Оқытушы______________________________Матенова Н.М.
Әдіскер_________________________________Исаева А.Б.
Сабақтың технологиялық картасы
Пән: Зертханалық істер техникасы
Мерзімі Топ 314
Сабақтың № 14
Тақырыбы: Химиялық реактивтерді пайдалану және сақтау ережелерімен танысу Сабақтың мақсаты: Химиялық реактивтерді сақтау ережесімен танысу
Білімділік Химиялық реактивтерді дайындап үйрену және сақтау
Дамытушылық Химиялық реактивтерді пайдалану, сақтау ережелерін меңгерту
Тәрбиелік Білім алушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, еңбекті бағалауға және жеке бас қауіпсіздігін сақтауға үйрету
Сабақтың түрі Тәжрибелік сабақ
Сабақтың қамтамасыздандырылуы:
а) оқу-көрнекілік құралдар слайд, жазбалар, сызбалар, химиялық реактивтер
б) үлестірмелі материалдар
в) ТОҚ: мультимедиялы тақта
Пәнаралық байланыс Ветеринариялық бақылау нысандарындағы вет-сан зерттеулер
Өз бетінше жұмыс: ситуациялық жағдайлармен жұмыс
Сабақтың өту барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Білім алушыларды тізім бойынша белгілеу/ студенттерді журнал бойынша тексеру
Білім алушылардың сырт көрінісін тексеру/ халат, чепшик, қолғап, маска
Оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру
1. Химиялық реактивтерге сипаттама
2. Химиялық реактивтермен жұмыс істеу тәртібі
3. Ерітінділерді дайындау технологиясы
4. Әртүрлі ерітінділер дайындау технологиясын және тәртібін игеру
14 тақырып
Химиялық реактивтерді пайдалану және сақтау ережелерімен танысу
Химиялық реактивтерді сақтау ережелері білім органдарымен реттелмейді. Бұл жағ-дайда қауіпсіздік техникасының нормалары, химиялық реактивтермен олардың қасиет-теріне байланысты жұмыс істеу ережелері қатаң сақталуы керек. Білім органдарының заңдылықтары реактивтерді сақтауға арналған арнайы бөлме бөлінуді ғана талап етеді.
Мысалы, көшіріп-көбейту техникасымен жұмыс істеудің ұйымдастырылуына қойыла-тын гигиеналық талаптар (СанПиН 2.2.2.1332-03).
Химиялық реактивтер өндіруші-зауыт ыдысында сақталады, ыдыста этикетка болуы керек. Аммиак пен қышқылдарды бір жерде сақтауға болмайды. Бөтелкелерден аммиак пен қышқылдарды сифонды қолдана отырып құяды.
Санитариялы-эпидемиологиялық ережелер "Тұрмыстық бұйымдардың химиялық таза-лауына қойылатын гигиеналық талаптар ( СП 2.2. 1289-03)".
Барлық химиялық реактивтер және препараттар арнайы жабдықталған алаңқайларда немесе қоймаларда сақталады.
Қоймаларда химиялық материалдардың сақталуы олардың біртектілігіне негізделеді, бір-бірімен арнайы қоршаулармен бөлінуі керек.
Өндіріс алаңдарында химиялық материалдарды арнайы шкафтарда шектеулі мөлшерде ғана ( тәуліктік мөлшер) сақтауға болады. Химиялық материалдарды сақтайтын бөлме өте жақсы желдетілуі тиіс, жұмыс орнында ауа қозғалысының жылдамдығы 0,5м\с кем болмауы керек.
Қалдықтар жиналатын арнайы алаңқайларда жиналатын қалдықтардың мөлшері бекі-тілген нормадан аспауы тиіс. Ұйымның территориясы және оған қатысты территория да санитария ережелеріне сәйкес ұсталуы қажет.
Қалдықтар аузы жақсы жабылатын контейнерлерде немесе пластикалық қаптарда сақ-талуы тиіс.
Полиграфиялық ұйымдар, мекемелерге арналған еңбекті қорғау туралы ережелер (ПОТ РО 001-2002); " ТИ РО 001-097-2002 полиграфиялық ұйымдары үшін еңбекті қорғау туралы типтік нұсқаулықтары - инструкциялары" мынадай талаптар қояды:
Жұмыс бөлмесінде химиялық реактивтер мөлшері шамадан тыс болмауы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |