2. Зертханалық жануарлардың генетикалық сипаттамасы
Зертханалық жануарларды генетикалық сипаттарына байланысты гетерозиготалы және гомозиготалы деп бөледі. Гетерозиготалы жануарлар кездейсоқ шағылыстыру ар-қылы алынады. Зертханалық мақсатта негізінен гомозиготалы жануаралар қолданылады. Бұл жақын туыстық шағылыстыру арқылы алынған жануарлар. Инбридинг жолымен алынған зертханалық жануарлар сыртқы орта факторларына өте сезімтал келеді, сол себеп-тен оларды тұқымбақтарында - питомниктерде күтіп баққанда да, эксперимент барысында да барлық жағдайлар жасалуы қажет. Себебі гетерозиготалы жануарлармен салыстырған да гомозиготалықтар әлсіз, әрі қысқа уақыт өмір сүреді.
Инбридинг (жақын туыстық шағылыстыру) - зертханалық жануарлардың генотипін біркелкі сақтауға мүмкіндік береді. Инбридинг тек зертханалық жануарлар алу үшін ғана қолданылады, себебі ірі мал арасында қолдану, жақсы бір тұқымды сақтап қалуға мүмкіндік бергенімен, оның теріс әсері көп. Айтатын болсақ, өнімділігінің төмендеуі, конституция-сының (дене бітімінің) нашарлауы, өлім - жітімнің көбеюі және т.б. Инбридинг жолымен алынған мал әлсіз, сыртқы орта факторларына төзімсіз, иммунитеті төмен келеді. Сондық-тан жақын туыстық шағылыстыруды ірі мал үшін қолдануға болмайды.
Ерте заманнан жақын туыстастық қатынас адам арасында тиым салынған. Мыс., қазақ халқы жеті атаға толмай туыстар арасында қыз алыспаған. Ал бұл салтты бұзғандар жазаланып отырған, мыс., «Еңлік-Кебек» трагедиясы. Яғни туыстастық қатынастан туылған балалардың психикалық және физикалық кемістігі болатынын ата бабаларымыз өз тәжіри-бесінен ертеден білген.
3. Зертханалық жануарларды күтіп-бағу, өсіріп-көбейту
Зертханалық жануарлар хайуанатханаларда (виварийлерде) ғылыми зерттеулер үшін өсіріледі. Хайуанатханаларда (виварийлерде) ғылыми зерттеулерде қолданылатын, яғни тәжірибе барысындағы жануарлар ұсталынады.
Тұқымбақ (тәлімбақ) - Питомник - тәжірибеге пайдаланғанға дейінгі жануарлар өсірі-летін жер. Зертханалық жануарларға арналған хайуанатханаларда (виварийлерде), тұқым-бақтарда -питомниктерде қолайлы микроклимат жасалуы қажет. Микроклимат дегеніміз - шектелген кеңістіктегі климат, яғни сол қора жайдың температурасы, ылғалдылығы, жарық-тылығы, зиянды газдардың шекті мөлшері, ауа қозғалысы зертханалық жануарлардың физиологиялық тіршілігіне кері әсерін тигізбеуі керек.
Қояндар торда 2-3-тен, ұрғашы, еркегі бөлек орналастырылады. Қояндардың жыныстық жетілуі 6 айда болады. Буаздығының ұзақтығы 28-32 күнге созылады. Туылған көжектер саны 1-12-ге дейін болуы мүмкін. Көжектер енесін 20 күнге дейін еміп, жұмсақ азықтарды біртіндеп қабылдай бастайды. Көжектерді енесінен 1-1,5 айында біртіндеп айырып, тор-ларға қоңдылығына, жынысына байланысты 2-3 тен топтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |