Сабақтың технологиялық картасы Пән: Зертханалық істер техникасы Мерзімі Топ 314 Сабақтың №1



бет45/59
Дата11.09.2023
өлшемі0.55 Mb.
#477206
түріСабақ
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   59
зертханалық іс оқу құралы каз

Инфекциялық стоматитпен негізінен көжектер жиі ауырады. Ауру антисанитария-лық жағдайда және жануарлар тығыз орналасқан кезде тез таралады.
Миксоматоз - барлық зертханалық жануарларға тән ауру. Ауруды негізінен маса, құмыты сияқты жәндіктер және бит, бүрге, кене тәрізді эктопаразиттер тасымалдайды.
Бактериалдық аурулар зертханалық жануарлар арасында кең таралған, оның ішінде жиі кездесетіндері: пастереллез, сальмонеллез, стафилакоккоз, колибактериоз, пневмокок-коз, псевдотуберкулез, туберкулез, листериоз, плевропневмония.
Пастереллезбен қоян, теңіз шошқасы, егеуқұйрықтар және тышқандар ауырады. Ауру көзі - ауру жануарлар, ауру тасымалдаушы жануарлар, ауру қоздырушысымен ластанған азық, күтім құралдары болып табылады.
Сальмонеллезбен барлық зертханалық жануарлар ауырады, көп жағдайда ақ тышқандар, қояндар жиі ауырады. Ауру ластанған азық, су арқылы алиментарлық жолмен жұғады.
Стафилококкозбен барлық зертханалық жануарлар ауырады, организмді интоксика-цияға ұшыратады. Аурудың негізгі көзі - ауру жануарлар. Стафиллококкоз әр түрлі формада байқалады.
Колибактериозбен тышқандар, теңіз шошқасы, көжектер жиі ауырады. Аурудың тара-луына күтіп бағу жағдайының нашарлауы себепші болады. Аурудың көзі- ауру жануарлар.
Пневмококкозбен зертханалық жануарлардың барлық түрі ауырады. Зертханалық жа-нуарларда көбінесе іріңді-қабынулар байқалады. Күтіп-бағу жағдайының төмендеуі, азық-тандырудың сапасыздығы аурудың таралуына себепші болады.
Псевдотуберкулезбен қояндар, теңіз шошқалары ауырады, ал тышқандар мен егеуқұй-рықтар ауруға төзімді келеді. Аурудың көзі қоздырушымен ластанған азық, төсеніш, жа-нуарлардың нәжістері болып табылады. Ауру алиментарлық жолмен де, аэрогенді жолмен де жұғады.
Туберкулез ауадағы бу немесе шаң тамшылары арқылы және асқазан-ішек жолдары ар-қылы жұғады. Туберкулезге зертханалық жануарлардың барлық түрі сезімтал келеді. Ауру көзі ауру жануарлар, қоздырушымен ластанған азық және төсеніш болып табылады.
Листериозбен көптеген жануарлар ауырады. Ауру жылдың барлық мезгілінде байқа-лады. Ауру көзі листериозбен ауырған жануарлар, олардан бөлінген зәр, нәжіс, түсік төл, ластанған азық, су болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет