ІІ айналым «Құпия сандық»
Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 2 тілде (қазақша, орысша) айтуларың керек. Әр топ кезекпен 1 жұмбақты оқып, шешуін айтады.
(Слайдпен көрсету, оқушыларға оқыту).
I топ:1. Қолы менен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз)
2.Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег)
3.Бірін-бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім,
Қырық екі дос-жаран. (әріп – буква)
4. Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка)
5. Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян - заяц)
6. Жолбарыстан аумайды,
Тышқандарды аулайды. (мысық – кошка)
II топ. 1.Жеп көріп ем өзім мен,
Жас шығарды көзімнен. (пияз – лук)
2.Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы. (түлкі – лиса)
3. Әттең, даусым, тілім жоқ,
Құшағымда білім көп. (кітап – книга)
4. Айдалада ақ отау,
Ауызы, мұрыны жоқ отау. (жұмыртқа -яйцо)
5. Санағанмен - сан жетпес,
Созғаныңмен - қол жетпес. (жұлдыз - звезда)
6.Гуілдейді, уілдейді,
Одан басқа тіл білмейді. (жел - ветер)
ІІІ айналым «Ойлан, тап»
Бұл кезеңде ұлы ақын-жазушыларымыздың шығармаларынан үзінділер беріледі. Әр топқа 3 шығармадан үзінді (өлең, әңгіме) беріледі. Үзіндіні оқып, шығарманың атын және авторын табу.
(Әр топқа тапсырманы беремін, дайындалуға уақыт беріледі.)
I топ:
1.Абай Әбішті ертіп, өз ауылына қайтты. Атқа мінбей, екеуі ғана боп, ақырын жаяу басып, әңгімелесіп келеді.
Сен дұрыс сөз айттың, Әбіш! Жоқ-жітік туралы айтқандарыңның бәрі де өнімді, өрелі сөз...
(«Әке арманы». М.Әуезов)
2.Көңілді – дария, ойы – аспан,
Асқар шыңнан бойы асқан.
Ай, күнімен аспанның
Әзілдескен, сырласқан
Ұшқыш болғым келеді!
Достарыңызбен бөлісу: |