Жартылай ерікті тәсіл. Бұл тәсілде жануар қолданылатын затының мөлшерін өзді-гінен реттей алады. Көбінесе жануарға улы затты суға қосып береді, бұл жағдайда жануарға сұйықтықтың басқа түрін беруге болмайды.
Еріксіз тәсіл. Жануар қанында улы заттың концентрациясы жоғары болады, соның салдарынан патологиялық өзгерістер тез дамиды. Бұл ең тиімді тәсіл.
Уландырудан дамитын шартты патологияны зерттегенде улы заттардың жиі кездесетін концентрациясын модельдеуді сипаттайтын тәсілдерге аса көңіл бөлінеді.
Ингаляциялық тәсілді қолданғанда уландыру камерасы арқылы таза ауаны енгізген өте тиімді, зерттелетін заттар көлемі үлкен емес ыдыстарда камера ішінде орналасады. Ыдыс-тарды көлемі үлкенірек немесе кішірек ыдыстарға ауыстыра отырып, химиялық қосылыс-тардың булану жылдамдығын реттеуге болады. Бұл тәсіл өте қолайлы, сезімталдығы жоғары, қолданылатын химиялық заттар мөлшерін үнедеуге және олардың концентрация-сын тұрақтандыруға мүмкіндік береді.
Уландыруда ингаляциялық тәсіл жиі қолданылады, бұл тәсілдің бір кемшілігі – химия-лық ингредиенттердің шамадан тыс мөлшері қолданылуы және тұрақты концен-трацияның болмауы. Химиялық заттарды жануарлар бар камераға шашу арқылы жіті улануды шақы-руға болады, бірақ бұл тәсілде сандық токсикологиялық бақылау жүргізу мүмкін емес.
Ерітінділерді ауызға резеңке немесе металл зонды көмегімен, мұрын қуысына катетер арқылы, ректальды жолмен енгізеді. Теріге енгізер алдында сол аумақтағы жүнді қырып тастау керек. Тері ішіне инъекциялағанда арқа және қарын тері ішііне енгізеді; арқа, қарын, мойын тері астына ерітінділерді инъекциялайды. Құрсаққа- құрсақ қуысының төменгі сол жағына енгізеді. Сонымен қатар, ерітінділерді бөксе бұлшықетіне, құйрық венасына және жыныстық мүшенің дорсальды венасына, тікелей жүрекке, субокципитальды тәсілмен енгізуге болады.
Құстарға улы заттарды асқазаңға зонд арқылы, шынтақ және иық қанат венасына, құрсақ қуысына, қарынның тері астына немесе бөксенің төртбасты бұлшық етіне енгізеді.
Иттерге зерттелетін заттарды суға , азыққа қосып береді немесе еріксіз түрде тіл арқа-сына (үстіне) таблетка түрінде салады. Сұйық заттарды немесе ерітінділерді организмге асқазан зонды және қасық көмегімен енгізеді. Сонымен қатар, сұйық заттарды катетер көме-гімен мұрын қуысына; тік ішекке; арқа, бөксе немесе шүйде тері астына; тері ішіне; тері үстіне; бөксе бұлшық етіне; тізе және иықалды веналарына; құрсақ қуысына енгізеді. Одан басқа, улы заттар субокципитальді тәсілмен, тікелей миға және жүрекке енгізіледі, бірақ бұл тәсілдерді қолдану барысында мал өліп кетуі мүмкін.
Тәжірибе кезінде пайда болатын қиындықтарды азйту үшін улы заттардың барынша аз мөлшерін, енгізудің тиімді тәсілін таңдауға тырысу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |