Дүние тылсымын, адам- жұмбақтың сырын ашуға ұмтылатын қаламгер кеңістік ретінде Алтайдың қатал да, ешкімге сырын ашпас томырық табиғатын алады. Мұнда қазақ прозасына М.Əуезовпен келген, өзінің төл шығармасы «Қамшыгерде» танылған көркемдік амал — табиғатты адам трагедиясымен қабыстыра суреттеу жүзеге асады.
Повесте Алтайдың табиғаты тек географиялық ұғымды білдіре бермейді. Мұнда табиғат аясы — ғаламның кішірейтіліп алынған моделі. Қаламгер ойынша, олардың адамгершілік сапалары, ақыл-ой өрісі, рухани əлемі ішкі еркіндікті тұсаулаған, өзінің шектеулі заңдылықтары бар адамдар қауымының ортасында емес, алып кеңістікпен бетпе-бет, жеке келгенде ашылуы тиіс. Алып кеңістікте осы үшеуінің тағдыры сыналады, олар кеңістікке сол үшін, Хайдеггерше айтсақ, «тасталған». Нағыз өмір мен өлімнің шайқасы осы жерде басталады. Яғни адам өзінің тіршілігі үшін жан дəрмен. Э. Фромм айтқандай: «Человек — часть природы, он подчинен физическим законам и не способен изменить их; все же он выходит за пределы природы. Он отделен, будучи частью: он бездомен и все же прикован к дому, в котором живет вместе со всеми другими существами. Брошенный в этот мир в определенное место и время, он таким же случайным образом изгоняется из него. Осознавая себя, он понимает свою беспомощность и ограниченность собственного существования. Он предвидит конец– смерть» [2; 158].
Повесте бір-бірінің сырын жетік білетін боп көрінген үшеуі мынау жалпақ əлемде, шет-шегі көрінбестей суық дүниемен жалғыз қалғанда беймағлұм болып келген сырларын ашады. Ең бастысы, олардың кеңістікке деген қатынастарындағы өміртанымдық тайталастары басталады. Демек, экзистенциализмнің шындық, ақиқат өмір мен өлімнің тым жақындап келген аралық ситуацияда ашылатыны жөніндегі идеясы шығарма өзегіне айналған. Жазушы осы бір тартысты ситуацияға кейіпкерлерін əдейі салады да, өлім категориясының мағынасын төрешілік ұғымында қабылдайды.
«Ер-азамат не майданда, не жорықта сыналады деген осы. Ол — Бақытжан осынау қар шағылдардың арасынан достарын ғана емес, өзін де іздеп тауып алғандай еді. Ол ұлы жаңалық ашты — өзін ашты». Ал Нұржан «өте сенімді де, мықты жігіт» деп осы қиын сапарға ертіп шыққан Аманжанға енді басқаша қарауға мəжбүр. «Тəңірім-ау, Нұржанның осы екі жігіттен басқа кімі бар еді? «Аманжан, сен осындай ма едің?.. Пышақ жұмсағаны несі? Жо-жоқ, ауылға енді қайтып бармау керек екен. Не болса да осында қарелінде, адамдары аз кеңістікте өлу лазым екен».
«Қар қызы» повесінде заман ағысынан қалтарыста күн кешкен Қоңқай мен сиыршы шал Оралхан суреттеген кеңістіктің тартылыс күшін реттеп тұрған екі полюс секілді. Тіпті жапан даладағы Қоңқайдың жалғыз үйі — бір адамнан тұратын «мемлекет». «Қоңқай мемлекетінің» өзіндік заңдары мен философиясы бар. Ал сиыршы шал болса, осы Қоңқай үшін ен түзді мекен етеді. Яғни, Қоңқай болмаса тыныштық пен жақсылықтың күзетшісі — сиыршының да болуы мүмкін емес. Бұл — қаламгердің жаратылыс диалектикасы туралы концепциясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет