(МК, Ұ) Дыбыстық талдау дағдыларын дамыту жұмысы.
Сурет бойынша әңгіме талдау.
Әңгімені сөйлемдерге талдау. Сөйлем санын анықтау.
Бір сөйлемді сөздерге талдау. Сөйлемдегі сөз санын анықтау.
Өтілетін жаңа дыбысы бар «ай» сөзіне дыбыстық талдау жасау.
Сөзді буынға бөліп, жаңа дыбыстың орнын анықтау.
«Й» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысу.
«Й» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысу.
Ермексаздан «й» әрпін жасау.
|
Оқушылар сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды: «Балалар түнгі аспанды бақылады. Олар жарқыраған айды көрді. Арай жұлдыздарға қызыға қарады. Жұлдыз бен айды бақылау балаларға ұнады».
Әңгімені сөйлемдерге талдайды: Құраған әңгімелерің неше сөйлемнен тұрады? (4).
Осы сөйлемдердің ішіндегі бір сөйлемді (Олар жарқыраған айды көрді.) сөздерге талдайды: Бұл сөйлемде 4 сөз бар.
Өтілетін жаңа дыбысы бар «ай» сөзіне дыбыстық талдау жасайды:
«ай» бір буынды сөз екенін айтады.
«Ай–й-й» деп созып айтып, «й» дыбысын анық естиді.
«Й» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысады.
Ермексаздан «й» әрпінің сұлбасын жасайды.
|
Қолдау
Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.
Оқушыларға әріпті жасауда қажет болған жағдайда көмек беру.
|
Суреттер, оқулық Сызба
Ермексаз
|
(МК, Ұ) Дыбыстық жинақтау дағдысын дамыту жұмысы.
|
|
|
|
183
|
Оқылым.
Оқулықтың 54-бетінде берілген сөздер мен мәтінді мұғалімнің оқушылармен бірге буындап, тұтас оқуы.
«Й» дыбысының сөздің ортасында келетін орнын оқушылардың өздіктерінен табуына мүмкіндік жасау.
Сөз мағынасымен жұмысты берілген сөздермен ұйымдастыру. Сөздің соңына (ай – тай), сөз ортасына (айна – Айнар), сөз алдына (йод – ойыншық) тиісті дыбысты қосу арқылы оның мағынасы өзгеретінін түсіну.
Мұғалімнің көмегімен «Менің алғашқы сөздігім» кітабынан «йод» сөзінің түсіндірмесін тауып оқуына қолдау көрсету.
Жаңылтпашты жаттатқызып, оқушылардың жаңылмай тез-тез айтуын ұйымдастыру.
|
Әр буындағы дыбыстарды тұтастырып, «бір дыбыс» сияқты қосып, яғни дауыссыздан дауыстыға қарай және дауыстымен үндестіріп оқиды.
Буындарды жеке тұтас сөздегі айтылуымен оқиды.
Әрбір дыбысты естіп, әріпті көріп, өздігінен саналы оқиды.
Мұғалімнің көмегімен «Менің алғашқы сөздігім» кітабынан «йод» сөзінің түсіндірмесін тауып оқиды.
|
Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.
Қолпаштау
Мақтау
|
Сызба, оқулық
Оқулық
|
Жазылым
Оқулықтағы «Й» әрпінің таңбалануына назар аудару.
«Й» әрпін тақтаға жазып көрсету.
«Й» әрпін ауада жазып көрсету.
Жазу дәптерімен жұмысты ұйымдастыру.
|
Оқушылар жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды: сызықтарды бастырып жазу арқылы
«й» әрпінің бас және кіші әрпін жазады. Үлгі бойынша сөздерді жазады.
Сабақ соңында өз іс-әрекетіне (каллиграфиялық талапқа сай дұрыс және сауатты жазу) кері байланыс жасап, өзін-өзі бағалауы үшін әр беттің соңында берілген дөңгелек- шартты белгілерді бояйды: «жасыл» түс – «Бәрекелді!», «көк» түс –
«Жарайсың!», «қызыл» түс –
«Ойлан!».
|
Оқушыларға қолдау көрсету.
Мақтау, қолдау
|
Жазу дәптері
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |