Сабақтың ортасы
|
Жапсырмалы қалта – накладные карманы – patch pockets
ЫЖӨ – ВТО - wet-heat treatment
Алдымен оқушылармен бірге жұмыстың бірнеше кезеңін белгілеп алу:
Жапсырма қалтаны өңдеу.
Алжапқыштың бүйір қиығын өңдеу;
белдік пен аспабауды өңдеу;
(М) Бөлшектерді өңдеуге арналған технологиялық-нұсқау карта құрастырып көрсету.
(Ө) Тапсырма: алжапқыштың жапсырмалы қалтасын, бүйір қиығын, белдік пен аспабауын өңдеу.
Техника қауіпсіздігі ережесі:
1. Жұмыс орнына жарық сол жақтан немесе алдыңғы жақтан түсу керек.
2. Отыратын орындық пен тігін машинасының ара қашықтығы 10-15 см болу керек.
3. Тігін машинасының айналатын бөлшектеріне тым жақындамаңдар.
4. Іске шашты жинап, женді қайырып немесе түймелеп кірісу қажет.
5. Жұмысқа кірісуден бұрын машина платформасындағы қажет емес заттарды тазалап, оның аяғының нық тұрғанына, инелерінің дұрыс орналасқандығына көз жеткізу керек.
6. Машина жұмыс істеп тұрғанда, машинаның қозғалып тұрған бөлшектеріне жақын еңкеюге болмайды.
7. Қол саусақтарын машинаның табанымен инеге жақындатпау керек.
8. Тігін машинасымен жұмыс істегенде машинаның қозғалысынан және айналып тұрған бөлшектерінен сақтан.
9. Жұмыс кезінде арнайы киім: алжапқыш, басқа орамал тарту керек.
10. Аяқтаған соң жұмыс орнын тазалау.
|
Алдыңғы сабақта оқушылар пішілген алжапқыштың алдыңғы бөлігіндегі жапсырма қалтаны қол тігісімен көктеп, пішінін тексеріп көрді. Қажетінше өзгерістер енгізді
Оқушылар нұсқау карта бойынша бүйір қиықтарын, жапсырма қалтаны өз бетімен өңдейді.
Оқушылардың өздік жұмысын бақылайды, бағыт беріп, түзету енгізу. Жұмыстың әр кезеңінен кейін ылғалды-жылумен өңделуіне назар аудару керек.
Оқушылар бөлшектерді ылғалды-жылумен өңдеу, тігін машинасымен тігу, құралдармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау бойынша нұсқау беру
|
Дескрипторлар:
нұсқау бойынша өңдеу жүргізеді;
жапсырма қалтаны машинамен сырып тігеді;
белдік пен аспабау бөлшектерін қол тігісімен біріктіреді;
машинамен сырып тігеді, аударады;
тігісті ЫЖӨ-ден өткізеді;
техника қауіпсіздік ережесін ұстанады;
қол тігісі жіптерінен бұйымды тазалайды.
Соңғы ЫЖӨ-ден өткізеді.
|
Презентация
Тігін машинасы, электрлі үтік, марля, ине, жіп, қайшы, арнайы киім /фартук, орамал/, матадан пішілген бөлшектер
|