Сабақтың тақырыбы: «Ұшқыр ой мен шешен тіл»


(«Ұшқыш болғым келеді» Қ. Аманжолов)



бет4/5
Дата01.03.2024
өлшемі21.9 Kb.
#493879
түріСабақ
1   2   3   4   5
(«Ұшқыш болғым келеді» Қ. Аманжолов)
3.Алты айғы қыс тартқаны – аштықтың азабы.Бар сенетіні – күйеуі Мақтым. Ол ел қыдырып, тілек тілейді. Ерте кетіп, кеш келеді. Бірақ оның да табатыны жоқ...
(«Күлпаш». Б.Майлин)


II топ:
1. Қу соғыстың біздің жүрегімізге салаған жарасы қаншама еді. Сол жараның зардабы уш уақыт ұмтылмас. Асыр салар балғын шағымызда тағдыр біздің қабырғамызға да бір зілін салды ғой.
Сонда да болса басқамыздан гөрі Аянға қатты батып еді. Тағдыр оған дегенде ештеңесін аямады...
(«Жусан иісі». С. Мұратбеков.)

2.Еділ, Жайық, Сырдария –


Белгілі жұртқа ескі су,
Тәтті дәмді тармақты
Ұзын Ертіс, Жетісу.

Осы бес су арасы,


Сарыарқа деген жер еді.
Туып өскен баласын,
«Айбынды ер алаш» дер еді.
(«Өткен күн». М. Жұмабаев.)

3.Дүниеден безіп, тысқа шығып кеткен бір ақжүрек шал қалың ну орманды мекендейді. Ормандағы аң мұнан қорықпайды. Аңмен сөйлесіп ұғысатын болды.


Бір ағаштың түбінде ақжүрек жатыр еді. Сол жерге түнемек болып қарға, көк кептер, бұғы, жылан жиылады...
(«Дүниеде жамандық неден?». Ы. Алтынсарин.)

Білген сайын келеді біле бергім,


Біле беру емес пе тілегі елдің.
Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,
Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.
Сондықтан да келеді біле бергім
Білімдіні сүйерін білім елдің,- дей отырып,

IV айналымды бастаймыз



IV. «Айшықты сөздер»
Бұл айналымда бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі. Бұл сөздермен біз ана тілі пәнінен шығармаларды оқығанда танысқанбыз. Әр топқа 4 сөз тіркесі беріледі. Ойланып, мағынасын айтуларың керек. (Слайдпен көрсетіп, оқытып, жауабын тыңдау)

1.Төбесі көкке жетті (қуанды)


2. Ине шаншар жер жоқ (бос жер жоқ)
3. Қой аузынан шөп алмас (жуас)
4. Қабағынан қар жауды (ашуланды)

1. Бетінен оты шықты (ұялу)
2. Таяқ сілтем жер (жақын)
3. Төбе шашы тік тұрды (қорықты)
4. Көзді ашып-жұмғанша (тез, лезде)

Ойынымыздың V айналымы .






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет