Педагогтің аты-жөні
|
|
Күні:
|
|
Сынып:8
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Қазақстан – майдан арсеналы
Зерттеу сұрағы:«Бәрі майдан үшін, бәрі Жеңіс үшін!» ұраны қалай жүзеге асты?
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
8.1.2.2 – соғыс жылдарындағы халықтың әлеуметтік жағдайын анықтау
|
Сабақтың мақсаты
|
Қазақстан территориясындағы демографиялық, әлеуметтік, экономикалық, саяси өзгерістерді талдайды. Ауыл шаруашылығындағы және өнеркәсіптегі тыл еңбекшілерінің Жеңіске қосқан үлесін бағалайды
|
Құндылықтар
|
Білуге,жаңаны тануға құштар болу
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру
кезеңі
|
Ой шақыру:
Бейнематериалды көрсету: Эвуакуация туралы бейнематериал :
Бейнематериалды көргеннен кейін, топтарға берілетін тапсырмалар.
1. Не естеріңде қалды?
2. Не таң қалдырды?
3. Не ерекше болды?
Сұрақтар:
Эвакуация қандай мақсатпен жүргізілді?
Өнеркәсіп орындары қандай аймақтарға эвакуацияланды?
Қазақстан шаруашылығында қандай өзгерістер болды?
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
|
Оқушылар өз жауаптарын ұсынады
|
мадақтау
|
Мұғалім презентациясы
http://www.youtube.com/watch?v=xEWtB3U7cxM
|
Жаңа сабақ
|
Соғыс кезіндегі тыл туралы бейнематериал :
Сұрақтар:
Еңбек етіп жатқан адамдарға көңіл аударыңыз?
Жұмыстың қандай түрлерін көрдіңіз?
"Бәрі майдан үшін, бәрі Жеңіс үшін!" ұранын қалай түсінесіз?
Оқушылар барлық мәліметтерді дәптерлеріне жазады (презентацияны, дидактикалық және таратпа материалды қолдана отырып).
1. Қазақстанның майданға жіберген азық-түлік пен шаруашылық тауарлары туралы мәліметтер тауып қорғау;
2. Қазақстанның майданға жіберген әскери техникалары, қару-жарақтары және оқ-дәрілері туралы мәліметтер тауып қорғау;
3. Қазақстандықтардың Жеңіске қосқан жеке үлесі туралы (киім-кешектер, заттар және т.б.) мәліметтер тауып қорғау
ЕББҚ оқушыға мадақтау арқылы қолдау көрсетіледі.
Картамен жұмыс.
Соғыс жылдарында Қазақстан территориясына көшірілген ауыр өнеркәсіптер туралы мәлімет бар мәтінді таратып, оқушыларға эвакуацияланған ауыр өнеркәсіптердің шоғырланған аймақтарын Қазақстанның кескін картасына түсіру
Шартты белгілер:
Қара металлургия өнеркәсібі
Түсті металлургия өнеркәсібі
Машина,станок жасау өнеркәсібі
Жеңіл өнеркәсібі
Тамақ өнеркәсібі
ЕББҚ оқушыға тапсырмаларды орындау үшін уақытты шектемелмей, оқушы жазуын соңына дейін бітіруіне мүмкіндіктер жасалады.
|
Дескрипторлар:
|
Достарыңызбен бөлісу: |