Сабақтың технологиялық картасы Пән: Зертханалық істер техникасы Мерзімі Топ 314 Сабақтың №1



бет46/59
Дата11.09.2023
өлшемі0.55 Mb.
#477206
түріСабақ
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   59
зертханалық іс оқу құралы каз

Плевропневмониямен негізінен теңіз шошқалары ауырады. Ауру көктемде және күзде өршиді. Ауру теңіз шошқалары ауруды таратушы болып табылады. Аурудың өршуіне жа-нуарлардың тығыз орналасуы, температурасының күрт өзгеруі, ылғалдылықтың жоғарлауы және антисанитариялық жағдай себеп болады.
Микроскопиялық саңырауқұлақтармен шақырылатын аурулар - микоздар деп аталады.
Микоздардың ішінде зертханалық жануарлар арасында жиі кездесетіндері бұзау таз, аспергиллез және т.б.
Бұзау таздың қозырушысы - дерматофит саңырауқұлақтары. Зертханалық жануарлар арасында бұзау тазға тышқандар, егеуқұйрықтар және қояндар сезімтал келеді. Ауру қозды-рушысын үй және дала тышқандары, егеуқұйрықтар тасымалдайды. Ауру жануарлардан контагиозды жолмен және күтім құралдары арқылы жұғады. Ауру жылдың кез келген мерзімінде байқалады.
Аспергиллез қоздырушысы - зең саңырауқұлағы. Ауру көзі зеңмен ластанған тағам қалдықтары, құрғақ шөп, қоздырушымен зақымдалған азық, төсеніш, ауа болып табылады. Ауру ауа арқылы жұғып, тыныс жолдарын зақымдайды.


2. Зертханалық жануарлардың инвазиялық аурулары
Зертханалық жануарлардың инвазиялық аурулары қоздырғыштарына байланысты қара-пайымдылармен, гельминттермен және кенелермен шақырылатын аурулар болып бөлінеді.
2.1 Қарапайымдылармен шақырылатын аурулардың ішінде кең таралғаны және зерт-ханалық жануарлар арасында жиі кездесетіні кокцидоз ауруы. Қоздырушысы әр түрлі кокцидиялар. Мыс.: қоян организмін 10 түрлі кокцидия зақымдайды, оның 9 түрі ішекте, ал біреуі бауырда орналасып, ауру тудырады. Қояндар арасында кокцидия тасымалдаушылық жиі кездеседі. Ауру алиментарлық жолмен, ластанған азық арқылы жұғады.
2.2 Гельминттік аурулардың ішінде зертханалық жануарлар арасында пассалуроз және цистицеркоз жиі кездеседі.
Пассалуроз қоздырушысы нематода тобына жататын жұмыр құрттар. Құрт жануар-лардың тоқ ішегінде мекендейді. Ауру ластанған азық арқылы жұғады. Құрттың жұмыртқа-лары нәжіс арқылы организмнен бөлініп, сыртқы ортаны ластайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет