Өз бетінше жұмыс: ситуациялық жағдайлармен жұмыс
Сабақтың өту барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Білім алушыларды тізім бойынша белгілеу/ студенттерді журнал бойынша тексеру
Білім алушылардың сырт көрінісін тексеру/ халат, чепшик, қолғап, маска
Оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру
1) Зертханалық жануарлардың түрлері
2) Зертханалық жануарларға негізгі зерттеу бағыттары
3) Зертханалық жануарларды тәжірибеде қолдану
18 тақырып
Зертханалық жануарлардың азығының сапасын бағалау
Біркелкілігі: Сапалы ірі азықтар біркелкі, құрамында механикалық қосындылар, улы, көгерген, шіріген шөп болмауы керек. Азықтың құрамы сақталуы керек. Егер бір жерде бірнеше азық түрі болса. Онда әрбір азық түрін бөлек бағалайды.
Ылғалдылығын анықтау: 3 сынама азықты майдалап турап 5г өлше, арнайы бюкстарда кептіргіш шкафта 40мин (130 0С) кейін қайтадан өлшейді. Бөлінген ылғалды грамм және процент есебінде анықтайды. 3 сыныманың орташа ылғалдылығын есепке ала отырып азықтың ылғалдылығын шығарады.
Керекті құралдар мен аспаптар: қайшы, таразы, алюминий бюкстары, кептіргіш шкаф, қысқыштар.
Анықтау жолы: шөп сынамасын (3) майдалап турап, араластырып, 5 г арнайы бюкстарға өлшеп салып кептіргіш шкафқа (130 0С) қояды. 40 мин кейін кептіргіш шкафтан алып қайтадан өлшейді.
Ылғалдан проценттік құрамын мына формуламен есептеп шығарады:
Х (А-В)* 100
А
Мұндағы: А-кептіргенге дейін азық салмағы, г
В- кептіргенен кейін азық салмағы, г
100- процент
Ас тұзын анықтау: Толық кептірілмеген шөп жақсы сақталу үшін оны үстіне тұз себеді.
Керекті құралдар мен аспаптар: таразы, 100-250 мл колба, дист. су, сүгіш қағаз, АgNО3
Анықтау жолы: 1 г майдаланған шөпті колбаға салып үстіне 50-100мл дист. су құйып 2 мин араластырады. Ертіндіні сүзеді де аз мөлшерде АgNО3 қосады. Егер осы кезде хлорлы күмістің тұнбасы сынамада шөптің бары анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |