Өз бетінше жұмыс: ситуациялық жағдайлармен жұмыс
Сабақтың өту барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Білім алушыларды тізім бойынша белгілеу/ студенттерді журнал бойынша тексеру
Білім алушылардың сырт көрінісін тексеру/ халат, чепшик, қолғап, маска
Оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру
1. Зертханалық техникалардың жіктелуі
2. Жалпы мақсатта қолданылатын техника
Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі
№ 5 тақырып
Арнайы мақсатта қолданылатын зертханалық техника
Зертханалық техникалар кез-келген зертханалық зерттеу жұмыстарын іске асыру-ларда аса қажет. Олардың көмегімен зерттеу жұмыстары еш қиындықсыз атқарылып келеді. Бірақ, көптеген зертханалық жұмыстарды күнделікті қолданып жүрген техникалармен іске асыру мүмкін болмай жатады. Ол үшін жұмыстардың зерттелу мақсатына байланысты арнайы техникаларды қажет етеді.
1. Арнайы зертханалық техника төмендегідей топтарға бөлінеді:
1.1 Микробиологиялық зерттеулерге арналған аппаратура (автоклав және булы стери-лизаторлар, кептіргіш залалсыздандырғыш шкафтар, микроорганизм культураларын өсіруге, сақтауға және тасымалдауға арналған аппараттар, электронды микроскоп, люми-несцентті микроскоп, инфрақызыл спектрометр, газохроматографиялық спектрометр).
1.2 Гистологиялық зерттеулерге арналған аппаратура (гистокесінді алуға арналған микротом, гомогенизаторлар, ұлпаны гистологиялық өңдеуге арналған аппараттар).
1.3 Гематологиялық зерттеулерге арналған аппаратура (гемометр Сали, гемоглобино-метр, Горяев камерасы, гематокритті анықтауға арналған центрифуга, лейкоциттерді санауға арналған он бір басқышты санағыш).
1.4 Цитологиялық зерттеулерге арналған аппаратура (зерттелетін биоматериалды бояу-ға арналған автомат, жасушаларды идентификациялауға және санауға арналған автоанали-заторлар).
1.5 Иммунологиялық зерттеулерге арналған аппаратура (флоринский дозаторы, микротитрометрлер, қанның топтық және резустық қатынасын анықтайтын аппараттар).
1.6 Биологиялық сұйықтықтарды биохимиялық зерттеуде қолданылатын өлшеп-мөл-шерлеу құралдары (фотоэлектроколориметрлер, фотометрлер, фотоэлектрлік адсорбцио-метрлер, спектрофотометрлер, флюориметрлер, денситометрлер, рН-метрлер, осмометрлер, электрофорезге арналған аппараттар, т.б.).
Микробиологиялық зерттеулер барысын екіге бөлуге болады: микробиологиялық зерттеудің өзі және дайындық үрдісі. Микробиологиялық зерттеулерге материал алу, оны қоректік ортаға егу, таза өсінді бөлу, серологиялық және биохимиялық әдістермен идентификация жасау жатады. Ал дайындық үрдісіне қоректік орталарды дайындау, мақта-мата тығынын жасау, ыдыстарды залалсыздандыру жатады.
Қоректік орталарды, зертханалық ыдыстарды, зарарданған материалдарды, микро-биологиялық жабдықтарды залалсыздандыру үшін автоклав қолданылады.
Құрылысына байланысты автоклавтар вертикальді, горизантальді, тасымалданатын болып бөлінеді. Автоклавты ең алғаш 1884 жылы Гейденрих практикаға енгізді.
Автоклав екі камерадан тұрады: су-бу және стерилдеу камералары. Камералардағы ауа қысымы монометрлер арқылы реттеледі. Су-бу камерасындағы судың деңгейін арнайы шы-ны түтікше арқылы көріп, крандар арқылы реттеп отыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |