« Әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны» тақырыбында үстеулерді қатыстырып, дискуссивті эссе жазыңыздар. Сөз саны – 110-120.
Сабақ-88-89
Мектеп: №11ОМГ Мұғалім: Кусаинова Н.Ж.
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні:
Сабақтың тақырыбы
Оңлайн сөзігін қарадың ба?
Сыныбы: 7
Қатысқан оқушылар саны:
Қатыспағандар:
Оқу бағдарламасына сілтеме
Т3. Сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну
Оқыту мақсаттары
Әлеуметтік - мәдени тақырыптарға байланысты қажетті сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну.
Сабақтың смарт мақсаты
Оқушылардың барлығы: әлеуметтік - мәдени тақырыптарға байланысты қажетті сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсінеді.
Оқушылардың көпшілігі:тақырыпқа байланысты қажетті сөздер мен сөз тіркестерін орынды қолданады.
Оқушылардың кейбірі: өмірмен байланыстыруда әлеуметтік - мәдени тақырыптарға байланысты қажетті сөздер мен сөз тіркестерді қатыстыра алады.
Тілдік міндеттер
Құбылыс, әлеуметтік желі, жеке парақша, ғаламтор желісі, тәуелділік, адам психологиясы, сілтеме, т.б
Пәнаралық байланыс
Информатика, тарих
Алдыңғы тақырып
3-бөлім: «Ұқсатым. Сән. Талғам»
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған іс-әрекеттер
Дереккөздері
Сабақтың басы 5 минут
5 минут
20 минут 5 минут
Сабақтың соңы 10 минут
Қызығушылықты ояту кезеңі.Сынып оқушылары сабақтың тақырыбын берілген суреттерді болжай отырып анықтайды. Берілген суреттер бойынша сынып 3 топқа бөлінеді.
Тыңдалымалды тапсырма: Тақырыпқа қатысты түрткі сұрақтар: - Ғаламтор бізге не үшін қажет?
- Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасай білу қаншалықты маңызды?
- Ғаламтор мәдениеті дегенді қалай түсінесің?
Лексикалық минимум: Құбылыс, әлеуметтік желі, жеке парақша, ғаламтор желісі, тәуелділік, адам психологиясы, сілтеме Берілген жаңа сөздермен сөз тіркестерін жасау, сөз тіркестерімен сөйлем құрастыру.
Тақырыптқа байланысты қажетті сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну
1. Берілген жаңа сөздермен сөз тіркестерін жасай алады.
2. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрастырады.
Тыңдалым тапсырмасыбойынша оқушыларға түрткі сұрақтар қойылады:
-Тыңдалым мәтіні не туралы?
- Ғаламторға тәуелділік дегенді тарқатып айтыңыз?
- Ғаламтор неліктен жүйкеге әсер етеді?
ЖЖ. «Попс формуласы» әдісі арқылы берілген бейнебаян бойынша жаңа сөздерді қолдану арқылы өмірмен байланыстырып, өз ойыңызды жеткізіңіз.
Бірінші сөйлем «Менің ойымша,... »
•Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »
•Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »
•Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ...»
Бағалау критерийі
Дескрипторлар
Әлеуметтік - мәдени тақырыптарға байланысты қажетті сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну.
1.Жаңа сөздерді орынды қолдана алады.
2. Өмірмен байланыстырып жауап береді.
Кері байланыс «3-2-1» Сабақтағы 3 маңызды ақпарат;
Сабақта қиындық келтірген 2 мәселе;
Сабақта ұнаған 1 аспекті.
Үйге тапсырма: одағай, одағайдың түрлерін жаттап келу.
https://www.youtube.com/watch?v=iPGy0V08UGk
Сабақ 90-91
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні:
Сабақтың тақырыбы:
Электрондық кітапханадан Жюль Верн шығармасын оқыдым
Сыныбы: 7
Қатысқан оқушылар саны:
Қатыспағандар:
Оқубағдарламасына сілтеме
Т4. Көркем шығармаларды тыңдау.
Оқыту мақсаттары
Повестердің және лирикалық поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау.
Сабақтың самрт мақсаты:
Оқушылардың барлығы: Оқушылар өлеңнің тақырыбы мен идеясына талдау жасайды.
Оқушылардың көпшілігі: Өлеңнің тақырыбын шынайы өмірмен байланыстыра алады.
Оқушылардың кейбірі: Өлеңде көтерілген мәселенің ұтымды шешу жолын ұсынады.
Тілдік міндеттер
Құйма құлақ, назарға ілінді, монитор көз, компьютер бас, зерек, қайсар, ұшқыр арман, қос перзент, жарты ұл, жарты адам, т.б.
Қызығушылықты ояту кезеңі. Оқушыларды топқа бөлу. Сынып оқушылары 1, 2, 3, 4-ке санау арқылы 4 топқа бөлінеді.
Лексикалық минимум: Құйма құлақ, назарға ілінді, монитор көз, компьютер бас, зерек, қайсар, ұшқыр арман, қос перзент, жарты ұл, жарты адам, т.б.
ТЖ. Тыңдалым тапсырмасы:"Өркениеттің адасуы" атты романнан «Компьютербасты жарты адамдар» атты үзіндісі оқылады. Өлең оқылғаннан кейін төмендегі кестені толтырыңыздар.
Қонақтары сұрапты:
- Аға, неше балаңыз бар соңыңыздан самғаған?
- Бір жарым! - деп тіл қатыпты әлгі адам.
- Ал, дәл айтсам, үш ұлым бар зерек әрі білімді,
Үшеуі де ғылым қуып назарға ерте ілінді.
Сол үш ұлдың бірі ғана қайсар, ұшқыр арманын,
Техникалық санаты мен ғылыми өр талғамын
Өз ұлтының рухани байлығына жалғады,
Содан шуақ, қуат алып, ғаламдық ой толғады.
Екі ұлымның тағдырында ол өзгеріс болмады,
Екеуі де жалаң білім шеңберінде сорлады.
Рухы, жаны аласаның зорлық жатар парқында,
Сондықтан қос перзентімді санаймын мен жарты ұлға.
Мейлі, мейлі, екі ұлымды қақса да уақыт арқадан
Нағыз ұлым біреу ғана, ана екеуі жарты адам!
Иә, бізді қайда апармақ мына заман ақпалы?
Ұлан-байтақ жерімізді жарты адамдар қаптады.
Қайда барсаң көз алдыңда өнеге боп жарқылдар,
Жарты бастық, жарты ұстаздар, жарты қыздар, жарты ұлдар.
Президент пе, депутат па, тракторшы ма, бәрі бір,
Бойын рухтан аулақ салса бәрінің де мәні бір.
Өз халқының тілі, ділі - зор адами парқына,
Тамыр жалғай алмағандар не сыйламақ халқына?
Бұл қазаққа көз өткен бе,
Тілдің мұңын сөз еткенде
Кей басшылар нақ бір жылан көргендей боп қалтырар...
Ұлтсыздардың бәрі - рухи мүгедектер, жартылар.
Тілін, ұлтын менсінбеуден ол қасқалар бақ табар,
Бар назары материалдық игілікке тоқталар.
Жағымпаздар қолдауымен олар бүгін мақталар,
Ал тарихта «рухын сатқан қарын құлы» боп қалар.
Біз қанша мың жас өскінді аттандырдық шет елге:
Білім алып келсін дедік,
Жер, ел танып көрсін дедік
Бірақ осы ізгі үмітті жалаң білім өтер ме?
Қайтсек екен, мониторкөз, компьютербас, жас талап,
Білім+Рух болуы үшін ажырамас қос қанат?
Қай кезде де білім - күшің, әрі нұрлы жетегің.
Білімнің де адамзатқа зияны бар екенін
Кім ойлапты құдайым-ау,
егер ұры қаншама,
Зор білімін қулығына қару етсе жан сала
Бейқам елге оның тартар азабы да соншама.