Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдағы халық ауыз әдебиеті


-қадам.Дәйексөздермен жұмыс



бет23/24
Дата29.11.2022
өлшемі130.88 Kb.
#465959
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
7 сынып-2 тоқсан-қаз тарих

2-қадам.Дәйексөздермен жұмыс.
Оқушыларға белгілі тұлғалардың Кенесары Қасымұлы туралы айтқан сөздерінен цитаталар ұсынылады. Оқушылар төменде берілген цитаталарды негізге алып, алдымен жұпта, кейінтопта кеңесіп,Кенесары тұлғасынабаға береді.

  1. Л.Мейер

  2. Аткинсон. Т.В

  3. Коншин Н.

«Біздің даладағы билік соңғы уақытқа дейін өзін қазақ халқы мойындаған бір адамның қолында шоғырланды. Бұл адам жоғарыда аты аталған Кенесары Қасымов еді...
Жалпы оның адамдарды тарта білетін ерекше қабілеті бар.....Кенесарыға көзсіз ерлік тән еді» Л.Мейер.
«Кенесары қазақтардан тамаша жауынгерлерді даярлап шығатынға ұқсайд ......Шыңғысханның тарихта әйгілі болып қалған әскерлерінің барлық қасиеттері олардың бойында мол екен» Аткинсон. Т.В.
«Ол барлық жағынан ерекше адам болды. Өзінің қолдаушылардан әлдеқайда жоғары тұрған ол жеке бас даулары мен рулық қатынастардың шиеленісуін әрқашан әділ шешіп беріп отырды. ...Кенесары шын мәнінде бүкіл қазақ ұлтының батыры болған басқа ешкімді де айта алмаймыз» Коншин Н.
2-тапсырма.
Салыстыру.
Сынып оқушылары Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық көтерілісті С.Датұлы және И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған көтерілістермен салыстырады.

  1. Көтерілістердің мақсаттары;

  2. Көтерілістердің нәтижелері;

  3. Көтерілістердің тарихи маңыздылығы




2-қадам. Талқылау.
Бұдан кейін оқушыларға төмендегі сұрақтар қойылып, талқылау ұйымдастырылады.

  • ХІХ ғасырдың орта шенінде орын алған көтеріліс басшыларының мақсатында ортақ мүдде болды ма?

  • Неліктен ортақ мақсаты бар, мүддесі бір халық бірігіп, жеңіске жете алмады?

Интерпретация
«Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық күрес неліктен жалпы ұлттық сипатқа ие болды?»деген сабақтың зерттеу сұрағына қайта оралып, оқушыларға қойылады.. Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық күрес жалпы ұлттық сипатқа ие болғаны/болмағаны туралы оқушылардың пікірін анықтау үшін оларға төмендегідей тапсырма беріледі. Ұсынылған критерийлер бойынша жазбаша жұптық жұмыс жүзеге асырылады.
Зерттеу сұрағы: Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық күрес неліктен жалпы ұлттық сипатқа ие болды?
«Синквейн»
Зат есім: «Кенесары»
Сын есім екі сөзден тұрады: ...
Етістік үш сөзден тұрады: ...
Сөйлем төрт сөзден тұрады: ...
Бесінші жол Кенесарының синонимі....

Мәтінмен жұмыс
Дескриптор:
Тұлғаның өмір сүрген уақыты мен ортасын сипаттайды;
Тұлға болып қалыптасуына әсер еткен жағдай мен заманды анықтайды;
Тұлғаның атқарған іс-әрекетін атайды
Дескриптор:
Жеке қасиетін сипаттайды
.Әскери қабілетін анықтайды
3-топ. Әділдігі мен батырлығын нақтылайды


Дескриптор:
.Көтерілістер мақсатындағы айырмашылықты атайды;
.Көтерілістер нәтижелеріндегі ұқсастықты түсіндіреді;
.Көтерілістердің тарихи маңыздылығын талдайды


Дескриптор:
- Көтерілістер басшыларының мақсатында ортақ мүдденің болғандығын дәйекпен дәлелдейді;
- Ортақ мақсаты мен мүддесі бар халықтың жеңіске жете алмау себебін дәйекпен талдайды


Дескриптор:
-Жауап құрылымын сауатты құра алуы;
-Тұлғаға баға бере алуы





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет