Шөптің шаңдылығын анықтау.
Керекті құралдар мен мен аспаптар: 50 және 250 мл колбалар , пробирка, 50, 100, мл цилиндрлер, воронкалар, сүзгі қағаздар, дист. су, таразы.
Анықтау жолы. 100 мл дист. су стаканға құйып үстіне 10 г ұсақталған азық сынамасын салады да стаканды араластырады. Егер осы кезде ертінді тұманданса шаңның бары анықталады. Мұндай азықпен малды азықтандырғанда коньюктивит, трахеит, және т.б. мал ауруларын тудыруы мүмкін.
Алколоидтарды анықтау. Алколоидтардың құрамында енгіздер бар, бұлар қышқылдар мен реакцияға түсіп суда ерімейтін еншенді тұздар түзеді.
Керекті құралдар мен аспаптар. 50-250мл колба, таразы, 1% сірке қышқылы, сүзінді қағаз, Бушард ерітіндісі, зат әйнегі.
Анықтау жолы: 1г құрамында алколоиды бар азықты майдалап турап колбаға салады, үстіне 7 мл сірке қышқылын құйып қайнатады, 15минут суытып, араластырады. Ерітіндіні сүзеді, бір-екі фильтратты таза зат әйнегіне тамызып 1-2 тамшы Бушард ертіндісін қосады. Осы кезде қызыл-қоңыр түсті тұнба түзілсе алколоидтың барлығы анықталады.
Биологиялық сынама қою.
Керекті құралдар мен аспаптар: таразы, спирт, плита, эфир, мақта, шприц, бақа.
Анықтау жолы. 50-100г азықты спиртпен экстракциялайды. Спиртті экстрактыны су моншасында беткейінде арнайы сарғыш түске боялған тамшылар пайда болғанша қайнатады. Оның үстіне 1-2 мл эфирды қосып шайқайды. 0,5 мл эфир экстрктысын бақаның тері астына егеді. Егер экстрактыда алколоидтар немесе глюкозидтер немесе глюкозидтер бар болған жағдайда бақаның аяқ – қолдары тырысады.
Жаңа материалды бекіту, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру
1) Ас тұзын анықтау
2) Шөптің шаңдылығын анықтау
3) Алколоидтарды анықтау
4) Биологиялық сынама қою
Сабақтың қорытындысы: конспект жазу, мазмұндау
Рефлексия: қосымша сұрақтар беру
Бағалау____________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |