Сабақтың тақырыбы: Тотығу-тотықсыздану процесі (33-сабақ) Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты


Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету»



бет32/52
Дата01.02.2024
өлшемі2.71 Mb.
#490459
түріСабақ
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   52
10-сынып. 3-тоқсан

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.




Жеке жұмыс
5 мин




- Өзіңді тексер!
21, 22, 23 слайдтар бойынша берілген формула арқылы анықтауды көрсету керек.
-«Затты табыңыз» Берілген ақпаратты бекіту.

  • Бұл тек көміртегі мен сутегі атомынан тұратын органикалық зат. Оның молярлық массасы 30 г/мольге тең.

  • Осы заттың молекулалық және құрылымдық формуласын жазыңыз

- Оқушылар дәптерлерін алмастыру арқылы бір-бірінің жұмыстарын тексереді. Жанында отырған оқушының дәптерін дұрыс жауаптарды қолдана отырып 2-балдық жүйе арқылы бағалайды.

  • Көмірсутектің буларының сутегі бойынша салыстырмалы тығыздығы 35-ке тең. Оның құрамындағы көміртегінің массалық үлесі 85,71%-ды құрайды. Көмірсутектің молекулалық формуласын шығарыңыз.

  • Құрамында 81,8% көміртегі және 18,2% сутегі бар заттың молекулалық формуласын табыңыз. Азот бойынша заттың салыстырмалы тығыздығы 1,57 құрайды.







Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.
Саралау: Бұл кезеңде саралаудың
«Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.
Бекіту.
4 есеп.
Көміртегі, сутегі және оттегінің массалық үлестері сәйкесінше: 52,18%, 13,04% және 34,78%.
Сутегі бойынша салыстырмалы тығыздығы 23-ке тең
а) Заттың молекулалық формуласын анықтаңыз.
b) Осы қосылыстың құрылымдық формуласын жазыңыз.
5 есеп
Белгісіз бір көмірсутектің буларының оттегі бойынша салыстырмалы тығыздығы 1,375-ке тең. Сутегінің массалық үлесі 18, 2%-ға тең. Көмірсутектің молекулалық формуласын табыңыз.
6 есеп.
Көмірсутектегі көміртектің массалық үлесі 83,33%-ға тең. Сутегі бойынша салыстырмалы тығыздығы 36-ға тең. Қосылыстың формуласын анықтаңыз.
7 есеп.
82,75% көміртегі және 17,25% сутегі бар заттың формуласын шығару керек. Ауа бойынша осы заттың буының салыстырмалы тығыздығы 2-ге тең.

«Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет