«Кім тапқыр?» ойыны.
Түсі аппақ, Тысы қатты-ақ. Екі түрлі уызы,
Жесең тәтті-ақ. (жұмыртқа) Сопақша көк өңі бар, Пайдалы мөлдір сөлі бар.
Піскен кезде жияр, Оның аты ... (қияр) Күрең қызыл түсі бар, Тағамдардың асылы.
Қуат берер күші бар. (таба нан)
– Осы жұмбақтардың ішінде заттардың түрін, түсін, пішінін, дәмін анықтап тұрған сөздер бар. Олар қай сөздер? Сын есім тура- лы түсінік беріледі.
46-жаттығу. Оқушылардың мәтінді түсініп оқуына басшылық жасалады. Сын есімді ажырату.
Мәтін не туралы?
Оқиғаның мәтін екенін дәлелде.
Мәтіннің түрін анықта.
Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой. Бұл сөздер нені білдіреді? Балалар сипаттау мәтіні екенін анықтай- ды. Сипаттау мәтінінің ережесін естеріне түсіреді.
Ережемен жұмыс жүргізіледі.
|
Жұмбақтарды шешеді.
Мәтінді түсініп оқиды. Мәтін не туралы екенін анықтайды. Оқиғаның мәтін екенін дәлелдейді. Мәтіннің
құрылымдық бөліктерін, түрін анықтайды.
Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерге назар аударып, оларға сұрақ қояды. Бұл сөздер нені білдіретінін айтады. Өз ой қорытындыларын оқулықта берілген жаңа ақпаратпен салыстырып, рефлексия жасай- ды. Ережені талдайды.
|
«Бас бар- мақ» әдісі арқылы бағалайды.
Белсен- ді болған оқушы-
ларға жұл- дызшалар тарату.
|