Сабақтың технологиялық картасы Пән: Зертханалық істер техникасы Мерзімі Топ 314 Сабақтың №1



бет6/59
Дата11.09.2023
өлшемі0.55 Mb.
#477206
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
зертханалық іс оқу құралы каз

Либихтің тік тоңазытқыштары ішкі тоңазыту және сыртқы салқын су жүретін бөліктерден тұрады. Су жүретін бөліктің жоғарғы және төменгі жағында түтікшелер болады, тоңазытқышты пайдаланған уақытта төменгі түтік құбыр суына жалғасып, су төменнен жоғары қарай жылжып, жоғарғы түтік арқылы ағып кетуі қажет. Жұмыс барысында сыртқы қабатында су үнемі толық болуы керек, әйтпесе ішкі қабаты ұзақ уақыт қыздыру барысында ысып, жарылып кетуі мүмкін.
Кері тоңазытқыштарға шар тәрізді Аллин тоңазытқышы, жылан тәрізді тоңазыт-қыш, Сокслет тоңазытқышы жатады. Шар тәрізді тоңазытқыштарды тек тік күйін пайдаланады, себебі салқындаған бу тамшылары шар ішінде жиналып қалуы мүмкін. Жылан тәрізді тоңазытқыштардың салқындатқыш түтікшесі спираль сияқты айнала орналасқандықтан, оның салқындату ауқымы да жоғары болады.
Сокслет тоңазытқышы екі шар тәрізді бөліктен тұрады. Салқын су түтік арқылы ішкі шарға жіберіледі, ал салқындатылатын бу сыртқы шар арқылы өтіп, екі жақты суытылады, яғни сыртынан ауа, ішінен салқын су арқылы.
Домрат тоңазытқышы әмбебап болып табылады, себебі оны тік әрі кері тоңазытқыш ретінде қолдануға болады. Олар көбіне спираль тәрізді болып келеді.
Сифондар – сұйықтықтарды құюға арналған ыдыстың түрі. Әр түрлі ыдыстардағы сұйықтықтарды басқа ыдысқа ауыстыру үшін немесе құю үшін қажет.
2. Арнайы ыдыстарға белгілі бір зерттеу мақсатында қолданылатын ыдыстарды жат-қызуға болады (Мыс: Вюрц, Клайзен, Арбузов колбалары, Вульф, Тищенко, Дрексель шыны-аяқтары, эксикатор және т.б.).
Къелдаль колбасы пішіні алмұрт тәрізді және мойны ұзын, ол азотты анықтауға арналған аппараттың бір бөлігі болып табылады. Оның көлемі 300мл-ден 800мл-ге дейінгі аралықта болады. Къелдаль колбасы жоғарғы температураға төзімді шыныдан жасалады.
Сұйықтарды айдау үшін әртүрлі арнайы колбалар қолданылады: Вюрц, Клайзен, Арбузов, т.с.с.
Вюрц колбалары мойны ұзын және мойнында түтікшесі болады. Колбалардың түтік-шесінің орналасу биіктігі әртүрлі, бұл түрлі температурада қайнайтын сұйықтар үшін өте қолайлы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет